Лекция Педагогикалық технологиядағы жаңартпашылық оқытытудың әдістері мен формалары



бет9/16
Дата21.06.2016
өлшемі1.92 Mb.
#151684
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

1-кезең. «Арманшыл» - мен (біз) не істейміз? (мектеп үшін).

Арманшылдың істейтін қадамы – бәрі де мүмкін. Жобалаудың бұл кезеңінде мақсаттың мәнділігіне көңіл бөлу мен шектеулер жасауға жол берілмейді.




Сауалдар

Жауаптар

1. Сіз нені қалайсыз?

Мақсат...

2. Сіз неліктен тап осыны қалайсыз?

Мақсат...

3. Нәтижесінде нені ұтып шығасыз?

Мен ...жеңіп шығам.

4.Табыстың кепілділігін қайдан білесіз?

Табыстың кепілі...

5. Пайдасын қай жерден күтесіз?

...пайда күтіледі.

6. Бұл идея қандай тиімділікке ие?

Бұл идея ...бастап алып келеді.


2-кезең. «Реалист» - мен(біз) бұны қалай істейміз?

Реалистің негізгі қадамы «Арман қалай да болсын жүзеге асады». Жобалаудың бұл кезеңінде шектеулер жасауды ойға алуға жол берілмейді.




Сауалдар

Жауаптар

1. Мақсатқа қай кезде толық қол жеткізіледі?

Мақсатқа қол жеткізудің уақыттық аясы...

2. Бұған кімдерді тартуға болады? (жауапкершілікті бөліп беру мен іске тартылғандардың жоспарды орындау жолындағы міндеттерін белгілеу)

Басты ойыншылар...

3. Сіздің идеяңыз қаншалықты нақты? Бірінші қадам қандай болуы керек?

Мақсатқа қол жеткізудің қадамдарына кіретіні:

-бірінші қадам

А)

-екінші қадам



Ә)

және т.б.



4.Сіз қалай ойлайсыз мақсатқа жақындадыңыз ба, әлде одан алшақтадыңыз ба?

Тиімді кері байланыс болып...

5.Мақсатқа қол жеткізгеніңізді қалайша білесіз?

Біз (мен) мақсатқа қол жеткіздік деп, сол кезде...ұғамыз.


3-кезең. «Сыншы» - Әлдене біз ойлағандай болмай шықса ше?

Бұл сатыдағы жасалатын қадам мынандай болуы тиіс: егер де проблемалар туындайтын болса ше?




Сауалдар

Жауаптар

1.Жаңа идея нені қозғайды, кім оны жасайды немесе оның тиімділігіне нұқсан келтіреді?

Осы жоспарға бей-жай қарамайтындар..

2. Оларға не қажет?

Оларға қажеті...

3. Неліктен әлдекім осы жоспарға (идеяға) өз қарсылығын білдіреді?

Егер әлдекім қарсы шығатын болса, онда...

4. Қабылданған шешімді жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілден сіз нені ұтасыз?

Аталған тәсіл төмендегідей тиімді сәттерге...ие.

5. Жаңа идеяны енгізген кезде сіз тиімді сәттерді қалай сақтап қала аласыз?

Бұл тиімді ұтыс ...сақтаудың арқасында...

6.Ойға алғаныңызды жүзеге асыруға не кесірін тигізеді?

Егер былай болса...

7. Дәл қазіргі сәтте сіздің жоспарыңызға нені қосып, нені өзгерту керек?

Бұған...өзгерту/қосу қажет.


4-кезең. Шеңберді қайыра айналу.

«Қажетті» немесе «жіберіп алғанға» қатысты «Қалай?» сауалын қою.



Сыншының айтатыны: «Сіздерде өз жоспарларыңызды шынайы бағалау үшін ақпараттық жағы жеткіліксіз».

Бұл жағдайда «Қалай» сауалы төмендегідей болып келеді: «Мен (біз) ақпаратты қалай жинаймыз?»



Арманшыл

Сен жоспарда ненің жетіспейтіні мен ненің қалдырылып кеткенін қалай анықтайсың?

Мүмкін шешімдер...


Реалист

Бұны қалай нақты енгізуге болады?

Бұның енгізілуі:

А)

Ә)



т.б. көмегімен жүзеге асуы әбден мүмкін.

Сыншы

Аталған сәтте жоспарға не жетіспейді?

Аталған сәтте не жоқ...


Оқушылар мұғалімнің басшылығымен көңіл толатын нәтижеге қашан қол жеткізгенше шеңберді бірнеше рет айналады. Әдетте осы айналым жасауда алғашқы алға қойған мақсат шынайы қадамдардың нәтижесінде түкке тұрғысыз болып қалады.

«Терминкарта» ойыны

«Терминкарта» ойыны туралы құнды мәліметті Ресей зерттеушісі Н.А.Мореваның [86] біршама өзгерген ұғымдық-терминологиялық ойындарынан ала аламыз.



Мақсаты: оқушылардың оқу материалдары терминдік ұғымдарымен жұмыс істеудегі дағдысы мен машықтарын жетілдіру, оқу ақпаратын синтездей алуға дағдыландыру, оқу материалын еркін туындата алу мен вербальды тұсау кесер жасаудағы оқушылардың өзара әрекеттестігіне қол жеткізу.

Оқыту әдісі: ойындық іс-әрекет, рөлдік ойын...

Оқыту формасы: дербес жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс.

Дайындық материалы: терминкарталар топтамасы, өлеңдер мәтіні.

Ойынды өткізу технологиясы.

Бірінші кезең. Қатысушылар жұптарға бөлінеді. Әр топ «жиын», «теңдеу», «шексіздік» т.с.с. ұғымдарды түсіндіріп беруге тиіс. Әр жұп өз алдына дербес ұғымды талқыға салады. Бір топтың өкілі мысал ретінде келтірген ұғымдағы бөлініп көрсетілген тірек сөзді оқып шығады.

Екінші кезең. Әр жұп 3-5 ұғымнан тұратын терминкарталарды алады. Оқушылар 10-12 минут ішінде дәптермен жұмыс істеп, тірек сөздерді бөліп көрсетеді.

Үшінші кезең. Ары қарай жұптар шеңбер бойынша термин-карталарымен алмасып, 7-10 минут келесі терминкартаны зерделейді.

Егер оқушылардың жұбы екіден асса, терминкартаны ауыстыру жалғаса береді.



Төртінші кезең. Оқушылар жұп бойынша 4-5 минут бойы бір-бірлеріне терминкартаның мәнісін айтып береді. Бұл арада «Емтихан алушы» мен «Емтихан тапсырушы» рөлдерін орындау жүзеге асырылады. Ары қарай қатысушылар рөлдерін алмастырады.

Бесінші кезең. Әр жұпқа оқып жатқан, бұрын оқып кеткен математикалық ұғымдарды пайдаланып, өздерінің термин мәтінін құрастыруға мүмкіндік беріледі. Оның негізі болып жұпқа берілген бірінші терминкарта табылады. Оны жұп кейбір басқа элементтермен (терминкартадағы тақырып пен ұғымдарға байланысты) көрнекілендіріп толықтыруы шарт. Терминкарта белгілі бір оқиғаға құрылып, ертегі, муль-тфильм, кино т.с.с. кейіпкерінің әңгімесіне құрылуы да мүмкін. Әр жұп жұрт алдында өзінің туындысымен танылады.

Алтыншы кезең. Құрастырған әңгімелері бойынша сөз сөйлеу ду қол шапалақтаумен жалғасады.

Жетінші кезең. Әрбір қатысушы ойынның тірек кестесін құрасты-рады.

Ойын соңында оқушылар стресс түсіру үшін ойындық жаттығулар жасап, тілге жеңіл балалар өлеңдерін оқиды.

Жаңартпашылық мектептерде ұстаздар басшылыққа алуға тиісті тірек компетенциялардың сипатын [87] жұрт назарына ұсынамыз:


Компетенция

Компетенцияның мазмұны

Әлеуметтік

Өзіне жауапкершілікті ала білу, шешім қабылдап, оның жүзеге асырылуына бел шеше қатысу.

Коммуникативтік

Екі-үш тілде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасай алу, компьютерлік бағдарламалауды меңгеріп, ғаламтормен жұмыс істей алу

Ақпараттық

Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу, ақпараттық технологияны меңгеру, алынған ақпараттарға сын көзбен қарау

Арнайы

Сабақ материалын дербес игеруге өзіндік жетілу арқылы қол жеткізу

Когнитивтік

Өзін-өзі жетілдіру мен өз бетімен білімін көтеріп, тұлғалық дамуын үнемі өзгеріске түсіріп отыру


2-терминкарт. Өздік тәрбие
Өздік тәрбие – қалыптасқан сенімі мен идеялына байланысты саналы түрде алға қойған мақсатына сәйкес оқушының өз тұлғасын өзгертуге бағытталған іс-әрекеті болып табылады. Өздік тәрбие тұлғаның белгілі бір даму деңгейін, өзіндік сана-сезімін, өзімен өзгелердің іс-әрекеттерін саналы салыстыра білуге қабілетілікті ұсынады.

Ол үшін өздік тәрбие мынандай амал-тәсілдерді: өздік міндеттеме (өзін жетілдіру үшін мақсат пен міндет қою), өздік есеп беру (өзінің өткен өмір жолына көз жіберу), өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлығына пайымдау жасау (табыс пен сәтсіздіктің себебін анықтау), өздік бақылауды (өзінің хал-ахуалы мен мінез-құлқын керексіз салдарлардан қорғаштап отыруды) қолдануды ұсынады.

Өздік тәрбие өздік басқару процесінде жүзеге асырылады [88].

Өзіндік айқындау арқылы мектеп оқушысы өзінің болашақ кәсібі мен өмір жолын таңдай алады.

Өздік тәрбие әдісіне жататыны: өздік таным, өздік сабыр, өздік қозғам.

Өздік танымға жататыны: өздік бақылау, өздік талдау, өздік бағалау, өздік салыстыру.

Өздік сабырға жататыны: өздік сенім, өздік бақылау, өздік бұйрық, өздік сендіру, өздік қуат (рух) беру, өздік ағынан жарылу, өздік мәжбүрлеу.

Өздік қозғамға жататыны: өз орнын табу, өздік қолдау, өздік қолпаш, өздік жаза, өздік шектем.

Өздік бағалау, өздік бақылау, өздік ретттеу, өздік сенім өздік тәрбиенің негізгі амал-тәсілдері болып табылады.
«Тұлғаның қасиеті» ойыны

Мақсаты: белгілі бір мамандық иесі болатын кәсіби маманның бейнесін сомдап, жалпы идеяны туындату.

Оқыту әдісі: ойындық іс-әрекет.

Оқыту формасы: жұптық жұмыс немесе топтық жұмыс.

Ойын ережесі: сынға тыйым, басқа топтың идеясын дамытуға мүмкіндік беру.

Дайындық материалы: қағаз, маркерлер.

Ойынды өткізу технологиясы:

I кезең. Оқушыларға белгілі бір мамандықтың белгісі болып табылатын жануарлардың суретін салып шығуға 7-минуттық тапсырма түрі беріледі. Мысалы: жапалақ – ақылды, сұңқар – көреген т.с.с.

II кезең. Оқушылар белгілі бір топқа ұжымдасып, өздеріне ат тауып қояды. Белгілі бір мамандықтардың тақырып аясын кеңіту үшін жұмыстар атқарады.

III кезең. Ары қарай әр топтың өкілдері өздерінің тобының атқарған жұмыстарымен таныстырады.

Идеяларды бағалау «Қол шапалақтау байқауы» бойынша өтеді.



IV кезең. Жалпы концепцияны жобалау.

V кезең. Ойынның рефлекциясы.

Ойынның өту барысында не ұнады, не ұнамады?

Ойынның өткізу ережесіне нені қосуға болады?

Кімді ерекше атап көрсетуге болады?

Топтың көш басшысы болып кім саналады?

«Маман бейнесі» жаттығуы

Мақсаты: белгілі бір мамандық иесі болатын кәсіби маманның бейнесін сомдап, жалпы идеяны туындату үшін біріктіре білу, шығармашылық, синтездеу т.б. дағдыларды қалыптастыру.

Дайындық материалы: қағаз, маркерлер.

Оқушыларға ой шабуыл арқылы өздерінің көкейлеріндегі ұнамды мамандықтардың басты сипаттарын жазып шығу ұсынылады. Бұдан кейін әр оқушы өзінің парағына визуалды тұсау кесер жасап образдарды орналас-тырады. Тұсау кесерден кейін олардан ненің ұнап, ненің ұнамағандығы сұра-лады.



«Ұғым» жаттығуы

Мақсаты: біріктіре ойлай білу, анықтаманы құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру.

1. Оқушыларға белгілі бір математикалық ұғым беріліп, ұғымды бағандап, оның астына 4-5 тірек сөзді жазып келтіру ұсынылады.

2. Олардың ішіндегі бір-екеуінің астын сызып белгілеп қою тапсырылады.

3.Осы белгіленген сөздердің негізінде ұғымға өзінің анықтамасын беру ұсынылады.

4. Тізбек бойынша әр оқушы тірек сөз арқылы алынған анықтамасын оқып шығады.

5. Бәрі болған соң, оқулықтағы классикалық анықтама жазылып, екеуі өзара салыстырылады.



«Алғашқы әсер» жаттығуы

Мақсаты: математика мұғалімінің образынан алынатын әсерді қалыптастыру.

Тапсырма: математика мұғалімінің бейнесін сомдау.

Дайындық материалы: рөлдер тізімі бар таратпа материал.

Таратпа материалда математика мұғалімінің бейнесі «Наполеон», «Бақылаушы», «Шыңғысхан» бейнесінде ұсынылады.

Оқушылар өздері алған үш таратпа материалының бірі бойынша ұстаздарының бейнесін сомдайды.

Бағалау ду қол шапалақтау арқылы беріледі.



Рөлдер тізімі бар таратпа материал.

«Экономикалық»;

«Техникалық»;

«Ақпараттық»;

«Басқарушылық»;

«Әскери» т.с.с. мамандық топтарына бөліп, немесе:

«Сандар»;

«Жиындар»;

«Формулалар» деп пәндік ұғым-түсініктерге бөліп, балаларға таратып беріп, олардың қиялынан туған рөлдерді ойнатуға болады.
11 лекция

Математика сабағындағы сыныптағы психологиялық

ахуалды түзу ойын-жаттығулары

Математика мектептегі ең ауыр, әрі ең жеңіл сабақтардың бірі болып табылады. Басқа сабақтардай емес, дербес өзіндік ойлауға көп көңіл бөлінетіндіктен оқушылардың белсенді және сылбыр қатысқандарының арасында психологиялық байланыс орнату үшін сабақтың өту барысындағы белгілі бір кезеңде балаларды психологиялық жақтан желпіндіріп отырған дұрыс. Төменде пән мұғалімінің сабақтың белгілі бір бөліктерінде қолдануға болатын жаттығуларын ұсынып отырмыз.



«Менің қалауым» жаттығуы.

Мақсаты - өтілетін материалға назар аударту.

Оқушылар бүгінгі сабақ пен бүгінгі күннен нені қалайтынын тірек сөздермен немесе тұтас сөйлем түрінде білдіреді.



«Көңіл хошы» жаттығуы.

Математикадан өткен материалды қайталау сабағында мұғалім әуелі өз оқушыларына мадақтау сөздер айтады. Одан кейін бақылау жұмысы таратылып беріліп, әр оқушы өзінің парталас көршісіне оның бақылау есебін қарап шыға отырып, мақтау сөз айтады.



«Басын қосу» жаттығуы.

Мақсат – бірлесе есеп шешудегі жағымды хал-ахуал қалыптастыру.

Оқушылар 3-4 адамнан бастарын шеңбер жасай отырып, мұғалімнің оқулықтан бөліп берген есептерін бірлесе шығарады. Болған соң топтың өкілі мұғалімнің қарауына беріп, ұстаз оларды басқалардың да талқысына салады.



«Менің көңіл-күйім» жаттығуы.

Мақсат: суреттердің көмегімен «осында және қазір» көңіл ауанын таныту.

Оқушыларға «осында және қазір» негізінде А4 қағазына өзінің көңіл ауанының суретін салып шығуға тапсырма беру.

«Ертегілік бейне» жаттығуы.

Оқушылар өздері оқыған, көрген, естіген ертегілерінің желісінде ондағы кейіпкерлерді геометриялық ұғымдарды пайдалана отырып салып шығады.



«Сыйлық» жаттығуы.

Мақсат: геометриялық фигуралар арқылы оқушы санасында ұғым-түсінік қалыптастыру.

Қатысушылар шеңберді айналып тұрады.

1. Қатысушылардың бірі әлемге әйгілі иіс сулардың бірінің сауда маркасының атын айтады, келесі осы сауда тауарының геометриялық суретін тақтаға сызып шығады.

2. Кейін осындай тақтадағы суреттер бір-бірлеріне сыйланады.



«Жарнама» жаттығуы.

Мақсат: математикадан өткен тақырыптарға назар аударту.

Мұғалім оқушыларға өткен тақырыптар бойынша белгілі бір ұғымдық сөздерді жазып шығуды тапсырады. Олардың жазып шыққан ұғымдарын жиып алып, парта бойынша таратып береді. Әр партадағы оқушылар 3-5 минут ішінде аталған ұғымды өмірлік жағдаймен байланыстырып, жарнамалауға тиіс.



«Шеңбер бойынша денелер» жаттығуы.

Жаттығудың мақсаты: геометрия сабағы бойынша стандартты емес, шығармашылық ойлауды қалыптастыру.

Алдын ала үшбұрыштар, төртбұрыштар, көпбұрыштар дайындалып қойылады.

Оқушылар шеңберді айналып тұрады. Әр оқушы өзінің қолына тиген фигура түрлері бойынша өзінің теориялық түсінігін айтып береді. Ойын фигуралар шеңберді түгел айналып шыққанда аяқталады.

Оқушылардың математикалық тұсау кесер жаттығулары

«Шапалақ» жаттығуы.

Мақсаты: жаңа тақырып бойынша оқушының өз бетімен есеп шығарып көрсетуі.

Мұғалім жаңа сабақтың формуласы мен мысал есепті тақтаға іліп, әр қатардан екі-үш оқушыдан тақтаға шақырып, түрлі есептерді шығаруға береді. Олар шешіп болған соң, дұрыс болса, қол шапалақтатып, теріс болса, өзінің түзетуін жасайды.



«Әлем болашағының картасы» жаттығуы.

Тақтаға түрлі диаграммалар бар кесте ілініп, оны шаруашылық, өнеркәсіп, техникалық жақтан әлемнің аймақтық орналасуы бойынша пайыздық көрсеткішпен толтырып шығуға тапсырма береді. Оқушылар толтырып болған соң, әлем экономистерінің 2020 жылғы жорамалын оқушыларға оқып беріп, кімдердің математикалық жорамалдау арқылы шындыққа жақын келгенін атап өтеді.



«Электронды сабақ»

Сабақ ғаламтор орналасқан сыныпта немесе мектеп кітапханасында өткізіледі.

Кітапханашы немесе информатика пәнінің мұғалімі алдын ала математика мен геометрия пәндеріне қатысты сайттарды дайындап қояды.

Оқушылар аталған сайттарға кіріп, алған материалдары негізінде математикалық көрме ұйымдастырады.



«Шығармашылық шешім» сабағы

Қарастырылатын проблемалардың, қарама-қайшылықтардың, мәселелердің шешімін табу үшін өткізілетін «шығармашылық сабақтың» негізінде блок-кесте түрінде құрастырылған «ҚАЛАЙ?», «НЕЛІКТЕН?», «ЕГЕР ДЕ...» секілді сауалдарға жауап табу жатады.

Мұғалім жаңа материалды игертуде Қалай? Неліктен? деген сауалдарға оқушылары біршама жауап алған соң, пән бойынша шығармашылық жұмысқа кіріседі.

6. Мектептегі белсенді оқыту педагог – ғалымдардың назарынан еш тыс қалған емес. Себебі, жаңартпашылық оқыту өз бойына белсенді оқыту әдістері мен белсенді оқыту формаларын жинақтайды. Ол туралы жоғарыда сөз етілді. Мектептегі белсенді оқытудың ерекшеліктері мен принциптеріне тоқталайық.

Мектептегі белсенді оқытудың ерекшелігі
Педагогикалық технология





Имитациялық емес
-проблемалық дәрістер;

-проблемалық семинарлар;

-тақырыптық дискуссия;

-ой шабуыл;

-дөңгелек үстел;

-педагогикалық ойын жаттығулары;

-тәжірибеден өту




Имитациялық

Ойындық емес

-нақты жағдайдың

анализі;

-имитациялық

жаттығулар;

-тренинг



Ойындық

-рөлдерді ойнау;

-іскер ойындар;

-оқу ойындары – блиц-ойын,

мини-ойын, дербес ойындық сабақтар;

-өндірістік ойындар – проблемалық іскер ойындар;

- зерттеушілік ойындар - проблемалық іскер ойындар;

-ойындарды ұйымдастыру іс-әрекеті

-жаңартпашылық ойындар –

проблемалық іскер ойындар;

-ой түрткі ойындар

-ойындық жобалау


55-сурет.

Белсенді оқыту әдісі – оқушының оқу процесін игеру үстіндегі шығармашылық ойлау белсенділігіне түрткі болатын білім беру. Оны педагогикалық әдебиеттерде көбінесе белсенді топтық оқыту деп те атайды. Осындай әдістерді ресей ғалымы Н.Новак имитациялық емес және имитациялық белсенді топтық оқыту әдістері (55-56 суреттер) деп екіге бөліп көрсеткен [89].

Имитациялық емес белсенді топтық оқыту әдісі өзіндегі оқытылатын процесте немесе іс-әрекетте модульдің болмауымен ерекшеленеді. Білім беруші мен білім алушы арасындағы қарқынды тура және кері байланыстың болуы оның белсенді оқыту формасы екендігін танытады.

Имитациялық белсенді топтық оқыту әдісі – кәсіби іс-әрекетке еліктеуімен сипатталады. Оны ойындық және ойындық емес деп екіге бөледі.

Белсенді білім берудің ерекшелігі мынада:



  • білім алушының еркіне қарамай, белсенді ойлауға мәжбүрлеу;

  • білім алушы мен білім берушінің белсенділіктері үйлеседі;

  • мотивациялық, эмоционалдық, шығармашылық деңгейлерінің артуы.

  • оқушы мен мұғалім арасындағы қарқынды тура және кері байланыстың

болуы;

кәсіби, интеллектуалдық бағытқа бағдар ұстанулары.

Сонымен, жаңарпашылық мектептің мұғалімі имитациялық, имитациялық емес белсенді топтық оқыту әдісіне сүйене отырып, білім беру сапасын барынша арттырады [90-93].

«Өз өткеніңнің тұтқыны болма» деген Гросстың педагогикалық қанатты сөзін басшылыққа ала отырып, белсенді оқытудың теориялық негізі туралы кеңінен сөз ететін боламыз. «Белсенді оқыту әдістері оқу процесін кәсіби біліктілікке тақата түседі» деген неміс педагог ғалымы Гросстың сөзімен біржолата келісе отырып, ТМД бойынша аталған әдіс түрінің қолданыла бастауына қысқаша шолу жасайық (57-сурет).

Біз кеңестік білім беру дәуіріндегі ортақ тарихымыз бен тәжірибелерді сызып тастай алмаймыз. Белсенді оқыту әдісі туралы А.М.Смолкин [94], В.В.Краевский [95], Л.В.Наумов [96], П.Г.Щедровицкий [97], А.А. Вербицкий [98], Ю.С.Арутюнов [99], Д.В.Татьяченко., С.Г.Воронщиков [100], Р. Г.Грэм., К.Ф.Грей [101] сияқты ғалымдардың айтқаны әлі өз мәнін жойған жоқ. Іскер ойын туралы сөз 1974 жылдың желтоқсанында алғаш рет ауызға алынып, педагогикалық іс-тәжірибеде қолданылуына жол ашылды.. Араға жылдар салып, әуелі Киев қаласында [102], кейін Челябинск қаласында [103] белсенді оқыту әдісіне арналған түрлі педагогикалық жиындар өтіп, іс-тәжірибелік және теориялық жинақтар шығарылды.











57-сурет.

Өз бастауын мұхиттың арғы жағындағы АҚШ-тан алатын іскер ойындар өткен ғасырдың 40 жылдарынан бастап, «Business game», яғни іскер ойындар негізінен менеджмент саласында, жоғарғы оқу орындарында алғаш рет Гарвард университетінде педагогикалық өмір салтына енді. Жоғарыда аталған мәселер 70 жылдардан бастап, КСРО-ның бар жерінде қолдау тауып кетпесе де, жаңашыл кеңес орыс педагогтары: «Құжат» [104], «Конференция» [105], «Озық тәжірибелер эстафетасын» [77], «Көрме» [106], іскер ойындар мен нақты жағдай [107], Блиц-ойындар [108], «Аргументтер мен контраргументтер» [100], «Ой шабуыл» [109] сияқты белсенді оқыту әдістерінің алғашқы педагогикалық қарлығаштарын өмірге әкелді. Осылардың ішінде жақсы аңғарылғаны дәріс сабақтардың белсенді оқыту әдістерінде қолдануға оңтайлы екендігі. Арнайы құрылған «Іскер ойындар мен белсенді оқыту әдістерінің 2-ші мектебіндегі» оқыту әдісі туралы

Н. Борисова өзінің педагогикалық тұжырымын өмірге әкелді.



58-сурет.

58-суретте белсенді оқыту әдісі терминіне тек анықтама ғана беріліп отыр. Белсенді оқыту әдісі кейде оқытудың белсенді әдісі деп те аталады. Енді төменде классификациялық кестені назарларыңызға ұсынамыз (59-сурет).



59-сурет.

Белсенді оқыту әдісінің түп бастауы 1930 жылдардың басында Ленинград қаласының мұғалимасы Мария Мироновна Бирштейннен басталды. Аталған ұстаздың жаңашылдығын түсінгісі келмеген қызыл коммунисттер кеңес педагогикасына жат әдіс деп санап, Бирштейнді 19 жылға Сібірге жер аударды. Бірақ бұндай әділетсіздікке мойымаған еврей әйелі айдаудан қайтып келген соң да бастаған ісін аяғына дейін жеткізіп, өз ойының дұрыстығын кеңестік педагогика саласында дәледеп берді.

60-сурет.

Енді ТМД педагогикасында қолданылып жүрген осы үш әдістің өзара байланысына көз жіберелік (60-сурет).

Педагогика әлеміне кең тараған осы әдістер туралы бұдан былай жұртты толғантқан ой-пікірлерге байланысты өз ойымызды кеңінен беріп отыратын боламыз.

Төмендегі 61-суретте белсенді оқыту әдісінің негізгі міндетін көрсетілген.

61-сурет.

Келесі кестеге көз жіберетін болсақ, осы әдістердің арасындағы ортақтыққа көз жеткіземіз. (62-сурет).

Белсенді оқыту әдісі өзінің оқу процесіндегі дәстүрден тыс технологиясымен ерекшеленеді:



  • ойлау белсенділігін арттырады және белсенділік ұзаққа сақталады, оқу мазмұндық, эмоциялық шешімді сақтау бойынша дербес шығармашылық шешім қабылдауға мәжбүрлейді;

  • әріптестік қарым-қатынасты дамытады;

  • ақпараттың берілу көлемін арттыру арқылы емес, оның тереңдігі мен жылдам өңделуі негізінде білім берудің нәтижелігін арттырады;

  • білім мен тәлімнің берілуінің тұрақты жоғарғы нәтижелілігін қамтамасыз етеді.

Осы салада өнімді еңбек етіп жүрген Н.В.Борисованың «Технологиялық процесі» [110] атты еңбегінің арқасында белсенді оқу әдістемесінің 25 іс-әрекеттік қимылы мен 30 амал-тәсілдері айқындылып, педагогикалық іс-тәжірибеге енді. Осы салаға байланысты пост кеңестік кезеңде мынандай авторлардың: В.А.Трайнев [111], Н.В.Самоукина [112], С.Д.Неверкович [66] А.П.Панфилова [113], Н.А.Морева [85], В.П.Бугрин [114], П.И.Пидкасистый., Ж.С.Хайдаровтардың [115] еңбектері ТМД кеңістігіне кеңінен танылды. Оның үстіне, «әдіс» ұғымы – субъектілі болса, «технология» ұғымы – объективті, осылар арқылы әдістер, амал-тәсілдер мен құралдар өзінің өміршеңдігін танытады. Барлық жеті белсенді оқыту әдісінің технологиялық процесі альтернативтік оқыту түрі есебінде бірін-бірі қайталап, бір-біріне ұқсас болып келгенімен, әрқайсының өзіндік ерекшелігі мен айырмашылықтары бар .

62-сурет.

Біз санамалаған әрбір әдістің ТМД білім кеңістігінде қолданылуы мына кестеде көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет