Лекция өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау шымкент 2021 Кіріспе



бет19/35
Дата25.03.2022
өлшемі1.09 Mb.
#456454
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
Лекция Публ шығ нег

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.
Дәріс №17.Журналист мәтінінің тілі


Дәріс мақсаты мен міндеттері:
Болашақ журналистер мен қоғаммен байланыс мамандарын қазіргі заманғы журналистиканың менеджмент жүйесімен таныстыру,Қазақстанның қазіргі медиа нарығы, түрлі БАҚ-та жұмыс істеу ерекшеліктері мен үлгілері, журналистердің кейбір кәсіби «құпиялары», PR және жарнама негіздері ұсынылған. Болашақ журналист өз мамандығының құқықтық жағын міндетті түрде білуі тиіс.Сондықтан да пәнді журналистік қызметтің құқықтық аспектілері де қарастырылған. Пән барысында журналистика жанрлары, оларды күнделікті жұмыста қолданудың қыр-сыры түсінікті тілмен баяндалады. Жас журналистерге ақыл-кеңестер мен ұсыныстар беріледі. Журналистік жолын енді бастаймын деген болашақ журналистерге медиа саласының бел ортасында жүрген практик журналистердің неден бастап, қалай жазу қажет екендігін және алдын ала қандай қателіктерді жіберіп алмау турасындағы материалдары мен кеңестері әбден пайдалы болады деп сенеміз.
Дәріс мазмұны:
Мәтін жазудың он түрлі ережесі. Мәтінде қолдануға болмайтын сөздер мен тіркестердің он түрі.
Бұл тарау журналистік мәтін тілінің ерекшеліктеріне арналады. Ыңғайлы болу үшін ол "10+10" формуласымен (тұжырымды айтылған жеке қорытындымен берілген) құрылған. Алғашқыда он түрлі ереже беріледі, мақала жазуда осыларды басшылыққа алып отыру керек. Одан кейін мақалада қолдануға болмайтын он сөз бен тіркес беріледі.
Сонымен журналистік мәтін жазуда қолданылатын он ереже төмендегідей:
1. Бір сөйлемде бір ғана ой болуы керек. Сондықтан оның мүмкіндігінше қысқа болғаны дұрыс. UPJ ақпараттық агенттігі мәтіннің оқылуына қатысты және ондағы ұзақтығы орташа сөйлемдерді анықтаған, олар мыналар:
8 сөзге дейін өте оңай оқылады;
8-11 сөз - оңай оқылады;
12-14 сөз - салыстырмалы жеңіл оқылады;
15-17 сөз - орташа оқылады;
18-21 сөз - салыстырмалы ауыр оқылады;
22-25 сөз - ауыр оқылады;
25 сөзден артық - өте ауыр оқылады.
Бұл ұзақ сөйлемдерді мүлдем қолдануға болмайды дегенді білдірмейді. Керісінше, ырғақ пен ұйқасты беру үшін қысқа сөйлемдер ұзақ құрылған сөйлемдерге ауыстырылады. Сөйлемнің соңындағы нүкте жолдағы "тоқта" деген таңбаны еске түсіреді. Егер жолда осындай таңбалар жиі қойылса жүрісті қиындатады. Жетіп алу үшін жақсы жол керек. Міне ұзақ сөйлем осының қызметін атқарады, сондықтан мәтіннің жылдам оқылуын қамтамасыз етеді, ал керісінше қысқа сөйлемдер өте көп болса (егер ұзақ сөйлемдер жасанды жолмен қысқартылса) оқу баяулайды. Егер "тоқта" деген белгі жүргізушінің ойын бөліп жүргізуін жалғастыруына кедергі келтірсе, қысқа сөйлем де оқырманның ойын аяқталар кезде назарын аудартып, ойын бөліп отырады.
2. Бір азат жол оқиғаның бір қырын, ойын білдіріп отырады. Егер осы ойы түгел айтылып болса, азат жолды аяқтау керек. Бір ойды ортасынан бөліп тастауға болмайды, сондай-ақ екі аспектіні бір азат жолға тығылыстырып беруге де болмайды. Ондай жағдайда айтылатын одың біреуін бөлу керек немесе оқиғадан мүлдем алып тастаған дұрыс. Егер ол келесі азат жолға лайықты болмаса, осылай ету керек. Сондай-ақ ұзақ құрылған азат жолды бірыңғай бермей, қысқа азат жолдармен кезектестіріп отыру керек. Ұзақ азат жолдан кейінгі қысқа азат жол драматизмді қуу үшін қызмет етеді, оқиға болған жердегі жағдайға назар аударуды көзбояушылық назар аудартқызады. Кей кезде азат жол бір сөзден де тұруы мүмкін.
3. Бөлшектерден емес, ең бастысынан бастау керек. Оқиға жағдайын түсінікті етуді бұрын атқаруды ойлаған дұрыс, ал оның ұңғыл-шұңғылына дейін түгел баяндауды кейінге қалдыра тұрған дұрыс. Мәтінді оқиғаның себебі мен қалдырған әсерінен бастамаған дұрыс, ондай жағдайда алда болатын басты оқиғалар да екінші кезектегі оқиға болып қалады.
4. Түсіндірменің артықшылығын көрсететін дәлелдер. Бұл дегеніміз ең басында дәлелдер туралы хабарлау, сонан соң барып пікірлер мен бағалауды келтіру деген сөз. Қысқартқан кезде бәрі керісінше болады, яғни түсіндірмеден бастап, сонан соң барып дәлелге көңіл бөлу керек. Комментарийдің (түсіндірменің) мұндай әртүрлілігінен абайлау керек, себебі ирония сияқты бірдеңе айтқан кезде, басқа бір қарама қарсы нәрсені түсінуге болады. Мысалы, миллиардер туралы хабарланса, ол кедей болуы мүмкін, кәсіпкер туралы айтса, олар "салықтың көтерілгеніне қуануы" мүмкін. Біріншіден, егер оқырман айтылып отырған зат туралы түсінбесе, ол туралы білімі болмаса ирония түсініксіз болуы мүмкін, журналистің тұспалдауын түсінбесе де солай болады. Егер, екіншіден, оқырман автордың пікірін ажырата алмаса, өзі ойлағандай оның келекелеп отырғанын түсінбесе, журналистің жүйкесіне тиіп, ашуын келтіреді.
5. Белсенді етістің пассивті етіске қарағанда артықшылығы болады. Мынаны еске алайық, белсенді етісте бастауыш әрекеттің субъектісі болады, әлдекімнің бірдеңе істегенін білдіреді. Мысалы, журналист мақала жазды. Ал пассивті етісте бастауыш керісінше әрекеттің нысаны болады, оның бірдеңені немен істегенін білдіреді. Мысалы, мақала журналиспен жазылды деп баяндайды. Пассивті етісті тек қана әрекет нысанына назар аудартуды көздегенде қолдануға болады.
6. Әрекет етістігін көп қолданыңыз. Оның жақсылығы, артықшылығы мынада, себебі ол қозғалысты, тақырыптың дамуын білдіреді. 10-15 етістіктің көмегімен бір азат жолға орасан зор оқиғаны сыйдыруға болады. Зат есімді қолдану, керісінше, баяндауды баяулатады, сондықтан оны қолдануды, мүмкіндігінше азайту керек. Әсіресе, бұл ұзақ арнаулы атауға қатысты, сондай-ақ статикалық сипаттауға да қатысты болады. Мұндайда атауды қысқарту керек, ол сипаттауды біреудің бірдеңе істеп жатқан қозғалысын сипаттауға да қатысты болады. Мұндайда атауды қысқарту керек, ал сипаттауды біреудің бірдеңе істеп жатқан қозғалысын сипаттауға ауыстыру керек.
7. Таныс емес жағдайларда белгілі, түсінікті көріністермен сипаттаған дұрыс. Бұл тәсіл көрнекіліктің нәтижесі. Мысалы, химиялық лабораторияда болғанда, болып жатқан оқиғаны үйдегі әйелдің ас үйдегі тамақ даярлап жатқан оқиғасымен салыстыру осының дәлелі. Сонда оқырман журналистің не айтқысы келгенін бірден түсінеді. Бірақ журналист ойлап тапқан ол салыстыру аталған жағдайға сәйкес келуі керек. Мұны Валерий Панюшкин қалай жасайды екен: "Мен журналистерге қаратып айтамын, - деді Мельникова ханым, бұдан кейін съезд Ресей партияларының съездеріне ұқсамау керек, себебі шағын Хрушевтық пәтерлерде өтетін үйлену тойы мен мерейтойларға ұқсап кетті, - сондықтан мен журналистерге қарата айтамын. Жігіттер, призидиумда екі телефон істеп тұрса сіздерге кедергі келтірмейді".
(Панюшкин В. Бейбітшілік, Еңбек, Ана//Коммерсант. 2004, 9 қараша).
Барлық адамға белгілі болған "түлкі сияқты қу", "үкі сияқты ақылды" деген сияқты мақал-мәтелдерді қолданбау керек, себебі әрбір оқырман аталған тіркестерді өздерінше түсінеді. Яғни журналистің айтайын дегенін оқырмандар мүлдем басқаша ойлайды, ол дегеніміз ақпарат тура мәнінде жетпейдідеген сөз. Сондықтан құбылыстар мен заттарды дәл осы жағдайға байланысты теңеулер мен метафораларды, өзі ойлап тапқан теңеулерді қолданған дұрыс.
8. Тілдің айқындығы тақырыптың айқындығына кері пропорционалды болуы керек. Басқаша айтқанда журналист мақұлданған оқиғаны сипаттаса, тіл соғұрлым қарапайым, соғұрлым құрғақ болуы керек. Міне, осы тұрғыда Бесландағы мектепті басып алған лаңкестердің әрекеті туралырепортаждан үзінді келтіріп көрелік:
Автоматтардың легі мен гранамедтердің атыстары жақыннан шығып жатты, ұрыс жүз метр жерде болып жатқан сияқты көрінді. Кенеттен қарсы беттегі жеке там жақтан ер адам жүгіріп шықты. Оның қолында жүзі күрең тартқан, арық, бір ғана қысқа іш киімдегі жалаңаш, сегіз жас шамасындағы бала бар. Баланың басы артқа қарай шалқайып кеткен, жіңішке аяқтары жүгіріп бара жатқан адамдардың аяқтары сияқты салбырап кеткен. "Жедел жәрдем қайда?!" деп шыңғырды ер адам - Машина беріңіздерші, ол тірі, әлдебір жеңіл машина орнынан қозғалып ер адамды баласымен бірге машинаға мінгізді. Тоқта деп айқайлады біреу тобырдан. - Тағы да бір адамды әкеле жатыр". Тағы бір ер адам бір әйелді екі қолымен көтеріп әкеле жатыр. Әйел жүргісі келіп еді, жүре алмады. Себебі оның бір бетін қан жуып кеткен екен. Әйел таңғаларлық күліп, жан-жағына қарады. Біреу оған жалма-жан суы бар шыны қыстырды. - Олар мектепті жарды, - деп айқайлады әйел сонан соң. - Қабырға құлады!" Тобырда қайтадан бақырып жылаған дауыс естілді.
Керісінше, егерде мақалада қатардағы ештеңе сипатталмаса, мысалы, алдын - ала даярланған сценарий бойынша ешқандай да мереке өтілмесе, журналиске толық бағдарлама бойынша өзінің стилистикалық дарынын көрсетуіне болады. Мұны коммерсанттық Кремль тілшісі Андрей Колесников қалай істейтінін көрейік:
(Бұл жерде Путин туралы жазылған, сондықтан Назарбаев туралы жазылған бір газеттің материалынан үзінді беру керек.)
Бұл жерде нені сипаттаймыз? - деген баланс пен "Қалай сипаттаймыз? - деген сұрақтың жауабын бақылау жасау керек, себебі, екеуінің үлесі 100% болуы керек.
9. Сөйлемдегі сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің санын дұрыс анықтаңыз. Американдық медиакеңесші Рой Питер Кларк (Roy Peter Clark) сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің санының әр түрлі болуы тіпті әртүрлі мағына беруі мүмкін деп атап өткен. Себебі, бір сөздің өзі бірнеше мағына береді, бұған "ақылды қыз" деген сөздің мағынасы дәлел бола алады. Сөздің жеке сипатының өзі оқырманға ақиқат шындық болып қабылданады. Мысалы екі сөзді қатар қойып салыстырып көрейік, "Қыз ақылды және көрікті", сондықтан екі сипаттау да бір мезгілде болған бір-біріне қатыссыз қолданыста. Сөздің қатар, қосарланып қолданылуы зат есімге де қатысты болады, мысалы "мама мен папа" сөзін алайық, "еркектер мен әйелдер", "соғыс пен бейбітшілік" сияқты қолданыстар осыған дәлел. Егер үш сөз қайталанса, айнала тұйықталып қалғандай болады, мысалы "қыз ақылды және көрікті, тез шешім қабылдағыш". Енді оның сипаты бізге толық түсінікті. Тағы да бір мысал: "Басы, ортасы, соңы", "әкесі, баласы және қасиетті рух", "тіл алғыш, заң қабылдайтын және сот билігі". Егер осы үш сипатқа тағы да бір сипатты қосатын болсақ, бұл бірлік бұзылып кетеді, мысалы қыз ақылды, көрікті, шешім қабылдағыш және анорекциямен ауырады". Сондықтан үш бірыңғай сөйлем мүшесіне төртінші біріңғай мүшені қосудың қажеті жоқ, тек қана төртінші біріңғай мүшені журналист өзі сипаттап отырған нысанның қарама-қарсылығын көрсетуге бағыттағанды мақсат еткенде ғана қосуға болады.
10. Архетиптерді қолдануға болады, бірақ оған сізді пайдалануына мүмкіндік бермеу керек.
Архетип дегеніміз - адамдардың ұжымдық санасында жүрген базалық сюжеттер. Бұл сюжеттер діни кітаптарда, халық ертегілерінде, қазіргі фильмдерде болады. Архетипке деген негіз, тірек журналиске оқиғаны айтып қана қоймай, оны "мәңгілік" тақырыппен де байланыстыруға дәнекер болады. Оқырман осы "мәңгі" тақырып арқылы оқиғаның мәтінінен өз өмірін біледі, ал ол оның көз алдында мақаланың құнын өсіреді. Бұдан басқа архетиптік жағдайда өмір сүруге деген қажеттілік БАҚ-қа деген айналымның бір түрі болып табылады.
Архетипті сюжеттің кейбірі мынандай болады:
* бір нәрсеге саяхат жасау және одан кері қайту (алтын алқапқа саяхат)
* сүйіктіні ұшырату, табу және одан айрылып қалу
* қарғысқа ұшырағанда бата беру
* күлден қайта тұру
* балшы үйрек.
Сондай-ақ Хорхе Луис Борхестің "Төрт бөлім" әңгімесін мысалға келтіруге болады, ол мынаған басымдық береді, бұрын, әлдеқашан болған тарихта айтылған барлық сюжетті өзіне қабылдап алу туралы баяндайды.
Тарих бар-жоғы төртеу. Біреуі ең көне - қорғанып жатқан қала туралы, мұнда қаһарман шабуылшылардан қорғанады. Қорғанушылар қаланың қылыш пен жалынға оранғанын біледі, қорғанудың пайдасы жоқ, ең атақты, жеңімпаз Ахилл жеңіске жеткенге дейін өлім құшқан. Ғасырлар сюжетке сыйқырлықтың элементтерін алып келген. Былай ойлады, Елена өз өмірін әскер үшін қиды, керемет қоршаған орта, көріпкелдік ахейліктердің жасырған ерекше үлкен іші бос аты емес болып көрінді, Гомердің осы аңызды жеткізуіне бірінші жағдай емес, он төртінші ғасырдан жеткен жолдардан аңыздар менің есіме келді:
"Қорған жалынға оранып тек қана күлі қалған. Данте Габриель Россетш, Трояның тағдыры сол сәттің өзінде шешіліп қойған деп есептейді, яғни Паристің Еленаға деген көзқарасы ұшқындаған кезден басталғанын білдіреді. Ййтс мына сәтті, яғни Иданың Жаратқан аққу бейнесіне еніп хабарласқанынан бастап мәселе шешілгенін айтады.
Екінші тарих біріншімен байланысты қайта оралу деп аталады.Бұл оқиға Улиссе туралы, ондаған жылдардан кейін қаһарлы теңізге тасталған және құтқарушы аралдарға келіп тоқтаған, Итакс деп аталатын туған жеріне сапар шеккен, жолда Солтүстіктегі құдайларға ұшырасқан, одан кейін көрінген жердің жойылып кетуіне ұшыраған, содан соң қайтадан өсіп-өркендеп теңізден қайтадан аяғына тік тұрып, сонан соң көгалдан шахмат үлгілерін тапқан, қазір соғысып жатқан кейіпкерлердің нұсқасын тапқан Улиссе тұлғасын көреміз.
Үшінші тарих - іздену туралы. Оны алдағыны болжайтын вариант деуге де болады. Бұл Ясон, яғни алтын арай үшін жүзіп келе жатқан Ясон туралы, сонымен қатар отыз парсы құстары үшін, алда кездесетін тау мен теңіздер, яғни өз құдайы Симургты көру үшін келе жатқан Ясон туралы аңыз, себебі оның бәрі қайталанбайтын, бір-ақ рет дүниеге келетін тұлғалар. Өткенде барлық оқиғалар өз мәресіне, мақсат-мұратына жетіп отырған. Нәтижесінде бір кейіпкер алтын алманы ұрлаған, екіншісі - нәтижесінде Граальді басып алған. Енді ізденіске ауыртпалық түсіп, жойылуға ұшырады. Капитан Ахов китке душар болады, ал кит оны жойып тынады.; Джеймс пен Кафка батырларына жеңіліс күту ғана қалады. Сөйтіп біз жеңістер мен сенімдерге кедей болып қалдық, сөйтіп, ең соңында өрескел жалған қателіктің жалпы талғамына ұшырап қалдық. Сөйтіп біз жұмаққа сенуге бейімделген емеспіз, ал тозаққа одан да аз сенеміз.
Ең соңғы тарих - құдайдың өзін-өзі өлтіруі, Атис во Фригий өзін-өзі мүгедек қылып өлтіреді. Один Одинаны құртады да өзін-өзі тоғыз күн ағашқа асып қояды, найзаға шаншып қояды; Христы римдік легионерлер пышақтайды.
Тарихтың барлығы төртеу. Қанша уақытымыз қалса да, біз оны осы және басқа үлгіде қайталап айтатын боламыз.
Дегенмен Архетикті мөлшерден тыс арттыру журналиске нақты оқиғаны зерттегеннен гөрі оның кейбір жерін ғана іздеуге алып келеді, ал сол тапқанын архетиктің ішіне салуға, кіргізуге душар етеді. Ол жөнінде атап өткен Рой Питер Кларк былай дейді:
Бірде студент қыз боулинг ойынына әуесқой болып жүрген арбаға таңылған мүгедек туралы репортаж жазуға тапсырма алады. Ол олармен жолығып адам рухының мүмкіндігі туралы керемет мақала жазады. Біраз уақыт өткен соң оған мүгедектер қорқынышы көзқарас қалдырғанын мойындайды. Олардың ашуланшақ, қырсық, жеккөрінішті екенін жазды. Мен одан осыларды неге жазбағанын сұрадым, - дейді Рой. Кедергіні жеңу үшін күресін көрсеткім келді, - дейді ол. Мұндай жағдайы Рой "клищалы көру" деп атайды. Мұндай тәсіл журналистің назарын бір ғана детальдға аударады да басқа оқиғаларды елемеуге алып келеді. Оның үстіне шын өмір театрланған сценарий сияқты болмайды, мысалы үйрек қанша жақсы болса да аққудай бола алмайды, ал патша жалаңаш болмайды. Сондықтан оқиға архетип үлгісіне кетсе архетиптен бас тарту керек, ал шындықтан бас тартпау керек. Егер журналист мәселені драмалық үлгіде сипаттаса, бұл ақпаратты дұрыс жазбағанын, тартысты дұрыс ашпағанын білдіреді.
Енді мақалада қолдануға болмайтын сөздердің 10 түрін қарастырамыз:
1. Етістіктегі үстеу. Олар пайдасыз, тек қана тиісті етістіктің орнын ғана ауыстырады. Мысалы, "үй тып-тыныш өртенді" деудің орнына, жай ғана "үй өртенді" деп жазуға болады. Бұл жерде "тып-тыныш" деген үстеу бұл сөйлемге ешбір мағына қоспайды. Кей кезде журналист әрекетті дәл бейнелейтін етістік қосады. Мысалы "ол жылдам жүгірді" деудің орнына "ол қозғалды" деп жазады.
2. Сапалық сын есімдер. Оның жаман жері әр оқырманның өзінше түсінетіндігінде. Мысалы, "Жоғары мұнара", "Бай адам" деген сөз тіркесінің астарында қандай мағына бүркемеленіп тұрғанын ешкім де тап басып айта алмайды, "бай", "биік" деген сөздердің өзінің беретін мағынасы бар. Әрбір затты бағалаудан бұрын оны өлшеп көру керек, мысалы "Мұнараның биіктігі он жеті қабат үймен бірдей" немесе "астана орталығындағы жеке үйінен басқа оған тиесілі Қара теңіз жағасында вилласы бар". Сонда ғана мұнараның биіктігі қандай екенін, ол адамның қаншалықты бай екенін түсінеді. Сондай-ақ қандай да бір сапа туралы жазу үшін осы сапаны анықтайтын көріністі қолдану керек. Мысалы, Андрей Колесников президентпен кездескені туралы репортажда оны тікелей жазбайды, президентке әлі жоқ көпірдің құрылысы туралы әңгімелейді. Оның орнына журналист келесі көріністі сипаттайды:
(көріністі жазу)
3. Субстантивтер (заттанған сөз таптары). Бұл етістіктен болған зат есімдер, мысалы, бөлу, сурет салу, қозғалу деген сияқты сөздер. Егер зат есімдер көз алдыңа бір көріністі әкелсе, одан оқырман не болып жатқанын көрсе, субстантивтер белгілі бір бейнені, суретті елестетпейді, сондықтан олар затпен емес, процеспен байланысты болады. Субстантивтер өзінің кең мағынасы арқылы ғылыми мәтіндерге қолдануға бейім, жақсы болып келеді, себебі, бір сөйлеммен беретін, жазатын нәрсені субстантивті бір сөзбен беруге болады.
Бірақ журналистік мәтін ғылыми мәтін емес, үстірт оқылатын, мамандар қолданатын мәтін болмағандықтан, ең қарапайым сөздерді қолданған дұрыс, олар көп орын алса да бола береді.
4. Зат есімдердің синонимдері. Егер етістікке синонимдер өте қажет болса, себебі бір мәтінде "айтты", сынады, қатысты деген сияқты бір сөзді қайталап қолдана бергеннен гөрі, оның мағынасын беретін сөздермен орнын алмастырған дұрыс болады. Кейде сөз тек қана қолданысы жағынан (стилистикалық) ғана айырмашылығы болады, мысалы, бегемот пен гиппопотом деген сияқты. Осының бірінші сөзі күнделікті тұрмыстық сөздерде жиі қолданылса, екіншісі - ғылым тілінде қолданылады. Бірақ аталған екі сөз де бір жануардың атын білдіреді, тек қана бегемот көне еврей тілінен алынған сөз болса, гиппократ - көне грек тілінен алынған кірме сөз. Бірақ синонимдер барлық уақытта бір-біріне тура келе бермейді, мысалы "чиновник" деген сөз бен министр деген сөздер сияқты. Өйткені кез келген министр чиновник бола алады да, барлық чиновник министр бола алмайды. Кейде бір тұлғаның өзін мақалада жазғанда оның аузына әлгідей екі сөзді (чиновник, министр) салғанда оқырманда екі түрлі адам туралы жазып отырған екен ғой, деген ұғым қалыптасып қалуы мүмкін. Синонимдер сондай-ақ орынсыз қолданылса, дәл сол жерде қолданудың қажеті болмаса сөздің мәніне нұқсан келтіруі де мүмкін. Мысалы, солдаттар деудің орнына "Отанды қорғаушылар" деген сөз тіркесін қолдану күлкілі, ирониялық сипат береді (мысалы Отан қорғаушылар көше сыпырып жүр деген сияқты).
5. Қайталанын сөздер. Рой Питер Кларк "сөздің аумағы" деген ұғымды енгізген, журналистерге сол аумақты бақылау жасауға шақырған, бұл дегеніміз, мақаланың бір кішкентай үзіндісінде бір сөзді орынсыз қайталамауға шақыру деген сөз, бірақ егер қайталау шешендік арнау болса және сөйлемге ерекше нәтиже беріп тұрса ол орынды болып табылады.
Бірдей сөздер (оның ішінде бір түбірлі сөздер) кем дегенде бір-бірінен 200 сөздей аралықта, яғни 20 қатардан жақын емес ара-қашықтықта болуы керек. Мынаған назар аудару керек, егер қайталайтын сөздер қатар тұрған үш сөйлемнің ішінде қолданылса, ол мәтіннің құнын түсіреді.
6. Нақты емес сөздер. Жоғарыда атап өткен Рой Питер Кларк тағы да бір ұғым енгізген, ол "абстракқа баспалдағы деп аталатын ұғым. Енді іштей баспалдақты елестетіп көріңіз. Бұл сізге оңай. Ал енді абстракцияны елестетіп көріңіз. Сіз ештеңе шығара алмайсыз. Көз алдыңызға ештеңенің суреті, келбеті келмейді, Енді "баспалдақ абстракциясы басталды делік, төменде жеңіл қабылдайтын нақты заттар тұр делік, ал жоғарыда абстрактілі ұғым, бірақ оны елестету мүмкін емес. Осы көрініп тұрған баспалдаққа кез келген сөз сияды да оқырманға оның мағынасын ұғу оңайға түседі. Егер сөз өте жоғары тұрса, оқырманға жоғары көтерілуге тура келеді, әйтпесе мәтінді түсіне алмай қалады. Егер "абстрактылы" сөз көп болса, оны түсіну қиын, түсініксіз, ақылға сыймайтын болып, оқырман оны оқымай тастайды. Нақтылық пен абстрактілік жөнінде Л,А,Дмитриев барлық сөзді төртке бөледі, олар: бейнелер, түсінік, термин және категорияға бөлінетін сөздер (22).
Бейне дегеніміз нақты, бірегей, нақты көретін зат, мысалы, үй, кітап, адам, еркек, әйел деген сөздер белгілі бір ұғымға ие. Ұғымды барлық уақытта схемаға түсіріп суреттеуге болады, дәл бір балалардың: "Нүкте, үтір, нүкте, шықты қисық тілме" - деген сияқты санамағы еске түседі. Қол мен аяқ қияр, адам болды дардай!", Мұндай суретке қарап, кез келген адам, бұл одан не, неменені бейнелеген" - деп айта алады. Егер онда белгілі бір адамның аты-жөнін айтып, сол бейнеленген десек, бізге ол адам бейне, ол суретте адам бейнеленген деп жауап берер еді.
Термин дегеніміз - бейнеленбейтін ұғым, мысалы сәулет, құрылыс, флора, фауна, демократия, тұлға, жұмысшы класыдесек термин болады. Мәтінде термин қолданыла бастаса, оқу солай баяулай бастайды.
Сөйлем, егер, терминнен басқа мынандайлар деген сөзге құрылса, мәтін тіпті қиындап, қорытындылануы қиындап кетеді. Кеңістік, уақыт, жылдамдық, дүние, энергия, масса деген мысалдар келтірілсе де осылай, қиындай түседі. Мұндай категорияларды мәтінде мүлдем қолданбаған дұрыс.
