Лекция жоспары: (1 сағат,1 апта)


-тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде



бет25/27
Дата24.09.2023
өлшемі338.5 Kb.
#478438
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
экономика-дріс

17-тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.
Лекция жоспары:
1. Жұмыссыздық: түсінігі, көрсеткіштері, негізгі нысандары.
2. Инфляция: түсінігінің мазмұны, себептері, түрлері.
3. Жұмыссыздық пен инфляцияның әлеуметтік – экономикалық салдары.
Еңбек рыногы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының рыногы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар рынок агенттері, олар еңбек рыногында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек рыногы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.
Еңбек рыногы басты үш қызмет атқарады: 1. әлеуметтік қызметте адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халінің әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету. 2. экономикалық қызметте еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану. 3. ынталандыру қызметі бәсекеге қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға мүмкіндік тудырады.
Жұмыссыздық – еңбек рыногының құрамдас элементі болып табылады. Жұмыс күші бар ересек адамдар еңбек рыногына қатысуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді.
Еңбекке қабілетті адамдар – жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар жатады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер сипаттайды: институционалдық емес адамдар (рыноктық емес құрылымда істейтіндер), жұмыс істеушілердің саны, жұмыссыздар саны, жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдардың саны.
Жұмыссыздықтың дәрежесін батыс статистикасы қолданатын көрсеткіштер бойынша таралуы және мерзімнің ұзақтығы арқылы айқындай түсуге болады. Жұмыссыздықтың таралу көрсеткіші жұмыс күшінің жұмыссыздық деңгейін сипаттайды.
Жұмыссыздықтың типтері: 1. Фрикциондық жұмыссыздық – еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір орыннан екінші орынға қозғалысымен және бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысуымен байланысты белгілі бір дәрежесін сипаттайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдайлармен байланысты: бар вакансия туралы толық ақпарат болмағанда немесе осы ақпарат тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында әрдайым белгілі бір сәйкессіздік болады.
2. Құрылымдық жұмыссыздық – экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби-біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың себебі болады. Олар: жаңа технологиялар, жаңа тауарлардың пайда болуы. Осының нәтижесінде жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Экономиканың бір секторынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айрылған жұмыскерлер басқа саладағы бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда құрылымдық жұмыссыздық орын алады.
3. Маусымдық жұмыссыздық - өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс және т.с.с. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп отырады.
4. Циклдық жұмыссыздық. Мұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жұмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді. Ол экономикалы коньюктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде азайып, дағдарыстар кезінде көбейіп отырады.
Құрылымдық және фрикциондық жұмыссыздықтар оның «табиғи» деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдық факторлар жұмыссыздықты «табиғи» деңгейден жоғарылатады. Жалпы жұмыссыздықтың табиғи деңгейі АҚШ-та жиырмасыншы ғасырдың соңында 6-7 пайыз болса, экономикасы дамыған басқа елдерде ол біршама төмен.
Жұмыссыздық рыноктық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Ол қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Инфляция термині қазақша қампаю, ісіну дегенді білдіреді. Инфляция өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс.
Сұраныс инфляциясы негізінен ақшалай факторға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы өссе, соның нәтижесінде төлем қабілеті бар сұраныс та жоғары болады. Ал сол кездегі бір қалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономикалық өндірістің мүмкіндіктерін жоғарылатып, бағаның көтерілуіне әкеледі.
Шығындар инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі.
Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақының қайта индекстелуін талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданылып жүрген баға бойынша шығарылатын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соғады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе пайда болады, бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы мен бағаның «инфляциялық серіппе» теориясы деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет