Лекция №15
Тақырыбы: Әлеуметтік-психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы.
Жоспары:
1.Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептері
2. Психологиялық конфликтілердің түрлері
3. Конфликтінің даму сатылары
4. Конфликтінің типтік кезеңдері. Конфликтінің функциялары мен зардаптары
Әлеуметтік конфликт (лат. conflictus - «қақтығысу») - қоғамдағы диалектикалық қайшылықтар дамуының ең жоғарғы сатысы, ол әлеуметтік қауым және индивидтердің мүдделерінің қарама-қарсы тенденциялардың үдеуімен сипатталады. Әлеуметтік конфликт түрлері, қарқындылығы, мен оның шиеленісуінің дамуы экономикалық, саяси, идеологиялық факторларға тәуелді, бұқара халықтың қоғамның даму заңдарын түсінуі мен бостандығынын даму дәрежесімен тікелей байланысты. Әлеуметтік конфликт ұғымы кең және тар мағынада қолданылады. Кең мәнінде өндіргіш күштер мен өндіріс қатынастар арасындағы дау әлеуметтік конфликтінің басқа түрлерін анықтайды, соның ішінде барлық қанаушы формацияларға тән әлеуметтік конфликтің ерекше түрі таптық күрес болып саналады. Ал тар мағына тұрғысынан қарасақ, онда таптық күрес түбегейлі ұғым болса әлеуметтік конфликт сол ұғымға енеді және соған тәуелді болады. Осы тұрғыдан қарасақ, таптық күрестің қозғаушы күші болып таптар, ал әлеуметтік конфликтің қоздырушы күші соларды құраушы әлеуметтік топтар, жіктер және индивидтер болып табылады. Қоғамдық өмірден нарықты экономикаға көшу барысында адамның әлеуметтік және кәсіби жүйедегі қақтығыс мөлшері бірден жоғарылады. Осы себептен конфликтология саласында арнайы мамандардың қажеттілігі мен маңыздылығы артты.
Қақтығысты жағдайдың ішкі және сыртқы себептерінің сипаттамасы.
Сыртқы себептер: іскерлік және өзара тұлғааралық келіспеулер, жұмыстағы қателіктер, жұмыс тәртібі мен келісім негізін бұзу.
Ішкі себептер: жағымсыз эмоционалды және өзара қатынастың арасындағы байланыс.
Қақтығысты жағдайды шешудің орталығы, ол қақтығыстың шығу себебін анықтау керек. Сыртқы себеп және қақтығыстың ішкі типтері болады.
Сыртқы себеп-іскерлік түсініспеушілікпен байланысты, іс жүргізу түрінде қарастырылады. Ішкі себнп –жағымсыз эмоциялық қатынас. Қақтығыстың болуының басқа себептері – психологиялық және мағыналы барьер (мінездердің сәйкес келмеуі, талаптардың сәйкестенбеуі, өтініш пен өкілдердің келіспеуі), қарым-қатынаста серіктердің өзара түсінісушілігі мен алдағы біріккен әрекеттерінде кедергілердің болуы. Жеке тұлғалық қақтығыстардың себептері : өзінің қауыпсіздігіне деген қорқыныш, реніш сезімі, көреалмау және кек, өзіндік бағаның жоғарлығы. Қақтығыстың бастапқы жаралуы өкініштен басталады : өзіндік баға мен қоршаған орталық бағасының сәйкес келмеуі . Дегенмен есте сақтау керек:
өзінің дәрежесін жоғары белгілеу, қоршағандарды тітіркендіреді.
артық өкпелеу себебі, өзіндік бағаның жоғарлылығы болуы мүмкін. Мұнда қоршаған ортаны кінәлау, олардың дөрекілігін ескептуге болмайды.
барлық адамда өзіндік нәзік орнымыз бар, сондықтан оны сынмен, кемсітумен қарауға болмайды.
барлық адамдар өзінің іс-әрекетін дұрыс бағалауын, сонымен қатар мақтауды қажет етеді, егер ол сәйкес болса.
жүйке жүйесімен ауыратындарды ұрыс, қақтығыс жиі болады, өткір жүреді және қиын шешіледі.
Қақтығыс түрлері:
іскерлік өндірістік; топаралық; тұлғаралық; рөлдік; тұлғаішілік; энтоұлттық; саяси; монокаузальды;
Қақтығыстың пайда болу дәрежесіне қарай: ашық, жабық, кездейсоқ және әдейі азғырушы болып бөлінуі. Қақтығыс нәтижесінің: деструктивтілігі және конструктивтілігі
Қақтығысты әрекеттесудің процесінде оның қатысушылары әртүрлі ойларын айту мүмкіндігін иелегнелі, шешім қабылдауда альтернитивалардың көптгін көрсету, және бұл қақтығыстың маңызды позитивті мәні болып табылады.
Топаралық және тұлғаралық қақтығыс бұл индивид пен топтың немес топтардың өздерінің арсындағы қақтығыс болып табылады.
Қақтығыстарды түрлерге бөлу шартты ғана, оның түрлері арасында қатаң шекара жоқ және тәжірибеде мынадай қақтығыстар туындайды: ұйымдастырушы, вертикалды, тұлғааралық, горизонталды, ашық, топаралық және т.б.
Тұлғалық қақтығыс сипаттамасы, комплекстер, жоғары өзіндік баға, ескертулер, сын қою, жағымсыз психикалық жағдай, өзінің қауіпсіздігіне үрейлену және тб.
Тұлғаралық қақтығыстың себептеріне сипаттама. Мінездердің сәйкес еместігі, қызығушылықтардың қарама-қарсылығы, ішкі өкпе және қарсы тұру, кеңестерді ілу.
Өндірістің іскерлік қақтығыстың себептері: еңбек келісімі, құқық пен мідеттердің сай келмеуі, бәсеке, жалақыға қанағаттанбау, еңбек және жұмыстағы бірқалыпты жағдайдың нашарлығы, басшы беделі, этиканы сақтамау, алдау және тб.
Тұлғааралық қақтығыс – проблемді-қақтығысты ситуация, мұнда адамдар мақсаты, құндылық және нормалары сәйкес келмейтін бір-бірінен өзара қарым-қатынас жүргізуге тырысады немесе қатаң бәсекелесу нәтижесінде бір мақсатқа жетуге тырысады, бірақ қақтығысқа түсуші бір топ немесе жақ жетістікке жетеді .
Топаралық қақтығыс –мұнда қақтығысқа түсуші жақ әлеуметтік топ, бір-бірінен іс-әрекеттері арқылы кедергі жасайды және мақсаттары әртүрлі :
а) рөльдік қақтығыс – бір жағдайда адамдардан бірдей екі немесе сәйкес келмейтін бірнеше рольдердң орындауды талап етеді және мінез-құлық типтері.
б) моно және поликаузальді қақтығыс (латынша, causa-себеп), өзіндік ретінде бір немесе бірнеше себептер сәйкестенеді.
Тұлғааралық және өндірістік қақтығыстар бірнеше себептерден тұрады.
Қарастырылған қақтығыстар әртүрлі қызметтер, позитивті де, негативті де, қызметтер атқаруы мүмкін.
Позитивті
|
Негативті
|
Қақтығысушы жақтар арасындағы қызуды төмендету.
|
Қақтығысқа қатысу үшін, үлкен эмоционалды, материалдық шығындардың жұмсалуы.
|
Оппонент туралы жаңа ақпарат алу.
|
Қызметкерлерді жұмыстан шығару, тәртіптің төмендеуі, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың нашарлауы.
|
Сыртқы жаумен күресте ұжым мүшелерінің бірігуі
|
Жеңген топтар туралы қастық түсінікте болу
|
Өзгеру мен дамуға деген стимулдеу
|
Қақтығысты әрекеттесу процесімен шектен тыс қызығып, жұмысқа зиян келтіру
|
Қоластындағылардың бас ию синдромын алып тастау
|
Қақтығыс аяқталғаннан кейін - әріптестердің бір бөлігі арасындағы бірлесе жұмыс істеу дәрежесінің төмендеуі
|
Оппоненттердің мүмкіндіктерін диагностикалау
|
Іскерлік қарым-қатынастарды қайта қалпына келтірудің қиындығы
|
Сондай-ақ отбасында кездесетін қақтығыстар. Ерлі-зайыптылар жүріс-тұрысына психологиялық талдау жасау. Ата-ана мен бала арасындағы қақтығыстар. Жас ерекшелік деңгейге байланысты пайда болатын қақтығыстар. Жас ерекшелік дағдарысы. Күнделікті өмірде жиі кездесетін қақтығыстар. Педагогикалық қақтығыс: құрылымы, динамикасы.
Өндіріс орындарында ұжымдар ішінде туындап отыратын талас тартысты, дау-дамайлы мәселелер негізінен жеке адамдардың мақсат мүдделерінің, көзқарастары мен қалыпты жағдайлардың өзгеруіне, олардың жеке бастарының мінез-құлық ерекшеліктеріне қанағаттанбау сезімінің салдарынан туындап жатады. Ал қақтығыс ұжымдарда олардың іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра алмай іскерлік қасиеттерінің тоқырап қалуына әкеп соқтырады. Сөйтіп талас-тартыстың шығуы негізінен тоқырап қалуға қарсы күрес жүргізуге байланысты екенін аңғартады. Қақтығыс әсіресе жеке адамадардың өзара жалпы тіл тауып түсінісе алмау салдарынан шығады. Өйткені әрбір адамның даралық ерекшеліктері, көзқарастары мен өмір тәжірибесі түрліше. Сондай ақ дау-дамай әрбір адамның өзгелерден тәуелсіз өзіндік міне-құлқына орай бостандықты қалауы деп те түсінуіміз керек. Дегенімен қақтығыс жағымсыз, ұнамсыз жақтарымен бірге, пайдалы да ұнамды сипаттары болатыны атап айтуға тиіспіз.
Қақтығыстың шығу дәрежесіне қарай төрт қақтығысты жағдай және төрт инцидент типтері анықталынды : әдейі-мақсаттылық, әділ-мақсатталмаған, субъективті(өз пікірінше, өздігіне) мақсаттылық, субъективті-мақсатталмаған
Қақтығыс жағдайлары мен инцидент парамаетрлеріне белгілей келе біз түрлі қақтығыстарды анықтаймыз. адамның еңбек әрекеті кезінде болатың қақтығыстар іскерлікдеп аталады. іскерлік қақтығыстардың нәтижесі эмоциональді-тұлғалық қақтығысқа ауысады.Ұзаққа созылған іскерлік қақтығыстар :
1. Қақтығыс нысаның жоғалтып, тұлғалық қақтығыс өзгереді.
2. Опоненттердің бір-біріне негативті қатынас қалыптасады.
Эмоционалды-тұлғалық қақтығыстар опоненттердің жеке сапаларының ішкі психологиялық себептерінен негізделеді. Қақтығыс дәрежесіне қарай ашық және жабық, кездейсоқ және үнемі болып бөлінеді. Жасырын қақтығыс екі адам арасында болады, олар өздерінің қақтығысқа түсіп жүргенің көрсеткілері келмейді. Бірақ біреуінің жүйкесі шаршағанда қақтығыс ашық түрге ауысады. Қақтығыс кездейсоқ болады. Кездейсоқ қақтығыс күтпеген жерден пайда болады. Ал үнемі қақтығысу, саналы түрде жүреді. Үнемі қақтығысу еңбек өнімділігіне әсер етеді, сапасы төмендейді. Сондықтан қақтығыстың себебін талдауда және бастапқыны анықтауда қозғаушының мотивің , мақсаты және кінәліні іздеу қажет.
Өндірістік қақтығыстың екі формасы бар :
вертикаль – нақты өндірістік ұжымда жетекші мен бағынушы арасында
горизонталь - өндіріс жұмысшылары, ұжым мүшелері арасында.
Конфликтінің негізгі құрылымдық элементтері:
- конфликтіге түсуші жақтар;
- конфликтінің пәні;
- конфликтілі жағдайдың кейпі;
- конфликтінің мақсаттары;
- конфликтіге түсуші жақтардың позициялары.
Конфликтіге түсуші жақтар деп тікелей қызығушылықтары бұзылған әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері немесе ашық түрде конфликтіні қалап тұрған субъектілер есептеледі.
«Конфликтінің пәні - қарама-қарсы жақтардың арасындағы күрестің туындауына себепкер болатын объективті түрде бар немесе бар секілді болып көрінетін мәселе (билік, қарым-қатынас мәселелері, қызметкерлер арасындағы бәсекелестік және т.б.)». Конфликтіге түсуші жақтардың позициялары - конфликт кезінде немесе келісім процесінде бір-біріне айтылатын нәрсе.
Конфликтінің басталуы мынандай шарттарға байланысты: бірінші қатысушы саналы түрде әрекет жасап, екінші қатысушыға денесіне немесе ақпарат беру арқылы зақым келтіреді; екінші қатысушы бұл әрекеттердің өзіне бағытталғанын түсінеді; екінші қатысушы жауап ретінде қарсы іс-әрекеттер жасауға кіріседі. Міне, осы кезден бастап, конфликт басталды деп айтуға болады.
Сәйкесінше, егер тек бір ғана қатысушы әрекет етіп немесе екі жақ та тек ойша әрекеттер жасаса(іс-әрекеттерді жоспарлау, болатын оқиғаны болжау), онда конфликт болмайды. Конфликт тек, екі жақ та бір-біріне қарама-қарсы белсенді әрекеттер жасағанда басталады. Оған дейін конфликтілі жағдай болады.
Конфликтінің дамуы қатысушы жақтардың саны мен құрамының, кейде тіпті, конфликт себебінің біртіндеп өсуіне байланысты болады. Кішігірім конфликтілі жағдай екі субъектіні араластырады. Екі жақ өздерінің куәгерлері мен заңгерлерін қатыстырады. Одан кейін кәугерлердің қызығушылықтары қарастырылады. Сөйтіп, қатысушылардың да қызығушылықтардың да саны артады. Конфликтінің аяқталуы - конфликтінің басталуына әсер еткен себептерге қарамастан, конфликтіге түскен қатысушылардың барлық іс-әрекеттерді доғаруы.
Конфликтілі жағдайға қатысу деңгейіне қарай субъектілердің мынандай категориялары қарастырылады: негізгі қатысушылар, қолдаушы топтар және басқа қатысушылар.
Негізгі қатысушылар конфликт барысында бір-біріне тікелей белсенді түрде әрекет етеді.
Негізгі қатысушылар арасында бөлінеді:
1. Оппонент (өзінің проблемаларының шешілмейтіндігіне көзі жеткен конфликтінің қатысушысы);
2. Қарсылас (басқаға кедергі келтіру арқылы өзінің қызығушылықтарын іске асыруға тырысатын оппонент);
3. Агрессор (агрессивтілік көрсетуші қарсылас);
4. «Жау» (қарсылас жақты толығымен жойып жіберуді мақсат тұтатын қарсылас).
Конфликтінің функциясы позитивті және негативті бағытталуымен сипатталады.
Персоналды интеграциялау. Позитивті жағы: топтар мен тұлғалар арасындағы шиеленісті бәсеңдету, индивидуалды қызығушылықтарды келісімге келтіру; формалды және формалды емес топтардың қарым-қатынасын нығайту, ортақ қызығушылықтарды тереңдету және бірқалыпқа келтіру. Негативті жағы: коллективтің бірлігі мен ұйымшылдығының төмендеуі, топтар мен тұлғалар арасындағы қызығушылықтардың балансының бұзылуы, жұмысқа деген адалдығының жойылып, басқалардың есебінен өзінің мақсаттарына жетуге ұмтылу, эгоизмнің белең алуы, бассыздық пен анархия әкеліп соқтыру.
Әлеуметтік байланыстарды активизациялау. Позитивті жағы: қызметкерлердің әрекет етуін мобильділік және қозғалмалылықпен қамтамасыз ету, мақсаттарға жетуде келісімділіктің үлесін ұлғайту. Негативті жағы: ортақ істері бар адамдардың әрекет кезінде келісімге келмеуі, ортақ жетістікке деген қызығушылықтың төмендеуі, ынтымақтастыққа жету жолында кедергілердің орнауы. Әлеуметтік шиеленістер туралы сигнал беру. Позитивті жағы: шешілмеген мәселелерді анықтау, еңбекті қорғау мен жағдай жасаудағы жетіспеушіліктерді анықтау, коллективтің қызығушылықтарын, құндылықтарын, қажеттіліктерін орындау. Негативті жағы: администрацияның әрекеті арқылы көңілі толмаушылықтың қатты көрсетілуі, жекелеген лаузымды тұлғалардың тарапынан теріс пайдалануға деген қарсылық көрсету, жұмысқа деген қанағатсыздықтың жоғарылауы.
Достарыңызбен бөлісу: |