7. Метонимия. Бұл заттың бір бөлігінің бейнесі. Мысалы, бес баланың әкесі туралы отбасында бес ауыз бар, немесе баласының басы бесеу" деген ұғымды білдіреді. Немесе ормандағы құстың сайрағаны туралы "орман ән салып тұр" деп айтамыз. Мысалы, АҚШ пен Ресей арасындағы тартыс жөнінде "Ақ үйде Кремльмен қарама-қарсылық туындады" деп баяндаймыз. Метонимияның кемшілігі мынада, ол мәтінді бұзып, бұрып жеткізеді, ең негізгі детальдарын алып тастайды да қате түсінуге алып келеді. Осындай себепке байланысты перифразды да қолданбаған "жөн", себебі, перафраз бойынша Күләш Байсейітова дегенді "қазақтың бұлбұлы" деу автор деудің орнына "осы жолдарды жазушы" деп қолдану парафразға жатады.
8. Етістікпен байланыстыру, жалғастыру. Бұл жерде етістік кейпіндегі зат есім арқылы байланыстыру айтамыз, мұндай зат есімдер жеке қолданылғанда мағынаға ие бола алмайды., бұған "өтініш жасау", шараға қатысу, "шешім қабылдау" сияқты сөз тіркестерін қолдану жатады, бұларды, "қатысу", "өтіну", "шешу" сияқты дербес мағыналы сөздермен алмастыру керек.
9. Бюрократтық және чиновниктердің жаргон сөзі. Бұл сөздер ақпаратты хабарлап қана қоймайды, бір жағынан оны бүркемелейді. Мысалы, түгел жұмыстан босатуды "Құрылымдағы орынның өзгерісі" деп, ал іс-шараға қатысушыларды "іс-шараға қатысушылардың қамтамасыз етілуін түгелдеу" деп өзгертіп хабар беруі мүмкін. Нәтижесінде, оқырман хабарды түсінбей қалуы мүмкін немесе алдауға талап жатқан әрекеті деп түсінеді де жаңалықты дағдылы болатын жаман хабар деп ұғады. Мұндай жағдай болмауы үшін чиновник қолданатын жаргонды қарапайым тілге аудару керек.
10. "Мағынасыз" сөздер мен тіркестер, мысалы, осы тұрғыдан, ақиқаты, "өте, кейбір, белгілі дәрежеде, сонымен бірге көпшілігінде, "барлығына куә", түрліше деген сияқты қыстырма сөздер. Мұндай сөздердің өзіндік жеке мағынасы болмайды, мәтіндегі сөздерге де мағына қоспайды, үстемейді, сондықтан да мұндай сөздерді қолданудың қажеті жоқ. Сондықтан журналистік мәтін жазудың он ережесін ұсынамыз. Олар мыналар:
1. бір сөйлем бір мағына беруі керек
2. бір азат жол оқиғаның бір қырын беруі керек
3. деталдан бастамай басты оқиғадан бастау керек
4. факт түсіндірмеден артық
5. пасив залогтан актив залог артық
6. әрекет етістігін көп қолданыңыз
7. таныс емес жағдайды белгілі, түсінікті етіп жазыңыз
8. тілдің айқындығы тақырыптың айқындығымен үйлесімді болсын
9. сөйлемнің бірыңғай мүшелерін дұрыс айқындаңыз
10. архетивті қолданыңыз, бірақ оның сізді пайдалануына жол бермеңіз.
Мақалада қолданудан қашатын сөздер мен тіркестердің он түрі, олар мыналар:
1. етістіктегі үстеулер
2. сапалық сын есімдер
3. субстантивтер
4. зат есімге арналған синонимдер
5. қайталанатын сөздер
6. нақты емес сөздер
7. метонимиялар
8. байланыстырушы, жалғаулық етістіктер
9. бюрократтық және чиновниктік жаргондар
10. "мағынасы жоқ" сөздер мен тіркестер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет