Лекция Педагогикалық технологиядағы жаңартпашылық оқытытудың әдістері мен формалары



бет13/16
Дата21.06.2016
өлшемі1.92 Mb.
#151684
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

13 лекция

Ой шабуыл әдісі
«Ой шабуыл белсенді ойлау мен іс-әрекет

жасаудың дағдысын қалыптастырады»
Ғыламда мидың пайдалы іс-әрекеті коэффицентін арттырудың түрліше әдістері жасалуда. Мамандардың есептеуі бойынша, адам миының бар-жоғы жеті пайызы ғана қызмет атқаратын болып келеді. Бұған жататындары: әлеуметтік-психологиялық тренинг, синектика, аутогендік жаттығу, морфологиялық анализ, іскер ойындар, ой шабуыл т.б.

Ой шабуыл –– белсенді оқытудың, басқарудың және зерттеудің әдістерінің бірі. Ол мидың белсенді жұмыс істеуін, шығармашылық пен жаңартпашылық процестерді қалыптастыруды негіз етеді.

ІІ дүниежүзілік соғысы кезінде америка маманы А. Осборн кеме Кеңесінде «алғадайлар (камикадзелер) отырған торпедодан әскери кемелерді қалай қорғауға болады» деген проблеманы шешуде осы әдістің негізін салды. Соның негізінде түрліше идеялар туындап, соғыстан кейін осы әдістің ой әлеуетін арттыратын қасиеті ой шабуыл артықшылығын мәлім етіп, әуелі АҚШ, Ұлыбритания, Франция, одан кейін Жапонияда қолға алынды. Шығармашылық ықпал мен өнімділікке негізделген тәсіл ТМД аймағында да өз қолданысын табуда.

«Ой шабуыл» әдісін төмендегідей негізде қысқаша атап көрсетуге болады.

Ой шабуылды жүргізуші белгілі бір проблеманы қатысушылардың алдына қойып, талқылау барысында өздерінің пікірін жалтақтамай ашық айтуларын талап етеді. Жүргізуші қатысушылар аузынан шыққан жаңашыл ойлардың бәрін жазып отырады. Барша ой айтылып болғанша ешқайсы талқыланбайды, сыналмайды. Кейінірек арнайы мамандар арасында ой сарабынан өткізіліп, байыпталады.


«Ой шабуылды» өткізу технологиясы

64-суретте ой шабуылдың мақсаты көрсетіліп отыр:


64-сурет.

Психологияда шығармашылықтағы өзекті туындаушы ойлардың көбіне сынға ұшырауы мен жоққа шығарылуы, қатаңдықпен басылып тастауы байқалады. Тіпті ең өзекті деген туындаушы ойлардың өзі орынсыз сынға ұшырап отырады.

Сондықтан ой шабуылда белгілі бір ережелер тізбегі қолданылады (65-сурет).



65-сурет.

Ой шабуыл біз төмендегі бірінші кестеде көрсетіп отырған сценарийдің жоспары бойынша өтеді.


    1. «Ой шабуылға» кіріспе

Жүргізуші қатысушылардың алдына ыстық кофе мен салқын сусындар т.б. қойып, бөлменің ауасын тазартады, жеңіл сазды музыка әуені ойнайды. Қатысушылардың интеллектуалды өресін арттыру үшін арнайы дайындықты керек етпейтін бірнеше жеңіл жағдайлар мен міндетті шешу ұсынылады. Бұдан ары «ой шабуылдың» негізгі түсіндіру бөлігі басталып, экранда:

  • Мақсаты;

  • Сценарийлік жоспары;

  • Ережесі көрсетіледі.

1.2. Ойды жүйелеу үшін Ой шабуыл девизін қолданған оңтайлы.

Жүргізуші экраннан бірнеше нұсқаны қатысушылар назарына ұсынып, аталған сыныптағы оқушыларға сай келетінін таңдап алады. Мысалы:

1. Біз бұл міндетті шешеміз, сондықтан проблема туындамайды.

2.Проблема өте күрделі, бірақта біз оны бәрі бір шешеміз.

3.Әрбір проблема тек бір ғана дұрыс шешімге ие, сондықтан оны таба алмасақ ұят болады.

4.Шешімін таппаған проблема алаңдаушылық пен депрессия туғызады, әрі ақылды алаңдатады. Алаңдаушылық бізге керек емес.

5.Проблеманы шешудің дағдысын қалыптастырамыз.

1-кесте

«Ой шабуыл» өткізу сценарийінің жоспары



«ОШ» кезеңдері мен қысқаша түсіндірмелері

Өткізілу тәртібі




І кезең. Пролог




1.1.

«ОШ» кіріспе: ахуал қалыптастырып, қатысушыларды жұмылдыру. Алға қойылған мақсат, ереже және өткізілу технологиясы туралы ақпарат.

10 мин.


1.2.

«ОШ» девизін таңдау

10 мин.

1.3.

Проблеманы қою мен тарамдау

10 мин.




ІІ кезең. Туындаушы




2.1.

Туындаушы-барлау (қатысушылардың алғашқы ой-идеяларына, ереженің орындалуына т.с.с. психологиялық қолдау жасау).

5-10 мин.

2.2.

Туындаған ой (идеялар) тасқыны.

20-30 мин.




ІІІ кезең. Синтездендіруші




3.1.

Аналитиктердің идеяларды синтездендіруі (классификациясы, бағалануы) және олардың жинақталуы.

15 мин.




IV кезең. Сынаушылық




4.1.

Келіп түскен идеяларға (ойды ұсынушы адамдар емес, ұсынылған идеялар түрлі позицияда сынға алынып, жөнге келтіріледі) сын – бас аналитиктің баяндамасы.

20 мин(оның 10 минуты баяндамаға)




V кезең. Эпилог




5.1.

Жалпы қорытынды шығару ( ОШ мен қатысушылардың жұмысын бағалау)

5 мин.







Max 120 ̀ =

2 сағат


1.3. Проблеманы қою мен шешімін табу.

Бұл кезеңде ең басты рөл жүргізушіге жүктеледі. Ол әрі ұымдастырушы, әрі туындатушы болуға тиіс. Ол проблеманы төмендегідей негізде қояды (66-сурет):

66-сурет.

Осы қойылған проблема ары қарай былайша көрініс табады.


  • Қиындықтар неден тұрады;

  • Шешімнің табылуы;

  • Проблеманың күңгейі мен теріскейі;

  • Сауалдың қиындығын айқындау;

  • Оның қиындық, функциялық және шешім табу деңгейін айқындау;

  • Белгісіздік деңгейі т.с.с.

Осы арқылы тыңдаушылар арасында проблеманың шешімін табу туралы сенім ұялайды. Олар өз ойларын форматы төменде көрсетілген І қосымшаға түсіреді.

Осыдан кейінгі синтездеуші кезеңде 3-5 адамдық аналитиктер тобы келіп түскен идеяларды жинақтап, ары қарай өңдеу үшін себетке салады. Олар өңделіп сұрыпталады. Аса қажетті дегендері жүйеге түсіріліп бағаланады. Осыдан кейін барып, өз кезегімен қалған кезеңдерде ең негізі деген идеялар іріктеліне түседі де, сынаушылық кезеңінде аналитиктер екіге жарылып, бірі – қорғаушы, екіншілері – сынаушыларға айналады да, кейін барып, форматтағы идеялар төмендегі 67-суретте көрсетілген себеттерге бөлінеді:





67-сурет.



68-сурет.


Шартты алгоритмдік саралаудың мысалын 68-суретте көрсетілген, бұл бізге келіп түскен ойларды себеттерге бөлуге көмектеседі.

Ой шабуылды жүргізуші үнемі аналитиктермен ақылдасып, күн тәртібінің сақталуын қадағалайды. Ал аналитиктер ІІ қосымшаны толтырады.


Идеяларды жинақтау бойынша бас аналитиктің (немесе қос аналитиктердің) баяндамасы
Аналитиктер өздерінің арасынан 10 минуттық баяндама жасайтын бас аналитикті тағайындайды. Ол төмендегідей кестеде көрсетілген негізде шығып сөйлейді.

