Дәріс 30. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.
Жалпы алғанда, XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі көркем публицистика жанрлары қалың көпшілікке өмір шындығын жеткізіп, ұлт-азаттық қозғалыс идеясын насихаттауда, қараңғылық құшағындағы халық санасын оятып, оқу-білімге, алдыңғы қатардағы елдер мәдениетінен ұлгі алуға жұмылдыруда үлкен рөл атқарды. Алаш қозғалыс көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқа да ұлт зиялылары көркем публицистиканы өткір үгіт, жалынды насихат, халық үні ретінде өз шығармашылығында шебер пайдалана біліп, елінің егемендігі, халқының бостандығы жолындағы күресте басты қарулары етті. Көркем публицистика туындыларының қазақ газеттері мен журналдары беттерінде жиі жариялануы қазақ әдебиетінің көптеген жанрларының қалыптасып дамуына игі ықпал етті, ұлттық көсемсөз шығармаларының әсерімен XX ғасырдың басындағы баспасөзде әдеби сын қалыптасып, қазақ әдебиетінің жаңа үрдісте өркендеуін қамтамасыз етті. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңын оқу,жаттау, түсіну.
3. Оқытудың техникалық құралдары
№
|
Құралдар
|
1
|
Интерактивті тақта
|
2
|
Диктофон
|
3
|
Проектор
|
4
|
Фотоаппарат
|
4. Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері
Тәртібі:
берілген ақпардың жоғары ғылыми деңгейде болуы, оның дүниетанымдық маңызы;
әдістемелік жағынан өңделген, көлемді нығыз жүйеленген жаңа ғылыми ақпар;
айтылған пікірлердің дәлелді болуы;
келтірілген мысалдар мен фактілердің, құжаттардың қажетті мөлшерде болуы;
айтылған ойдың түсініктілігі, тыңдаушылардың ойлау қабілетін арттыруы, қарастырылған мәселе бойынша өз бетінше жұмыс істеуге арналған сұрақтар қою;
қойылған мәселені шешуге айтылған әртүрлі көзқарастарды сараптау;
негізгі ойды бөліп алу, қорытындыларды тұжырымдау;
білім алушылармен педагогтік байланыс жасап, дидактикалық материалдар мен техникалық құралдарды пайдалана білу.
негізгі ойды бөліп алу, қорытындыларды тұжырымдау;
негізгі материалдар текст-конспект, блок-сызба, кесте, графиктерді пайдалану;
оқытудың замануи техникалық құралдарын толық мәнді пайдалану.
Әдістері мен түрлері:
Университетте оқу жұмысын ұйымдастыруда лекцияның төмендегідей түрлері:
- кіріспе лекция;
- ақпаратты лекция;
- шолу лекция;
- проблемалық лекция;
- визуальдық лекция;
- бинарлық лекция;
- алдын ала қателерімен жоспарланған лекция;
- конференция лекция;
- кеңес лекция;
- “Миға шабуыл” лекциясы, т.с.с. түрлері орын алуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |