Лекция өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау шымкент 2021 Кіріспе



бет31/35
Дата25.03.2022
өлшемі1.09 Mb.
#456454
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Лекция Публ шығ нег

Дәріс 29. Тәуелсіз Қазақстан публицистикасындағы тақыпытық, проблемалық пішіндік ізденістер.
Бұл тақырып бойынша азат ойдың, еркін сөздің дәуіріндегі публицистикадағы жаңалықтар қамтылады. Публицистердің бұрын жазуға болмайтын, бұрын айтуға болмайтын мәселелерге еркін қалам тербегендігіне назар аударылады. Ел тәуелсіздігімен бірге мәселенің мәнісін тез ашатын, қоғамдағы оқиға, құбылысқа жедел түрде үн қататын жаңа публицистиканың заманы туғандығына дәлел-дәйекер келтіріледі.
Тұжырымдап айтқанда, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіңдегі әдеби сын үлкен қалыптасу жолынан өтіп, алдағы даму жолына арналы көпір болды, ұлттық баспасөзбен бірге дамып, көркем публицистиканың қанаттас серігі болды, халықтың мәдени-рухани дамуының жарқын бір көрінісі - көркем әдебиетті ілгерілетудің басты кепіліне айналып, ғылыми маңыздылығы, әлеуметтік сипаты артты.
Жалпы алғанда, XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі көркем публицистика жанрлары қалың көпшілікке өмір шындығын жеткізіп, ұлт-азаттық қозғалыс идеясын насихаттауда, қараңғылық құшағындағы халық санасын оятып, оқу-білімге, алдыңғы қатардағы елдер мәдениетінен ұлгі алуға жұмылдыруда үлкен рөл атқарды. Алаш қозғалыс көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқа да ұлт зиялылары көркем публицистиканы өткір үгіт, жалынды насихат, халық үні ретінде өз шығармашылығында шебер пайдалана біліп, елінің егемендігі, халқының бостандығы жолындағы күресте басты қарулары етті. Көркем публицистика туындыларының қазақ газеттері мен журналдары беттерінде жиі жариялануы қазақ әдебиетінің көптеген жанрларының қалыптасып дамуына игі ықпал етті, ұлттық көсемсөз шығармаларының әсерімен XX ғасырдың басындағы баспасөзде әдеби сын қалыптасып, қазақ әдебиетінің жаңа үрдісте өркендеуін қамтамасыз етті.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет