Лекция Педагогикалық технологиядағы жаңартпашылық оқытытудың әдістері мен формалары


Эссенің орындалуын деңгейлік бағалаудың алгоритмі



бет14/16
Дата21.06.2016
өлшемі1.92 Mb.
#151684
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Эссенің орындалуын деңгейлік бағалаудың алгоритмі

Жетістік деңгейі

Сипаттау

1-2-деңгейлер

Оқушы тақырыпты зерделеген жоқ. Негізгі идеяларды, факторлардың өзара байланысын шала түсінген, проблеманы айқындай алмайды. Ұсынылған деңгейлердің барлық деңгейіне көтеріле алмайды.

3-деңгей

Оқушы көлемді мәселенің шешімі неге тіреліп тұрғанын түсініп, өзінің білімі мен пайымын көрсете алады. Қалыпты формада ғылыми терминологияны қолданып, біршама деңгейде ғылыми тілге ие болып, идеяны бере алады.

4-деңгей

Оқушы ғылымдағы оң және теріс пікірлерге қатысты ақылға сыйымды түсініктеме бере алады. Қалыпты формада ғылыми терминологияны қолданып, біршама жоғары деңгейде ғылыми тілге ие болып, кең көлемде диаграмма, таблица, суреттер арқылы идеяны бере алады.

5-деңгей

Оқушы ғылымдағы оң және теріс пікірлерге қатысты ақылға сыйымды түсініктеме бере отырып, оған өзінің пікірін қосады. Ғылыми терминологияны интерпретациялап, жоғары деңгейде ғылыми тілге ие болып, проблеманы егжей-тегжейлі талдайды. Қалыпты көлемде диаграмма, таблица, суреттер арқылы ақпаратты бере алады.

Осылайша, қазіргі таңда жаңартпашылық мектептерде жоғары сынып оқушылары мен оларға сабақ беретін пән мұғалімдерді әріптестік бірлескен шығармашылыққа жетелейтін жаңартпашылық білім беру әдісі эсселік әдіс болып табылуда.



Шағын топпен жұмыс істеу

Сабақтағы оқушылардың терең білім алу мүмкіншілігіне қол жеткізу үшін әріптестік рухындағы шағын топпен жұмыс істеуді ұстаздар өнімді жолға қою керек. Мұғалім өзі сабақ беретін сыныптағы шағын топтардың қалыптасуы үшін көптеген Белсенді оқыту әдісіне арқа сүйейді. Енді осылар туралы сөз етейік.



1.Оқушылардың сандық құрамының ережесі:

Мұғалім парталастарды «диада», жеке отырып қалған оқушыны оларға қосып «триада» құру арқылы немесе сыныптағы оқушыларды 8-10 адамнан екі-үш топқа бөлу арқылы семинар сабақтарын, тренингтерді өткізе алады.

Ұлттық мектепте шағын топпен жұмыс істеу үшін қажеттісі:

1. Орындалатын іс-әрекет түрі мен тапсырманы таңдап алу.

2.Шағын топты құру.

3. Оқушыларға айқын нұсқау беріп, орындайтын уақыттарын нақтылай белгілеп, оларды сол сабаққа қажет құралдармен (қағаз, маркер және т.б.) және оқу материалымен қамтамасыз етіп, олардың берілген тапсырманы дұрыс ұғынғандығын тексеру.

4. Оқушылардың тапсырма орындау барысындағы іс-қимылдарын үйлестіріп, тиісті материалдық-теориялық көмек беру. Топтан-топқа өте отырып олардың дұрыс жұмыс істеулеріне көмектесіп отыру. Топқа қысым жасауға болмайды.

5. Оқушыларға өтілген сабақ материалын талқыға салғызу. Сонда, әр топ өзінің тапсырманы орындауының нәтижесін хабарлайды. Ол үшін әр топтан бір-бір «төбе би» сайланады. Егер уақыт мүмкіндік берсе, оқушылар бір-бірлеріне сауалдар қойып, өз пікірлерін мысалдар арқылы дәлелдейді.

Енді шағын топпен жұмыс істеудегі жаңартпашыл педагогикалық қарым-қатынас стилі туралы кеңірек сөз етейік. Шетел ғалымы М.Тален мұғалімнің өз оқушыларымен жаңартпашыл педагогикалық қарым-қатынас стилінің төмендегідей 7 моделін ұсынады.

І модель – «Сократ». Пікірталасқа жаны құмар мұғалім өз сабақтарында оқушылар арасындағы дау-дамайды әдейі тұтатады. Соның нәтижесінде оқушылардың бойында өз ұстанымын қорғап қалу қабілеті қалыптасады.

II модель – «Топтық пікірталас жетекшісі». Мұғалім өзін делдал ретінде ұстап, оқу-тәрбие процесінде келісім мен әріптестік қарым-қатынастың қалыптасуына септеседі.

III модель – «Шебер». Бұнда мұғалім өзін үлгі тұтар бейне есебінде ұстайды.

IV модель – «Генерал». Бұл мектептеріміздің өмірінде кең тараған мұғалімді пір тұтуға негізделген сабақ беру үрдісіне үйлеседі.

V модель – «Менеджер». Оқушылардың тиімді іс-әрекет етуін қалыптастырып, бастамашылдығы мен өз бетімен іс-әрекет ете білуін қолдап, қолпаштап отыру. Мұғалім әр оқушының жетістігі мен кемшілігін тек өзіне ғана айтып отырады.

VI модель – «Жаттықтырушы». Мұғалім өзінің әр шәкіртінен оқу материалын ұжымдаса игеруде өзін қалыпты жағынан көрсетуді талап етіп, басқа сыныптағы оқушылардан оқ бойы озық болуды үнемі естеріне салып отырады.

VII модель – «Гид». Мұғалім өзін білім әлеміне жол көрсететін жол бастаушы ретінде ұстап, оқушыларына жөн-жосық көрсетіп, бұрын белгісіз білім дүниесінің қалтарысты тұстарымен таныс етіп отырады.

Шешімді визуалдандыру және қисынды-құрылымдық кестелеудің заманалық білім беру парадигмасы – қоғамның ашықтығын талап етеді. Ондағы компентенция – қол жеткізілген сапа, компетенттілік – білім беру тапсырысы ретінде ұғынылады. Еуропалық одақтың бізге ұсынып отырған когнитивтік компентациясы білім беру деңгейін үнемі арттырып отыру мен өздік дамуды жолға қоюды талап етуде.

Когнитивтік ая бізге визуалды білім, дағды, машық қалыптастыруға септеседі. Педагогтың визуалды мәдениеті оқу- көрнекілік құралдарын жасап шығуда, сабақпен оның композициясын құруда өте маңызды. Осыған орай мынандай педагогикалық теориялар тұлға дамуына когнитивтік амал, метакогнитивтік процестер, нейролингвистік бағдарламалау теориясы т.б. ұлт мектептеріндегі жаңартпашылық оқыту процестерінде өз жалғастығын табуға тиіс.

Репрезентативті жүйелерге біздің сөздік емес (вербальды емес) сезінулеріміз жатады, яғни ақпарат алудағы иіс, дәм, қысым т.с.с. сезімдік түйсінулер. Осылайша түйсініп ойлау тәсілдерін репрезентативтік жүйелер деп атайды. Біз ақпараттың көбін визуалды, яғни көру арқылы өңдесек, қалғандарын есту – аудиалды, сезімдік – кинестетикалық сезіп түйсінулер арқылы қабылдаймыз.

Осының негізінде ойлаудың үш типі бар екенін аңғарамыз.



Визуалды ойлау типі – оған шамамен мектеп оқушыларының 30 % ие болып келеді;

Аудиалды ойлау типі – оған шамамен мектеп оқушыларының 13-25 % ие болып келеді;

Кинестетикалық ойлау типі – оған шамамен мектеп оқушыларының 40-52 % ие болып келеді.

Метакогнитивтік процестерде қосарлы кодтандыру теориясына сәйкес ақпарат семантикалық тор түрінде, сондай-ақ кесте түрінде адам жадында ұзақ уақыт сақталады. Қосарлы кодтың ерекшелігінің бірі – естен шықса да, екіншісі – адам санасында сақталынып қалады. Сонымен, пайымдау іліміне, яғни ойды меңгеруге көмектесетін амал-тәсілдер, яғни метакогнитивтік процестерге- резюме жасау, нақтылау, кестелеу, ұйымдастырулар жатады [120].



  • Резюме жасауға төмендегідей басты идеялар: (а) «көптен» «аз» жасау, (ә) «аз» өз тарапынан «көптің» мәнісін өз бойына сіңіру енеді. Резюме жасаудың нәтижесі болып жаңа идеяның жоспары немесе қысқаша мәліметі табылады.

  • Нақтылау резюме жасауға қарама-қарсы болып келіп, көбірек ақпарат береді. Нақтылау ретінде мысалға, көрнекілікті, сызбаны, ұқсастықты, метафора немесе оқушының өз сөзімен түп идеяны жазбаша баяндауды, яғни бұрынан белгілінің негізінде жаңаша түсіндіруді қолдануларын атауға болады.

  • Кестелендіру дегеніміз – мәтіндегі құрылымды; ойлау формасы немесе мәтіндегі «шаблонды» табу. Жалпы кестедегі ең бастысы – осы құрылымдар немесе ақпараттың өңделу деңгейі болып табылады. Педагог ғалым Майер негізгі ойды немесе тезисті айыру үшін мәтінді өңдеудегі мынандай бес құрылымды анықтады:

1.Себеп-салдар – себеп-салдар байланысын көрсету;

2.Салыстыру – талқыға түскен нәрселер арасындағы ұқсастық пен айырмашылық;

3.Жинау – талқыланатын нәрсенің бірлігі мен құрамдас бөліктерін санамалау жөніндегі мәлімет;

4. Сипаттау – факті бекіту;

5.Жауап беру реакциясы – проблема мен оның шешімін табу немесе сұраққа берілетін жауап.

Мысалы, экология туралы «Каспий теңізіндегі супертанкерлердің қоршаған ортаға әсері» атты тәрбие сағатында мәтін төмендегідей көрнекіліктегі кестеленумен беріледі:

1.Себеп-салдар – Супертанкердің жан-жақты жарақтанбауы «мұнайдың төгілуіне» алып келеді;

2.Салыстыру – Қазақстан мен ОПЕК елдері арасындағы ұқсастық пен айырмашылық;

3.Жинау – Супертанкер қауіпсіздігінің үш амалы: кеме жұмысшыларын дайындау, жөндеуді дұрыс жасау, техника қауіпсіздігін сақтау;

4. Сипаттау – Атыраудың мұнайға байланысты шегіп отырған экологиялық зардаптарының фактілеріне нақты мысалдар келтіріп, оны түйінді материалдық тұрғыдан бекіту;

5.Жауап беру реакциясы – мұнай сатудағы коррупция проблемасы мен оның өз шешімін табуы немесе осының төңірегіндегі сұрақтар мен оған берілетін жауаптар.


  • Ұйымдастыру – зерттелетін материалды бір жүйеге түсіру. Мұғалім оны ұйымдастыру үшін тараулар мен тараушаларды қолданады.

Мысал үшін осындай ұйымдастыру амалының қолданылуының үлгісін бере кетелік:

А. Дәстүрлі білім беру әдістері.

1.түсіндіру

2.әңгімелеу

3.айтып беру

4.тәжірибелік жаттығулар

5.зертханалық жұмыстар т.б.

Ә.Жаңартпашылық білім беру әдістері

1.ой шабуыл әдісі

2.кейс-стади әдісі

3.рөлдік ойындар

4.іскер ойындар т.б.


    1. Зерттеу әдістері

А.Зерттеудің теориялық әдістері

1.анализ


2.синтез

3.салыстыру

4.индукция

5.дедукция т.б.

Ә. Зерттеудің эмпирикалық әдістері

1.сауалнама

2.бақылау

3.әңгімелеу

4.эксперимент және т.б.

8 сыныптан бастап мұғалім оқушыларды конспект жазуға үйрете бастауы керек. Біз оқушыларға дәріс сабақты конспектілеудің алты ережесін ұсынамыз:

1.Әдеттегі материалдың қажетті жерін жазып отыру.

2. Басы артық материалды сызып тастау.

3.Бір-бірімен байланысты идеяларды бір негізге топтастыру мен алмастыру.

4. Бір-бірмен байланысты идеяларды ең маңыздысымен алмастыру.

5. Тақырыптың мәнін ашатын сөйлемді көшіріп ал.

6. Тақырыптың мәнін ашатын сөйлемді өзің құрастырып жаз.

Оқушылар конспект жасауды қалай жүргізуі керек деген педагогикалық сауал ұлттық мектеп мұғалімдерін қатты алаңдататыны белгілі. Оқушыларға конспект жазуға үйретудің оқу процесінде білім, машық, дағды қалыптастырудағы негізгі төрт сатысы бар:


  1. басты және қосымша ақпараттың арасындағы айырмашылықты білу;

  2. сөздерді қысқарту;

  3. мәтінді өз сөзімен жазып шығу;

  4. жоспар құру.

Оқушылар ғылыми мәтінді оқыған кезде ондағы төмендегідей құрылымдарды аңғаруы тиіс:

1) жинақтау идеялардың түсіндірілуі немесе дамуды анықтайтын негізгі идеяны іздеу;

2) санамалау ретімен кезектесіп келетін фактілерді іздеу;

3) кезектестік – әлдебір процестің жағдайлары мен кезеңдерінің байланыстық қатарын іздеу;

4) классификациялау – категория бойынша топтасқан материалды іздестіру;

5) салыстыру мен қарама-қарсы қою – екі немесе одан да көп заттар арасындағы байланысты іздеу. Міне, осы арқылы мектеп оқушыларын өз қабілеттерін визуалды таныта алуға қалыптастырамыз. Ұстаз осындай білім беру амалдары негізінде өз шәкірттерінің жаңа мүмкіндіктерін барынша аша алады.



Визуаландыру дидактиканың алтын өзегі болып табылады. Білім берудің кезеңдік моделінде мұғалім өз шәкіртеріне екі түсті маркерлер беріп, дәрістік конспектідегі немесе таратпа материалдардағы негізгі ұғымдарды бір түспен белгілетіп, ал алдында жатқан ақ параққа олардың визуалды шешімдері негізінде туындаған құрылымдарын жазғызады. Оқушылардың бұндай визуалды шешімдерінің құрылымы желілік, тармақтық, индуктивтік, дедуктивтік және т.б. түрінде болып келеді. Ал визуалды шешімдер тек құрылымдық түрінде ғана емес, образды (бәйтерек, пирамида, сағат, баспалдақ т.с.с.) түрде де ұсынылады. Ұлттық мектептегі тәжірибелі ұстаздар сонымен қатар өз оқушылары үшін Бьюзендер өмірге әкелген [121] интеллект-карта әдісін ұсына алады. Т.Бьюзен мен Б.Бьюзеннің интеллект-картасы бойынша жасалған оқушылардың командалық жұмысының кестесі 70-суретте көрсетілген.










70-сурет.



Интеллект-карта әдісі – ойлау процесінің графикалық көрініс табуы болып табылады. Оқу материалын құрастыру «сегізаяқ» түрінде болып келетін интеллекті картаның өзіндік белгілері бар:

-назар аудару объектісі ,

-назар аудару объектісімен байланыстағы негізгі тақырыптар;

-бұтақтар не тірек сөзді, не образды таңбалайды. Қосымша идеялар осы бұтақтан тармақталып шығып отырады.

-бұтақтар байланысқан желілік жүйені түзеді.

Интеллект-картаның сапасын түстің, суреттердің, кодталған тіркестердің, сонымен қатар үш өлшемді кеңістікке енгізудің көмегі арқылы жақсартуға болады. Интеллект-картаның мысалы 24-беттегі 8-суретте берілген.



Интеллект-картаның заңдары: мазмұн мен безендіру заңдары және құрылым заңдары деп екіге бөлінеді.

Мазмұн мен безендіру заңдары

1.Эмфазаны қолдану.



  • Үнемі орталық образды қолдан.

  • Графикалық образдарды жиірек қолдануға тырыс.

  • Орталық образдар үшін үш және одан да көп түстерді қолдан.

  • Суретке көлемділік беріп, бедерлі әріптерді жиірек қолдан.

  • Синестезияны (эмоциялық сезімдік қабылдаудың барша аралас түрлерін) қолдан.

  • Әріптердің көлемін, сызықтардың қалыңдығын және графиканың масштабын түр өзгешелігіне ұшыратып отыр.

  • Интеллекті картаға элементтерді тиімді орналастыруға тырыс.

  • Элементтер арасындағы арақашықтықтың сәйкестігін сақтауға үнемі тырысып отыр.

2.Бастарын қос.

  • Интелекті картадағы элементтердің арасындағы байланыстың бар екенін көрсету қажет болғанда сызықты пайдалан.

  • Түстерді қолдан.

  • Кодтанған ақпараттарды пайдалан.

3.Ойдың көрініс табуын айқындауға тырыс.

  • Әр желіге бір тірек сөзден принципін ұстануға тырыс.

  • Баспа әріптерін пайдалан.

  • Тірек сөздерді өзі сәйкесетін сызықтың үстіңгі жағына орналастыр.

  • Сызықтың ұзындығы тірек сөздің ұзындығына сай келуін қадағала.

  • Сызықтарды бір-бірмен қос, әрі картаның бас бұтақтары орталық образдармен қосылуын қадағала.

  • Басты сызықтың бояуын қалың ет.

  • Маңызды ақпаратты сызық көмегімен бөліп көрсет.

  • Суреттеріңнің (образдарыңның) айқын болып шығуын қадағала.

  • Қағазыңды көлденеңдетіп ұста.

  • Сөздерді көлденеңінен жазуға тырыс.

4. Өзіңе тән стиліңді жасап шық.

Құрылым заңдары:

1.Ойлардың иерархиясын (сатылануын) сақта.

2. Ойларды түсіндіруде нөмірлік кезектестікті пайдалан.

Бьюзендердің интеллект- картасы бойынша ұсынатын нұсқаулық жоғарыда келтірілген заңдарды толықтырады.

1. Ментальды қоршауды (бос сызықтарды толтыр, өзіңе сауал қой, картадағы суреттерді толықтыр) жөнге келтір.

2. Қол жеткізген жетістігіңді одан ары жетілдіре түс.

3. Өзіңді интеллекті картамен жұмыс істеуге дайында.

Оқушылардың ақпараттық материалдарды құрастыра білу дағдысының қажеттілігі, олардың танымдық дағды мен машықты игеруінен басқа оқушылардың өз беттерімен білім алуы кезіндегі синергетикалық логикаларымен: білімді құрастыра алу – өз іс-әрекеттерін құрастыра алу – қоршаған орта туралы таным-түсініктерін құрастыра алуларымен анықталады. Оның ішінде ең ерекшесі жоғары сынып оқушысының өз бойында нақты жағдайға байланысты шешім қабылдай білу дағдысын қалыптастыра алуы болып табылады.

15 лекция

Нақты жағдайға талдау жасау әдісі

Нақты жағдайға талдау жасау әдісі осыдан 90 жылдай бұрын АҚШ-тың Гарвард бизнес мектебінде өмірге келді. Ол қазіргі жаңартпашыл мектебі жағдайында мынандай міндеттерді-қатысушылардан екінші кезектегіні айыру, проблеманы құру, өте күрделі жағдайларды үлгілеу; назар аудару мен тыңдай білу, сыныптастарымен бірлесе әрекет ету дағдысын қалыптастырып, сабақ процесінде қабылданатын шешімнің көп түрлігін таныта білуді тиімді педагогикалық жолмен шешеді.

Нақты жағдай (кейс) – бағалаушы сәттері болмайтын, кейс авторына ғана тән өмірлік фактілер мен жағдайларды сипаттауға құрылған ұстаным мен көзқарастар топтамасы болып табылады. Кейстер мектеп оқушыларына өзінің ерекше құрылымымен оқуда кездескен проблеманы тиімді шешудің түрлі жолын шығармашылықпен табуды ұсынады. Кейсті талдауда оқушылар бір-бірімен шынайы өмір жағдайындағыдай іс-әрекетке түсіп отырады.

Кейстер әдісін қолдану технологиясы төмендегідей үш кезеңнен тұрады:

1-кезең. Мәтіндегі жағдайды оқушы өз бетінше оқып шығып, ондағы проблема бойынша жұмыс істеуде сұрақтар мен жауаптарға жолығады.

2-кезең. Шағын топта жұмыс істеу барысында оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, бірлесе жауап іздейді.

3-кезең. Мұғалім жетекшілігімен жүргізілген талқылауда проблеманың нақты шешімі дискуссия арқылы айқындалады.



Кейстің көлемі оқу мақсатымен, кейстің типімен, шағын топтың құрамымен, статистиканың жүргізілуімен және басқа ақпарат көздерінің болуына байланысты болып,

ұзақ – 11-20 бет;

орташа – 8-10 бет;

қысқа – 3-7 бетке дейін болады. Сонымен, кейс – іскер ойын да, тапсырма немесе жаттығу да емес. Кейс шынайы ақпаратқа негізделіп құрылады.

Кейс іс-әрекеттің қарқындылығымен ерекшеленіп, өткен шақ формасында баяндалады.

Кейсте ақпарат тек орындалатын іс-әрекетке қатысты болып, айқын көрнекілік үшін кестелер мен графиктерге молынан орын беріледі.



Кейс жазудың жалпы талабы.

Кейсте тікелей редакторлық түсіндірмеге орын жоқ. Онда тек қатысушы кейіпкерлердің бірінің атынан айтылатын төл сөз енгізу ғана қажет.

Кейске пәндік терминдерді енгізгенде олардың оқушылар үшін түсінікті болуына баса көңіл бөлу керек. Түсіндірмелер балаға ұғынықты болуы тиіс. Осының бәрі жиылып келіп, оқушылар тобының талдау, пікірталас жасауына түрткі жасайтындай болып құрылуы керек.

Кейсте сол сыныпқа, сыныптар тобына математикадан сабақ беріп келе жатқан ұстаздың көзқарасы танылуға тиіс.

Кейс пияз сияқты бір қабатын аршығанда екіншісі шығып тұратындай, оқу бағдарламасына орай бір проблемадан, бір проблема туындап отыруға негізделуі керек.

Кейстің құрылымы.

Титулдық бет (авторының аты).

Негізгі бөлігі (ұйымдастырылу тарихы, ішкі және сыртқы ортасы).

Қорытындысы (кейстегі белгілі бір сәт).

Қосымшалар (есеп беру, статистика және т.б.).

Мектеп мұғалімінің кейс жасауда жіберуі мүмкін қателіктері:

-Проблеманың толық түйінделмеуі.

-Көп сөзділік пен басы артық бөліктер.

-Теорияға көп орын берушілік.

-Материалдың аздығы т.с.с. Енді нақты жағдайға талдау жасауды педагогикалық білім беру әдісі ретінде қарастырудың жолдарын арнайы қарастрайық.

Нақты жағдайды талдау

І. Білім беру технологиясы біздің елімізде қол жеткізген тәуелсіздігімізбен қатар ауызға алына бастады. Бұл ұғым АҚШ пен Батыс Еуропада бұдан 50 жылдай бұрын педагогикалық ғылыми-зерттеу еңбектерде кеңінен қолданыс таба бастаған. Технология сөзі ендігі жерде өндірісте ғана емес, білім беру саласының да өзекті терминге айналды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасында жарық көрген орыс және қазақ тілді педагогикалық журналдар мен ғылыми-педагогикалық, педагогикалық зерттеу еңбектерінде төмендегідей терминдер ұшырасады:



  • білім беру технологияларының классификациясы;

  • білім беру процесінің технологиялығы;

  • технология таңдаудың әдістемелік негізі;

  • білім беру процесін технологиялау теориясы;

  • Белсенді оқыту әдісі технологиясының нәтижелілігі;

  • технологияландырылған білім беру объектісі (нысаны);

  • білім беру технологиясының тәжірибелік жүзеге асырылымы;

  • жаңа білім беру технологиясы т.б.

Міне, осындай жаңа педагогикалық енгізілімдерге байланысты білімдік ақпаратты ескі әдіспен қабылдау кейде мүмкін болмай қалатыны жасырын емес. Сондықтан өзінің түп негізінде болашақ кәсіби тұлғаның шығармашылық, сыншыл байыптау, әріптесу т.б. жақтан дамуына сүйенетін білім беру технологиясына деген қажеттілік артады. Сол себепті білім беру технологиясы сөзінен мыналарды ұғамыз:

  • ойындық іс-шаралар пайдаланылады

  • модельдеу мен имитация қолданылады

  • тиімді шешімді шығармашылық іздестіруде тренинг жүргізіледі

  • оқу процесінде білім алушылардың әріптестігі жүзеге асырылады

  • мұғалім менеджерге, ойын-технигіне, үйлестірушіге айналады

Біз санамалаған оқу сабақтары басымдыққа ие жаңартпашылық мектептерде теориялық және практикалық іс-әрекет бір-бірімен біте қайнасып, өзінің игі нәтижесін береді.

Бұған бірінші кезекте жататындары:



  • нақты жағдай;

  • рөлдерде ойнау;

  • іскер ойындар;

  • блиц-ойындар.

Осылайша, оқу процесінде білім алушы шәкірттер үшін арнайы құрастырылған және жете ұйымдастырылған әдістемелік, дидактикалық, психологиялық, ақпараттық, интеллектуалдық және кәсіби іс-әрекеттер, амал-тәсілдер арқылы еліміздің заманалық мамандарын мектеп қабырғасынан дайындап шығуға бұл жүйе өз септігін тигізеді. Біз бұны төмендегі I кестеде беріп отырмыз.

І кесте



Технологиялық білім беру

Білім беру әдістемесі

1. Дәлді өткізілу нұсқаулығы, білім беру процесін жүзеге асыру нұсқауы

1. Белгісіздікке негізделген айтып көрсетілмейтін нұсқаулық, білім беру процесін жүзеге асыру үшін ұсыныс

2. Ұғымдар мен терминдерді объекивті түсіндіру

2. Ұғымдар мен терминдерді субъекивті түсіндірудің де мүмкіндігі

3. Технология қайтадан туындалып, көбейтілінеді

3. Түпнұсқаны қайыра тудырудың толықтай мүмкін еместігі

4. Білім беру мақсатын жүзеге асыруға кепілдік береді

4. Алға қойған қол жеткізу тікелей мұғалімге байланысты болып келеді

5. Сабақ өткізудің ретке келтірілген жүйелілігі

5. Әдістеме технологияға қарағанда қатаң және тар ауқымды болып келеді. Білім беру технологиясының құрамына түрліше әдістемелер кіреді.

6. Вариативтіліктің төмендігі

6. Вариативтіліктің жоғарғылығы

71-сурет.

Белсенді оқыту әдісінің үш технологиясы – нақты жағдай, рөлде ойнау, іскер ойындар ұлт мектептеріндегі оқу процесінде қолданылуы жағынан өзара ұқсастық пен айырмашылықтарға ие болып келеді. Олардың бәрі де тиімді кәсіби шешім қабылдауды іздестіру мен шығармашылық ойлауды қалыптастыру үшін қажет. Ал, олардың арасындағы айырмашылық шешімін табатын проблеманың күрделілігі мен «ойын сәтінің» болу мен болмауына қатысты болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет