1) дін және оның ұйымдастырылған түрі;
2) аймағы және оның туған жерінен алшақтығының деңгейі
Тойнби 21 өркениеттерді атап көрсетіп, кейін олардың санын 37-ге жеткізді. XX-шы ғасырда олардан 10 өркениет қалды.
Н.Я. Данилевскийдің «мәдени-тарихи типтер» (өркениеттер) теориясы
Н.Я. Данилевский «Ресей және Еуропа» атты еңбегінде қоғам дамуының 10 ерекше мәдени-тарихи типтерін (өркениеттерін) атап көрсетті. Олар туылу, даму, гүлдену, құлдырау кезеңдерінен өтеді : 1) мысыр, 2) қытай 3) ассирия-вавилон-финикия (ежелгі семиттік) 4) үнді, 5) иран, 6) еврей, 7) грек, 8) римдік, 9) жаңа семиттік немесе аравиялық, 10) герман-романдық немесе еуропалық. Екі американдық тип (мексикандық және перуандық) қаза тапты, дамуға шамасы келмей қалып. Жаңа тип– славяндық қалыптасуда.
Мәдени-тарихи типтердің өркениеттердің негіздері – дін, мәдениет (ғылым, өнеге, техника), саясат, экономика.
Н.Я. Данилевский европоцентризмге және тарихи прогресстің бірсызықтық принципіне қарсы шықты. Әрбір мәдениеттің өз тарихы бар және дамудың өз жолы бар.
Н.Я. Данилевский
(1822-1885)
О. Шпенглердің «локалды өркениеттер» теориясы
О. Шпенглер мәдениетті біртұтас тірі ағза ретінде қарастырады. Әрбір мәдениеттің өзгешелігі оның «жанына» байланысты. «Мәдениеттің жаны» материалды емес, мистикалық, ақыл-ойға түсініксіз, шығармашылықта көрініс береді, халықтың табиғи ортасына сәйкес келеді. Мәдениет өркениетке айналуы - бұл оның қатып қалған күйі, құлдырауы
О. Шпенглер сегіз «локалды өркениеттер» - «бөлектенген мәдениеттер» түрлерін атап көрсетті: мысыр, вавилондық, үнді, қытай, антикалық, ортағасырдың алтын мәдениеті (исламдық және византиялық), ежелгі майя мәдениеті, европалық. Қалыптасу кезеңінде орыс мәдениеті жатыр. Әрбір мәдениеттің прасимволы (прафеномені) бар: мысырдыкі – жол, арабтыкі – миф-үңгір, антикалық - шектелген материалдық дене, европалық – шексіздік, орыстыкі – шексіз тегістік.
Достарыңызбен бөлісу: |