Лекция конспектілері н -1-40-2021 баспа


әдістеме Қысқа мерзімді есту есінің аумағын бағалау



бет22/30
Дата27.05.2024
өлшемі85.57 Kb.
#501904
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Лекциялар псих пед диагн

әдістеме Қысқа мерзімді есту есінің аумағын бағалау
«Цифрларды есте сақта»
Бұл әдістеме мектеп жасына дейінгі, кіші мектеп жасындағы және бұдан кейінгі мектеп жастарындағы баланың сол сияқты ересектердің қыска мерзімді есту есінің аумағын анықтауға арналған. Тапсырмаға кіріспес бұрын балаға төмендегідей мазмұндағы түсінік беріледі: «Мен қазір саған цифрлар айтамын, мен «қайтала» деген сөзді айтысымен, сен цифрларды қайталап айт». Бұдан соң эксперимент жүргізуші арасына 1 сек. салып 1А-суретте берілген цифрларды оқиды. Әрбір қатарды тындағаннан кейін бала эксперимент жүргізушіден соң қайталап отырады. Осы жұмыс бала қате жібергенше созылады.
А Б
9 3
2 4 7 9
3 8 6 1 5 4
1 5 8 5 6 8 6 2
4 6 2 3 9 3 5 9 6 1
4 8 9 1 7 3 7 9 6 4 8 3
5 1 7 4 2 3 8 9 8 5 2 1 6 3
1 4 2 5 9 7 6 3 4 2 7 0 1 8 9 5
1-сурет
Бала қате жіберген жағдайда эксперимент жүргізуші көрші 1Б-суреттегі сондай қатардағы цифрларды қайталайды. Егер бала бұл сандарды қайталауда да, яғни бірдей ұзындықтағы сандарды еске сақтауда 2 рет қате жіберсе, психодиагностикалық эксперимент осымен аяқталады. Баланың қате жібермей қайталаған алдыңғы қатардағы цифр саны анықталады да, енді қарама-қарсы бағыттағы, яғни біртіндеп кемитіндей болып орналасқан сандарды оқуға көшеді. /2 А,Б-суреттер/
А Б
4 9 1 6 3 2 5 8 4 5 7 1 9 2 8
8 5 9 2 3 4 6 1 7 9 5 8 4 6
1 6 5 2 9 8 3 1 7 6 9 2
4 1 3 7 2 2 8 5 9 1
9 2 6 5 4 9 3 7
4 1 7 1 5 2
2 5 8 3
3 6
2-сурет
Баланың бірінші және екінші жағдайда дұрыс қайталаған қатарындағы цифрлар санының жартысы қысқа мерзімді есту есінің көлемін белгілейді.
Нәтижені бағалау.
10 ұпай - бала орта есеппен 9 цифрды дұрыс қайталаған.
8-9 ұпай-бала орта есеппен 7-8 цифрды дәл еске түсірген жағдайда қойылады.
6-7 ұпай-орта есеппен 5-6 цифр қатесіз қайталанған.
4-5 ұпай-бала орта есеппен 4 цифрды еске сақтай алады.
2-3 ұпай-орта есеппен 3 цифр қайталанады.
0-1 ұпай-бала орта есеппен 0 ден 2-ге дейінгі цифрларды есте сақтай алады.
Қысқа мерзімді есту есінің даму деңгейі туралы қорытынды.
10 ұпай-өте жоғары деңгей.
8-9ұпай-жоғары деңгей.
4-7 ұпай-орта деңгей.
2-3 ұпай-төмен деңгей.
0-1 ұпай-өте төмен деңгей.
Бастауыш сынып оқушыларының көру және есту естерінің даму деңгейі туралы қорытынды.
Ересек адамның қысқа мерзімді есінің орта аумағы 7 қосу-алу 2 яғни 5 тен 9-ға дейінгі бірліктер аралығында болады. Ал мектепке дейінгі жаста қысқа мерзімді естің орта аумағы, шамамен баланың жасына тең болады. Осыған сәйкес қысқа мерзімді естің абсолютті көрсеткіштерін 10 ұпайлық жүйенің стандартты көрсеткіштеріне айналдырудың зейінге ұқсас төмендегідей тәсілін ұсынуға болады.
Нәтижені бағалау.
10 ұпай. Қысқа мерзімді естің аумағы 8 немесе одан жоғары бірлікке тең болған балаға қойылады. Бұл 10-12 жастағы балаларға арналған көрсеткіш. Ал 6-дан 9-ға дейінгі жастағы балалардың қысқа мерзімді есінің аумағы 7-8 бірлікке тең болған жағдайда 10 ұпай қойылады.
8 ұпай. 6-9 жас аралығындағы баланың қысқа мерзімді есінің аумағы 5-6 бірлікке тең болған жағдайда қойылады. Ал 10-12 жас аралығындағы балалар 8 ұпай алу үшін қысқа мерзімді есінің аумағы 6-7 бірлікке тең болуы керек.
4 ұпай. 6-9 жастағы балалардың қысқа мерзімді есінің аумағы 3-4 бірлікке, 10-12 жастағы балалардың қысқа мерзімді есі 4-5 бірлікке тең болған жағдайда қойылады.
2 ұпай. 6-9 жастағы балалар үшін қысқа мерзімді естің аумағы 1-2 бірлік, 10-12 жастағы балалардың қысқа мерзімді есінің аумағы 2-3 бірлік болған жағдайда қойылады.
0 ұпай. 6-9 жастағы балалардың есінің көрсеткіші 0 болған жағдайда, 10-12 жастағы балалардың қысқа мерзімді есінің аумағы 0-1 бірлікке тең болған жағдайда қойылады.
Естің дамуы туралы қорытындылар.
6-7 жастағы балалардың мектепте окуға дайындығын қысқа мерзімді естің аумағын бағалау негізінде төмендегіше қорытындылауға болады. Қысқа мерзімді естің аумағының дамуы жақсы болып, 10 ұпай алған балалар мектепте оқуға толық дайын деп есептеледі. Қысқа мерзімді естің аумағының дамуы орта болып, жоғарыдағы әдістеме бойынша 8 ұпай алған балалар мектепте оқуға жалпы дайын деп есептеледі.
Қысқа мерзімді естің аумағы 4 ұпаймен бағаланған балалар мектепте окуға жеткілікті деңгейде дайын емес деп саналады. Қысқа мерзімді естің аумағы 2 ұпаймен бағаланған балалар мектепте оқуға әлі де болса дайын емес деп есептеледі. Қысқа мерзімді естің аумағы 0 үпаймен бағаланған балалар мектепте оқуға мүлдем дайын емес деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет