Лекция Педагогикалық технологиядағы жаңартпашылық оқытытудың әдістері мен формалары



бет12/16
Дата21.06.2016
өлшемі1.92 Mb.
#151684
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16



Дельфи 2

әдісі

Жұмыс тобына қатысушылардың сөйлеп кеткен сарапшының пікірінен кейін белгісіз анонимді жазбаша сауал оқылады. Оны талдау эксперттердің айтар жаңа идеялары, пікірлері таусылғанша жалғасады.

Мозаика

әдісі

(А.Ронзон, Гонзалес)

1.Оқушыларды командаға бөлу.

2. Тақырып бөлікке (3-6 бөлікке) бөлініп, әр топ өз бөлігі бойынша маманға айналады.

3. «Мозаиканың бөліктерін» талқылау.

4. Шығып сөйлеу және барлық сауалдарды біріктіру.



Құрастырмалық

әдісі

Мәтін түрі мен алға қойылған мақсатқа байланысты болып келетін мұғалім ұсынған алгоритм бойынша зерттеу жүргізу.

Мысалы, әдебиет пәні бойынша сабақтардың алгоритмі:

а)мектеп бағдарламасындағы ертегілердің стильдік ерекшеліктері;

ә) ертегі мәтінінің негізінде жатқан орфограммаларды табу;

б) ертегілер тілінің математикалық статистикасын есептеп шығу.


Эмпатия

(жан сақтау)

әдісі

Эмпатия әдісі – оқушының сезімдік бастан кешуіне иек сүйейді. Сезімдік-образды ойлау, елестету арқылы оқушы оқытылып жатқан объектіні танып білуге тырысады. Мысалы: «Алдарыңда тұрған нәрсенің не екенін елестетіп көріңіздерші...».

Біраз уақыт өткен соң, өзінің қиялына ерік берген оқушы сауалдың жауабын табады. Оны оқушы кез келген формада (ауызша, жазбаша, таңбалық, қимылдық, музыкалық немесе суреттік формада) бере алады.

Мысалы, мағыналық «сұрап білу» сауалы: 1. Бұл объектінің себебі, шығу төркіні? 2.Оның құрылымы, ішкі бөліктері қандай? Ол басқаша емес, неге осылай?


Ойлап табу

әдісі

Ойлап табу әдісі – белгілі бір ақыл-ой іс-әрекеттері нәтижесінде оқушылардың бұрын белгісіз дүниені өмірге әкелу тәсілі. Әдіс төмендегі амал-тәсілдер бойынша жүзеге асады:

а) бір объектінің сапасын келесі объектінің сапасымен жаңа объектіні тудыру мақсатында алмастыр;

ә) объектінің қасиетін басқа ортадан (жерден) табу;

б) зерттелетін объекті элементінің өзгерісі мен өзгерген объектінің жаңа қасиетін сипаттау.




Синектика

әдісі

(Дж. Гордон)

Синектика әдісі – «ой шабуыл» әдісіне арқа сүйейді. Қатысушыларды ойлау мен үлгіленудің дәстүрлі ұстанымынан босату нәтижесінде көптеген идея жинақтап алу.

  1. Ой шабуыл жылдам жауап іздейтін жаттықтыратын сипаттағы бой жазудан басталады.

  2. Міндет нақтыланып, талқылау ережесі ұғындырылады.

  3. Старт. Әркім идея айтып, толықтырады, нақтылайды.

Сарапшы ұсынылған идеялардың бәрін жазып отырады.

«Шығармашылық

идея»

әдісі

Davis G.A. Roweton 1968



Оқушылардың шығармашылық ойына түрткі болу үшін ...қалай өзгертуге болатыны жайында көбірек нұсқалар ойлап табыңдар деген төмендегідей:

  • әлденені қосу немесе алып тастау;

  • түсін өзгерту;

  • материалды өзгерту;

  • бөліктерінің орнын алмастыру;

  • формасын өзгерту;

  • өлшемін өзгерту;

  • ішкі қалпын өзгерту сынды тапсырма түрі беріледі.

«Идеялар тізімі»

әдісі

Whiting C.S. 1958



Басқаша қолдануға бола ма?

Жаңаша тәсілмен қолдануға бола ма?

Өзгерген түрде қолдану мүмкін бе?

1. Бейімдеп қолдануға бола ма?


  • Неге ұқсайды?

  • Қандай ойға жетелейді?

  • Нені көшіру керек?

  • Кімге еліктеу керек?

2. Қалайша өзгерту керек?

  • Танымастай өзгерту керек пе?

  • Міндеті мен түсін өзгерту керек пе?

  • Қимылын, иісін, формасын өзгерту керек пе?

3. Ұлғайтуға бола ма?

  • Не қосуға болады?

  • Жұмыс уақытын ұзарту керек пе?

  • Жиілігін өсіру керек пе?

  • Сыртқы қабатын қалыңдату керек пе?

  • Көлемін ұлғайту керек пе?

  • Ингредиент қосу керек пе?

  • Еселеу керек пе?

  • Көбейту керек пе?

  • Арттыру керек пе?

4. Кішірейтуге бола ма?

  • Нені алмастыру?

  • Нені қысу?

  • Ненің миниатюралық көшірмесін жасау керек?

  • Нені төмендету керек?

  • Нені қысқарту керек?

  • Нені жеңілдету, сақтау, оңайлату, айыру, көзден таса қылу керек?

5. Алмастыруға бола ма?

  • Кіммен алмастыру?

  • Немен алмастыру?

  • Басқа ингредиентпен бе?

  • Басқа материалмен бе?

  • Басқа шарамен бе?

  • Басқа қуатпен бе?

  • Басқа орынмен бе?

  • Басқа әдіспен бе?

  • Басқа интонациялық дауыспен бе?

6. Ауыстыруға бола ма?

  • Бөліктердің орындарын ауыстыру керек пе?

  • Қандай реттілікпен?

  • Қай қырынан?

  • Басқа тәртіп бойынша орналастыру керек пе?

  • Себеп пен салдардың орнын ауыстыруға бола ма?

  • Қадамның ұзындығын өзгерту керек пе?

  • Күн тәртібін өзгерту керек пе?

7. Керісінше істеуге бола ма?

  • Қосуды алумен ауыстыра аламыз ба?

  • Қарама-қарсылықтың стилін өзгерте аламыз ба?

  • Қарама-қарсылықтың мәнерін өзгерте аламыз ба?

8. Біріктіруге бола ма?

  • Құрыш қоспасы, конфет қоспасының құрамын т.б. біріктіруге бола ма?

  • Бөліктерді біріктіруге бола ма?

  • Сөйлемдерді біріктіруге бола ма?

  • Идеяларды біріктіруге бола ма?

«Парис тізімі»

әдісі

Parnes S.J. 1967



Жаңа идеяны іздеу жолында төмендегі жетектеуші сауалдарды қою:

  1. Ізделініп отырған объектінің жай-күйі қандай?

  2. Қай топқа ықпал ету керек?

  3. Қажетті шығындар қаншалықты?

  4. Материалдық құндылықтың қолданылуы қаншалықты?

  5. Моральдық немесе құқықтық шектеу қойыла ма?

  6. Жаңа міндеттерге бастап алып келе ме?

  7. Ары қарай қандай қиындықтар кезігуі мүмкін?

  8. Ондай жағдайда не істеу керек?

  9. Сәтсіздіктің салдары қандай болып келуі мүмкін?

  10. Мерзімі қанша?

Бағдаршам

(қызыл, сары, жасыл карталар)

«Бағдаршам» келісімге келу әдісі болып табылады.

Оған тән сипат:



  • Жеңіл басқарылатын шағын топтарға ыңғайлы;

  • Даулы сауалдарды оңай анықтайды;

  • Жылдам кері байланыс орната алады;

  • Проблема көлемін жылдам сұрыптайды

Әрбір қатысушы үш түстен тұратын дөңгелек қағаз алып, жүргізушінің белгі беруінен кейін қолындағысын көтеріп дауыс береді.

Түстер мынаны білдіреді:

  • Қызыл – жоқ, мен келіспеймін.

  • Сары – шешіммен келіспесем де, оны құптаймын.

  • Жасыл – иә, мен келісемін.

Осыдан кейін аз дау тудыратындар назардан тыс қалып, көп талас тудырған мәселелер талқыланады.

Ұқсастықты салыстыру

әдісі

Тәрбие, математикалық ұғымдар тарихы және әдебиет сынды сабақтарда ұлы адамдардың өмірлерін салыстыру үшін мәдени-тарихи ұқсастықтар оқушылар назарына ұсынылады.

Эвристикалық зерттеу

әдісі

Табиғи, мәдени, ғылыми, сөздік, таңбалық зерттеу объектілері таңдалынады.

Оқушыларға осы зерттеу объектісін төмендегідей негізде зерттеу ұсынылады: зерттеу мақсаты  жұмыс жоспары  объекті туралы факті  тәжірибе, тәжірибенің суреті, жаңа фактілер  туындаған сауалдар мен проблемалар  нұсқалардың жауаптары, жорамалдар  нәтиже  қорытынды.



Гипотеза

әдісі

Мұғалім қойған сауалға немесе проблемаға оқушылар өз версияларын құрастырып жауап береді.Гипотеза әдісі болжаушылық тапсырмаларды шешкен кезде дамиды. Мысалға, «егер ...істесе, не болады?». Болашаққа саяхат әдісі – елестете білу, болжай білу, гипотезалық әдістер сияқты кез келген білім беру саласында тиімді.

Жетондық

әдісі


Үш түсті фишка әзірленеді:

Жасыл фишкашығармашылық идея;

Сары фишка – теорияның практикалық және ғылыми нақтылықпен байланысының болуы;

Қызғылт фишка – қызықты идея болғанымен әлі де жетілдіре түсуді керек етеді.

Оқушыларға идея айтуға тапсырма беріп, жауапқа үш түрлі фишканың бірі беріледі. Сыныптағы ең көп жасыл фишка жинаған оқушы жеңімпаз болып табылып, «Данышпан» деген мадақтау қағазын алады.




Кемпірқосақ

әдісі

Кемпірқосақ жеті түстен тұрады, әр түстің өзіндік қасиетін ашу керек.

Қызыл түс – концепция, көзқарас, амал-тәсіл;

Қызғылт түс – түрлі концепция, көзқарас, амал-тәсіл т.б. қатынас;

Сары түс – өзгертуді, ауыстыруды, енгізуді, алмастыруды және т.б. қалау;

Жасыл – мәнді идея қандай маңызға ие, заң мен заңдылықтарды табу;

Көгілдір – қайда және қай салада қолдануға болады;

Көк – ұсынылған идея концепциялардың және т.б. күшті және әлсіз тұстары;

Күлгін функциялар, қолданылулар, өткізілу формасы, қалыптасулары...

Морита

әдісі

Проблеманың шешімін табу тізбек тәсілімен іске асады. Мұғалім проблеманың шешім табуды өзі бастайды, ал оқушылар өз қалауы бойынша, оның шешіміне идея қосып отырады.

Автокөлік

әдісі



Автокөлік әдісін ой шабуылдың ерекше түріне жатқызуға болады. Себебі онда:

-оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті психологиялық белсенділікке түседі;

-жоғары балл алуға мүдделі топтардың әріптесуі тәсілмен жаңа идея түзіліп ұсынылады.


Әдістің мәнісі:

-моторы не болып табылады?

-тежегіші?

-кілті ше?

-рөлі ше?

-қорабы мен дөңгелегі?

-ішкі бөлігі ше?

-жүк салғышы? және т.б. бөліктері.

Осы арқылы ұғым-түсініктерді оқушылар санасына жете ұғындыруға болады.

Мектептегі сыныптың бірі – Мерседес және Камри командаларына; екіншісі – Мазда мен Ягуар командаларына бөлініп, А тобы:






Мерседес



Басқару рөлі

Камри

Моторы


Дөңгелегі


Салоны


Басқару рөлі


Ә.тобы:


Моторы


Дөңгелегі


Тежегіші


Мазда

Басқару рөлі


Моторы


Жанар майы


Салоны


Ягуар

Басқару рөлі


Моторы


Жанар майы


Тежегіші


Мұғалім сыныптың әр командаларынан шығып сөйлегендерді төмендегідей критерии бойынша бағалайды: а) шығармашылық амалы; ә) материалды білуі; б) дәлелдеуі; в) презентациясы. Мөлшерлі балл – 5.

Затты, құбылысты және технологияны машинамен біріктіріп (жүк, жеңіл, жолаушы...т.б.) басын қос. Осындай көліктің суретін салуға тырыс.

Содан кейін материалды бекіту үшін төмендегідей сауал түрлері қойылады:

1. Басқару рөлі не болып табылады?

2. Моторы не болып табылады?

3. Жанар майы не болып табылады?

4.Салоны не болып табылады?

5.Тежегіші не болып табылады?

6.Дөңгелегі не болып табылады?


«Газет»

әдісі

Сынып топтарына берілген проблемалық тақырып бойынша газет шығару тапсырылады:

1.Газеттің атауы, девиз таңдап алу;

2. Бірінші бет есептің шешу жолы;

3.Екінші беті математика тарихы;

4. Үшінші бет есепті шешу жолында кездескен қиындықтар;

5. Төртінші бет – «Бұл қызықты» айдары.



Баспалдақ

әдісі

В.Демченко



Баспалдақтың (проблеманың шешім табуына байланысты көлемдегі) суреті салынады. Олардың бойына жазылған идеялар желімделіп отырады.

Ең соңғы саты – сабақтың қорытындысын шығарады.

Жеңімпаз болып, аз уақыт ішінде шынайы идея ұсына алатын топ табылады.



Бұрыштар

әдісі

Бұл әдіс – дойбы ойнына ұқсас.

Оған екі команда қатысады. Ойын тақтасы бар: жасыл және сары тастар беріледі. Дұрыс шешім жасағанда тас алға жылжытылып, қате шешім жасағанда кері шегеріліп отырылады. Кім қарсыластар жаққа бірінші жетсе, сол топ жеңімпаз болып табылады.


«Құрастыру»

әдісі

М.Книсарина



Құрастыру әдісі – сынып тақтасына ілінген ақпараттық табло. Онда оқушылар алгебралық ұғымдарды енгізуге үлес қосқан үш елдің математика ғылымында алатын орнын айқындайды:

  1. Үнділік;

  2. Арабтық;

  3. Еуропалық. Әр елдің енгізген ұғым-түсініктері:

сары, қызыл, жасыл жазумен тақтаға ілінеді. Өйткені, кілт ұғымдар тақтада жазылып қойылған: сары жазумен: үнділік; қызыл жазумен: арабтық; жасыл жазумен: еуропалық математикалық ұғымдар жазылады.

Төмендегі кестеде жаңартпашылық оқыту формасының сипаттамасы келтірілген.

В. Кестесі.



Білім беру формасы

Мазмұны

1

2

«Аквариум техникасы»

1.Өз мазмұнында белгілі бір сауалдар бойынша қарама-қайшылық пен түрлі көзқарастарға толы болып келеді.

2. «Аквариум техникасын» өткізу тетіктері:

3. Проблема түзіледі.

4. Қатысушылар екі топқа бөлініп, бір-бірлеріне қарама-қарсы отырады.

5. Әр топ пікірталас кезінде өздерінің ортақ көзқарастарын айтатын өкілдерін тағайындайды.

6. Барлық қатысушылар тақырыпты алдын ала білгендіктен талқылау бірден басталып кетеді.

7. Өкілдер ортаға шығып өз тобының пікірін қолдап, қорғайды.

8. «Аквариумның» қалған қатысушылары ортаға шығып өз ойларын айта алмағанымен, өз пікірлерін өкілдеріне жазбаша түрде бере алады.

9. Өкілдер өз тобымен келісіп алу үшін үзіліс ала алады.

10. «Аквариумдық» талқылау белгіленген уақыт бітісімен немесе шешім қабылданған соң аяқталады.

11. Пікірталас аяқталған соң, әр топ өкілдері өз алдына бөлек талқыланған мәселеге қатысты сын пікірлердің қорытындысын шығарады.


Панорама сабақтар

Бұл форма оқушылардың әлеуеттік мүмкіндіктері мен эрудициясына иек сүйейді.

Өткізілу тетіктері:

1.Қатысушылар не топтасып, не жекелей жұмыс істейді.

2.Ойын сабақтың тақырыбын мұғалім өзі айтады.

3. Оқушылар оқулық пен оқу материалын алады.

4. Әр топ (жеке оқушы) сабақтың жоспарын жасап, оның кезеңдерін белгілеп, өткізілу формасын құрастырады.

5. Ойыншылар қатысушылар алдында өз жобасын қорғайды.

6. Қатысушылар панорама сабақтың жоспарына бағалау жасайды.

7. Мұғалім төреші ретінде талқылауға төрелік етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет