Дәріс 23. Бөлім редакторының жұмысы
Дәріс мақсаты мен міндеттері:
Болашақ журналистер мен қоғаммен байланыс мамандарын қазіргі заманғы журналистиканың менеджмент жүйесімен таныстыру,Қазақстанның қазіргі медиа нарығы, түрлі БАҚ-та жұмыс істеу ерекшеліктері мен үлгілері, журналистердің кейбір кәсіби «құпиялары», PR және жарнама негіздері ұсынылған. Болашақ журналист өз мамандығының құқықтық жағын міндетті түрде білуі тиіс.Сондықтан да пәнді журналистік қызметтің құқықтық аспектілері де қарастырылған. Пән барысында журналистика жанрлары, оларды күнделікті жұмыста қолданудың қыр-сыры түсінікті тілмен баяндалады. Жас журналистерге ақыл-кеңестер мен ұсыныстар беріледі. Журналистік жолын енді бастаймын деген болашақ журналистерге медиа саласының бел ортасында жүрген практик журналистердің неден бастап, қалай жазу қажет екендігін және алдын ала қандай қателіктерді жіберіп алмау турасындағы материалдары мен кеңестері әбден пайдалы болады деп сенеміз.
Дәріс мазмұны:
Бөлім редакторының міндеттері. Идеяның шығу тәсілдері. Тақырыптық күн тәртібі. Редактор жұмысындағы философиялық заңдар. Редакторлық оқу. Бақылау сұрақтары, көзбояушылық, есімдер, цифрлар және сөздердің сөйлемдегі байланысуы. Түзетудің түрлері: жөндеу, қысқарту (кестелеу, құйрығын кесу, азат жолдармен қысқарту) қайта өңдеу.
Газет пен журналдағы бөлім редакторының жұмысы екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, материал үшін идея табу және болашақ мақаланың тақырыбын табу, екіншіден, штаттан тыс авторлар мен журналистер жазған мәтіндерді редакциялау. Кей кезде бөлім редакторларының өзі де мәтін жазады, бірақ ол олардың негізгі жұмысына жатпайды. Бірақ авторлар ізденіс арқылы тиісті тақырыпты аша білуі керек. Сондықтан аталған тарау редактор жұмысының алғашқы екі түріне арналады.
Идея табу редакторға оқиғаның жалпы көрінісі жайлы жақсы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Тілшіден айырмашылығы уақытының көпшілігі іс-шараға қатысуға ньюсмейкерлермен телефон арқылы сөйлесуге бөлім бастығы редакцияны тастап немесе ақпарат деректерімен тікелей байланыс жасауға өте сирек барады. Ол негізінен ақпаратты тілшінің өзінен болмаса басқа БАҚ өкілдерінен ғана алады. Бірақ ол оқиғаның кейбір деталін тілшіден аздау білгенмен оқиға арасындағы өзара байланыстарды түсінуде, ньюсмейкерлердің алдағы әрекетерін есептеуде тілшінің алдын орағытып кетеді.
Осыған байланысты бөлім редакторы қызып жатқан жаңалықтарды алдын ала біліп, сол жаққа тілшілерді бағыттайды. Болған оқиғамен жұмыс істеуде және барлық белгілі оқиғалар туралы, сол оқиғалардың бір қыры туралы немесе оның сөйлемі туралы қызықты сұрақ қоюды қисындау болып табылады. Бағынышты тілшілердің назарын аударумен бірге оларға сұрақ қисындап, ол басылымның тақырыптық күн тәртібін қалыптастырады. Тақырыптық күн тәртібі бөлім редакторының біліктілігінің деңгейін айқындайтын негізгі көрсеткіш болып табылады. Егер тілшілер, оның ішінде белгілі бір салаға жауапты тілшілер, ерекшелігі бар эксклюзивті ақпарат жөнінен және алынған ақпараттың толықтығы жөнінен редактордан озық болғанмен, аталған бөлім редакторлары тақырыптық күн тәртібін білуден артық болады. Әдетте бөлім редакторының кәсіби деңгейі саланы кеңейтіп, тереңдетуімен, кеңдігімен, көркемдігімен айқындалады.
Бөлім меңгерушісінің тақырыпты қисындауына ойлаудың жалпы мәдениеті, тақырыптың саладағы жақсы бөлімі жәрдем береді. Ол оның бөлімі айналысатын қызмет аясының қалай құрылатындығын білуі тиіс. Мысалы, саясат бөлімінің редакторы мемлекеттік билік органдарының құрылысын, партиялық жүйенің құрылымын білумен қатар саяси сұрақтарды реттейтін заңдармен де таныс болу керек. Оқиға бөлімінің редакторы төтенше жағдай қызметі мен заң қорғаушы органдардың жұмысын жетік білуі керек, сондай-ақ олардың құзырын, міндетін, қылмыс әлеміндегі билік органдарының жүйесін де білуі керек. Бұдан басқа бөлім редакторына қарастыратын саладағы болып жатқан қарама-қайшылықтар мен қақтығыстардан да міндетті түрде хабардар болу керек. Бұл редакторға оқиғаның "жаңалық көлемін" жедел бағалауға мүмкіндік береді, арзитын оқиға мен арзымайтын оқиғаны ажыратуға да, бағалауға да көмектеседі. Жүйелі түрде байқамаудың салдары жұмыстың былығуына, реактивті болуына алып барады, мұны редактор түсінбей, болған уақиғамен әуре болып кетеді.
Жалпы ойлау мәдениеті өз кезегінде философиялық заңдарды білуімен және оны өз жұмысында пайдалануымен айқындалады. Ондай заңның үшеу екенін еске саламыз, олар: бірлік және қарсы келгендермен күресу заңы, қарама-қайшылық заңы және саннан сапаға көшу заңы. Бірлік және қарсы жаққа күрес заңы дегеніміз - табиғатта демалу мен қозғалу, сондай-ақ қоғамдағы ойлау өзара әсерлесу мен қарама-қарсылыққа өзара әсер етеді және олардың арасында пайда болатын қарама-қайшылыққа күрес арқылы әсер етеді. Демек бөлім редакторы кез келген жағдайды статикалық немесе орнықты деп қарамау керек, әлдебір "ұрыс шекарасы" деп қрап, өзара соғысып жатқан күштер деп білу керек. Бір жағдайдың төңірегіндегі осындай қақтығыстарды анықтауға редактор бейім, қабілетті болу керек, ол дәл көре білсе даму туралы болжау да дұрыс жасалады. Қарама-қайшылық заңы былай дейді, "Даму дегеніміз қарама-қарсы жақтың бірін-бірін үнемі теріске шығару әрекетінен болады, олардың бірін-бірі мойындамауы, себебі, алға басқан қадамы кері кетеді, сөйтіп қатаң түрде сол қадамды қайта бастайды".
Өмірде бұл заң үнемі бір нәрсені жоқ қылып отырады, оның орнына басқа бір нәрсенің келуіне себепші болады, егер, мысалы, бала жоқ болса, орнына ересек келеді, оқушы жойылса, орнына студент келеді, жерге тастап жоқ болған дәннің орнына бидай шығады. Бөлім редакторына қарайтын жұмыс сапасында да үнемі осындай болып тұрады. Онда үнемі бір нәрсе өзінің өмір сүруінитоқтатып, орнына жаңа сападағы нәрсе келеді. Осындай өзгерістерді тіркеп отыру мақала жазу үшін таусылмайтын дереккөз болып табылады. Ал саннан сапаға көшу заңына "өлшем" және "секіру" ұғымдары кіреді. Өлшем дегеніміз сапалық өлшемгеиәкелмейтін сандық өлшем, мысалы, арақтың дозасы нақты адамды сау күйінен мас күйіне жеткізе алмайды, оның үстіне аяғынан тұра алмайтын, қабілетінен айрылған адамның күйіне жеткізе алмайды. Немесе бала өседі, бірақ аяқ киім мен басқа киімдерді киюге кедергі бола алмайды. Ал секіру дегеніміз - мүлдем басқа сапаға ауысу, мысалы сау адамды мас адамға айналдыру, себебі одан кейін жүре де алмайды, саналы түрде ойлай да алмайды. Немесе белгілі бір кезде баланың киімі тар болып қалады. Заңның өзі былай қалыптасады: "Даму затта сапалы белгілер жинақталғанда ғана болады, бұл оның өлшемін өзгертуге алып келеді (қалыпты жағдайын), содан соң секіру арқылы басқа затқа айналады. Бөлім редакторы мынаны үнемі есте ұстап отыру керек: өйткені сапалық өзгеріс үнемі болып тұрады, міне соны байқай отырып, БАҚ-тағы сапаны да алдын ала біліп отыруға болады және мұны оқиға деп атайды".
Жоғарыда сипатталғандар жай тілшілердің басылымға тақырып ұсынудан біржола босанғандығын білдірмейді. Бірақ олардың негізгі міндеті - ақпарат жинап, оны хаттап, жинақтап отыру, ал оның тақырыптық күн тәртібіне редактор жауапты болады.
Тілшілер тарапынан болатын өлшемге жедел оқиғаға қатысты төрттен үшке дейінгі өтініш қана болады. Сондықтан тақырыптың негізгі бөлігін оларға бөлім редакторы береді. Оның құзырына тағы да мыналар кіреді, аталған тақырыпты "ойнап" шығу; қай жанрға материал дайындау керектігі, оқиғаның қай қырын қамту, басылымды график (кесте) бойынша безендіру сияқты мәселелер. Егер редактор әлгідей жұмыстардың барлығын тілшілердің мойнына асып қойса, оның біліктілігінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Тілшілерге бір-бірінің мақаласын редакциялауға жүктеуге болады, әсіресе, қатал талап қойылған мақалаларды бір-біріне редакциялатуға болады. Бірақ тақырыптық күн тәртібін тек қана бөлім редакторының өзі ғана атқаруы керек, басқа ешкімге жүктеуге болмайды.
Бөлім редакторының екінші бөлімі мақаланы редакциялау. Редакциялардың мақсаты мәтінді жетілдіру, тілшілер жинаған ақпараттарды нақтылап, падалы тиімді ету. Редакциялауға мақаланы "редакторлық оқу" кіреді және жөндеу жатады. Әрі қарай бұл кезең түгел қамтылады. Жай редакциялаудан редакторлық редакциялаудың артықшылығы мәтіннің әр түрлі жағына назар аударылатындығында. Рой Питер Кларк мұндай әртүрлілікті "ренгендік" редакциялау деп атайды. Бұл мақаланы "тесіп өтетін" оқу деп аталады, бұл кезде редактор мәтінді түгел оқып қана қоймайды, оның әрбір элементін байқайды және жетілдіру жағына мән береді. Рой Питер Кларк редакторлық оқудың 27 тәсілін атап өткен. Олар мыналар:
1. дауыс үшін
2. басқаның даусы үшін
3. дәлдік үшін
4. мағыналық үшін
5. былық пен ретсіздік үшін
6. тілі үшін
7. ақпарат үшін
8. пікір үшін
9. шың, биіктеу үшін
10. құрылым үшін
11. ашықтық, айқындық үшін
12. түсініктілік үшін
13. байланыс үшін
14. тұтастық үшін
15. бұқаралық үшін (оқырман көзімен)
16. қамтылғандық үшін
17. айтатын ойы үшін
18. шешім үшін
19. жеңілдік үшін
20. детол үшін
21. темп (жылдамдық), қадам, ритм үшін
22. екпін және астын сызып қою үшін
23. саны үшін
24. әңгімелесу және диалог үшін
25. әсер ету үшін
26. түр-түсі үшін
27. легі мен ағысы үшін.
Кей кезде редактор, сирек жағдайда мақаланы 27-ге дейін оқиды. Осы 27 ерекшеліктің біреуін оқуға орта есеппен екі минуттан кеткеннің өзінде кем дегенде бір сағат уақыт кетеді. Бұл күнделікті шығатын газет редакторы үшін 5-7 мақаланы редакциялағанның өзінде 2-3 сағат уақыты кетеді, бірақ мақаланы түзету үшін оған бар-жоғы 15-20 минут берілген. Одан бөлек, көптеген редакцияларда мәтін басылым көрердің алдында корректордың оқуынан өтеді, сондықтан редакторларға орфография мен пунктуациялық қателіктерді тексеруден құтылады, ал мақаладағы дәлелдерді тексеру кімнің құзырына жататынын білмейді. Сондықтан Рой Питер Кларктың 27 ұсынысы, редактор оқуының бағдарлама-максимумы болып табылады. Ал тәжірибеде бірнеше оқумен, оның ішінде оқудың маңызды түрлерімен ғана айналысуға ғана тура келеді.
Біріншіден, бұл бақылау сұрақтары болып табылады, өйткені автор мақалада оларға жауап беруге тура келетін сұрақтар болып табылады.
Мұндай сұрақтардың әр түрлі саны көп. Олардың негізгілері мынандай жаңалықтың алты сұрағы, (кім? не? қайда? қашан? неліктен? не себепте? деген сұрақтар), Немесе редактор қақтығыстың екі тарапы да мақалада көрсетілгендігін тексеруі мүмкін. Мұндай дәстүр сапалы басылымдарда қалыптасады. Мұндайда сұраулықты пайдалануға болады, ол сұраулықты журналист Александр Кабаков түзген. Ол түзген сұраулықта бұрыннан бар алты сұраққа тағы да бес сұрақ қосылған, олар мыналар:
* кімге несімен тиімді
* кімге несімен тиімді емес?
* одақтастары кім?
* қарсыластары кім?
* енді не болады?
Екіншіден, көзбояушылықпен оқу. Мұндайда редактор мақаланың негізгі идеясының қаншалықты түсініктілігіне назар аударады, бұл мақалада келтірілген дәлелдерге қарсы келмей ме, тақырыптан ауытқып кетпеген ба, журналистің шешімі қаншалықты дәлелденгендігіне мән береді. Бұдан басқа мәтіннің дағдылы қателіктеріне оның өлшеммен жазылмағандығы, яғни сиымсыздығы, бөлімдердің ыңғайсыз орналасқандығы, бөлімдердің бір-бірімен мықты байланыспағандығы және баяндаудың жүйелілігінің бұзылуы жатады. Мынаны есте ұстау керек, бір мақалада барлық уақытта бір ғана ой айтылуы керек (егер екі ой айтылған болса, дұрысы екі мақала жазу керек) және кез келген хронологиялық жүйеден ауытқушылық негізделіп отырылу керек. Басқа жағдайдың барлығында оқиға қалай болса сол ретпен сипатталуы керек.
Үшіншісі цифр үшін оқу. Редакторға барлық уақытта тілші ұсынған нәтижелерді, есептеулерді көзден өткізіп отыру ұсынылады, сондықтан статистикалық мәліметтерін анықтамалықтардан өзі тікелей тексергені жөн. Бұл жерде мәселе сенбегенде емес, журналистің байқамай қалған жерлерін айқындауда, әсіресе, сандық ақпараты мол мақалаларға қатысты осылай істеу керек. Сондай-ақ цифрлардың ретіне де қарау керек, себебі мұндай жағдайда миллиондар мыңға немесе миллиардқа айналып кетуі әбден мүмкін, ал рубль немесе теңге долларға немесе евроға айналып кетуі де мүмкін. Мұндайда қате жақсы, оңды пікірмен түзеледі. Егер мегаполистегі бензиннің жылдық тұтынылуы миллион литр емес, миллион тонна болады.
Төртіншіден, географиялық тақырып, қызмет, есімдер үшін оқу. Қарапайым емес сөздерге ерекше назар аудару керек, сондай-ақ бірдей адамның аттары, қызметтері және географиялық тақырыптар мақаланың барлық жерлерінде бірдей жазылуы керек. Өкінішке орай мұндай қателер өте кең тараған, мысалы, Марина Ивановна деген фамилия мақаланың келесі азат жолында Лариса Ивановнаға, Курочкин-Курочкиноваға, департамент жетекшісі министрлік жетекшісіне айналып кетіп жатады. Қызмет тақырыптарына ерекше мән беріп қарау керек, себебі, олардың қысқарған қызмет тақырыптары арнайы қызмет тақырыптарына жиі сәйкес келе бермейді. Тәжірибе жасап көруіңізге болады. Мысалы есіңізге сақтағаныңыз бойынша он чиновниктің толық қызмет тақырыбын жазып көріңіз, содан соң тексеріп көріңіз. Нәтижесі, сізді ұнамсыз әсерде қалдырады. Ең соңғы бесінші оқу сөйлемдегі сөздердің байланысына арналады. Редакторлық ереженің біреуі барлық сөйлемді қайталап оқып шығуды талап етеді, егер сіз оның бір сөзін өзгертсеңіз де бәрібір қайталап оқып шығуды қажет етеді. Әйтпесе, мәтіннен белгілі бір ақпарат қалып қоюы мүмкін. Кей кезде болымсыз қосымшалар қосылып кетеді, немесе сөздің мағынасы керісінше өзгеріп кетеді. Келесі тіптен мағынасыз болып қалады, мысалы "ол ұсталып қалды" деген сөйлем "оны ұстап алды" немесе "оны ұстады" болып өзгеріп кетуі мүмкін.
Бұл жерде редактор "шұңқыр нәтижесі" туралы да ойлану керек, немесе "фи теоремасы" туралы ойлану керек. "Шұңқыр нәтижесі" деген мағынаны білдіреді, яғни дедлайнға жақындаған сайын мақала жылдам оқыла бастайды, сондықтан қате көп кетеді. Ал "фи теоремасы" дегеніміз бір азат жолдағы өрескел қате осы азатжолдағы елеусіз қатені назар аудартып тұрады. Сондықтан белгілі қате оның осы мәтіндегі жалғыз қате екеніне кепіл бола алмайды. Келесі оқығанда да ең бір өрескел қателер бірден көрінеді. Бұдан мынаны аңғаруға болады, егер біз өрескел қатені тауып алғанымызға қуанатын болсақ, біздің бұдан да басқа қате жіберуіміз айдан анық болады.
Оның үстіне есіттіріп оқыған пайдалы болады, себебі, іштен оқығанда мәтінді жақсы білгендіктен кейбір қателер және мәтіннің үзінділері байқалмай, механикалық түрде оқылып кетеді, оның астарында жасырынып тұрған қателер ескерілмей қалады.
Есіттіріп оқыған "әрлеу" кезеңінде өте пайдалы болады, себебі, мәтіннің негізгі қателері бұрын тексеріліп, оқылып қойғандықтан, әрбір детальға ерекше назар аудару міндетті болып табылады.
Мәтінді оқып болған соң редактор оны түзеуге көшеді. Қатені түзеу мәтінді түгел оқып болған соң ғана басталуы керек (жүгіртіп оқыса да). Қатені түзетудің мынандай жолдары болады: түзету, қысқарту және қайта жөндеу.
Жөндеу және өңдеу жөндеудің ең оңай да жеңіл түрі. Ол логикалық, стилистикалық, композициялық және орфографиялық қателерді жөндеуге негізделеді, сондықтан кейбір сөздер мен сөйлемдер ғана өзгеріске ұшырайды. Сондай-ақ, азат жолдардың орнының ауыстырылуы да мүмкін, бірақ мәтін өзгеріске ұшырамайды. Қысқартып жөндеу жұлып-тазарту үлгісінде жүргізіледі, құйрығын (соңын) алып тастау, азат жолды қысқарту тәсілімен жүргізіледі. Жұлу әдісі материалдың 5-10 қатарын қысқарту керек болғанда жүргізіледі. Әдетте бұл теру кезінде жүргізіледі, бұл бөлінген алаңға мәтін сыймай қалғанда орындалады. Мұндай кезде ешқандай мағына атқарып тұрмаған "артық" сөз ізделеді, оны алып тастау арқылы талап еіп тұрған қатарға лайықталып азайтылады.
Құйрығын (соңын) кесу - қысқартудың ең радикальді түрі, себебі, бұл кезде мәтіннің 20-30%-і қысқартылады. Мұндай жағдайда аяқталар тұсы, шешімі алынып тасталады, себебі соңында ең маңызды, мағыналы бөлімі болады бас жағына қарағанда соңғы жағында ең мәнді бөлігі болады. Мысалы басында дәлелдер келтірілсе, соңында түсіндірме жасалады. Бірнеше түсіндірмені алып тастағанмен мәтін онша бүліне қоймайды.
Егер мәтіннің жартысын не одан да көп бөлігін қысқарту керек болса азат жолмен қысқарту қолданылады. Мұндай кезде редактор бір азат жолды түгел қысқартып тастайды, тақырыптың артық тұсын алып тастайды да тек қана ең бастыларын ғана қалдырады, Бұл мынандай жағдайда болады, егер өте маңызды "ыстық" жаңалық келсе, бұрынғы мәтінді көп қысқартуға тура келеді. Азат жолмен қысқарту штаттан тыс авторлардың мақаласын қысқарту барысында да жүргізіледі, өйткені ондай авторлар мақаланың нысанына қатысы жоқ, ақпараттың тақырыбына тікелей қатысты емес материалды көп қосып жібереді. Штаттан тыс тілшілерге тән тағы бір ерекшелік, олар өз мақаласын негізгі ақпараттан емес, алдын ала болған оқиғалардан, яғни Адам атадан бастап жібереді. Әрине ондай басы артық азат жолдар редакциялау кезінде алынып, сызылып тасталады.
Қайта өңдеу жөндеуі - жөндеудің ең қатал түрі, яғни қайта көшіріп жазуды қажет ететін түрі. Мұндай кезде оның бұрынғы мәтінінен тек қана ақпараттар ғана алынады, ол мақаланы нольден бастап редактор қайта жазып шығады. Қайта жазып шығуға жас журналистердің мақаласы ұшырайды, сондай-ақ штаттан тыс тілшілердің материалдары, сарапшылардың және газет оқырмандары жазған мақала да қайта жазуға көп ұшырайды. Соңғы жағдайда редактордың міндетіне мәтінді жазу, оны редакцияның тиісті форматына түсіру ісі де кіреді.
Қайта өңдеп жөндеуді ең соңғы жағдайда ғана жасау керек, немесе өз дәрежесінде емес мақалаларға ғана қолдануға болады, немесе мақала авторымен жөндеуге келіскен жағдайда болады.
Біреудің артынан оның сөзі емес, басқа сөзді айтқанды ешкім де жақсы көрмейді. Сондай-ақ өзінің мақаласының қайта жөнделіп түзелгенін көрген журналист өзін қорланған деп сезінеді, сондықтан мәтінін жөндеп, қайта жазып шыққанды керісінше қабылдайды, бұл редактор мен тілшілер арасындағы қақтығысқа әкеледі.
Редактордың мақсаты материалға лайық идея табу және мәтінді редакция жасау. Идеяы реттеу мен байыту пісіп тұрған оқиғаны алдын-ала болжап білу арқылы іске асады және қызықты сұрақтарды ойлап табу және қоя білу арқылы іске асады. Тақырыптық күн тәртібінің кеңдігі, тереңдігі мен тартымдылығы бөлім редакторының біліктілігінің негізгі көрсеткіші. Қарама-қарсы жақтардың бірлігі мен күрес заңы редакторда мына жағдайларда пайда болады, себебі, редактор кез келген жағдайды статикалық және тұрақты жағдай деп қарамайды, бір-бірімен қақтығысып, күресіп жатқан қарама-қарсы жақтардың қақтығысы арқылы пайда болған әлдебір уақытша "соғыс алаңы" деп ойлауынан пайда болады. Қарама-қайшылық заңы редактор үшін мынаны білдіреді, себебі оның жауапкершілігіндегі нәрселер үнемі жойылып отырады да жаңа сапада пайда болып отырады. Саннан сапаға көшу заңына байланысты бөлім редакторы сандық өзгерістің сапалық өзгеріске ауысып отыратындығын болжай білуі керек, бұл материалға үнемі тақырып болып отыратынын білуі керек. Редакторлық оқудың қарапайым оқудан айырмашылығы, мәтіннің белгілі бір қырына қатысты болып келеді. Оның ең маңызды, басты тәсілі, бақылаушы сұрақтар арқылы оқу болып табылады, оның түрлері көзбояушылық үшін оқу, цифр үшін оқу, аты үшін оқу, қызмет тақырыбы мен географиялық тақырыптар үшін оқу, сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтау үшін оқу болып бөлінеді. "Ойық нәтиже" дегеніміз дедлайнға жақындаған сайын келесі мақаланың жылдам оқылатындығымен ерекшеленеді, сондықтан қате кетуге деген тәуекел молая түседі. Ал "фи теоремасы" мынаны білдіреді, яғни азат жолдан кеткен өрескел қате сол азат жолдағы басқа қателерге де назар аударуға себепші болады.
Достарыңызбен бөлісу: |