Сандық көрсеткіштері:

1. Қатысушылар саны – _____________________________________

2. Идеялар саны – ___________________________________________

Олардың ішінде:

2.1. Конструктивтік пен реалистік (жаңа) – ______________________

_________________________________________________________________

2.2. Орегиналды – ____________________________________________

_________________________________________________________________

3. Белгілі – __________________________________________________

_________________________________________________________________

2.4. «Ойлар қоқысы» – ________________________________________

Ерекше көңіл бөлінетіні бірінші себеттегі идеялар. Олар жіктеліп, міндетті түрде авторлары ауызға алынып, ең басты дегендері айырықша аталып өтіп, мадақталады.

І формат.

Ой туындатуға арналған

Проблема (жазыңыз)_____________________________________________



Проблеманы шешуге арналған сіздің ойыңыз

Идеяның жаңашылдығы неде? Күтілетін қиындықтар, өзіндік ерекшеліктер, жүзеге асатын уақыты, сіздің жеке бастық қатысуыңыздың үлес салмағы, орындалу алгоритмі. Күтілетін нәтижелер

Идея авторының аты жөні

1.







2.







3.







ІІ формат

Аналитиктерге арналған

Аты-жөнін, аналитиктер тобын (басты аналитиктерді атап көрсету)
Туындаушы идея бойынша берілген мәліметтер


  1. Сандық көрсеткіштері:

1.Қатысушылар саны- ____________________________________

2. Идеялар саны - ________________________________________

Сапалық көрсеткіштер:

3.Әсіресе, баса көңіл бөлініп, сараланатыны алғашқы екі себеттегілер

4. Ерекше деп танылғандарын бөліп көрсетіп, идея авторларын айырықша атап өту (идея мәнісін қысқаша сипаттау)____________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________

Осылайша ақпарат ағыны толастайды.


14 лекция

Эпилогтағы жүргізушінің ой шабуылдың

жалпы қорытындысын шығаруы

«Ой шабуылдың» жүргізушісі шұғыл түрде оның талдамасын жасап, алға қойылған мақсаттың қалайша шешімін тапқандығын алынған нәтиже негізінде алға тартады. Ең маңызды дегендері педагогикалық қолданысқа енгізіледі.


ІІ. Қорытынды
Қатысушылардың дайындығы мен туындаған идеялардың келіп түсуіне байланысты ойларды жобаға келтіру төмендегіше өрбиді:

  • идея авторы мен идеяны тақтаға жазып, жеке бастық ой айту;

  • топтық жұмыс және команданың ұжымдық идеясын ұсыну;

  • «Ой шабуылды» не «идеялар конференциясы» немесе «идеялар жәрмеңкесі» түрінде модификациялау;

  • авторлар өз ойын тақтаға жазып, ауызша түсінік береді;

  • басқалары.

Осы талқылауда интеллектуальдық шығармашылық қолпашталып, жаңаның туындауы өмірге келеді. Сондықтан ұстаздар қауымы ойын процесінде «Ой шабуылдың» өткізілу технологиясын қолданылу дағдысын меңгеруге тиіс.

Ой шабуылда пайданылатын реквизиттер 69-суретте беріліп отыр.



69-сурет.

Жобалау әдістері
Зерттеушіліктің оқулық сипатына, оны ұйымдастырудың ғылымда жалпыға бірдей қабылданған әдістердің қолданылуына қарамай, білім беру жобасының негізіне оқушының өз бетімен жүргізетін дербес, мақсатты бағытталған зерттеушілік іс-әрекеті жатыр. Оның табиғатында ғылыми әдістерге ұқсату, бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, дерексіздендіру мен нақтылау жатады. Оқу зерттеушілігін бір сабақ немесе оқу бағдарламасының бір тарауы көлемінде осы әдістерді қолдану арқылы ұйымдастыруға әбден болады.

Жобалау әдістері жүзеге асырылған сабақ: жаңа материалды игеру; бекіту және оқу тапсырмасын шешудегі дағды қалыптастыру сабақтары болып келуі мүмкін.

Сабақтың негізгі формасы топтық жұмыс болып табылады. Егер әр топ бір ғана тапсырманы (зерттеу бір ғана объектіні қарастыратын болса) орындайтын болса, онда ең ұтымдысы – түрлі деңгейдегі топтарды құру.

Жобалық сабақтың барысында кез келген зерттеушілік жобаны жүзеге асыруға тән барша кезеңдер көрініс табады:

1.Әңгімелесу мен пікірталас кезінде проблемалық сауал өмірге келіп, білімді ары қарай зерттеу өзектеніп, жұмыстың мақсаты мен міндеттері қойылады.

2. Ой шабуылдың көмегімен зерттеудің гипотезасы алға тартылады.

3. Зерттеу әдісі таңдалады. Бұл таңдауды не оқушылар пікірталас барысында өздері ұсынады, не мұғалім өз тарапынан ұсынады.

4. Оқушылар топта жұмыс істей отырып, үшінші кезеңде таңдалған зерттеу әдісін қолданып , ұсынылған проблеманың жауабын іздейді. Одан кейін барып, алынған нәтижені талдайды және оқушылардың өз бетімен жүргізген жұмыстары туралы түйіндеме жасайды.

5.Зерттеу барысында алынған нәтижелерді әр топ конспекті, жоспар, алгоритм және т.б. түрінде жазбаға түсіреді. Есеп берудің түрі сабақтың басында келісіліп алынады.

6. Әр топ өздерінің жұмыс нәтижелерін ауызша хабарлама түрінде ұсынады.

7. Жұмыс қорытындысы шығарылып, әр топтың іс-әрекетіне баға беріледі.

Жобалар әдісінің негізінде оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдысын дамыту, өз бетімен білімін жетілдіре алу дағдысы, ақпараттық кеңістікте бағдар ұстай білу дағдысы, шығармашылық ойлай білу жатыр [114].


Жобалық сурет салу
Психологияда сурет салу адамның коррекциялық іс-әрекетін таныту құралы ретінде қолданылатыны бәрімізге белгілі.

Жобалық сурет салу психокоррективтік жұмыста интенсивті әдіс болып саналады. Оның көмегімен оқушылардың тұлғалық психологиялық сапасы жетіледі, көркемдікпен ойлау жүйесі арта түседі.

Аталған әдіс оқушының тұлғалық қарым-қатынас жасау дағдысын үйлестіретін амал-тәсіл болып табылады. Бала көбіне өз ойын жеткізе алмай қиналып, сурет салуға жүгінеді, кейін сол салғаны арқылы өз сезінуі мен іс-әрекетінің себебін түсіндіріп бере алады. Көркемдік құрал – түс пен форманы қолдану жобалық сурет салудың мақсаты ретінде оқушының ішкі күйі айшықтап береді.



Жобалық сурет салудың бірнеше әдісі бар. С.Кратохвил классификациясына орай, олар төмендегіше бөлінеді:

-еркінше сурет салу, әркім нені қаласа, соны салады;

-қарым-қатынастық сурет салу, жұптасып іс-әрекет етушілер образдар, боялаулар және сызықтардың көмегімен өзара септеседі;

-қосымша сурет салу, шеңбер бойынша қатысушыладың біреуі басын, ортадағысы келесі бөлгін, ең соңғысы қалғанын салып шығады;

-бірлесе сурет салу, қатысушылардың бәрі бір ғана парақ қағазбен жұмыс жасайды.

Ресей ғалымы Л. Хариннің суреттер тақырыбы:

-бірлескен кеше мен бүгін: «Менің әдеттегі күн тәртібім», «Мен және балалар», «Мен өзімді ыңғайсыз сезінетін жағдай»;

-келешек немесе абстрактілі ұғымдар: «Үш қалау», «Бақыт аралы», «Жалғыздық», «Кім болғым келеді?»;

-топқа деген қатынасы: «Біздің топ», «Топқа кіргеннен мен не таптым?».

Бұл әдістің алға қойған мақсаты баланың қабілетілігін дамытып, өзінің сезінуін «сезінемін, суретін саламын, көремін, өзім мен өзгелер туралы айта аламын» дегенді сипаттап, суреттеп бере алуға үйрету болып табылады.



Әдістемелік нұсқаулық:

1.Сурет салуға қатысу ерікті болуға тиіс.

2.Материалдарды дұрыс екшеп, таңдай алу.

3. Балалар сурет салатын қағаз көлемді болу керек.

4. Жас ерекшелігі үлкен мәнге ие болмауға тиіс.

5. Сурет салу процесінде жүргізуші орынсыз іске араласпауы керек.

6. Жетекші оларды өзінің ырқына бағындырмай, тек сезімін сыртқа шығара білетін жолды ғана нұсқауы керек.

7. Ойындық формаға жол берілуі шарт.

8. Суреті салынатын мәтін әуелі оқылып шығып, одан кейін оқушыға өз әсерін салып шығу ұсынылады.

9.Салынған суреттерді талқылау ережесі:

-жүргізуші салынған суреттердің мазмұнына қатысты алдын ала дайындалып алуы шарт;

-қатысушыға өз суреті туралы сөйлеуге құқық беріледі;

-деструктивті сынға жол берілмейді;

-суреттерді бір мезетте жұрт назарына ұсыну арқылы бірлесе қарап шығып, салыстырып, әрқайсының өзара ортақтастығы мен ерекшеліктерін айыра білу;

-егер әр сурет жеке-жеке қарастырылатын болса, онда ол қолдан-қолға көшіп, әр қатысушы осы сурет туралы өз ойын ортаға салады;

-суретті талқылағанда оның салыну көркемдігі емес, салушының көңіл-күйді бере алуы ескеріледі.

10. Жобалық сурет салу сабағын тапсырмамен үйлескен жағдайда белгілі бір дене жаттығуымен аяқтап отыруға болды.

Сурет салу оқушыға өзін танытып, шығармашылық мүмкіндігін ашуға көмектеседі.


«6 ойшыл қалпақ» әдісі (Эдвард де Боно)
Бұл әдіс ойлаудың түрлі амал-тәсілін білдіретін жағдайлар, проблемалар, сауалдардың негізінде оқушылармен дербес, не топтық жұмыс түрінде жүргізіледі.

Алдын ала мұғалім ақ, қызыл, қара, сары, жасыл, көк түсті алты қалпақты дайындап қояды.

Ақ қалпақ (ақпарат) – объективті фактілер, цифрлармен байланысты бейтарап, объективтілік. Біз қанадай ақпаратқа иелік етеміз? Бізге қандай ақпарат қажет?

Қызыл қалпақ (сезім) – эмоционалды түйсіктік қадамды танытады. Осы проблемаға қатысты мен нені сезінемін?

Қара қалпақ (логикалық теріс ойлаушылық). Тағдырдың жазғаны. Оны қарастырудың не керегі бар.

Сары қалпақ (логикалық дұрыс ойлаушылық) – тиімді, оптимистік көзқарас. Бұны қалай істейміз? Нәтиже қандай болып шығады? Бұны істеудің керегі бар ма?

Жасыл қалпақ (шығармашылық ойлау). Бұл – табиғатпен үйлескен, өсу мен өркен жаюдың түсі. Ол – адам көңіл қоятын шығармашылық ойлаудың символы, сондықтан зерттеу, ұсыныс, жаңа идеялар бүршік атады. Сонымен қатар, балама идеяларға да орын беріледі. Бұл жағдайда не шара қолдануға болады? Деген ой түйін ортаға тасталады.

Көк қалпақ (ойлау процесін басқару). Көк түс – көкжиектегі аспанға көз жіберіп, алысты болжау түсі, сондықтан, аталған жағдайда тиімді ұсынысты ғана қозғау керек.

Оқушы осы әдіс қолданылған сабақта түрлі түсті қалпақтардың бірін кию арқылы белгілі бір ойлау типінен көмек күтеді.

Эсселік оқыту әдісі

«Эссе» ұғымы тырысу, байқап көру деген мағынадағы француз сөзінен шыққан.



Эссенің негізгі нышан-белгілері

  • Шағын көлем.

  • Нақты тақырып.

  • Жеке тұлғалық пайымдаудағы ой еркіндігі.

  • Мәтелділік пен айшықтылық.

  • Ауызекі тілдік мәнер.

Эссенің мақсаты

Әлемді өзіндік ұғыну мен оған деген қарым-қатынас

Эссе болып табылатыны

Баламалы реферат

Эссе оқыту әдісін қолданудың кезеңдері

1. Дайындық кезеңі

  • Ғылыми және танымдық әдебиетпен жұмыс істеуге үйрету.

  • Дерек көздерімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту: мәтінді білу, оны түсіну, қолдана алу, талдау, синтездеу, бағалау.



  • Мұғалім ақпаратты пирамида түрінде оқушылардың істелетін жұмыс туралы хабары болсын деп оның орындалатын кезеңдерін кезектестігімен ұсынады.

2. Дамушы кезең

Дамушы кезеңнің негізгі мақсаты болып эссе жазудың дағдысын жетілдіру табылады. Оқушылар проблеманы айқын ұғынып, оның шешімін табу жолын ұсынуы керек. Дамушы кезеңдегі жұмыста оқушылар дәйек сөзбен жұмыс істей алуды үйреніп, оны жұмыс барысында орынды қолдана білуі тиіс. Мәтіндегі дәйек сөз тырнақшаға алынып, дерек көзі көрсетілуі керек. Сілтемелер сан бойынша, ал соңында авторы көрсетілуі қажет.

Дамушы кезеңде орындалатын эсседе оқушылар мынаны білуі шарт:


  • Дәлелдеу;

  • Себебі мен салдарын түсіндіру;

  • Проблеманы анықтау және түйіндеу, оның өзіндік ерекшеліктерін көрсету;

Проблеманың шешімін табудың қажеттілігін көрсете отырып, өзінің шешуін ұсыну

Эссенің құрылымы



Кіріспе сөз

Оқушылар эссенің проблемасын (идеясын), жазылу мақсатын анықтайды







Негізгі бөлім

Проблеманың мазмұнын, мәнісін ашады. Бұл үшін олар ұсынылған тақырыпты ашуға көмектесетін ғылыми негіздемелерді (теория, формула, графика, диаграмма, таблца, салыстыруларды), дәлелдемелерді, пікірлерді, дәйек сөздерді, сандарды, статистикалық мәліметтерді, фактілерді пайдаланады.







Проблеманы шешу жолдары

Жұмыстың соңында оқушы проблеманы шешудің белгілі тәсілдері мен әдістеріне сүйеніп, өзінің дербес жобасы мен ұсынысын білдіреді.









Менің проблемаға деген қатысым

Оқушы өзінің проблемаға деген өзіндік, моральдық, эмоционалдық, этикалық қатынасын танытады.









Өздік бағалау

Автордың өз пікірі бойынша, жұмыс кезеңдерінің сәтті және сәтсіз тұстарының бағамдалуы






Библиография

Қолданылған әдебиеттер тізімі (авторы көрсетілген әдебиеттер, ғаламтор сайты және басқа дерек көздері).

Мысалы,

1.Э. Беккенбах, Р. Беллман. Введение в неравенства. «Мир», 1965.



2.Г.Л. Невяжский. Неравенства. Учпедгиз, 1947.

www.irsh.redu.ru — сайт научно-методического и информацион­но-публицистического журнала «Исследовательская работа школьников».







Эссе – белгілі бір тақырып туралы оқушының шағын көлемдегі өз ойын еркін айта алуы.

Эссенің прозалық шығарма ретінде өмірге жолдама алуының авторы француз философы Мишель Монтень (1533-1592) болды. Кейін оның көркемөнер туындысы ретіндегі ойын педагогикада оқу-тәрбие беру ісінде арнайы жаңартпашылық әдіс ретінде кеңінен қолдана бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет