Дәріс 5. «Қалыпты» жаңалықтан – фиче-ге дейін. Ньюс-фиче және талдамалы мақала
Дәріс мақсаты мен міндеттері:
Болашақ журналистер мен қоғаммен байланыс мамандарын қазіргі заманғы журналистиканың менеджмент жүйесімен таныстыру,Қазақстанның қазіргі медиа нарығы, түрлі БАҚ-та жұмыс істеу ерекшеліктері мен үлгілері, журналистердің кейбір кәсіби «құпиялары», PR және жарнама негіздері ұсынылған. Болашақ журналист өз мамандығының құқықтық жағын міндетті түрде білуі тиіс.Сондықтан да пәнді журналистік қызметтің құқықтық аспектілері де қарастырылған. Пән барысында журналистика жанрлары, оларды күнделікті жұмыста қолданудың қыр-сыры түсінікті тілмен баяндалады. Жас журналистерге ақыл-кеңестер мен ұсыныстар беріледі. Журналистік жолын енді бастаймын деген болашақ журналистерге медиа саласының бел ортасында жүрген практик журналистердің неден бастап, қалай жазу қажет екендігін және алдын ала қандай қателіктерді жіберіп алмау турасындағы материалдары мен кеңестері әбден пайдалы болады деп сенеміз.
Дәріс мазмұны:
«Төңкерілген пирамида» схемасының дағдарысы. «Жанданған» жаңалық, «Құм сағат», «жұмсақ» жаңалықтар мен фиче. Фичеде қолданылатын тәсілдер, проспекция, ретроспекция, өткенге шолу жасайтын жаңалық, ретардация тәсілдері өткен тарауларда берілген «Төңкерілген пирамиданың» сипаттамасы ХІХ ғасырда ойлап табылған. Бұл сипаттама сол кездегі жаңалық тарату мүмкіндігіне сай болды. Себебі телефонмен алынған байланыс кез-келген уақытта үзіліп кететін болғандықтан ең маңызды жаңалықты айтып үлгеругенегізделген еді. Бұдан да басқа өткен ғасырдың 90 жылдарына дейін мәтінді қолдан теретін еді. Сондықтан газет материалының бір бөлігі газет көлеміне сыймай қалса, сол сыймай қалған бірнеше сөйлемді немесе азат жолды мағынасын жойып алмай қысқарту керек еді.
Бірақ қазіргі кезде телефон байланысы сенімді болды. Ал теру компьютерлік технологиямен атқарылатын болды. Хабарды беру кезінде оның бір бөлігін жойып алу мәселесі жойылды. Теру бағдарламасы өз кезегінде бетті жедел толтыруға мүмкіндік береді. Суреттерді қысқартып, кішірейтіп беруге мүмкіндік берді. Қатараралық жолдардың арасын құбылтуға, түрін өзгертуге жағдай туғызды, межелеген алаңға кішірейту, өзгерту жолымен сыйыстыруға мүмкіндік тудырды. Одан бөлек электронды БАҚ пайда болды. Алдымен радио, содан кейін теледидар, сонан соң ғаламтор (интернет) пайда болды. Міне, осылар жаңалық туралы ақпарат беру қызметін өз мойнына алды. Қазір әлемде бір жаңалық бола алдымен радиодан, теледидардан, компьютерден біледі, бұрынғыдай тек баспасөзден ғана ақпараттан байды. Егер журналиске хабарды бірінші хабарлау керек болса, ерінбей электронды БАҚ-ты пайдалануға тура келеді. Бірақ күнделікті шығатын газеттер бір күн бұрынғы жаңалық хабарларын, ал апталықтар бір апта бұрынғы жаңалықты беруді дағдыға айналдырды.
Сондықтан «төңкерілген» пирамиданың классикалық үлгісі оқырмандарды қанағаттандыра бермейтін болды. Себебі, бұл схема бойынша мақаланың басында ең маңызды оқиғалар берілетін. Бірақ оқырмандарға ең маңыздысы бұл жаңалықтар электронды БАҚ-тан белгілі болып қойғандығында. Онда оқырмандарға бұл жаңалықтарды газет-журналдардан оқудың қажеті қанша, оның үстіне электронды БАҚ тегін, ал газет-журнал ақылы, оған ақы төлеу керек болады. Бірақ баспа БАҚ-тың журналистері бұл олқылықтардан шыға білді. Өйткені баспасөз электронды БАҚ-та айтылмай қалып кеткен оқиғаны егжей-тегжейлі үйлестіруге көңіл бөле бастады. Сөйтіп, ол оқиғаның соңы неге алып барды деген мәселелерге толық талдау жасап, электронды БАҚ талдауға үлгермей қалдырып кеткен мәселелерге кең түрде талдау жасауға назар аудара бастады. Бірақ тағы бір мәселе туындады. Себебі «төңкерілген пирамидада» бас жағында берілген оқиға туралы материалды оқыған соң, әрі қарай мақаланы оқудың қажеті жоқ болып қалды. Бұл іскер баспасөз үшін зиянды бола қойған жоқ, себебі қолы бос емес адамдар үшін газет-журналдың бәрін ақтарып жатқанынан 15-20 минутта оқиғамен хабардар болған тиімді болды. Егер баспасөзді қолы бос кезде оқығанда «төңкерілген пирамида» оқуға деген қызығушылықты төмендетіп жібереді. Себебі мақаладағы шиеленісті білуге мүмкіндік бермейді. Тереңдетіп оқығанда ғана мақаланы түгел біліп, өзі қызыққан қосымша ақпаратты алуға болады. Енді не болар екен?- деген сұраққа «төңкерілген пирамиданың» табиғаты тура келмейді.
Нәтижесінде, ХХ ғасырдың ортасында баспа өз оқырмандарынан айрыла бастады. Себебі адамдардың көпшілігі жаңалықтарды электронды БАҚ-тан білетін болды, ал оқуға газет-журналдарды емес, тарих туралы суреті бар, байланысы бар, мазмұнды, оқиғалы, шиеленісті (кульминация) шешімі бар кітаптарды ала бастады. Енді өз оқырмандарын қайтарып алу үшін газет-журналдар да тарихы тақырыпқа бара бастады. Қазіргі кезеңге дейін ойлап табылған төрт схема болды. Бұл схемалар жаңалықты баяндау жолымен беріп отыруға негізделген. Бұл «шиеленіскен жаңалық», «құм сағаттар», жұмсақ жаңалық және фиче.
«Жанданған, қызу оқиғаларға құрылған»жаңалықтар, мысалдар, дәлелдер арқылы беріліп, оқиғаны көрнекті етіп береді. Бұл мақаланы жазғанда журналист тек қана әңгімелеп, баяндап қана қоймайды. Оқиғаны көзге елестетеді, көрсетеді, ал оқырман болса тек қана абстрактілі ақпарат алып, қоймай нақты тарихтың дамуын да бақылауға мүмкіндік алады. Мысалы, жаңалық ойлап табушының көмегімен ашылған Орталық туралы жаңалықта бұлар жаңалықты ашпағандығы, ол бұрын ойлап табылған жаңалық екендігі, бұлар ойлап таптық деген жаңалықтың адамзат тарихында көзілдірекке салынатын сынбайтын әйнектің бұрын ойлап табылғандығы, бірақ көп жыл еңбектенген жаңалығына әлдеқашан басқа біреулерге патент беріліп қойғандығы баяндалған.
Немесе автосалондағы алаяқтықты баяндайтын жаңалықты алайық, мұнда жаңалықтың жаңа тәсілі баяндалады. Мұнда автосалондағылармашина алушы клиентті жылдамдатып, қол қойдыруға көндіреді де келісімшартта бағаны көтеріп, өсіріп көрсетіп адамды алдайды. Міне «жанданған» жаңалықты осыларға ұқсас материалдарды қамтиды. Егер жазатын мұндай оқиғалар кездеспесе, журналист пен редактор мұндай оқиғаны ойлап табады. Бұл аталған жағдайда үлкен айып болып саналмайды. Себебі «жанданған» жаңалықты нақты адамның тағдыры туралы жазылмайды. Мысалы, жоғарыда айтылған өнертапқыш туралы мақаладағыдай немесе алданған машина сатып алушы да болған оқиғадан оқырмандарды сақтандырады. Жаңалықты қызғылықты етіп жандандыру үшін репортаждың суреттемені де қолдануға болады. Мысалы, екі елдің шекарасындағы адамның өте көп кезекте тұратынын суреттеу арқылы шекарадан жеделдетіп өтудің келісімшартының қажеттілігін тұспалдап көрсетуге болады.
Бірақ репортаж жоғарыдағы келтірілген оқиғалар сияқты екінші кезектегі мәселе. Себебі, бұл оқиғалар тек қана жаңалықты көрнекі етіп, бейнелеу үшін деталь ретінде қызмет атқару үшін баяндалған. Себебі аталған шекарадан өту пунктіндегі жағдай басқа өту пункттерінде басқаша болу да мүмкін. Журналист өткізу пунктіне басқа күні де келе алады. Себебі ол күні тіпті басқа адамдармен әңгімелесе алады. Себебі оның мақсаты шекарадағы адамдар мен машиналардың нөпірі емес, келісімшартқа қол қойдыру болып табылады. Оқиғаны жандандыратын элемент әдетте жаңалық мақаланың екі жерінде қолданылады. Біріншісі – мақаланың басында, екіншісі бірінші немесе екінші азат жолда немесе соңғы азат жолда айтылады.
«Құмсағаттың» схемасын оңай түсінуге болады, ол мына суреттегідей үш бұрыштың төбесін қосу арқылы көрсетіледі.
Жоғарыдағы үшбұрыш «төңкерілген пирамиданың» алдыңғы тарауында сипатталған сурет, себебі онда менің өте маңызды оқиғадан одан маңызы аздау оқиғаға жалғасқан. Ал төменгі үшбұрыш оқиғаның қалай болғандығының баяндалуын көрсетеді. Құм сағаттың схемасы төтенше жағдайлар туралы мақалаға сай келеді. Мақала оқиғаны қысқаша баяндап беруден басталады. Өйткені мұндай тәсіл асығыс оқырмандарға арналады. Содан кейін барып, кезек куәгерлердің сөздеріне ауысады да оқиға былай өрбиді: одан кейін болған оқиға хронологиялық тәсілмен баяндалады, демек оқырмандарға тек қана оқиғаны біліп қана қоймай, оқиғаның қалай болғандығы туралы да білуге мүмкіндік береді. Мысалы «Балықшы мен алтын балық» туралы ертегі Құм сағат үлгісімен (схемасымен) айтылады да төмендегідей көз алдымызға келеді: Алтын балықтың көмегімен байығысы келетін кемпірдің әрекеті сәтсіз аяқталады. Кең сарай үйге ие болады, ақсүйек атанып, патшайым болады. Бірақ ол өзінің тойымсыз, қанағатсыз әрекеті арқылы, барлығынан айрылып, қаусап қалған бәз баяғы күркесінің жанында отырады. Куәгерлердің баяндауы бойынша бәрі мынадан басталады. Көк теңіздің жағасындағы кішкене лашық үйде отыз үш жылдан бері шал мен кемпір тұрып жатады. Шал балық аулап, кемпір тоқыма жасап күн көреді. Бірде ол көк теңізге қармағын тастаса... Осы жерде «құм сағаттың» үстіңгі жағы екі-үш қысқа азат жолдан тұрса, төменгі жағы бірнеше бетті алады. Егер осы «құм сағаттың» жоғары жағын алып тастап тек қана төменгі жағын қалдырсақ «жұмсақ» жаңалық болады. Себебі хронологиялық жолмен «ым, ишара» арқылы берілетін жаңалыққа қарама-қарсы болып шығады да негізгі, маңызды оқиғаны баяндаудан басталып, ең маңызды жерін баяндаумен аяқталған болар еді.
Жұмсақ жаңалықтың схемасын, анық ақиқат, күлкілі оқиғаларды баяндауға қолданады. Ал оқиға процесі, оқиға қалай болса, сол қалпында баяндалуымен ерекшеленеді.
Мысалы мысық туралы жаңалықты алайық.Ол ағаш басындағы құстарды көріп, аулауға ағаш басына шығады. Бірақ құстар ұшып, ұстатпай кетеді, бірақ, мысық жерге түсе алмай, егесі құтқарушыларды шақырады. Бұл жаңалықта мысықтың құстарды қалай көргенінен бастау керек еді, сонан соң ол ағашқа қалай шыққанын, қалай құстарға жақындағанын, құстардың қалай ұшып кеткенін, мысықтың түсуге әрекет жасағанын, бірақ түсе алмағанын, сонан соң қорқып, мияулап жібергенін, тәптіштеп баяндау керек еді.
Міне, осыны өткен тараулардағы «ишара» жаңалықтарымен салыстырып көріңіз. Қандай жағдайда оқиғаны баяндау көрнекті болады екен? Жоғарыдағы мақалалардан оның үштен бір жартысын алып тастаса мақалының қаншалықты бүлінгенін байқаймыз.
Міне, енді жаңалықты баяндауда әдеби тәсілдермен толықтырсақ «жұмсақ» жаңалық фичеге (ағылшын тіліндегі Feature-тән ерекшелік) айналып кетеді.Фиче дегенімізэмоциональды (сезімді)публицистика жанры болып табылады. Бұл жанрдаоқиға туралы шындық нысанға басымдық берілмейді. Бірақ оқырманның өзі бастан кешкендей күй кешеді. Егер жаңалық: «Не және қандай болды?» деген сұраққа жауап берсе, фиче: «оқиға болған кезде оған қатысушылар қандай болды?»- деген сұраққа жауап береді. Фичеде баяндау тәсілі үшінші жақтың атынан баяндалады. Демек журналист қатысушы кейіпкерлер туралы дерек көздері мен дәлелдеркелтірмейді, тек қана көріністі сипаттайды. Әрекетті баяндайды, диалогты суреттейді. Диалогта дәйексөздерден (цитаталардан) былай ерекшеленеді. Себебі дәйексөз журналиске айтылған сөз, ал диалог кейіпкерлердің бір-бірімен тілдесуі.
Сондай-ақ фичеде кейіпкерлердің іс-әрекеті мен айтқандарынан басқа олардың сол сәттегі сезімдері мен ойлағандары туралы да жазуға рұқсат етіледі. Бұдан мынаны аңғару қиын емес, журналист оқиға орнында болған емес, нақты диалогты естіген жоқ, оқиғаға қатысушылардың сезімдері мен ойын білген жоқ, себебі ол қатыспағандықтан мұның бәрін біле алмайды, демек мақала оқиғаны қайта қалпына келтіреді (реконструкция жасайды) себебі қатысушылармен әңгімелесу негізінде жазылып, журналистің пайымдауы арқылы жазылады. Сондықтан сырттай қарағанда фиче көркем әдебиетке ұқсайды, бірақ көркем әдебиеттен айырмашылығы болған оқиғаны сипаттайды.
Фичеде драматизм тудыру үшін проспекция, ретроспекция және ретердация сияқты тәсілдер қолданылады.
Проспекция (мезгілден бұрын алға шығу дегенді білдіреді), себебі оқырманға оған түсініксіз ақпарат алдын-ала беріледі, сөйтіп, оқиғаны білу үшін мәтінді, Бұл не? деген сұраудың жауабын алып, оқиғаны білуге итермелейді, мысалы абаабақтының көрініс суреттеледі, бірақ кімнің қамауда жазаланып айтылмайды, бұл оқырманның мәтінге тереңдеу түсуіне итермелейді.
Ретроспекция деген проспекцияға қарсы әдіс, яғни ол «артқа қайту» дегенді білдіреді. Бұл бойынша өткен кезең туралы ақпарат хабарланады да қазіргіні басқаша түсінуге әкеледі, мысалы ортаншы ағашты заңсыз қырқып жатқан адамды да ұстайды да оны полицияға беруге даярланады, себебі айыппұл салғызғысы келеді. Былай қарағанда қарапайым оқиға сияқты. Міне, осы кезде журналист әлгі адамның абақтыдан шыққан қылмыскер екенін оның абақтыдан қашып келе жатқанын хабарлайды, оның қайтадан полиция қолына түсуіне ешқандай болмайтынын баяндайды. Оқырман қауіп жөнінде біліп қояды, демек ештеңеден күдіктенбеген орманшыны қауіп-қатер күтіп тұр. Бұл мақаланы оқуға ынталандыра түседі. Ретроспекция мен проспекцияның схемасын былай түсіндіруге болады. Егер оқиғаның біртіндеп өрбуін, 1,2,3,4,5 десек онда проспекцияның формуласы 3,1,2,4,5 болады, ал ретроспекция формуласы 2,3,1,4,5 болады.
Ретардация дегеніміз – пайымдау арқылы немесе паралель жүрген сюжет (оқиға желісі) арқылы әрекеттің кідірісіне ұшырауы. Мысалы апатқа ұшыраған, оған төзіп келе жатқан ұшқыш туралы әңгімені алайық. Міне, осы кезде ұшақ туралы ойлана бастайды, осы кездегі жердегі адамдардың сипаты беріледі. Бұл оқырманның шыдамның таусылуына итермелеп, одан кейін не болғанын ертерек білуге деген ынтасын арттырады. Бұл жерде ретордацияның схемасы былай болады: оқиға-ойлау-оқиға-ойлау немесе ойлау1-ойлау2-ойлау1-ойлау2.
Фиче жазу айтарлықтай күрделі, оған қарағанда кез келген жаңалық жанрына жазылған мақала әлдеқайда жеңіл әрі оңай. Егер кәсіби, тәжірибелі журналист кеңейтіліп жаңалық мақаланы екі үш сағатта жазса, ол жаңалығының оқиғасын қатысушылардан телефон арқылы сұрап, анықтап алса фичеге материал жинаудың өзіне бірнеше күнің кетеді. Өйткені фичеге материал жинау ұзаққа созылады, оқиғаға қатысушылармен әңгімелесу бірнеше сағатқа созылады. Сондай-ақ журналисттің оқиға орнына баруына тура келеді, және оқиғаны нақты жеткілікті білуіне тура келеді. Демек, баспа үшін басылымдар үшін, фиченің өзіндік құны жоғары деген сөз. Яғни, кез-келген басқа жанрлардың құнынан фиченің құны, бағасы жоғары болғандықтан да бұл жанрға ең тәжірибелі, жалақысы жоғары журналисттер ғана қалам тартады. Бірақ мұндай шығындар марапатталады. Мысалы, фиче үлгісімен жазылған мақаланың өзі басқа жанрларға қарағанда әлдеқайда қызғылықты оқылады.
АҚШ-та зерттеу жүргізіліп, адамдарға «төңкерілген пирамида» үлгісіндегі мақала мен фиче үлгісінде жазылған жаңалық мақаласын салыстыра оқуды ұсынған. Бірінші, мақаланың қызықты екенін жақтап, 57% оқырман, ал фичені жақтап 86% адам жауап берген. Яғни, төңкерілген пирамиданы фичеге айналдырып жазу, материалға деген 1,5 есе ынтаны арттырған.
«Төңкерілген пирамида» ең маңызды ақпараттарды мәтіннің бас жағында береді де, мақаланың қалған жерін оқуды керексіз етіп тастайды. «Жаңалықты жандандыру» мақалаға мысал келтіріп, оны көрнекті етуге болады. «Құм сағат» схемасымен жазылған мақала болған оқиғаны қысқаша баяндаудан басталады, сонан соң барып хронологиялық тәсілмен оқиға желісімен баяндауды жалғастырады.
«Жұмсақ жаңалық» оқиғаны бірден хронологиялық жолмен баяндауға негізделеді. Фиче – оқиға болған сәтте «оқиғаға кімдер қатысты?» деген сұраққа жауап беруге негізделген жанр. Фиченің баяндауы – сахна, әрекет пен диалог, сондай-ақ «алға озып кету» сияқты проспекция тәсілін қолдану, ретроспекция сияқты «кері шегіну» тәсілін қолдану және әрекеттің кідіруі мен сюжеттің қатар (параллель) жүруі сияқты ретордация тәсілдерінің бәрі қолдану жолымен жазылатын жаңалықтың күрделі жанры.
* * *
Ньюс-фиченің анықтамасы. Құрылымы:мысал, «негізі азат жол» тақырыпты талдау, кикер. Ньюс-фиче жазу ережесі. Оқиғаның жалпы және кең көлемді жоспары. Ньюс-фиченің динамизмнің дереккөздері. Сараптама мақала. Амбиваленттіліктің ережесі.
Ньюс-фиче жанры (ағылшын тілінен алынған термин. News-Feature–жаңалықты тарих) тек жеке оқиғаны емес, журналист көрген, байқаған осы оқиғаның артында тұрған ұстанымдар мен оқиғаларды баяндайтын жанр. Бұл жанрды кейде «trend-story» ағылшын тіліндегі тренділік тарих деп те атайды. Себебі мұнда жазылған мақалалар ағылшын тіліндегі журналдың мақала «magazine-story» деген трендігі арналады. Себебі бұл жанрдағы мақалалар «Wall Street journal-story» журналында жарияланатын болған. Бұл жанрда жазылған алғашқы мақала Американың «The Wall Street Journal» газетінде басылған. Бұл басылымның журналистер өткен ғасырдың ортасында-ақ мақалаларын «кеше» деген сөзді қолданбай жаза бастаған. Себебі олар өмірдегі болып жатқан оқиғалар мен дәстүрлерді, ұстанымдарды басқа БАҚ білмесін, байқамасын деп «қазір» болып жатқан оқиғаларды жазған. WSJ формуласы осылай туындаған. Оны төмендегіден байқауға болады.
Мақаланың тақырыбы бойынша мысалдар мен суреттер «Негізгі азат жол» (nut grat) тақырыпты ашып, оқырмандар бұл мақаланы неліктен оқитындығы, оның маңыздылығы айтылады. (яғни Не? және Не болды деген сұрақтарға жауап береді)
Тақырыптың зерттелуі –детальдар, бэкграунд, сұрақ – жауаптар. «Бұл неге болды?». Бұл мәселеге байланысты не істеу керек деген сұрақтардың жауабы.
«Кикер» - оқырмандарды ойлануға мәжбүр ететін, олардың алғашқы ойын тас-талқан ететін, тақырыптың күрт өзгеруімен аяқталатын мақаланың соңы.
Нью-фиче барлық уақытта белгілі бір көріністен немесе жағдайдан басталады. Бұл оқырмандар бірден тап болатын оқиғаның «Кеңейтілген көрінісі» болып табылады. Американдық медиакеңесші Чип сканлан мынадай мысал келтіреді. Нью-фиче дегеніміз төменгі сынып оқушыларын артық салмақтан арылтатын диеталық тамақ» дейді ол.
«Негізі азат жол» дегеніміз оқиғаның жалпы жоспары. Камера артқа жылжып көріністі түгел көрсетеді. Негізгі азат жол мәтіні бір немесе екі, үш азат жолдан тұрып, мақаланың маңызды және дер кезіндежазылғандығын білдіреді. Оқырман негізгі азат жолды оқып болған соң әрі қарай оқуды жалғастыруды доғарады. Себебі мақаланың айтайын деген оқиғасы белгілі болып қалады. Чип Скаплан негізгі азат жолды мақаланың ең басында беруді ұсынады. Себебі ньюс-фичедегідей ең болмаса бір екі сөйлем арқылы беріп, сонан соң мақаланың сөйлемдеріне сай болу үшін бұрынғыны қайталап отыруы қажет» - дейді.
Ал одан кейінгі баяндамаларда жалпы және кең көрініс үнемі алмасып отыруға негізделеді.
Жалпы көрініс дегеніміз алдын-ала айқындалған дәлелдер, статистикалық мәліметтер және сарапшылардың түсіндірмелері болып табылады. Мысалы мектеп оқушыларына диетаны арттыру мәселесі 10-13 жастағы 3 мың оқушыдан жауап алу арқылы жүргізілген. Себебі оқушылардың тең жартысынан көбі өздерінің салмағын артық деп санап, үштен бірі арықтайтын диетаға отырған. Тағы бір жалпы көрініс –диетологтың жастардың дұрыс өсуіне қандай тамақ керектігін, ал ашығудың себебінен оларда қандай мәселе туындайтындығын түсіндіруіне арналған.
Кеңейтілген жоспар дегеніміз өмірден алынған мысалдар, нақты жағдайлар мен тарих. Оған екі ереже жатады. Біріншіден мақаланың басында айтылған оқиғалар, ол мәтіннің ішкі жағының тереңінде жалғасын табады. Оқырман да осыны күтеді. Ал бұл оқуға деген қызығушылығын тудыратын жағдай. Мақала соңында алғашқы алғашқы оқиғаға қайта оралады. Әдетте тарихтың жалғасы ең соңғы азат жолдың алдындағы азат жолда пайда болады.
Біздің жағдайымызда бұл Сара апаның концлагер тұтқынына ұқсап кеткен қызы туралы және қыздың клиникада емделіп, дәрігерлердің көмегімен салмағын қайта қалпына келтірген естелігіне ұқсас оқиға.
Екінші ереже ньюс-фичеде кем дегенде басындағы бір оқиғаның тарихы болуы керек. Бұл мынаны білдіреді. Сипатталған оқиға бір ғана жағдай емес ол ұстанымды көрсетеді. Жоғарыдағы мақалада он жасында 75 фунтты көрсетіп, диета арқылы 11 жасында 42 фунтқа салмағын азайтып, «анорепсихикалық диагнозбен» психиатрикалық ауруханаға түскен Чикаго қаласының Катя деген баласы туралы баяндалады.
Мақала екі сарапшының диета туралы түсіндірмесімен аяқталады. Оның бір сарапшысы диета туралы ойын, диетаны арықтау үшін емес денсаулықты жақсарту үшін ұстану керек» деп өз ойын қорытындылайды. Ал екінші сарапшы: Толық балалар туралы ата-аналар ойын өзгерту керек дейді. Сөйтіп сен толып барасың, бұл дұрыс емес, сен оны жөндеуің керек- деп отыруды ұсынады. Біз сені қандай болғанда да сүйе береміз дегені жөн дейді. Бұл проблемадан шығудың жаңа шешімі. Міне осы үшін мәтінді соңына шейін оқисың. Мақаладағы динамизм жоспарды ауыстырған сайын нәтижеге жетіп отырады. (12 жалпы, 9 кең, үлкейтілген жоспар)
Мәтіннің бас жағында сарапшылардың түсіндірмелері мен мысалдарына түгел бір азат жол арналса, одан соң баяндау жеделдейді. Кейбір кеңейтілген және жалпы көріністер (жоспарлар) бір немесе екі сөйлемге дейін жинақыланады. Ең бастапқы көрініске оралған соң баяндау тәсілі баяулайды. Ал соңына қарай қайтадан жеделдейді: соңғы азат жолда жоспардың екі түрі де қолданылып, оған қоса тақырып күрт өзгереді. Одан тыс жоспардың өзгеруі құбылысты әр қырынан көруге мүмкіндік береді. Оның тағдырын терең ұғынуға әкеледі. Сонымен бірге сарапшылардың шешімдері мен қорытындысын қолданумен бірге, абстрактілі-логикалық, нақтылы бейнелі ойлау мәтінді оқырманның жеңіл қабылдауына, оқырманның көз алдына баяндалған ақпараттың қолжетімді болуына мүмкіндік тудырады.
Ньюс-фиченің ең аз көлемдік мөлшері 50-60 қатар болып, міндетті түрде екі мысал (үлгі) келтіріледі және екі жоспар және мысалға қайта оралу 1 жалпы жоспар және шешім мен қорытынды болады. Егер оның көлемі 150-200 қатар болып кетсе, тарауларға бөлу керек. Оның әрбір жеке тарауы жеке дербес ньюс-фиче қызметін атқарады. Тараудың басында нақты үлгілер (мысалдар) келтіріледі. Негізгі азат жолы болады. Жоспар аяқ астынан, күтпеген жерден ауысып отырады. Ол мәселенің аяқталу мәселесіне басқаша қарауға мәжбүр етеді.
Аналитикалық мақаланың ньюс-фичеден айырмашылығы – аса үлкен деңгейде логикалық ойлануға көңіл бөлетіндігінде және тақырыпты тезис және антитезис ретінде ұсынады да аргументтер мен дәлелдерге сүйенеді. Сондықтан журналиске өз пікірін ашық айтуға рұқсат етілмейді (осысымен де сараптама мақала түсіндірмеден (комментарийден) ерекшеленеді) және дәлел үшінші жақтың тарапынан келтіріледі. Оның үстіне журналист жағдайды қабылдауға амбиваленттікті сақтауға міндетті, шындықты тезис ретінде, антитезис ретінде де береді. Біркөзқарасқа ғана тәуелді болмайды. Соңғы шешім оқырмандардың өздеріне қалдырылады. Өйткені оларға ғана кең ауқымды аргументтер ұсынылады.
Сараптама мақалада шешімді тезистің жеңісіне бермейді, аргументтерді есептеп оны нақтылауға береді. Оны қолдаған антитезистерге басымдық беріледі.
Сараптама мақаланың көлемі, әдеттегідей 200-500 қатар ауқымда болады. Сондықтан мұндай мақалалар журналдарда немесе апталық газеттерде жарияланады. Ал күнделікті шығатын басылымдарда, бірнеше қатарды алатындықтан өте аз басылады, жарияланады. Сараптама мақаланың аздаған саны өте қымбат тұратындығымен түсіндіріледі.
Егер жаңалық мақаланы қарапайым журналистер бір жұмыс күнінде жазып тастаса, сараптама мақаланы қымбат қаламақы алатын сарапшылар ғана жаза алады. Себебі, ондай мақаланы жазуға даярлықтың өзіне бірнеше күн, керек десеңіз бірнеше апта қажет болады.
Ньюс-фиче кейбір жеке оқиғаларды сипаттауға ғана қызмет етпейді, құбылыстар мен ұстанымдарды сипаттайды. Сонымен қатар ньюс-фичеде мақаланың тақырыбына сай суреттер мен мысалдардан басталады. Одан кейін негізгі азат жол жалғасады – бұл тақырыптың шешімі болып табылады да бұл тақырыптың маңызы қандай, оқырман не үшінбұл материалды оқитындығына түсінік беріледі. Одан кейін тақырып, детальдер, бекграунд өңделеді. Мақаланы, тақырыпты күрт өзгертетін, оқырманның алғашқы көзқарасын өзертетін, оны ойлануға мәжбүр ететін «кикер» аяқтайды.
Ньюс-фиченің баяндау әдісі жалпы және ірі планның (ауқым, сызба) көмегімен күрт өзгереді, оның үстіне мақаланың соңында планның ауысуы жеделдетіледі. Жалпы план дегеніміз дәлелдер мен сарапшылардың түсіндірмелері, ал ірі план нақты үлгілер.
Ньюс-фичені жазу ережесі мынандай: кем дегенде екі тарихтың болуы және алғашқы тарихтың жалғасы мәтіннің тереңінде соңында айқындалуы болып табылады. Сараптама мақала тақырыпты тезис негізінде ұсынады, антитезис ретінде ұсынады. Сөйтіп олардың аргументтерін қолдайды. Сараптама мақала жазу үшін журналист жағдайды қабылдаудың амбиваленттілігін сақтау керек, ал әділдікті тезис ретінде де, антитезис ретінде де бере білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |