Лекция конспектілері н -1-40-2021 баспа


әдістеме Ұғымды анықтап, себебін тҥсіндіру



бет24/30
Дата27.05.2024
өлшемі85.57 Kb.
#501904
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Лекциялар псих пед диагн

әдістеме Ұғымды анықтап, себебін тҥсіндіру,
объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу
Ұғымды анықтап, себебін түсіндіру, объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу - баланың интеллектуальдық дамуының деңгейін көрсететін ой операцияларын бағалауға бағытталған. Ойлаудың бұл ерекшеліктері төмендегі сұрақтар тізбесіне берілген жауаптарының дұрыстығымен анықталады:
1.Ат пен иттің қайсысы үлкен?
2.Адамдар таңертең ертеңгі асын ішеді. Ал күндізгі және кешкі тамақтануын қалай айтамыз? \Дұрыс жауап: түскі асын ішеді, кешкі асын ішеді\
3.Күндіз көше жарық, ал түнде ? \Дұрыс жауап: қараңғы\
4.Аспан көк, ал шөп ? \Дұрыс жауап: жасыл\
5.Алмұрт,өрік,алма бұлар \Дұрыс жауап: жемістер мен жидектер\
6.Поезд келе жатқанда шлагбаумды түсіретін себебі не?
7.Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды бұлар нелер ? \Дұрыс жауап: қалалар\
8.Қазір уақыт қанша болды? \Балаға сағат көрсетіліп, уақытты айту сұралады. Дұрыс жауап: сағат пен минутты айту\
9.Сиырдың төлін бұзау дейді. Қойдың төлін, иттің баласын қалай атайды? \Дұрыс жауап: қозы,күшік\
10. Ит мысық пен тауықтың қайсысына көбірек ұқсайды? Неге олай ойлайтыныңды түсіндір.
11.Автомобильге тежегіш \тормоз\ не үшін қажет? \Автомобильдің шапшаңдығын тежеудің қажеттігіне бағытталған кез келген жауап дұрысқа саналады./
12.Балға мен балтаның ұқсастықтарын ата. \Дұрыс жауап: бұл кұралдардың ұқсас қызмет атқаруына бағытталуы керек\
13.Тиін мен мысықтың ортақ белгілерін тап.\Дұрыс жауапта ең кемі 2 ортақ белгі түсіңдірілуі керек. Мысалы, бұлар ағашқа өрмелей алатын жануарлар, екеуінің де жүңдері жұмсақ, құйрықтары үлкен, төрт аяғы бар\
14.Шеге мен бұраңданың бір-бірінен айырмашылықтарын ата. \Дұрыс жауап: шегенің сырты тегіс, бұранда қырлы болады, шегені балғамен қағады, бұранданы бұрайды т.б.\
15.Футбол, биіктікке және ұзындыққа секіру, теннис, жүзу – бұлар неге жатады?
16. Сен қандай транспорт түрлерін білесің? /Дұрыс жауапта ең кемі екі әр түрлі транспорт аталуы керек/
17.Қарт адамның жас адамнан айырмашылығы неде? \Дұрыс жауапта қарт адамның жас адамнан айырмашылығын көрсететін ең кемі екі маңызды белгі айтылуы керек.\
18.Адамдар неліктен денешынықтыру және спортпен шұғылданады? \Дұрыс жауаптың мүмкін нұсқалары: денсаулығын сақтау үшін, кұшті, әдемі, бойшаң болу үшін, спорттан жетістіктерге жету үшін, жарыста жеңіп шығу үшін т.б.\
19.Біреудің жұмыс жасағысы келмеуі неліктен жаман қылық болып есептеледі? \Дұрыс жауаптың мүмкін нұсқалары: дұрыс өмір сүру үшін барлық адамдар жұмыс жасауы керек, себебі бұл адам үшін басқалардың жұмыс жасауы керек болады, себебі жұмыс жасамаса тамақ, киім, үй т.б. нәрселер болмайды т.б.\
20.Хатқа марка жапсыру не үшін қажет? \Дұрыс жауап: марка почта арқылы жіберудің құны төленгендігін білдіреді/
Қорытыңды жасау.
Әрбір сұраққа берген жауабы үшін балаға 0,5 ұпай қойылып, бұл әдістеме бойынша баланың жинауы мүмкін ең жоғары ұпай 10 көлемінде болады.
Ескерту: Тек үлгіде көрсетілген жауаптар ғана дұрыс деп саналмай, балаға қойылған сұраққа сәйкес берілген саналы, ақылды жауаптардың барлығы дұрысқа есептеледі. Бұл әдістеме негізінен мектепке қабылданатын баланың сөздік логикалық ойлауын зерттеуге арналған. Баланың ойланып, қорытынды жасау қабілетін бағалаумен бірге ұғымды анықтау, себебін түсіндіру, объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу операциялары туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Егер эксперимент жүргізуші баланың жауабын толығынан дұрыс деп бағалай алмаса, сонымен бірге дұрыс емес деп бағалау да мүмкін болмаса, балаға аралық 0,25 ұпай қоюға рұқсат етіледі. Баланың жауабына баға берместен бұрын, оның сұрақты дұрыс түсінгенін анықтап алу керек. Мысалы, шлагбаум сөзін барлық бала біле бермеуі мүмкін сол сияқты 19 сұрақтың мәнін де бірден түсіну қиындық келтіреді. Бұндай жағдайда қосымша түсінік жұмысы жүргізіліп, сұрақтың мағынасы ашылады.
Баланың интеллектуальдық дамуы туралы қорытынды:
10 ұпай -өте жоғары деңгей
8-9 ұпай-жоғары деңгей


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет