Лекция өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау шымкент 2021 Кіріспе



бет9/35
Дата25.03.2022
өлшемі1.09 Mb.
#456454
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Лекция Публ шығ нег

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.
2. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
3. Мерзімді баспасөз материалдары.
4. Омаров Қ.Шабыт шалқары . – М., 1986.


Дәріс №7. Репортаж
Дәріс мақсаты мен міндеттері:
Болашақ журналистер мен қоғаммен байланыс мамандарын қазіргі заманғы журналистиканың менеджмент жүйесімен таныстыру,Қазақстанның қазіргі медиа нарығы, түрлі БАҚ-та жұмыс істеу ерекшеліктері мен үлгілері, журналистердің кейбір кәсіби «құпиялары», PR және жарнама негіздері ұсынылған. Болашақ журналист өз мамандығының құқықтық жағын міндетті түрде білуі тиіс.Сондықтан да пәнді журналистік қызметтің құқықтық аспектілері де қарастырылған. Пән барысында журналистика жанрлары, оларды күнделікті жұмыста қолданудың қыр-сыры түсінікті тілмен баяндалады. Жас журналистерге ақыл-кеңестер мен ұсыныстар беріледі. Журналистік жолын енді бастаймын деген болашақ журналистерге медиа саласының бел ортасында жүрген практик журналистердің неден бастап, қалай жазу қажет екендігін және алдын ала қандай қателіктерді жіберіп алмау турасындағы материалдары мен кеңестері әбден пайдалы болады деп сенеміз.
Дәріс мазмұны:
Жанрдың анықтамасы. Арақашықтығы (дистанция) мен кедергілері (барьер). Материалдарды жинау жолдары. Репортаж даярлау кезіндегі байқау оқиғаның ерекше қырлары. Адамдармен қатынас ережесі. Репортаждың компазициясы. «Арқау болу» репортажда зер салатын дереккөздері. Жаңалықты саяси және әлеуметтік сияқты репортаждың аралас түрлері.
Репортаж дегеніміз-оқырманға оқиғаның ортасында болғандай әсер қалдыратын мүмкіндік беретін басы-қасында болып, көзімен көргеннің әңгімесі. Репортаждың басты ерекшелігі – қатынасуы ерекшелігі яғни оқырман журналист сияқты көзімен көргендей, естігендей болып, оқиғаны қабылдауы шарт. Репортажды оқиғаны білу үшін ғана оқымайды, оқиғаны бастан кешкендей, арасында болғандай әсер алу үшін оқиды. Сондықтан репортаж жаңалық жанрына жатпайды, эмоциональды публицистика жанрына жатады. Әрбір журналист оқиғаны өзінше қабылдайды және өзінше айтып шығады, баяндайды. Сондықтан репортаж өзінің ерекшелігі бойынша обьективті бола бермейді. Бір оқиға туралы жазылған әр түрлі журналистің репортажы бірдей болып көрінеді. Бірақ шын мәнінде дәл бір оқиға туралы жазылған репортаждардың ешбір ортақтығы, ұқсастығы болмайды.
Міне, осыған байланысты репортаждың әділдігі мен шындығы журналистің адалдығына оқиғаны алдын-ала даярланған бір қалыпқа (шаблонға) тығып, сыйыстырып жібермеуіне байланысты болады.
Репортаж журналистиканың ең көнеден келе жатқан жанрына жатады. Егер «төңкерілген, аударылған пирамиданың схемасы ХІХ ғасырда, ньюс-фиче тіптен ХХ ғасырда ойлап табылса, репортаж жолжазба ретінде біздің эрамызға дейінгі кезеңде пайда болған.
Қазіргі репортажға жақын «жол сапар естелігін» өз саяхаты туралы әңгімелеп көне грек ғалым-тарихшысы Геродот жазған. Міне, сол кездің өзінде репортаждың бір өзіне тән ерекшелігі пайда болған, бірақ ол кездегі репортажға ұқсас жол жазбалар оқырманды қызықтыратын. Ол бара алмайтын алыстағы оқиғалар туралы жазылғандықтан, адамдар күнделікті көріп, араласып жүрген оқиғалар сипатталмаған. Демек ол кездегі репортаждар «қашықтықты қысқартқан».
Кейіннен географиялық қашықтықтың қасына «әлеуметтік репортаж қосылған. Қазіргі журналистер, тек қана алыс елдер туралы жазып қоймай өз елінің, өз қаласының ішіндегі неше түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы оқиғаларды сипаттаған. Техниканың дамуына байланысты географиялық қашықтықтың мәні азая бастауымен қатар керісінше қоғамның дамуына байланысты әлеуметтік мәселелер өсе түсті. Қазір аборигендер өмірін өз көршісіндей білетін болды. Сондықтан енді көршілерінің өзі қай әлеуметтік топқа жататынына, маргилан ба, элита ма, міне осыған мән беретін болды. Қазір адамдар бір-бірін білуге, оның ішінде әр түрлі кезеңнің ұрпақтары, түрлі ұлт өкілдері, мамандықтар бір-бірін жақсы білмейді. Міне, сондықтан журналистер адамдар, оқырмандар жақсы біле бермейтін оқырмандарға жабық абақты, әскери бөлімдер, психатриялық мамандықтар сияқты мекемелер иен ондағы адамдар туралы репортаждар жазып оқырмандар мен аталған мекемелер арасындағы «кедергілерді»(барьер) жоюға талпыныс жасайды.
Неміс ғалымы Михаэль Халлер репортаж сәтті шығуы үшін оған тән тезистің бес түрін айтып кеткен. Бұл тезистер төмендегідей.

  1. Саяхатшы –журналистердің міндеті бөлек әрі қашық оқиғаларды жақын етіп, қашықтықты жою. Бұл қашық әрі басқа оқиғалар журналистің күйініші мен сүйініші арқылы айқындалады.

  2. Журналист - куәгердің міндеті кедергілерді жою. Ол үшін белгісіз жасырын оқиғаларды қолжетімді ету. Бұл құпиялар мен белгісіз оқиғалар ақиқатты сипаттау арқылы жақынға айналады. Репортаж журналистсіз ақ оқиғаға беретін көпір болып табылады.

  3. Репортаждың екі түрінде де журналист оқырманға оқиғаның куәгері болғандай, арасында жүргендей мүмкіндік береді. Сол үшін репортаждың тілі айта білетін, сипаттай білетін болуы керек, сонда ғана болған оқиға нақты, сезімтал және тікелей беріледі.

  4. Қазіргі қоғамда кедергі мен қашықтық деген ұғымдар ауыспалы мағына береді: журналист әлеуметтік қашықтықты институциялық кедергілерді жеңе біледі, ал адамдар оларды жеке-жеке жеңе алмайды.

  5. Әрбір жақсы репортаж тақырыбы қашықтықты немесе кедергіні жоя біледі. Егер репортаж аталған екі тақырыпты да қамти алса тіпті керемет. Керісінше әрбір ренжіткен тақырыпта кедергілер мен қашықтықтар аз болады, бірақ оны репортажға айналдыру өте қиын. Мұндай жағдайда журналист аталған тақырыптың күтпеген қырын табуы керек. Мысалы, ол оқиға туралы бөлік пен шымылдық арқылы қарап, белгілі тақырыпты жаңа тақырып етіп көрсете білуі керек. Тағы бір тәсіл – оқиғаны орайлату. Оқиғаны репортаждың ортасына айналдыруы керек.

Репортаждың материалын жинау үшін өзіңді оқиғаға міндетті түрде қатыстыру керек. Тікелей бақыламай репортаж жазу мүмкін емес. Егер журналистің оқиғаны бақылауға мүмкіндігі болмаса, ең дұрысы репортаж жазудан бас тарту немесе жаңалық мақала жазу, оны тікелей бақылаудың қажеті жоқ.
Журналист оқиға болған жерге бармай тұрып, репортаж тақырыбы бойынша материалды қандай жолмен жол алуға болатынын зерттей білуі керек. Бұл мынау үшін қажет. Себебі, даярланбай барсаң, оқиғаның ерекше маңыздысы мен жалпы оқиғаны ажырата алмай қалады немесе оқиғаның ішіне кіруі үшін уақытын босқа жіберіп алады. Сол үшін журналист оқиға болған жерге бармай тұрып, нені көру керек, неге басты назар салу керек, оқиғаға қатысушыларға қандай сұрақтар беретіндігін жоспарлап, біліп алуы қажет.
Оқиға болған жерге барғандағы журналистің тек қана материал жинау емес, нақты ақпарат жинау емес. Бұл тек қана жаңалық мақалаға жарайды. Жазылған репортаж оқиғаның ерекше қырларын, эмоциясын оқиғадан туындаған барлық жағдайларды қамту керек.
Оқиғаның ерекше жағы – тақырыптың оқырманға белгісіз жағы. Мысалы, қалалық мерекені алаңнан байқауға да болады. Бұл жерден концертті анық байқаймыз. Бірақ оқырманға басқа жағы белгісіз болып қалады. Егер осы мереке күні журналист тек қана қыдырып жүрген адамдар туралы жазбай, сол мереке күнгі комициялардың шеруі, «Жедел-жәрдем» қызметі туралы да баяндайтын болса бұл оқиға оқырмандарға белгісіз болғандықтанда қызықты болады. Тіпті репортаж жазу барысында мерекеге алдын-ала сценарии бойынша даярланған іс-шаралардан да ерекше жаңалық табуға болады. Мысалы журналист мереке кезінде белгілі бір тұлғаның қорғаушысының көзімен мерекені сипаттаса, оның талғамымен мерекені өту туралы пікір оқырманды ерекше қызықтырары даусыз.
Егер эмоцияға келсек, журналист репортаж даярлау барысында оқиғаға барынша беріліп іштей толқуы керек. Сонда ғана репортаж арқылы эмоция беріледі. Егер оқиғаға күйіп-пісіп толқымаған журналист репортаж жаза алмайды.
Эмоция алу үшін барлық сезім мүшелері қатысуы керек. Журналист тек қана есіп және көріп қана қоймауы керек. Сонымен қатар иіскеу, қолмен ұстап көру, дәмін көру де керек болады. Сонымен қатар әр түрлі эмоциялар не нәтиже беретінін білу керек. Мысалы, журналист бөлмеге кірді, оған бөлме күңгірт әрі жабырқау болып көрінеді. Немесе репортаждың бірінде журналиске түк көрмейтін көрсоқыр баланы сипаттауға тура келді. Ол кезде журналист онымен және анасымен қоштасу сәтін бейнелесе, қолын басқа жаққа қарай шұлғып жатқан баланы сипаттайды. Себебі ол көрмейді. Жалпы репортаж жазуда оқиғаға баға беруемес, оны сипаттау, суреттеу баста роль атқарады. Себебі репортажға баға беруші оқырман. Екіншіден эмоция репортаждың тақырыбына қарама-қарсы болмауы керек. Мысалы, журналист психатриалық ауруханадағы қорқынышты жағдайды жазса, эмоция осы жағдайды көрсетіп репортажды толықтыра түсу керек.
Репортаж жазу барысында адамдармен қарым-қатынас жасау үлкен орын алады. Себебі, адамдар барлық уақытта репортаждың орталығында болуға тиісті.
Белгілі журналист Валерий Панюшкин репортажды балтадан жасалған ботқаға теңейді. Бұл жерде балта оқиға, ал басқалары ботқа сияқты араласқан пісірілген адамдар мен олардың тарихы.
Кез-келген оқиға адамдар туралы жазылатын «мәңгілік» тақырыптың, оның ішінде жамандық пен жақсылық, махаббат пен өлім, үміт пен түңілу сияқты адамдар өмірін жазудың сылтауы болып табылады.
Егер жаңалық жазу барысында зерттеу жүргізу үшін журналист адамдармен сөйлеседі. Қарым-қатынас жасайды себебі дәлелдер табу керек. Ал репортаж дайындау барысында журналист адамдармен қарым-қатынас жасауыңа тура келеді. Адамдардың, басты кейіпкерлердің мінез-құлқын айқындау керек. Сөйлеу ерекшелігін, ойлау тәсілін білу керек болады. Сондықтан белгілі ақпараттарды адамдардан сұраумен бірге оларға пікірін айтуына мүмкіндік беру керек. Олардың ымдау тәсілімен қозғалысын да білу керек. Тақырыптан шегініс жасау да репортаждың пайдасына шешіледі. Егер сөйлесуші адам айтқысы келгенде толқып отырса, бұл көрініс үлкен эмоция тудырады. Ол алдын-ала даярланып келгенжурналистің сұрағына қарағанда кідіріліп айтылады.
Байқау кезеңінің ұзақтығы журналистің репортаждың басы мен аяқталуын айқындаған кезде, баяндаудың «аяқталу кезеңіне» келген кезде аяқталады. Репортаж А және В нүктесінің аралығында қозғалыста болады. Бұл аралықта оқырман журналиспен бірге жүріп өтеді. Қызыл желінің үш түрі болады. Олар хроника, саяхат және дәлелдің дамуы.
«Қызыл желіде» қозғалыс хроникасында репортаж кезеңімен болып отырады. Баяндаудың бұл сызығы іс-шараларды және «квази-шараларды» сипаттауға ыңғайлы болады.
Ең соңында сол іс-шаралардың нәтижесінде оқиға туралы бір оқиғаны жабдықтайды. Мысалы гиновке бару немесе құтқарушылар бригадасымен бірге кезекшілік атқару сияқты шараларға қатысады. Репортаждың басталуы іс-шараның басталуымен бірге болады. Ол іс-шара аяқталысымен оның ең жоғары нүктесі ретінде жетістіктерін баяндайды. Осы үлгідегі репортажға «өмірінің бір күні» деген сияқты репортаждар жатады. Мұндай репортаждар таңертең басталып, кешке аяқталады. «Қызыл желі» - саяхат – бұл қозғалыс пен кеңістік. Бұл схема шын, нақты саяхатқа тура келеді. Тақырып пен танысуға да мүмкіндік береді. Егер журналист оқиға орнынан артқа шегініп қатысушылармен сөйлессе осындай нәтижеге жетеді. «Саяхат» схемасы бойынша «абақты, әскери бөлімдер, қашқындар лагері сияқты жабық мекемелер туралы репортаждар жазылады. Репортаж жабық мекемеге кірген кезден басталып, материалдар толық жаналап болғанда аяқталады.
Хроника мен саяхат «Қызыл желінің» ең қарапайым түріне жатады. Айғақты дамыту өте күрделі вариант. Мұндай жағдайда репортаждағы қозғалыс ескі тақырыпты жаңаша ашудан басталады. Репортаж тақырыпты бұрын оқырманның қалай түсінгеніндей көріністен (эпизодтан) бастайды. Бірақ одан кейін тақырыпты өзгертетін басқа көріністер келіп, репортаждың соңғы жағында оқырманның түсінігі, көзқарасы 180 градусқа бұрылады. Нақты оқиғалар мен көріністер бұл жерде екінші планда болады. Олар тек қана тезиске куә болу қызметін атқарады. Мысалы, реалити-шоудың бұрынғы кейіпкерлерінің өмірлері туралы видеожазба хабар көрсетіледі. Міне осы видеожазба оларды бүкіл елге даңқын шығарғанхабар екендігі айтылады. Тезистің шешімі реалити-шоуға ұлдар мен қыздардың үлкен жетістігі, мансапқа жетудің тамаша басталады.
Кейіпкерлер репортаждан кейін тележұлдыздарға айналды. Бірақ одан кейін отбасы ажырасып, бірі ауруға ұшырап, екіншісі психиаторға көрініп, ем қабылдауға мәжбүр болған. Сонан соң қарапайым өмірге оралғысы келген. Осыдан кейін бірте-бірте оқырманда реалити-шоудың өте қауіпті тәжірибе екені, дұрысы оған бармау керек деген пікір қалыптаса бастайды. Міне бұл ескі тақырыптың қайтадан ұғынылып, жаңа тезиске айналып, жеңіске жетуінің нақты мысалы.
Репортажды көріністен бастау керек. Қорытынды көрініс оқиғаның дәл ортасында болғаны керек. Бұл бірден оқырманға кедергі жасайды. Бұл көрініс іс-шараның басталу кезеңіне немесе саяхатқа сәйкес келу міндетті емес. Оның мақсаты оқырманның назарын аудару оны шырмап тастау, сұрақ беріп, оқырманның репортаждағы сұраққа жауап іздеуіне әсер ету.
Мыналар көріністің ең күшті варианттары бола алады.

  • Не? Мен бұларды шатастырып өтіп жатқан көріністер көрнекі болса да оның мағынасы түсініксіз. Мысалы бір көрменің репортажы жүзі қаһралы, свастиканың суреті салынған кока-коланы ішіп тұрған Санта-Клаустың (Аяз атаның) келбетін сипаттаудан басталады.

  • Және бұл-бұл? Деген сұрақ, бұл жерде болып жатқан оқиға түсінікті, бірақ мұндай трактовка күдікпен қабылданылады. Мысалы, бүкіл дүние жүзі ядролық соғысқа қарсы шығып жатқанда журналист Солтүстік Кореяның атынан сөйлеп Тхеньянның бағынан сипаттама береді. Онда барлық атракциондар қираған тек қана городки (ағашты ұрып, сызықтан шығарып ойнайтын ойын түрі) ойнауға ғана болады. Егер ойындағы кеспелтек ағаштарқателесіп сызықтан далаға шықпай, басқа жаққа ұшып кетсе сызықтың жанында тұрған майлы бояумен салынған америкалық солдат-басқыншының (агрессор) суретіне тиеді. Нәтижесінде елдің әскери күші осылай карикатурамен қабылданады.

  • Қарама-қарсы қойылған (неліктен бұл осындай). Бұл жерде болып жатқан оқиға әділетсіз болады. Мысалы, беслан қайғысының бір жылдығына арналған репортаж пресс-релиздің дәйексөзімен басталған өмір қалада орнығады. Содан соң мәтін журналистің Бесланда көргенімен салыстырылады;

  • Адам (бұл арада неліктен болады?), бұл жерде жұмбақ басты кейіпкердің жеке басында болады. Мысалы, Мәскеу гастарбагтерлі туралы репортаж дәрігер-қырғыздың тарихынан басталады. Оның аты «Таяқ жеген, ұрылған иттің көзімен» деп аталады. Онда әлгі дәрігер-қырғыз Мәскеуде сыпырушы болып істейді де, себебі өлген әкесінің жаназасына алған қарызын өтеу үшін дәрігер сыпырушы болып істейді.

  • Комедия (бірдеңе келе жатыр, бірақ ойдағыдай жүріп келе жатқан жоқ, бәрібір әлі келе жатыр). Мұны сипаттаушыларды ақымақ ретінде қабылдайды. Себебі, жүрмеу керек еді, бірақ бәрібір жүріп келе жатыр. Мысалы, Ресей облыстарының бірінде саңырауқұлақтан жаппай уланған адамдар туралы репортаж рұқсат етілмеген жерден саңырауқұлақ жеп уланған, сонан соң ауруханаға түскен, ауруханадан жазылып, үйіне шыққан, сонан соң саңырауқұлақтың қалғаны обал болмасын деп оны қайтадан жеп, бұл жолы өлген адам туралы жазылған. Бұл жерде репортажда бір көрініспен немесе біреудің дәйексөзімен (цитата) аяқтауға тура келеді. Сонан соң барып автор өз шешімін айтуға тура келеді. Бірақ аяқталатын көрініс алғашқы көріністің қайталауы болуы керек немесе оған қарама-қарсы болғаны жөн. Ең соңғы дерексөз –кейіпкердің қоштасу сөзі. Репортаждың соңындағы автордың шешімі мына жағдайда ғана дұрыс болады. Егер репортажды оқиғамен (көрініспен) дәйексөзбен (цитата) немесе автордың шешімімен аяқтау керек. Қорытындылаушы оқиға қарама-қарсы болғаны жөн. Соңындағы дәйексөз дегеніміз кейіпкерлердің қоштасу сөзі. Репортаждағы автордың шешімі мынадай жағдайда ғана орын алады. Біріншіден құрғақ ақыл айту болмауы керек. Репортажды оқыған адам оқиғаны өз басынан өткізгендей болуы қажет. Өзін сол кейіпкердің бірінің орнына қойып салыстыру керек. Қорыта айтқанда оқырманға мәңгілік шындықты есіне салу керек.

Себебі журналист оқиға болған жерді бақылау барысында бірнеше ондаған қатарды блокнотына жазып алатын оқиға аз кездеспейдіжылдам жазып алған жазбаларын өңдейді. Біріншіден маркермен жазбаны үшке бөлу керек. Олар «міндетті түрде» керектер: маңыздылар, маңызсыздар болып бөлінеді. Міндетті түрде керек жазбалар бірден мәтінге енеді. «Маңыздылар» іріктеліп алынады. Ал «маңызсыздарды» ұмытуға болады. Нәтижесінде репортажшы жазып алған жазбалар екі есеге қысқарады. Тағы бір басқа тәсіл репортаж тақырыбына сай келетін бір әріпті мәтін жолдарының бірінші әріпіне қою : К-көрініс. Д-дәйексөз, КӨ-көңіл-күй көтеретін тақырып деген сияқты. Сонан соң осы әріптерден бағыт алып, ең күшті деген көріністі тауып алады. Ең жақсы дәйексөзді айқын детальды, маңызды көңіл көтеретін көріністерді осылай табады. Тағы бір тәсіл мынадай: ол репортажға қажетті элементтерді қою, содан соң оны мақсат бағытына қарап іздестіреді де, блокноттың тиісті бетіне жазып қояды. Репортаждың элементтері мынадай болады:

  • Репортаждың мақсаты;

  • Ерекше қыры;

  • Конфликтісі (жартысы);

  • Қызыл желі;

  • Қатысушы басты кейіпкерлер;

  • Көрініс;

  • Дәйексөздер

  • Сезім мүшелерінің байқауы;

  • Детальдар;

  • Қатысушылар туралы ақпарат

  • Барлығы туралы ақпарат

Бұл тәсіл журналиске не жетпейтіндігін, ақпарат жинауда уақыт жібермеу үшін, бәрібір мәтінге кірмейтін қажетсіз ақпарат жинамау үшін қажет. Тағы да мөлшерлеу, бағыт алу үшін төмендегі 80-100 жолдан тұратын газет репортажының үлгі жоспарын қолдануды ұсынамыз. Ол төмендегідей:

    1. Кіріспе бөлім;

    2. Кіріспе көріністі дамыту, тақырыпты сипаттау қатысушыларды таныстыру

    3. Бэкграунд –оқиғаның алғашқы тарихы, қатысушыларды таныстыру

    4. Күшті көрініс, ашық, айқын, деталь.

    5. Бэкграунд - қатысушылардың мәліметтері, оқиғаның сөйлемі

    6. Аяқтайтын көрініс, қатысушы басты кейіпкерлердің қатысушы туралы көрініс немесе журналистің шешімі

Ынтамен тыңдау мен қозғалыс репортажда көріністің ауысуы арқылы оқиғаның ауысуы арқылы бэкграунд пен жоспардың ауысуы арқылы, сондай-ақ сценарии мен шындықтың қарсы қойылуы арқылы нәтижеге жетеді.
Көріністің ауысуы дегеніміз бірдей әр түрлі құбылысты әр түрлі жағынан, әр түрлі қырынан түсіру болып табылады. Мұндайда, әдетте көрермендер залы мен пердеге қарама-қарсы жақ пайдаланылады. Бірінші жағдайда құбылыстың қолжетімді тұсынан журналист құпия, жабық жағын көрсетеді. Мысалы, қалалық мерекені ұйымдастыру штабынанда бір кезеңде түсіріледі. Екінші жағдайда әлгі түсірілген көріністердің орны ауыстырылып көрсетіледі. Мысалы әскердің мерекесінде журналист әскери комиссарианттың қызметкеріге де билік өкіліне де әскерге шақырылушылардың ата-аналарына да сөз береді. Кей-кезде көріністі, оқиғаны ауыстыру үшін дәстүрлі жағдайдамән бермейтін кейбір адамдарға да сөз береді. Мысалы, американың президентінің жаназасында (жерлеу рәсімінде) журналист оның моласын қазған жұмысшыға сөз береді.
Сахна (көрініс) мен бэкграундты ауыстыру әрекетті ауыстырып, олардың ақпаратын түсіндіру деген сөз.
Ақпарат алдын-ала оқиғаға қатысты болып келеді және кең көлемді репортажға көргенін көшіру болып табылады. Репортажда ақпарат белгілі бір мөлшерде қиып-қиып беріледі. Репортажды бұл тұрғыдан поезға теңеуге болады. Мұндағы локоматив күшті. Алғашқы көрініс ол жолаушылар вагондары мен жүк вагондары бірінен кейін бірі кезектесіп келе береді. Мұнда ең соңғы вагон барлық уақытта жолаушылар вагоны болады. Бэкграундтың тиімді үлесі репортаждың 30 -%-на тең болады. Егер ақпарат мол болса репортаж жай әрі жалықтыратын болады. Бір-біріне байланыссыз, қоршаған ортаның көрінісіне қатыссыз репортаж болып шығады. Көріністі өзгерту – көрсетілгендерді жоюға жақындау деген сөз. Бұл тәсіл кино мен теледидарда жиі қолданылады. Міне осылай жаза білетін журналист «кинометографиялық» көзқараспен ойнайды.Көріністің үлкендігін үнемі өзгертіп отырады. Көріністерді адамның көзі қалай көрсе солай табиғи қалыпта, көлемде түсіреді, бейнелейді. Картинаның бас жағында тұтас көрсетсе, сонан-соң кейбір элементтерді, бөлшектерді көрсетеді.
Адамның өлшеміне қарай бес түрлі көлем болады. Ең үлкен көлем кішкене бөлшектерді яғни детальдарды түсіргенде қолданылады. Оған көздің жанары, тыртықтар, денеге салынған суреттер жатады. Енді үлкен көлемге адамның беті жатады. Себебі ол ымдауды көрсетеді. Орташа жоспарға белге дейінгі дене мүшесінің бейнесі жатады. Өйткені ол да ишараны көрсетеді. Жалпы көрініс адамдардың түгел түсірілген бейнесі. Мұндай жоспар немесе көлем адам денесінің әр түрлі қыры мен жүрісін көрсетеді. Ең соңында ең жалпы көлем немесе көрініс интерьердегі көрінісі. Монтаж дегеніміз мағыналық қатарға бөлінген көріністер мен сахналық қойылым. Әдетте монтаждың көмегімен қарама-қайшылық (контраст) бейнеленеді. Бұл құбылыстың қарама-қайшылығын анықтайды.
Сөйлеу жиілігін ауыстыру дегеніміз-сөйлемнің ұзақтығын өзгерту, азат жолын өзгерту, тілдік дискурсты етістіктің грамматикалық шақтарын өзгерту болып табылады. Нүкте сөйлемнің соңындағы тоқта дегенді білдіреді. Ал автомобиль бірқалыпты жүреді, егер қысқа болса жұлқынып жүреді де қозғалыстың басында-ақ бірден тоқтайды. Мұндай нәтиже азат жолдарды қысқартады. Мысалы ұзақ азат жолда адамның істегендерін ұзақ баяндаса, ештеңе болып қалмауы үшін сонан кейінгі азат жолдар бір тіркеспен жалғасады. Бұл бір жағдай болатындығын білдіреді. Етістіктің грамматикалық шақтарына келгенде заңдылық әрекет жасайды. Себебі өткен шақ уақытты бәсеңдетеді. Ал осы шақ керісінше уақытты жылдамдатады. Әдетте репортажды мүмкіндігінше бір грамматикалық жақта жазған дұрыс. Бірақ бір нәтижеге жету үшін екі жақтың бір-біріне ауысып тұруы керек. Сөйлеу дискурсын ауыстыру дегеніміз стильді өзгерту деген сөз. Демек «тірі» тілден ресми тілге ауысу деген сөз.
«Сценарийді қарама-қарсы қою және шындық» тәсілі лақап атпен берілетін оқиғаны сипаттағанда қолданылады. Сондай-ақ үнемі болатын шараларды, тағы да басқа әдет-ғұрыпқа байланысты іс-шараларда қолданылады. «Бұдан кейін не болады?»- деген сұраққа жауап беретін «лақапоқиға» бола алмайды. Себебі репортаждың сценарийі алдын-ала белгілі болып қойған. Рөльдер бөлініп қойған. Сыни сөздері стандартты бір іс-шараға арналған, сондықтан ешбір мағынасы болмайды. Мысалы, саясаткер жиналыста немесе партия жиынында мен барлық жамандық атауына қарсымын. Ал жақсылық атауын жақтаймын де, кәсіпкер қамқорлық акциясы кезінде «Адамдарға көмектесуді ұмытпау керек деп, сыйлық алған ғалым мен өте ризамын. Енді осындай жұмыс істей беруге болашақта да даярмын деп сөйлеушындыққа жанасады. Журналист спектакль басталарда сахнаға шығып, театр сыншысының қызметін атқарып өзін таныстырса спектакль журналиске арналған сияқты болады.актерлар қанша жақсы ойнаса да, безендірілу мен жабдықталу қанша жерден жақсы ойнаса да безендірілу мен жабдықталу қанша жерден жақсы болса да қошаметшілер бар жан-тәнімен жұмыс істесе де еленбейді. Міне, бұл жалған оқиғаны, осыған ұқсас жалған оқиғалармен салыстырып көрейік. Яғни аталған спектакль бұрынғы спектакльдерден артық па? кем бе? деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
«Мен» деген сөзді репортажда мүлдем қолдануға болмайды. Репортажшы мен деген сөзді оған қатысушы болса ған қолдана алады. Бұл байқауға қатысса ған әділ болады. Мысалы журналист өз мамандығын жасырмастан геологиялық экспедицияға бір мүше ретінде қатысады. Өз мамандығын жасырып базарда сауда жасайды (мұны маска тәсілі дейді). Міне, осы арқылы базар мафиясының сырын ашады. Тағы да бірінші жақтан баяндауға мына кезде құқылы болады. Мысалы журналист өзінің экстремальды тәжірибесін жасаса. Мысалы, ол апатқа ұшыраған кемеден қалай құтылғанын жазса, бірінші жақпен баяндайды. Егер репортаж басқа жанрмен араласып кетсе, гивритті яғни аралас репортаж деп аталады. Оның үш түрі бар. Олар мыналар: жаңалық репортажы, саяси репортаж және арнаулы репортаж
Жаңалық репортаж дегеніміз жаңалықтың кеңейтіліп, оқиға орнынан баяндалуы. Кей-кезде редакция бір тақырыпқа, оқиғаға екі мәтін арнайды. Оның бірі үлкен субьективті репортаж, ол оқиға орнынан жазылады және қысқа репортаж беріледі. Болған оқиғаны жазады. Бірақ көп жағдайда бір мәтін бір жаңалық мақалаға арналады. Ол репортаж элементтерімен өңделеді (көрініспен және дәйексөзбен). Әдетте репортаждық оқиға мақаланың басы мен соңында беріледі. Сондықтан жаңалық репортажды жанданған жаңалықпен шатастырып алмаған дұрыс. Жаңалық репортаж жеке, ерекше оқиға туралы баяндайды және репортаждық оқиға көрініс осы оқиғаға ғана тиесілі болады.
«Жанданған» жаңалықта көрініс тек қана көрнекілік үшін қолданылады. Суреттер кәдімгі көрініске жылдам айналады. Ал басқа оқиғаға басқа қатысушы адамдар болады. Саяси репортаж бен коментарийдің (түсіндірменің) қиылысқан жерінде болады. Журналист оқиға болған жерге өзі қатысады да болған оқиғаны бүге-шігесіне дейін нақты тіркейді. Міне осы жерде мынаны еске алады. Яғни осы саясаткердің өткен жолы не дегенін оның айтқандары шындыққа қалай жанасатындығынқазір болып жатқан оқиғаға өз көзқарасын қалай білдіретіндігін баяндайды. Бұл жерде журналистің айтқандарының дәлелді болуы өте маңызды болып табылады. Себебі оның өзі оқырмандардың сеніміне кіруі керек. Олай болмаса оның ирониялық (сықақтық) шолуы тек қана оқырмандардың ренішін тудырады.
Міне, енді ең соңында арнаулы репортаж туралы айтпақпыз. Бұл репортаж бен тергеудің (тергеу деп бұл жерде біреудің теріс іс-әрекетін ашу емес, тақырыпты терең зерттеу деген мағынада қолданылады) оған даярлану барысында журналист алдын-ала мәселені анықтап алады. Дәлел жинайды, сарапшылардың түсіндірмелерін алады. Сонан соң оқиға болатын жерге барады. Материалдың кейіпкерлерімен кездеседі. Неге десеңіз мәселеге байланысты «эмоциональды», «оқталған» детальдарды біледі. Жиналған материал жақсы дәлел ретінде репортажда пайдаланылады. Бұл жерде репортаждың үлгісі оқырмандарға кең тарауына байланысты проблеманы бере білу мүмкіндігіне, оның логикалық деңгейіне, эмоциональдық ерекшелігіне байланысты таңдалады. Арнаулы репортаждың көлемі үлкен болады. Яғни 200-600 қатарға дейін барады және бірнеше оқиға қамтылады да бір мәтіннің өзінде басты кейіпкерлер болады.
Арнаулы репортаж да фиче сияқты шығыны өте көп жанрға жатады. Арнаулы репортажға іс- сапарды қосқанда бірнеше күн немесе бірнеше апта кетеді. Сондықтан оны ірі журналдар ғана баса алады. Газет соның ішінде күнделіті шығатын газеттер бұл саланың журналистерін ұстай алмайды. Өйткені мұндай тақырыпты терең талдайтын журналист ұстауға газеттің ауқымы көтермейді. Себебі аранулы алаң бере алмайды. Арнаулы репортажға бір-екі қатар беруге ғана мүмкіндігі болады.
Репортаж дегеніміз көзбен көрген куәгердің әңгімесі. Сондықтан онда «қатысу нәтижесі» болады. Оған даярлану барысында яғни репортажға даярлану барысында журналист қашықтық пен кедергілерді жеңе білуі қажет. Яғни қашықты жақын жабықты белгілі ете білуі керек. Репортажға материал жинау үшін журналист міндетті түрде оқиға болған жерге баруы керек. Оқиғаның ерекше қыры - бұл тақырыптың оқырманға белгісіздігі болып табылады. Эмоцияға беріліп, күйіп-піспейтін журналист репортаж жаза алмайды. Адамдармен қарым-қатынастың мақсаты оқиғаның өзіне тән ерекшелігін білу, ойлау қабілеттерін айқындау. Оқиға болған жерді журналист оқиғаның басы мен соңын айқындап алған соң , сонымен қатар оқиғаның «қызыл желісін» білген соң кетеді. «Қызыл желінің» түрлері хроника, сапар мен дәлелдерді дамыту болып табылады. Репортажды оқиғадан бастап оқиға көрінісімен аяқтау керек немесе біреудің дәйексөзімен (цитатасымен) немесе автордың шешімімен аяқтау керек. Шарықтау мен қозғалыс репортажда көріністің ауысуымен сондай-ақ жоспардың, бекграундтың монтаждың, дауыс жиілігінің өзгеруімен, ауысуымен жетістікке жетеді. Репортаждың аралас (гибридтік) түрі, жаңалықты, саяси және әлеуметтік болып үшке бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет