Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта немесе ноутбук, проектор, тақырыпқа байланысты презентациялар, бейнематериалдар, сызба-кестелер, газет тігінділері
Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, кіріспе лекция.
Деңгейлік тапсырмалар:
1-ші деңгейдің сұрақтары:
Тақырыптар кешені
Тақырыптарды безендіру жолдары
2-ші деңгейдің сұрақтары:
Тақырыптаудағы лидтер
Тақырыптаудағы ТАКТ-тест деген не?
3-ші деңгейдің сұрақтары:
Тақырыптаудағы Шваб түйіні дегенді қалай ұғамыз?
Талдамалы мақала деген не?
СӨЖ тапсырмалары:
Жанр және жанр пішіндері.
Баспасөз жанрларының түрленуі.
ОБСӨЖ тапсырмалары:
Шындықты танудың әдістері.
Баспасөз тектерін жүйелеу, жанрларға бөлу.
Дәріс №26 . Қазақ публицистикасының жаңашылдық түрі ретінде дамуы.
Кеңес дәуіріндегі публицистика.
Бұл тақырып бойынша 1917-1990 жылдараралығындағы қазақ публицистикасының өсу - өркендеу жолдары қарастырылады. Кеңестік дәуірде газет – журналдардың көбеюімен бірге қазақ публицистикасының өрісі кеңейіп, дамудың жаңа сатысына көшті. Бұл кезеңдегі публицистика кеңестік кезеңнің саясаты, орыс публицистикасының дамуы ерекше әсер етті. Соның нәтмжесінде публицистикадағы пішіндік, жанрлық жаңашылдық белгілерайқын көрініс бере бастады. 20 – 30 жылдардағы публицистикадағы қоғамдық – саяси бағыт, көркемдік бағыт, сыншылдық, сатиралық бағыт Сәкен Сейфуллин,Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин шығармашылығы
Негізінде ашылады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы публицистика, 80 жылдардағы публицистика өзгешеліктері М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Бұлқышев, М.Иманжанов, Ә.Нұршайықов, С.Төлешов, Б.Қыдырбекұлы, Ә.Нүрпейісов, З.Қабдолов, Н.Ғабдуллин, Ғ.Қайырбеков, Ш.Мұртаза, К.Смайылов, Қ.Найманбаев, Ж.Жанұзақов, О.Бөкеев, А.Сейдімбек, Ж.Елшібеков, М.Қабанбаев, Ж.Аупбаев шығармашылықтары айқындалады.
«Публицистика ең алдымен бүгінгі күннің жұрт назарын аударып отырған, түсіндіруді, пікір айтуды, шешуді қажет етіп отырған қоғамдық-саяси мәселелерін көтереді, соған әлеуметтік талдау жасайды. Сол туралы жұрттың қандай пікір, қандай позицияда болу керектігін аңғартады. Сөйтіп қоғамның ілгері дамуына ықпал жасайды» деп көсемсөз мақсатын нақты түсіндіріп берген ғалым Т.Қожакеев айтқандай, көркем публицистика «көтеріңкі екпін-леппен, асқақ пафоспен, қызу құлшыныспен жазылған, «рухты көтеретін, жігерлендіретін» мақала, материалдардан тұрады».
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі көркем публицистикаға қалам тербеген алаш зиялылары да өз шығармашылығында осы талаптар үдесінен шығып, өз заманының күрделі әлеуметтік мәселелерін батыл көтерді, көсемсөз туындыларында дәуірдің негізгі міндеттерін көтеріңкі үнмен, көркем тілмен жарқырата көрсетті. Бұл орайда олар көркем публицистиканың басты жанрларының бірі - публицистикалық мақалаға көбірек жүгінді. Себебі «публицистикалық мақала қоғамдық және әлеуметтік зор саяси мәні бар заман сезімін, заман лебін, оның тек бүгінгісін ғана емес, оның өткенін де жете баяндаумен бірге келешегіне де көз жібереді... Публицистикалық мақаланың талдауы қонымды, ойы ұғымды да, уытты, фактілері бедерлі, пікірлері айшықты сөздермен көмкеріле, тілі жатық келеді»[73,122-123],
XX ғасыр басындағы газеттерде жарияланған публицистикалық мақалалардың дені халқымыздың сол кездегі саяси-әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелерін қамтып, жалпы шаруашылық жағдайын, жер-су мәселесін, әдет-ғұрып, салт-дәстүр жайын, оқу-ағарту, ұрпақ тәрбиесін, әйел тендігін тақырып өзегі етті. Заман тудырған ел басындағы көкейкесті мәселелер жөнінде ұлт көсемдерінің бірі, аса көрнекті көсемсөзші Әлихан Бөкейханов «Қазақ» газетінде көптеген публицистикалық мақалалар жазды, жай ғана мәселе төңірегінде ғана емес, ұлттық деңгейдегі ауқымды проблема тұрғысында өндіртіп жазды, халық көкейінде ғасырлар бойын арман болып келген жайларды, ел мүддесін қозғаған түйткілдерді жеріне жеткізе жазды, қоғамдағы қайшылықтарды арқау етіп, қыр-сырын, себеп-салдарын ашып көрсетті.
Көркем публицистика жанрына қалам тербеген көсемсөзші ойы ұшқыр, айқын да тұжырымды болуы шарт екенін айтсақ, Ә.Бөкейхановтың қай публицистикалық мақаласын мысал етіп алсақ та, тақырып, идея, мазмұн жағынан болсын, рухани тұшым аларлықтай, халықтың сана-сезіміне ықпал етерліктей, қоғамды селт еткізерліктей құбылыстарды арқау қылған қоғамдық-саяси мәнділігімен, көркемдік қуатымен ерекшеленеді. Алаш қозғалысының білгір басшысы болып, азаттық жолындағы күрестің алдыңғы легінде жүрген көсемсөз шебері публицистикалық мақалаларында өз кезіндегі маңызды, ел үшін кезек күттірмес оқиғаларға жедел үн қата біліп, өзі қамтыған тақырыпты жұртшылыққа жеткізуде үнемі ұшқырлық танытқан, көрегендікпен алдыңғы сапта болып, уақыттан озып отырған.
Достарыңызбен бөлісу: |