Лекция өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау шымкент 2021 Кіріспе



бет27/35
Дата25.03.2022
өлшемі1.09 Mb.
#456454
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Лекция Публ шығ нег

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.
Дәріс №25. Редакцияны басқару


Дәріс мақсаты мен міндеттері:
Болашақ журналистер мен қоғаммен байланыс мамандарын қазіргі заманғы журналистиканың менеджмент жүйесімен таныстыру,Қазақстанның қазіргі медиа нарығы, түрлі БАҚ-та жұмыс істеу ерекшеліктері мен үлгілері, журналистердің кейбір кәсіби «құпиялары», PR және жарнама негіздері ұсынылған. Болашақ журналист өз мамандығының құқықтық жағын міндетті түрде білуі тиіс.Сондықтан да пәнді журналистік қызметтің құқықтық аспектілері де қарастырылған. Пән барысында журналистика жанрлары, оларды күнделікті жұмыста қолданудың қыр-сыры түсінікті тілмен баяндалады. Жас журналистерге ақыл-кеңестер мен ұсыныстар беріледі. Журналистік жолын енді бастаймын деген болашақ журналистерге медиа саласының бел ортасында жүрген практик журналистердің неден бастап, қалай жазу қажет екендігін және алдын ала қандай қателіктерді жіберіп алмау турасындағы материалдары мен кеңестері әбден пайдалы болады деп сенеміз.
Дәріс мазмұны:
Редакцияның құрамы мен құрылымы. Редакция шығармашылық ұжымының жазық және пирамидалық құрылымы. Пирамидалық құрылымның әртүрлілігі - бірсызықтық, көпсызықтық, штабтық және матрицалық пирамидалық құрылымдар. Материалмен орталықтандырылған, орталықтанбаған ұйымдастыру жұмыстары. Жоспарлаудың және дедлайнның түрлері.Материалға тапсырыс берудің құрылымы.
Редакция қосалқы қызметпен, басылым даярлаумен айналысатын редакцияның шығармашылық ұжымынан тұратын мекеме. Әдетте, шығармашылық ұжымның жалпы саны редакция қызметкерлерінің 30-40% құрайды, демек редакция журналистерінің саны аз болады. Редакцияны бас директор басқарады. Ол басылымның иесі алдында жауап береді және табыстығына да жауапты болады. Бас директордың қарамағында бас редактор болады және ол шығармашылық ұжымды басқарумен бірге көмекші қызметкерлерді де басқарады. Әдеттегідей көмекші қызметкерлер коммерциялық бөлімге бөлінеді, олар басылымның таралуымен, жарнаманы сатумен, басылымның өз жарнамасымен айналысады; ал қаржы бөлімі өзінің қарамағына есеп бөлімін (бухгалтерияны), әкімшілік-шаруашылық қызметін кіргізеді және қамтиды, ал ақпараттық жүйе бөліміне компьютер қызметкерлері кіреді.
Ресей басылымдарында бас директор мен бас редактордың қызметін бір адам атқаратын жағдай жиі ұшырасады. Мұндай қызмет атқару түрі редакцияның жұмысын орталықтандыруға, басылымның баға саясаты мен кадр саясатын жедел өзгертуге мүмкіндік береді. Кемшілігі шектен тыс жұмысбастылығы, себебі бір адам әрі басылымдағы жұмысты да атқарып, щаруашылық жұмыстарын да амалсыз бір өзінің шешуі осылай болады. Бұл жұмысты екі адам басқаруы кезінде олардың арасында келіспеушілік болып қалуы мүмкін, себебі бас директор басылымның пайдалылығын ойласа, бас редактор өзінің шығармашылық мүддесін іске асыруды ойлауы мүмкін. Егер мұндай қарама-қайшылық екеуінің түсінігімен шешілетін болса, басылым қосымша дамуға қарқын алады. Ал осы міндеттерді бір адам атқарған кезде бір жағына ауып кетуі мүмкін, әдетте шығармашылық жағына ауып кетеді, бұрып кетеді. Мынадай жағдай да болады, себебі бас редактор өзіне жайлы редакция жасауы мүмкін, бірақ бұл оқырманға ұнамайды.
Редакцияның шығармашылық ұжымы оның санына қарай жазық құрылымды немесе пирамидалық құрылымды таңдауы мүмкін. Жазық құрылым болған кезде барлық журналистер бас редакторға бағынышты болады, ал пирамидалық құрылымды таңдаған кезде бас редактор мен журналистердің арасына аралық бөлім пайда болады.
Аралық бөлімнің (звено) саны қабылданған менеджмент ережесіне байланысты айқындалады, бұл бір адамға бағыныштылар санының жетеуден аспауын басшылыққа алады. Егер редакцияның шығармашылық ұжымы 50-ден асса журналист пен бөлім редакторларының арасында "топ редакторлары" бөлімі құрылады.
Келесі бір аралық бөлімнің пайда болуы журналистер саны 350-ден асқанда болады, бірақ мұндай редакциялар іс жүзінде болмайды.
Жазық құрылымның артықшылығы басылым басшылары мен бағыныштылардың арасында тікелей байланыс болуында. Нәтижесінде екі бағытта да ақпарат бұрмаланбай тез тарайды. Кемшілігі - олардың саны аз болғандықтан қызметкерлерінің нашар мамандануында. Бұл материалдың атүсті жазылуына алып келеді, себебі бір журналист бүткіл бір салаға жауап беретіндіктен тақырыпты терең зерттеуге мүмкіндігі жете бермейді. Одан басқа жазық құрылымда бас редактордың өзіне мәтінді жиі редакциялауға тура келеді, терілімді де өзі бақылайды, бұл оған басылымды стратегиялық жақтан басқаруға кедергі келтіреді.
Пирамидалық құрылым керісінше журналистерді жеке тақырыптық бағытта терең мамандануға мүмкіндік береді. Сондықтан ірі басылымдардың материалдары кішкентай шағын бюджетті газет-журналға қарағанда әлдеқайда терең баяндалуымен ерекшеленеді. Пирамидалық құрылымның кемшілігі бас редактор мен оның қарамағындағылардың арасындағы байланысының қиындығында, себебі аралық бөлім арқылы бас редактор мен бөлім редакторлары тарапынан берілген тапсырмалар қарапайым қызметкерлерге кешігіп жетеді, әрі жолда бұрмаланып жетеді, керісінше қарапайым қызметкерлердің де идеялары бірнеше сатыдан өтіп, "бұзылған телефон" нәтижесіне ұшырайды.
Егер редакцияның шығармашылық ұжымының жазық құрылымы біртекті болса, пирамидалық құрылымның бірнеше әртүрлі көрінісі болады. Оның ішінде ең көп тарағаны бір бағытты құрылым, бұл құрылымның әр бөлімінің бекітілген тақырыптық бағыты болады (саясат, экономика, мәдениет, спорт, төтенше оқиға т.б.), ал журналистер тек қана өзінің бөлім редакторына ғана бағынады.
Бір бағынышты (сызықты) құрылымды өте тиімді деуге болар еді, бірақ оның айтарлықтай кемшілігі де бар. Бөлімдердің мамандануына сай келу үшін өмірдің көп құбылысы тіптен көпқырлы болып келеді. Міне, сондықтан осы құрылымдағы әр түрлі бөлімдерінің қызметкерлерінің өзара әрекет жасауы өте қиын, себебі бөлім редакторлары арасында келісім болуды қажет етеді. Нәтижесінде, қиын материалды бір ғана бөлім қызметкерлеріне дайындауға тура келеді, бұл тақырыпты толық аша алмауға алып келеді, сондықтан бәсекелестерінің алдында тақырыпты бірлесіп шешетін бәсекелестерінің алдында ұтылысқа алып келеді. Осы кемшілікті жою үшін пирамидалық құрылымның басқа түрлері ойластырылған, олар - көп бағытты және штабтық құрылымдар.
Көп бағытты құрылымда бөлім редакторлары, яғни белгілі тақырыпқа жауап беретін бөлім редакторлары барлық журналистерге тікелей шығады. Мұндай құрылымға редакцияда жұмыс орны кең мекемелер сай келеді, себебі ол кезде барлық журналистер үлкен залдың ортасына жиналып, яғни Ньюсрумға жиналып, бөлім редакторлары бұрыштарды отырады. Мұндай жағдайда бөлім редакторлары жұмысқа жедел араласып кете алады, әр түрлі мамандықтардың жұмысына жедел араласып кетеді де, аталған тақырыпқа жан-жақты, әрі терең баруға мүмкіндік алады.
Бірақ көп бағытты құрылымның өте үлкен кемшілігі бар. Од мынаған байланысты, себебі, әрбір бөлім редакторына қарасты журналист бола бермейді, ал әрбір журналистің бір мезгілде бірнеше бастығы болады, оның әр бірі журналиске ескерту жасай алады. Нәтижесінде кейбір журналиске тапсырма берілмей қалады да, кейбіреуіне әр түрлі редактордан тапсырмалар тасқыны түседі, ал бұл журналистің жұмыс сапасын түсіруге алып келеді.
Сондықтан бір бағыттағы майысқақ емес құрылым мен көп бағытты шектен шыққан майысқақтықты үйлестіру үшін олардың гибридті (будандасқан) түрі - штабтық құрылым жасалған. Бұл жағдайда редакция журналистердің көп бөлігі бір бағыттағы тек қана бір бөлім редакторына бағынатын құрылымға жұмыс істейді.
Бірақ күрделі тақырыпты жазу үшін, атап айтқанда әр түрлі бөлім журналистері бірігіп істейтін, соны талап ететін жұмысты қамтамасыз ететін штаб құрылады, ол уақытша құрылатын жұмыс тобын бір мезгілде әр түрлі бөлімнің редакторлары басқарады.
Енді соңында редакцияның матрикалық құрылымы редакция қызметкерлерінің бағыныштылық құрылымын екі деңгейлі тұрғыда қарастырады. Біріншісі, вертикальды деңгей бірдеңгейлі үлгіге сай келеді, себебі журналистер бөлім редакторына бағынса, бөлім редакторлары - бас редакторға бағынады. Екінші деңгей горизонтальды немесе жетістікке бағытталған деңгей. Бұл деңгейдің жетекшілері қандай да бір редакторлық жеміске жауап береді, сондай-ақ бас редакторға бағынады. Матрикалық құрылымның басқа редакциялық құрылымнан айырмашылығы мынада, бұл жағдайда бір-біріне тәуелді емес басқару шынжырына байланған. Мысалы, редакцияларда саясат бөлімдері бар, ал онда жұмыс істейтін журналистер саясат бөлімі редакторына бағынады және бұл бөлімді де бөлу керектігін ескертеді. Сондықтан осы жерде редакция бір немесе бірнеше брендпен өнімнің кейбір түрін шығарып жатыр, оған жеке басылымдар да тақырыптық беттер де, бір басылымның аясындағы ұсыныстар да қатысты болады. Бұл жағдайда да журналист жобалардың жетекшілеріне бағынышты болады және солардың ұйымдастыру құрылымдарына қарай қайта бейімделеді.
Мұнан басқа мынаны да атап өту керек, ол редакцияның ұйымдастырушылық құрылымының әртүрлілігі, себебі, бөлімдер тақырыптық бағытқа байланып қалмаса (саясат, экономика, мәдениет т.б.) материалдық жанрға да байланып қалмаса (жаңалық, репортаж, сұхбат, түсіндірме т.б.) редакцияның ұйымдастырушылық құрылымы осындай әр түрлі болады. Мұндай жағдайда әрбір бөлімнің қызметкерлері белгілі бір ғана жанрға материал даярлайды. Мұндай құрылым мысалы компьютерлік немесе спорттық сияқты белгілі бір салаға маманданған басылымдарда болады. "Көпшіліктің қызығушылығын тудыратын" басылымдарда белгілі бір жанрға бір бөлімнің жартысы байланысты болады, мысалы арнайы репортаж бөлімі немесе түсіндірме (комментарий) бөлімі деген сияқты бөлімдер шұғылданады.
Басылымдардағы материалдармен жұмыс істейтін бөлімдер орталықтанған және орталықтанбаған бөлімдер болып бөлінеді. Бірінші жағдайда бір ғана журналистің өзі мақаланың барлық кезеңінің жұмысын орындайды, мысалы тақырып іздеу, ақпарат жинау, мәтін жазу жұмыстарының бәрін бір өзі атқарады. Ал екінші жағдайда аталған жұмыстар әр түрлі қызметкерлерге бөлініп беріледі. Яғни біреуі тақырып іздейді, екіншісі - ақпарат жинайды, ал үшіншісі мәтін жазумен айналысады.
Ресей басылымдарында материалмен жұмысты орталықтандырмаған жүйеде ұйымдастыру салыстырмалы түрде өте сирек кездеседі. Оның үстіне алға бір қадам деген схема журналист мамандығын арттырудың және оның нәтижесін арттырудың схемасы болып табылады. Бұл жағдайда әрбір журналист бір ғана істі атқарады: немесе ньюсмейкерлер шақырумен, немесе жедел, немесе немесе анықтама ақпарат жинаумен, немесе рерайпен (ағылшынша көшірумен айналысу дегенді білдіретін термин) айналысады, немесе редакцияның стандарттарына сәйкес жиналған материалдарды мәтінге енгізеді.
Редакция ұжымының шығармашылық жұмысын бақылау мен үйлестіру жоспарлау мен дедлайн жүйесі арқылы іске асырылады. Жоспарлау дегеніміз редакция басшылығының жиналысы. Дедлайн басуға дайын материалды түгел немесе бір бетінің материалын тапсыру мерзімі.
Басылымның бір санын шығару үшін, ереже бойынша, екі жоспарлау өткізіледі. Біріншісі алғашқы санды шолу жасауға арналады да келесі санның тақырыбы бекітіледі. Екіншісі жұмыстың барысын бақылауға арналады да, түзету енгізеді. Күнделікті шығатын басылымдарда бірінші жоспарлау күннің ортасында, яғни сағат 11-13 аралығында, ал екіншісі басылым санына қол қойылуға 2-3 сағат қалғанда өткізіледі, яғни газет саны оның типографияға өткізілуіне байланысты сағат16-19 шамасында өткізіледі. Ал апталық газеттердегі жоспарлау әдетте басылым шығатын күні өткізіледі де, екіншісі - санды баспаға берерден бір күн бұрын өткізіледі. Жоспарлау материалдарының өтініші ауызша және жазбаша түрде болады. Соңғы жағдай үшін редакцияларда өтініштің арнайы бланкалары болады. Мұндай бланкалардың үлгісі төмендегідей болады:
Материалды дедлайны дегеніміз - журналистің мәтінді өткізу мерзімі. Егер қызметкер мәтінді өз мерзімінде өткізе алмаса, немесе кешіктірсе, мұндай қызметкерге айыппұл салынады. Айыппұлдың көлемі журналистің күндізгі жалақысына ең болады. Беттің терілген дедлайнын кешіктіргені үшін, осы терілген бетке жауапты бөлім редакторы айыппұл салады. Барлық материалдар өз уақытында тапсырылуы үшін редакторлар журналистердің жұмысын осылай ұйымдастырады, себебі материал бөліктері алдын ала тапсырылуы үшін осылай етеді. Ал барлық санның дедлайны үшін осы санның жауапты редакторы жауап береді. Егер газет санын типографияға өткізу уақыты кешіксе, онда басылымға маңызды айыппұл қаупі төнеді. Кей кезде редакция басшыларының өзі саналы түрде дедлайн жасайды. Егер кешке таман бір маңызды оқиға болса, редакция типографияға айыппұл төлейтінін біле тұра әлгі маңызды оқиғаны толық баяндау үшін басылым санына кеш қол қойып, өзінің бәсекелестерінен озу үшін осы қадамға барады.
Редакция мекеме ретінде шығармашылық ұжымнан яғни басым шығаратын ұжымнан және көмекші қызметтен тұрады. Редакцияны басылымның қожайыны, егесі алдында оның табыстылығына жауап беретін бас директор басқарады. Ал бас директорға редакцияның шығармашылық ұжымын басқаратын бас редактор қарайды. Шығармашылық ұжымы оның санына қарай жазық және пирамидалық құрылымнан тұрады. Жазық құрылым кезінде барлық журналистер бас редакторға тікелей бағынады, ал пирамидалық құрылымда бас редактор мен журналистердің ортасында аралық бөлім (звено) тұрады. Пирамидалық құрылымның әртүрлілігі - бір бағытты, көп бағытты, штабтық және матрикалық болып бөлінеді.
Бір бағытты құрылымда қатаң түрде бөлімдерге бөлінеді, ал көп бағытты құрылымда бөлім редакторлары журналистерге тікелей шыға алады, ал штабтық құрылымда журналистердің көпшілігі бөлім редакторларына бағынады, бірақ күрделі, журналистердің бірігіп жазатын тақырыбы үшін уақытша жұмыс тобы, яғни штаб құрылады. Матрикалық құрылым екі деңгейлі жүйені қарастырады, редакция қызметкерлері де осы екі жүйе бойынша бағынышты болады. Бірінші вертикальды деңгей бір бағыттағы үлгіге сай келеді, бұл жүйе бойынша журналистер бөлім редакторына, ал бөлім редакторлары бас редакторға бағынады. Екінші бағыт жемісті бағыт деп аталады да, бұл деңгейдің басшылары да бас редакторға бағынады. Материалды орталықтандырылған жүйе бойынша ұйымдастыру жұмысын да оның барлық кезеңдері бойынша бір журналист орындап шығады, яғни тақырып таңдауды да, ақпарат жинауды да, мәтін жазуды да бір журналистің өзі орындап шығады; ал орталықтанбаған ұйымдастыру жұмысында бұл жұмыстар әр түрлі қызметкерлермен орындалады.
Редакцияның шығармашылық ұжымының жұмысын үйлестіру және бақылау жоспарлау және дедлайн жүйесі арқылы іске асырылады. Жоспарлау дегеніміз редакция басшыларының жиналысы. Дедлайн дегеніміз - бетті, немесе толық басылымның материалын уақтылы тапсырып отыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет