Лекция өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау шымкент 2021 Кіріспе



бет20/35
Дата25.03.2022
өлшемі1.09 Mb.
#456454
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Лекция Публ шығ нег

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта немесе ноутбук, проектор, тақырыпқа байланысты презентациялар, бейнематериалдар, сызба-кестелер, газет тігінділері
Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, кіріспе лекция.
Деңгейлік тапсырмалар:
1-ші деңгейдің сұрақтары:
Журналист карьерасы деген не?
Журналист мәтінінің тілі.
Журналистердің қосарлай сұхбаттасу өнері
2-ші деңгейдің сұрақтары:
Идея үлгілері
Коментарийдегі драматургия
Коментарийдің құрылымдық элементтері
3-ші деңгейдің сұрақтары:
Комментарийден не түйсіндіңіз?
Қолданбалы журналистиканың жанрлары
Қысқа және кеңейтілген хабар
СӨЖ тапсырмалары:
Жанр және жанр пішіндері.
Баспасөз жанрларының түрленуі.
ОБСӨЖ тапсырмалары:
Шындықты танудың әдістері.
Баспасөз тектерін жүйелеу, жанрларға бөлу.


Дәріс №18 «Дала уалаяты газетіндегі» ұлттық публицистика.
Қазақ көркем публицистикасының жаңа үрдісте, жаңа екпінде дамып, XX ғасырдың басындаты демократияшыл бағыттағы әдебиеттің негізгі бір арнасына айналып, ұлт зиялыларының азаттық жолындағы қуатты сөз құралы болып шыңдалуына осы кезеңде таза қазақ тілінде шыққан алғашқы қазақ газеттері мен журналдарының рөлі үлкен болды.
Қазақ көркем публицистикасының қалыптасып дамуындағы XX ғасыр басындағы ұлттық баспасөз басылымдарының рөлін айтқанда қазақ тіліндегі шын мәніндегі тұңғыш газет – «Серке» газеті ойға оралады. Олай дейтін себебіміз: осыған дейін айтылып жүрген «Гүркістан уәлаятының газеті» «Дала уәлаятының газеті» ұлттық баспасөздің алғашқы басылымдары болып есептелгенімен бұл газеттер көбінесе аударма нұсқасында, қазақ және орыс тілдерінде шықты да, патша үкіметінің тікелей органдары ретіндегі үнқағаз болып есте қалды. Әрине, бұл газеттердің қазақ баспасөз тарихындағы орнын жоққа шығармаймыз, екі газет те алғашқы ұлттық баспасөз басылымдары болып қала береді. Газет ұлттық көркем публицистика жанрларын сол кездегі қым-ғуыт, қилы замандағы қазақ халқы өміріне байланысты қамтылған барлық мәселелер мен дербес мемлекеттілік құру, түрікшілдік идеясын жүзеге асыру жолындағы мақсатты бағыбағдарға қиюластыра шебер пайдалана біліп, қазақ көсемсөзшілерінің шығармашылвіқ ұстаханасына айналды.
Қазақ көркем публицистикасының XX ғасыр басындағы көрнекті өкілдері осы газеттерді өздері шығарушы, өздері мақала жазып ұйымдастырушы қызметтерін бірдей атқарды. Орыстың ұлы ойшыл-демократы А.И.Герцен өзінің бір еңбегінде, «Біздің өткінші өмірімізді билеген басты бағыт - орыс халқына деген қарым-қатынасымыз, оған деген сеніміміз бен сүйіспеншілігіміз, оның тағдырына қатысты істерге белсене араласуға деген құштарлығымыз» деп жазғандай[71,221], алаш зиялылары көркем публицистиканы ел егемендігі мен азаттығы жолындағы ұлттық қозғалыс ісіне пайдалана біліп, газет арқылы бүкіл халық қажетіне жаратты, көсемсөзді дәуір үніне — ұлтазаттық күрестегі қуатты қаруға айналдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет