Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, кіріспе лекция.
Деңгейлік тапсырмалар:
1-ші деңгейдің сұрақтары:
Журналист жұмысы: әдістері мен тәсілдері.
Журналист жұмысының психологиясы деген не?
Журналист карьерасы деген не?
2-ші деңгейдің сұрақтары:
Журналист мәтінінің тілі.
Журналистердің қосарлай сұхбаттасу өнері
Идея үлгілері
3-ші деңгейдің сұрақтары:
Коментарийдегі драматургия
Коментарийдің құрылымдық элементтері
Комментарийден не түйсіндіңіз?
СӨЖ тапсырмалары:
Жанр және жанр пішіндері.
Баспасөз жанрларының түрленуі.
ОБСӨЖ тапсырмалары:
Шындықты танудың әдістері.
Баспасөз тектерін жүйелеу, жанрларға бөлу.
Дәріс №4 .Журналистика, көркем әдебиет және публицистика.
Публицистика деген сөздің шығу төркіні – латының publicus – қоғамдық деген сөзден шыққан. Владимир Дальдің түсіндірме сөздігінде публицистсөзіне былайша ангықтама берілген: «Публицист», писатель более газетный, журнальный, по современным тобщим вопросом, по народному праву». Бұл тақырып аясында публицистикаға анықтама беріледі, оның табиғаты журналистикамен, көркем әдебиетпен байланыста ашылады. Публицистика туралы теориялық ұстанымдар көрсетіледі.
Орыс зерттеушілерінің осы тұжырымы әсер еткен болуы керек 1976 жылы жарық көрген Қазақ совет энциклопедиясының 9-томында ұлттық журналистика ұстазы Т.Амандосов пен белгілі ғалым Ә.Жұмабаев көсем сөзге мынадай анықтама берген: «Публицистика - өмірдң әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, ғылыми және басқа да рухани құбылыстарын, өмірдің фактілерн өзіне арқау ететін әдеби жанр».
Көсемсөзді жанр ретінде қарастырушы зерттеушілер пікірімен белгілі ғалым Т.Қожакеевтің де көзқарасы сәйкес келеді: «Публицистика нақтылы өмірден орын алып отырған мәнді оқиға – фактілер төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал жасайды,- деп жазды профессор. Яғни, публицистика –фактінің, нақты оқиғаның жанры».
Зерттеуші Т.Ыдырысов көсемсөз жайлы мынадай пікір білдіреді: «Публицистика – жазушы мен журналистің әлеуметтік пікір айтуы, күнделікті өмірге, әр қилы қоғамдық шабытпен терең ой топтап, жұртшылықты белгілі бір оқиғаға, құбылысқа ерте, еліктіре білуі. Екінші сөзбен айтқанда, публицистика дегеніміз – саяси-көркем прозы, қаламгердің әлеуметтік мәселелерді толғауы».
Публицистиканы әдебиетпен қоса журналистиканың саласы ретінде қарастырушылар да бар. «Әдебиеттану терминдер сөздігінде» орын тапқан мақаласында Ғ.Доскенов сондай пікір білдіреді: «Көсемсөз - әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы», - деп жазды ол.
Ал, «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» деген тақырыпта зерттеу жүргізген ғалым Бауыржан Жақып дәл осы аттас кітабында публицистика мен журналистиканың аражігін бірнеше қырынан аша келе, нақты мынадай тұжырымға тоқталады: «Журналистика – белгілі бір қызмет саласы және әсер ету сферасы, түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын, ұйымдар мен мекемелердің басын құрайтын белгілі бір аппарат, әлеуметтік институт. Ал публицистика – белгілі бір нысаны, орны, функциясы, мазмұны, құрылымы мен пішіні бар, белгілі бір жанрлар жүйесі бар және қоғам мүшелеріне әсер ету тәсілдері бар тұтас шығармашылық түрі».
Аталған еңбегінде Бауыржан Өміржанұлы публицистиканың көркем әдебиеттен де өзіндік ерекшеліктері бар екеніне бес түрлі айырмасын айта отырып көз жеткізеді. Сөйтеді де «публицистика мен көркем әдебиеттің екеуі де сөз өнерінің салалары» деген тұжырым жасайды. Біз зерттеушінің осы ойымен толық келісеміз және оны терең талдап, байыта қорыту керек еді деген пікірдеміз.
Байқап отырғандығымыздай, публицистика туралы осындай алуан түрлі түсінік бар. Оның олай болатын себебі де жоқ емес. Публицистика қоғамдық ойдың қозғаушы күші және қоғамдық өмір шындығының сырлы шежіресі болғандықтан ол туралы толыққанды зерртеу жүргізу кешегі кеңестік тоталитарлық қоғамда мүмкін болмады. Олай еткен күнде қоғам шындығы ашылып қалатын болды. Сол себепті публицистика зерттеушілеріне қатаң партиялық бақылау аясынан шықпай ой түйіндеулеріне тура келді. Публицистикатану ғылымының кенже дамып келе жатқанының негізгі себебі де содан деп білеміз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.
Достарыңызбен бөлісу: |