Лекция өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау шымкент 2021 Кіріспе



бет26/35
Дата25.03.2022
өлшемі1.09 Mb.
#456454
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Лекция Публ шығ нег

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта немесе ноутбук, проектор, тақырыпқа байланысты презентациялар, бейнематериалдар, сызба-кестелер, газет тігінділері
Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, кіріспе лекция.
Деңгейлік тапсырмалар:
1-ші деңгейдің сұрақтары:
Сұхбат алудағы журналист тактикасы мен сұхбаттасушы мінезі
Сұхбат дайындаудағы сұрақтар типологиясы
Сұхбаттасу барысынды сұрақ қою өнерінен хабардарсыз ба?
2-ші деңгейдің сұрақтары:
Тақырып таңдау
Тақырып таңдау және ақпарат іздеу.
3-ші деңгейдің сұрақтары:
Тақырып түрлері мен қызметі
Тақырып, идея, сюжет.
Тақырып, лид, түйін.
СӨЖ тапсырмалары:
Жанр және жанр пішіндері.
Баспасөз жанрларының түрленуі.
ОБСӨЖ тапсырмалары:
Шындықты танудың әдістері.
Баспасөз тектерін жүйелеу, жанрларға бөлу.
Дәріс 24.Публицистикадағы шығармашылық даралық.
Көркем әдебиетте публицистиканы өмірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық құбылыстарын, рухани құндылықтарын арқау ететін әдеби жанр ретінде қарастырсақ, екінші жағынан алғанда, публицистика журналистер мен жазушылардың өмір, қоғам, заман шындығын тебірене жазатын толғауы іспетті ақиқат айнасының сырлы суреті болып табылады. «Публицистика -әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткіп мәселелерді қозғайтын саласы»[1,122] болғандықтан оның негізгі өзегі - шындық, нысаны — өмір, зерттеу орны — адам десек, бұл әдебиет саласының қай уақытта, қай ғасырда болсын, қоғамда алар орны ерекше. Сол ретте аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы-демократ, ақын, жазушы, ғалым сөз болып отырған көркем жанрдың дамып көркейуіне зор үлес қосқан алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынов өзінің атақты «Әдебиет танытқыш» атты іргелі зерттеу еңбегінде публицистиканы әдеби жанрдың озық үлгісі ретінде бағалап, «көсем сөз» деп атаған, соған орай «Көсем сөз — шешен сөз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатпен шығарылатын сөз»[2,405] деп басып айтқаны белгілі. Көсемсөзші, яғни публицист өзі өмір сүрген кезең тынысын дәл танып, күнделікті тіршілікке белсене араласатын, саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылысты қалың көпшілікке пәрменді жеткізіп, жұртшылықтың талаптілегіне дер кезінде үн қоса алатын қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілген жан-жақты білімді, өзі көтерген мәселелерге байланысты қоғамдық пікір туғыза алатын қаламы жүйрік, ойы ұшқыр жазушы болуы шарт. Сол ретте публицистикаға назар аударып, ден қойған көптеген ғалымдардың пікірінше публицист өз кезегінде ағартушы-педагог, фәлсафашы, тарихшы, экономист, заңгер, жиһанкез, ғылымды көркем әдебиетпен тығыз сабақтастыра білетін сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер болуға тиіс.
Тарих беттерінен қат-қабат қилы заман оқиғалары, саяси дүрбелеңдер мен қоғамдық өзгерістер орын алғанда көркем публицистиканың әдеби процесте көшбасшылық орынға шығатыны айқын болатындығын айтсақ, көсемсөз өнерінің мұндай халықтық маңызын арттырудағы қалам қайраткерлерінің ерен еңбегі қай кезде де жоғары бағаланды. Қазақ баспасөзі пайда болған XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап ұлтының болашағына, ұрпағының келешегіне аландаушылық танытқан ел серкелері, көзі ашық, көкірегі ояу алаш азаматтары өмірдің алдыңғы шебінен көрініп, көркем-публицистиканың туындыларымен газет-журналдар арқылы қарапайым халықтың жүрегіне жол тартты. XX ғасыр басындағы ұлттық зиялы қауым өкілдері шығармашылығы, қалам тартқан тақырыбы негізінде адамзат тарихымен астасып, бірге жасап келе жатқан көркем публицистика жанрларының қазақ әдебиетінде орнығып дамуына қомақты үлес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет