Лекция өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау шымкент 2021 Кіріспе



бет5/35
Дата25.03.2022
өлшемі1.09 Mb.
#456454
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Лекция Публ шығ нег

Дәріс мазмұны:
Жаңалықтың анықтамасы. Басылымға берілетін жаңалықты таңдаудың белгілері. Қысқа және кеңейтілген жаңалық мақалаларының құрылымы.
Жаңалық дәлел (факт), оқиғалы жаңалық, цитаталық жаңалық. Өзекшіліктің түрлері. Ұзаққа созылған оқиға жаңалығын ақпараттандыру. Көпнысанды жаңалық. Тікелей және жанама тілдегі Ньюсмейкерлік сөздерді беру.
Журналистикада жаңалықтың екі анықтамасы бар.
Жаңалық дегеніміз:
• Адамдық шешім қабылдауы үшін олардың өміріне қатысты ақпарат;
• Оқиғаның табиғи өрбуінен ауытқушылық.
Бірінші жағдайдағы жаңалыққа жаңа қабылданған заңдар мен президенттің халыққа жолдауы жатады.
Екіншісіне барлық төтенше жағдайлар мен күлкілі оқиғалар жатады. Мұндай жағдайларға мынандай мәтел жатады: «Егер ит адамда қапса, бұл жаңалыққа жатпайды, егер адам итті қапса, бұл жаңалық болып саналады». Басылымға таңдалатын жаңалық екі түрлі белгісіне қарап таңдалады, біріншісі оқиғаның маңыздылығы, ал екіншісі сол материалдағы оқырманның қызығушылығы. Оқиғаның мәні оның ауқымдылығы мен есептеледі (атқарылатын істердің мөлшері, шараға қатысушылардың саны, апатты жағдайдың құрбандарының саны т.б.), немесе елдің барлығына зардап әкелген жағдайлар немесе белгілі бір топқа келген зардап т.б. Мысалы бір кең тараған газеттің оқиғалар бөлімінде мынандай ереже бар, ол мынау, егер апатты жағдайдан бір-екі-ақ адам қайтыс болса, ол жазуға тұрмайды, жазудың қажеті жоқ деген қағида. Егер қайтыс болғандар саны бесеуден асса, ол жазуға тұрарлық оқиға. Оқиғаның нәтижесінің екі түрі бар, біріншісі – тікелей оқиға, оған әйелдерге қосымша жәрдемақы беру туралы Конституциялық соттық шешімдері, декретке шығатын әйелдерге берілетін төлемақы, балаларға берілетін жәрдемақылар т.б. Ал жанама оқиғаларға бағаның өсуі, пәтер ақының т.б. коммуналдық төлемақылардың өсуі т.б. адамға жанама әсер ететін маңызды жағдайлар. Ондай кез-келген жаңалықтардың маңызы зор, себебі адамдар өміріне әсер ететін маңызды оқиғаларға жатады.
Егер оқиға оқырманға жақын болған сайын оқырмандардың қызығушылығын тудырады, оған маңызды оқиғаларға қатысу, оқиғаның адамдық аспектілерін жатады.
Жақындық географиялық және психологиялық болады. Психологиялық жақындық оқиға қай жерде болса да оқырмандардың қабылдауына қарай «өзіміздікі» болып кетуі. Мысалы, Ресей азаматтары әлемнің қай елінде болғанына қарамай, ресейлік кепілдікке алынғандар туралы жаңалық елең еткізеді, ол осы кезде әлемнің басқа елдерінде кепілдікке алынған азматтар туралы жаңалық ондай назар аудартпайды. Ал егер шахтада болған апат туралы хабар барлық аймақтағы, тіпті басқа аймақтардағы шахтерлардың да назарын өзіне аударады. Ал шыңды бағындыру кезінде қайтыс болған альпенистер туралы хабар осы экстремалды спорт түрімен айналысатын спортшылардың барлығының назарын өзіне аударады.
Белгілі, атақты оқиғаларға қатысу автоматты түрде оның мәртебесін көтереді, тіпті қатардағы оқиға да беделді басылым арқылы сондай дәрежеге көтерілуі мүмкін. Мысалы, Мәскеуде автомобиль ұрлағандығы туралы жаңалық онда күнде ондаған автомобиль ұрлығы болатындықтан жаңалық емес, жаңалыққа жатпайды. Бірақ егер атақты артистің автомобилі ұрланса міндетті түрде жаңалық ретінде газетке шығады, тіпті теледидардан да көрсетіледі, немесе бала асырап алу, балалар үйінен бала асырап алу қарапайым оқиғаға жатады,ал егер белгілі саясаткер немесе спортшы бала асырап алса, жариялауға тұрарлық жаңалыққа айналады.
Адам деген ұғымның оқиғасы өзіндік ерекшелігімен айқындалады да оған махаббат иірімдері, бастан кешіргендері, қайғы-қасіреттері – қорыта айтқанда, адамға тән оқиғалардың бәрі кіреді. Ол туралы жаңалықтар «төңкерілген пирамида» схемасымен жазылады. Бұл схема оқиғаның хронологиясын бұзумен ерекшеленеді, оқиғаның басы неден басталғанын, сол басталған кездегі маңызды элементтер емес, істің мәніне назар аударып, соған ғана басымдық береді. Содан кейін ғана ең маңызды ақпарат орналастырылады да ең соңында мәтінді өте маңызды, редакциялағанда мәтінге онша қатысы жоқ, алып тастауға болатын материалмен аяқталады. Сол себепті де «төңкерілген пирамиданы» тарихқа қарама-қарсы «қарама-қарсы тарих» деп атайды. Мысалы, А.С.Пушкиннің «Балықшы мен балық» туралы ертегісі тарихтың көрінісі сияқты. Көк теңіздің жағасында өмір сүрген кемпір мен шалдан басталып, бұзылған шайланың қасында отырған кемпірдің өмірімен аяқталады. Егер осы ертегі «төңкерілген пирамида» схемасы бойынша жазылған болса, ол шамамен былай басталған болар еді. «Кемпірдің алтын балық есебінен баюға жасалған әрекеті сәтсіз шықты. Көптеген сыйлық, байлық, жаңа үй алып, ақсүйек пен ханша болған кемпір өзінің ақылға сыймайтын сараңдығы мен бәрін билеуге ұмтылуы бәрінен айырып, қираған лашыққа қайта оралуға алып келеді» І-тарауда айтылғандай жаңалық журналистикасы адамдар өз мәселесін қалай шешкісі келсе, оқиғаны да солай баяндап шешеді.
Жаңалықты жазу да алты сұраққа жауап беруге негізделеді, олар: кім?, не?, қайда?, қашан?, неліктен?, қалай? деген сұрақтар. Кей кезде бұл сұрақтарды Бұл не өзі?, Болса бола берсін?, Кімге пайдалы, тиімді?, Не болады?, деген сұрақтармен толықтыра түсуге болады, бірақ бәрібір сол бұрынғы кіс не істеді?, қай кезде?, қандай жолмен, неліктен деген сұрақтар қалады. Жаңалық хабарларда бұдан басқа міндетті түрде ақпарат көзіне сілтеме беріледі және Біз қалай білеміз? деген сұраққа жауап беріледі.
Жоғарыда айтылғандай жаңалық хабарлар екіге бөлінеді, олар қысқа және кеңейтілген жаңалықтар. Қысқа жаңалық хабарлар 10-20 қатардан тұрады да, жоғарыдағы негізгі алты сұраққа жауап береді. Кеңейтілген жаңалық мақалалар ядродан, детальдан және бэкграуннан тұрады.
Ядро мақаланың басында болады да оқиға туралы негізгі ақпаратты ұстап тұрады. Бұл алты сұрақтың барлығының жауабы болуы мүмкін, оның кейбіріне төмендегендей қосымша сұрақтардың да жауабы қосылуы мүмкін, ол қосымша сұрақтар мыналар: «Ал не болды?», мұндай жағдайда жаңалықты қабылдау, түсіну қиын болады. Мысалы ғылыми жаңалықтар мен парламент қабылдаған жаңа заңдар туралы емес, олардың біздің өмірімізді өзгертуге қосатын үлесін баяндаудан бастаған дұрыс.
Жаңалық бөлшектері оқиға туралы, оның жағдайы туралы түгел баяндау керек. Мысалы түйінінде (ядросында) авиа апат туралы баяндалса, ал оның бөлімдерінде, ұшу қалай өтті, ал олқылықтар қашан және қалай білінді, ұшқыштар ұшақты құтқару үшін қандай әрекет жасады, жердегі қызмет көрсету орындары қандай әрекет істеді деген сияқты мәселелер қамтылады. Егер түйіндеме (ядро) бөлімінде саясат жөніндегі баяндама айтылса, ал оның бөлімдерінде баяндама цитаттары және тыңдаушылардың әсері, қабылдауы баяндалады.
Бэкграунд дегеніміз оқиғаға байланысты жоқ қосымша ақпарат, бірақ материалдағы оқиғаны терең түсінуге мүмкіндік беретін ақпарат. Әдетте бэкграунд дегеніміз аналогиялық оқиғалар мен статистикалық мәлімет берілетін хабарлар болып келеді. Мысалы авиаапат туралы жазылған бэкграундта осы үлгідегі ұшақтың апатқа жиі ұшырайтыны, оның үстіне белгілі бір аймақта апатқа жиі ұшырайтыны, сонан соң апатқа қаза болғандардың отбасыларына берілетін төлемдер туралы ақпарат беріледі де авиаторлық компаниялар қауіпсіздікті арттыру үшін қандай нақтылы шаралар атқарып жатқандығы туралы мәлімет беріледі.
Түйіндеме (ядро) барлық уақытта кеңейтілген жаңалық мақаланың бас жағында беріледі.
Ал бөлшектер мен бэкграундтың орындары тіркелмеген. Сондықтан оларды мақаланың кез-келген жерлеріне орналастыруға болады. Оның кең тараған екі схемасының үлгісі бар, олар:
1) Бөлшектер мен бэкграундтың кезектесіп берілуі, оның ішінде анықтайтын ақпараттар мен қосымша ақпараттар бірінен соң бірі кезектесіп келіп отыратын схема;
2) Түйіндемеден соң бірінен кейін бірі келіп отыратын бөлшектер (детальдар), ал ең соңынан арнайы мәтінімен бэкграунд орналастырылады.
Бұл схеманы былай көрсетуге болады:
№1-схема Ядро (түйін), деталь (бөлшек), 2-ші деталь, Бэкграунд.
№2-схема. Ядро, Бэкграунд-1, Деталь-2, Бэкграунд-2.
Ақпараттық себепке қарай Ақпарат-факт (дәлел), Ақпарат оқиға, Ақпарат-цитат болып үшке бөлінеді.
Жаңалық-факт - қабылданған жаңа заңдар, соттың шешімі, келісімдердің нәтижесі сияқты хабарлардың жағдайын баяндау. Мақала осы жағдайлардың маңызды қырларынан басталады.
Жаңалық-оқиға - таудың шыңдарын бағындыру, банктің тоналуы сияқты әрекеттерді хабарлайды. Бұл үшін әрекеттің хронологиясын сақтаудың қажеті жоқ. Хабар осы әрекеттің нәтижесінен басталады немесе кульминациялық нүктеден басталады.
Жаңалық-цитата - маңызды бір тұлғаның баяндамасынан немесе сөзінен басталады. Әдетте жаңалық-цитата саясат немесе экономика бөлімінде орналасады да саясаткер көшбасшылар немесе кәсіпкерлер бір уәде береді, бір нәрсеге шақырады немесе бір нәрсені болдырмайды.
Мұндай мақалалар орталықтың атынан айтылып, кімнің сөз алғаны еске алынбайды. Мақала жариялану үшін ол әрі өзекті, әрі сол болып жатқан уақытына, кешіктірілмей жариялануы қажет. Өзектілік тек қана жаңалық жанрына ғана емес, барлық журналистік шығармаларға қатысты болып келеді.
Журналистика жанры өзінің мәні жағынан болып жатқан уақиғамен тығыз байланысты болады да, кез-келген мәтін «не үшін бұл туралы жазып отырмыз?» - деген сұраққа жауап беруі керек.
Өзектіліктің бес түрі болады, олар. Тікелей, жасырын, календарлық, жеке, көрген.
Тікелей өзектілік – бұл өзектілік оқиға болған кезде ізін суытпай жазылатын өзектілік немесе болған оқиға өтіп кетсе де енді ғана белгілі болған өзектілік.
Летентті немесе жасырын өзектілік бұрыннан бар бірақ әлі де бола беретін әскери реформа немесе наркомания (нашақорлық) сияқты мәселелерді жазудың өзектілігі. Мұндай жағдайды журналист күтіп жүреді, себебі әйтеуір біреу бір кезде қозғайды. Ал журналист мұны пайдаланып, бұл әрекетті ақпараттық сылтау ретінде пайдаланады. Мысалы нашақорлар туралы жазуды, оларды емдейтін сауықтыру орталығы ашылғанда жазуға болады, ал әскери реформа туралы парламентте қаралғанда немесе ғылыми конференция өткізгенде жазуға болады.
Ал календарлық өзектілік қандай да бір тақырыпты күндердің қарсаңына ақпараттық сылтау, себеп ретінде жазылады, мысалы туған күн қарсаңына, кісі өлгенде, бір қызметке тұрғанда, реформа басталғанда, теракт болғанда жазылады. Календарлық өзектілік жабық, жасырын өзектілікке қарағанда ешбір оқиғаны күтпей-ақ аты айтып тұрғандай әрбір тақырыпты күндердің қарсаңына орталық қортынды жасап жазылады.
Жеке өзектілікке журналистік акция жатады. Журналистердің өздері оқиғаны арандатады, сонан соң оның әсері мен ықпалы туралы жазады. Мысалы, журналистердің өздері немесе газет редакциясы экологтардың конференциясын күтпей-ақ қоршаған орта туралы, оның проблемасы туралы мақала жариялап жібереді де, өз қаржысына ауаның, судың, топырақтың зиянды қалдықтардың сақталуы жөнінде зерттеу жүргізіледі де содан соң оның әсері туралы ақпараттық себеп іздейді. Осылардың қатарына «бетперде тәсілі» де жатады, бұл тәсіл бойынша журналист өз кәсібін уақытша ауыстырып, кейбір сала қызметіндегі өз қызметін асыра пайдалану жайын айқындайды, мысалы фермер болып базарда сауда жасайды, сол арқылы базар мафиясының қыр-сырын ашып жазады.
Ал көзбен көрген өзектілік «құтқаратын таяқ» ретінде қызмет етеді, бұл ешбір ақпараттық сылтау мен себеп табылмағанда қолданылатын тәсіл, ал мақаланы дәл осы сәтте жариялау қажеттілігі туындайды.Ол кезде проблемалық жағдайды дамыту үшін «бәрі көп», «бәрі жиі», «бәрі қауіпті», сөздері қолданылады. Мысалы жоғары оқу орнын бітіргендердің көбі жұмыс таппай жүр, барлық дүкендерде тұрып қалған, мерзімі өткен азық-түлік сатылады, шет елдің курорттарында демалу өте қауіпті болып бара жатыр т.б. Мұндай сөздерді мақала басында көп қолданған журналисте осы айтылғандарға дәлел жоқ деген сөз, себебі айғағы мен нақты дәлелі болса, мақала жазу барысында келтірер еді. Бұдан журналистің ешбір дәлелсіз «өте көп» «бәрі жиі» деген тіркесті қолданып жазуына құқы жоқ деген пікір тумасы керек. Болашақтағы оқиға туралы ақпарат алу үшін ақпараттық себеп табудың мәні зор. Мысалы, сот процесін жазу үшін бар жоғы төрт-ақ мақала қажет. Біріншісі сотты тыңдаған алғашқы күні жарық көретін мақала, содан соң тергеу кезінде анықталған қылмыс туралы ақпарат беріледі. Екіншісі, бір күн өткеннен соң жарияланып, сот процесі төңірегінде болып жатқан жағдай сипатталады: айыпталушылар өзін қалай ұстауда, сотқа оны қолдаушылар келді ме?, адвокаттың көңіл-күйі қандай? Үшінші мақала жазаның жарияланған күні шығады. Бұл мақалада журналист сот процесінің қортындысын шығарады, адвокаттың да айыптау пікірі жарияланады, сотты тыңдау кезіндегі ең керемет көріністер хабарланады. Ең соңында төртінші мақала сот үкімі шыққан күннің ертеңіне шығады. Сөйтіп өнімді хабарлайды.. Бұл өнімді сотқа қатысушылар қалай қабылдады, дәлелдер беріледі, қорғаушылардың пікірі мен процестің қысқаша тарихы беріледі.
Егер журналист жеке сот отырысы туралы жазса, онда әрбір мақала мынандай схемаға құрылады: ең басында сот процесінің соңғы ақпараты беріледі, сонан соң қаралып жатқан іс туралы жалпы ақпарат беріледі, сонан соң айыптау және қорғау дәлелдері беріледі.
Бұл жердегі маңызды нәрсе бұрынғы және кейінгі ақпараттың тең дәрежеде берілуі, тепе-теңдікті сқтауы, себебі бұл процесті зерттеп отырған оқырмандарға қызықты болады, сонымен қатар сотқа қатыспай, осы мақала арқылы сотты қадағалап отырғандарға да қызықты болады.
Кей кезде журналистер қажеттіліктен көп нысанды жаңалық жазуға талпыныс жасайды және осы оқиға жөнінде бірнеше оқиға туралы жазады, бірақ олардың барлығының тақырыбы ортақ болуы керек. Мұндай мақалалар бәрінен бұрын парламенттік хроникада көп кездеседі, сонымен қатар шетелден жазылған жаңалықтарда көп кездеседі. Мысалы депутаттар бір күнде бірнеше заң қабылдауы мүмкін немесе бір оқиғаның өзіне саясаткерлер тоқталып, бұған бірнеше шетелдік азаматтар қатысып, үн қосуы мүмкін. Мұндай жағдайда ең маңызды оқиғаны алуға кеңес беріледі. Ол оқиғаны А оқиғасы десек (Заңдардың ішіндегі ең маңыздысы немесе солардың ішінде жақсы әсер ететін айқыны алынады). Мұндай жағдайда мақаланы сол маңызды оқиғадан бастау керек.
Мақаланың құрылымы төмендегідей болады:
Ядросы (негізгі) оқиғасы туралы қысқаша әңгіме.
Деталь (бөлшегі) – А оқиғасы туралы кең әңгімелеу.
Бэкгрунд – осыдан басқа деген сөзден басталатын Б,В, және т.б оқиғалары туралы әңгімелеу. Жаңалық мақаласында ньюсмерка сөзін беру үшін келесідей ереже болады: жанама сөз арқылы журналист тарапынан оған не жүктеледі.
Бұл мынау үшін істеледі, себебі, жақшалар оқылуды қиындата түседі, екіншіден, журналист ньюсмеркер ойын қысқа әрі дәл беруге тырысады, өзі сөйлегеннен гөрі ньюсмеркерді қысқа сөйлету тиімді. Басқа жағынан қарағанда мәтінде тура сөзді беру үшін адамның сөзі кемітілмей, бұзылмай, бұрмаланбай берілуі керек. Сонда оның жанама сөзі арқылы журналист әңгімелесушінің сөзімен бірге оған өз сөзін байланыстыра бергенін көреміз. Осы себеппен цитат келтірмей-ақ айтатын ойын жеткізу үшін оны айналып кетуге болмайды, ал тікелей сөзге тек қана ең маңызды және ньюсмеркердің бейнелі тіркесін қалдыру керек.
Тараудың қортындысында журналистердің басшылыққа алуы үшін мақаланы қалай жазу керектігі туралы Мәскеулік газеттің материалын береміз. Бұл әдістемелік құралды кеңейтілген жаңалық мақаласында да басшылыққа алуға болады.
Жаңалық-адамдардың шешім шығаруына қажетті ақпарат болумен қатар табиғи оқиғадан ауытқыған хабар болып табылады. Басылымға таңдалатын жаңалықтардың төмендегідей белгілері болуы қажет: оқиғаның мәні (мүмкіндік нәтижелері мен таралым ауқымы), оқырмандар қызығушылығын тудыратын элементтерінің болуы, оқиғаның жақындығы мен оған қатысушы болуы, оқиғаның себебінен басталса, одан кейін ғана басқа ақпараттар берілсе, сол арқылы маңыздылықты жойып алса, қысқа жаңалық бұрын айтылғандай кім?, не? қайда?, қашан? неліктен?, қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Ал кеңейтілген жаңалық мақаласы ядродан (түйіннен) (оқиға туралы негізгі ақпарат), детальдан (бөлшектен) (оқиға туралы негізгі әңгіме) және бэкграундтан (оқиғаға тікелей қатысы жоқ ақпараттан, бірақ оның мағынасын терең түсіндіретін ақпараттан) тұрады. Ақпараттың себебіне тәуелділігі бойынша жаңалық-факті (жағдай туралы хабарлау), жаңалық-оқиға (әрекет туралы хабарлау) және цитат-жаңалық (сөйлеу, баяндау туралы хабарлау) болып бөлінеді. Ал өзектіліктің түрлері: тікелей, жасырын, календарлық, жекеменшік, көрген болып бөлінеді.Арналған оқиға ақпараттың себепетер арқылы оның маңызды тіркесі болады.
Көпнысанды жаңалықты бір оқиға туралы түгел әңгімелеуден бастау керек, сонан соң барып басқа оқиғалар туралы шағын әңгімелермен жалғастыру керек. Ньюсмеркердің сөзін қосалқы тілмен беру керек, тікелей сөзге ең маңызды, ең бейнелі тіркестерді ғана қалдыру керек.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта немесе ноутбук, проектор, тақырыпқа байланысты презентациялар, бейнематериалдар, сызба-кестелер, газет тігінділері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет