Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе



бет4/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Әлем өнер тарихы

1. Сабақтың жоспары:
1. Ерте темір дәуірінің басталуы
2. Ат әбзелдері және қару жарақтары
3. «Аң стилі» бейнесі
4. «Алтын адам» бейнесі
2. Сабақтың мақсаты: Болашақта көркем шығарманы толық мәнді қабылдай алатын дизайн мамандарын ерте темір дәуірі өнері мен скифтердің «аң стилін» қалыптастыру тарихын тереңірек таныстыру
3. Қысқаша теориялық мәлімет: Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезең. Оның бірінші кезеңін ерте темір дәуірі деп атап кеткен.
Бастаулары осы металды қолданумен сәйкес келетін адамзат тарихының маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металмен байланысты болды.
Ерте темір дәуірі басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса бастайды. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкеп соқты. Тарихи сахнада гректер мен парсылар, скифтер, сақтар, савроматтар деп атаған тайпалар пайда болды. Этникалық туыстығының, даму деңгейі мен өмір салтының ұқсастығының өзара тығыз байланыстылығы нәтижесінде бірұдай, етене жақын мәдениеттер құрылды. Олар ұшы қиыры жоқ кең даланы игеріп, әртүрлі патшалықтар бірлестіктер құрып, күшті жауынгер елге айналды. Оларды батыстағылар скифтер десе, парсылықтар сақтар деп атады. Скиф, сақ тарихын құрайтын бірнеше тайпалар көне жазба шежірелерде (сарматтар, дайлар, аландар, массагеттер, үйсіндер және исседондар) осы тайпа бірлестіктері Қазақстан жерін жайлаған қазақ халқының арғы ата-бабалары болып табылады.



Түрік тектес халықтардың арғы ата-бабаларының географиялық жайлап жатқан аймағына қарай олардың туысқан бір тайпа бірлестіктерінен тұратынын тарихтың атасы атанған Геродот та жазып кеткен. Олар әрдайым көрші патшалықтармен қарым – қатынаста болып, жауласқанмен жағаласып, жақындасқанмен табысып отырды. Скифтердің әйелдері батыр, қайсарлықтарымен тарихта өз аттарын қалдырған.


Скиф-сақ заманында тайпалардың материалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің айрықша түрлері пайда болды, «скиф-сақ аң стилі» деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір дәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдық мәдениетін «скифтік үштік» (ат әбзелдері, қару, аң стилі) деп те атайды.
Қазіргі заман ғылымында ерте темір дәуіріндегі далалық тұрғындар қоғамының ерте мемлекеттік дәрежеде тұрғандығы туралы пікірлер айтылуда Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта өмір кешкен дала халықтарының даму дәрежесін пайымдай отырып, сібірлік ғалымдар «Дала өркениеті» деген атауды ұсынды.
Әр халықтың ғасырлар бойы жинақтап қалыптастырған мәдениеті мен өнері сол елдің өзіндік паспорты сияқты.Соған қарап – ақ ол халықтың қаншалықты дамыған өркениетті ел екенін, тарихын топшылап, көңіл сарайында таразылап білуге болады.
Көшпенді бабаларымыз кезінде бір шеті Қытай, екінші шеті Солтүстік мұзды мұхит, бір жағы батыс Европаны басып өтіп, Мысырға дейін көшіп – қонып, әр дәуірде билік құрып үстемдік еткен. Олардың сол кезеңдерде түрлі елдің мәдениетіне, өнеріне тигізген әсері ұшан теңі. Бүкіл әлем халықтарының өнерінде әіресе сәулетінде тайға таңба басқандай көшпенділер ықпалының табы, стилі, сезіледі.
2. Ат әбзелдерінің жақсы сақталған түрлері Алтай тауының қазіргі Ресейлік бөлігінде зерттелген Пазырық үйінділерінен көптеп табылған. Олар осы заманғы жүгендерге ұқсас болған. Жүгеннің кеңсіріктің үстін басатын қайысы, тамақбауы, ауыздығы болған. Ауыздықтар көбінесе қоладан жасалған. Кейінгі заманғы ауыздықтардан бұл ауыздықтардың ерекшелігі - олардың екі жағындағы тізгін байланатын шығыршықтарының тұсында екі сулық болатын. Ауыздыққа бекіген сулық аттың екі езуінің екі жағында тұрады. Ол қоладан, сүйектен, темірден өрнектеліп жасалады. Сақ-скифтердің жүгенінде тізгін, шылбыр болады. Жүген екі қабатталып тігілген қайыстан жасалады. Қайыстардың қосылған жерлеріне металдан, сүйектен әр түрлі әшекейлер, қапсырмалар, шытыралар орнатылады. Жүгеннің аттың дәл маңдайына келетін жеріне дөңгелек әйкел орнатады.
Қазақ жерімен көршілес аймақтарды мекендеген сақтарда ертоқым болған. Қазіргі ертоқымға қарағанда олардың ерінің айырмашылығы сол, оның ұстынында ағаш болмайды. Кейбірінде ғана ердің алдыңғы қасы тұсында кішкене ағаш болатын. Ал ертоқым ішіне шөп, жүн-жұрқа толтырылған тері көпшік сияқты болатын. Есесіне, тоқым киізден сырылып, неше түрлі ою-өрнектермен әшекейленген. Ертоқымда бір айыл, өмілдірік, құйысқан болған.
Қару-жарақ
Сақтардың қару-жарағы садақ пен жебе, қанжар, қылыштан тұрды. Обаларды қазған кезде көп мөлшерде жебе ұштары табылған. Ерте кезеңде (біздің заманызға дейін VII—VI ғасырларда) Қазақстанның барлық аумағында жебелердің қола ұштарының екі түрі таралған: төлке пішіндегі және шие тәріздес. Жебе ұштарының көлемі өзгеріп тұрды. Бұл адырнасы үлкен күшпен керіліп тартылатын күрделі садақты ойлап табуға байланысты болды, мұндай садақ жебенің ұшу қашықтығын, қиратқыш күшін ұлғайтты. Сондай-ақ ұшы кішкентай жебелер анағұрлым қорамсаққа көп сыятын болды.
Сақ қару-жарақтарының құрамына да кіретін қанжарлар қырлы сапты, жүрекке ұқсас және көбелек тәрізді айқаспалы бір типті қола және темірден жасалды. Біздің заманызға дейін V-III ғасырларда қанжарлардың пішіндері жаппай өзгере бастады. Олар қарапайым қылыш қанжардан сабының ұзындығымен ерекшеленді. Қару-жарақтың басқа түрлері бірлі-жарым болды. Мәселен, шоқпар, айбалта.
3. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.з.д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, қару-жараққа әшекей ретінде салған. Көшпенділер мәдениеті мен өнеріні өзінің жаулары мен жақтастарын таңдандырып, құндылығымен жарты әлемге мәшхүр болды. Сақ – скифтер қолынан туындаған өнер ықпалы ежелгі шығысқа да, батысқа да үлкен әсер етті.



Аттылы сақ бейнесі Алтын адам


Әсіресе «аң бейнелі» әдіспен әсемделіп соғылған нәзік те нақышты дүниелері басқа елдердің құрметпен қарауына мойын ұсындырды, ертедегі эллиндік және қытай шеберлері көшпенділер өнеріне тәнті болып, оны өз бойларына сіруге тырысты.


Көшпенділер өнерінде алтыннан түйін түю, қола құйма әдістері ең жоғарғы жетістікке жетті. Оған археологиялық қазбалардан табылып жатқан асыл заттар куә. Соның бірі – Украин археологтары тапқан скиф қорғанының әр түрлі алтын әшекей заттары ішіндегі ең бір құндысы – «Пектораль» алқа. Пектараль өте нақышты, нәзік соғылған әшекей бейнелер скифтердің ғарыштық ой жүйесінің тақырыбынан құрылған. Алтын әшекейдің төменгі бөлігінде о дүниені, өлім табиғатын, оның қасіретін бедерлеген, ал жоғарғы жағында адамдар өмірінен сыр шертткен. Екінші бір айта қаларлықтай жағдай дүние - Қырымдағы Күл – Оба қорғанынан табылған алтын құмыра. Тек алтыннан, күмістен құтылар, вазалар өру скифтерден басқа елдерде онша таралмаған. Құмырада скиф жауынгер батырларының бейнесі аса бір ынталылықпен бедерленіп, өрнектелген. Екі туындысында да жан–жаруарлар мен адамдар бейнесі аса бір терең білімділікпен нақышталған. Ал, нәсілді скифтік өнер туындылары «Ғажайып ыдыстар» ежелгі парсы, Орта Азия, Қазақстан және Сібірден де көптеп табылуда.
Cақ – скиф мәдениеті қазіргі замандағы мүсіндеу –, ойлылығымен, әсемдігімен олардан оқшау, алда тұра алады. бедерлеме өнерінің кез – келгенімен тайталаса алады, тіпті ықшамдап жасалу шеберлігімен



Пектараль алқа


Ерекше, қайталанбас сақ – скиф өнері тек алтыннан ғана жасалынған жоқ, сонымен қатар қола құйма өнерінің тамаша мектептерін қалыптастырды. Құйма және тастан қашау тәсілімен тамаша домалақ мүсіндер сомдады, күнделікті өмірге қажетті ыдыстар, ат әбзелдерін жасап, неше түрлі қазандар құйды. Көшпенділер даласында қола қазан құю ерекше дамыды. Қазанның құлақтарында, ернеулерінде неше түрлі жыртқыш аңдардың кішкене мүсіндері қолданылатын, ал аяқтары скифке тән аңдар бейнесінде безендірілді.
Әлем мәдениетінде қайталанбас, эстетикалық талғамы зор өнер стилін әкелген сақ – скиф тайпалар бірлестігі басқа елдердің өнерінің шуағы бір шеті қытайға, екінші шеті ертедегі Иберияға дейін жетті. Сол дәуірде скиф – сақ тайпалар бірлестіктерінң ішіндегі аландар, савроматтар, сарматтар ежелгі грек, Римге дейінгі жерді жайлап, тіпті кейде сол өңірге өз үстемдіктерін жүргізіп те отырған.

Сақтардың құрал-жабдықтары

Сақ – скиф тайпаларының қолтумалары массагет, алан, үйсіндер арқылы ежелгі Қытай патшалықтарымен қызу қарым қатынаста өмір сүрді.


Қытай шеберлері сомдаған аңдардың (қанатты, қабылан т.б.) жасалу құю тәсілі скиф өнерін еске түсіреді. Олар көшпенділердің аң бейнелі ағымын әрі қарай дамытып, таңғажайып өнер туындыларын өмірге әкелді.
Әлемнің жартысына жайылған өркенді өнерімен табындырған скиф – сақтар уақыт өте әшекей безендіру полихромдық (қоспалы әдіс) өнерімен де аты шықты.
Б.Э. дейінгі 3 – 2 ғасырларда «аң бейнелі» ағымға ерекше өң беріп толықтырылды. Сан қабылған ырғақты бедерлеме айшықтар енді түрлі асыл тастармен көмкеріліп сән – салтанатты кейіпке енді.



Пазырық қорғанынан табылған кілем


Көшпенділер дүниеге күмбезді сәулет өнерін әкелген. Күмбезді сәулет демекші, көшіп – қонуға ыңғайлы жиналмалы ағаш сәулет үйін ең алғаш осы көшпенділер ойлап тапқан. Оның ең жетілген түрі – қазіргі қазақ киіз үйі. Кезінде біздің ата – бабаларымыз ғұндар, сақ, скифтер осы үймен күнелтіп, дүниенің түкпір – түкпіріне саяхат жасаған. Бұл туралы атақты тарихшы Герадот өз еңбектерінде дәйекті жазып кеткен.
Барған жерлерінде билік құрып, орныққан кезде елді еске алып отыру үшін, қазақ үйге ұқсас күмбезді әсем сарай, ғибадатханалар салдырып отырған. Көбінесе ішкі – сыртқы құрылысы қазақ үйден аумайтын - ды. Шаңырақ тәрізді төбесінде жарық түсетін тесік – ойық көптеген елде үлгі ретінде тарап, сәулет өнерінің ең бір ұлы жетістігіне, стиліне айналды. Соның бір дәлелі ретінде көшпенділер сәулетіне еліктеп тұрғызылған ежелгі Римдегі құдай үйі – Пантеон.
4.Жинақталған ақпарат мынадай қорытындыны негіздейді: сақтар өздерінің өлген патшаларына алтын киімін киіндіріп, кең лақатқа қойған, ал олардың үстіне зәулім архитектуралык ескерткіш — алып оба тұрғызған. Қоғамның басқа мүшелерін жерлеу ғұрпы иерархиялық басқыш сатыла- рының төмендеуіне карай оңайлатылып отырған. Ғұрыптың әлеуметтік жағдайға қарай саралануына ата-баба аруақтарына, әсіресе патшаларға — күн бейнелі күшті камқоршыларға табыну үлкен рөл атқарды. Далалық өркениет Күнге, табиғат күштері мен көсемге, яғни әскери жолбасшыға табынуға негізделген өз идеологиясын жасады. Осының барлығы "аң стиліндегі" олардың қайталанбас өнерінде көрініс тапты. Ерте темір дәуірі көшпелілердің идеологиясымен танысу үшін "Есік" қорғаны бірегей мүмкіндік береді. Сақтардың өз мифологиясы болған, ол "Алтын адамның" киім композициясында, оны жерлеу жоралғысында көрініс тапты. Оның басында тымақ тәріздес желкелігі бар, төбесі шошақ, биік бөркі болған. Бас киіміндегі бейнелер символикалық мәнге ие болды. Жауынгердің бас киімін айналдыра тігілген "алтын таулар" мен "ағаштар" дүниенің келбетін көз алдыңа елестетеді. Бас киімнің жоғары жағындағы алтын қойдың бейнесі Митра Құдайының кеңінен таралған рәмізі. Шаншылған алтын жебелер күннің сәулесі болып есептеледі." Алтын адамның" өзі Күн Құдайымен теңестірілді. Бас киімнің беткі жағындағы алтын жебе, ешкі мүйізді, алтын қанатты пар ат эмблемасы "патшалықтың белгісін" білдіреді. Бұл белгі К.А.Ақышевтің пікірінше, барлық бейнелерді бір жерге топтастырады: құс — жоғарғы әлем, аспан; ат — ортаңғы әлем, жер; ешкі — төменгі жақ, жер асты әлемі; қанатты жебелер — Жердің 4 тарабы. Бұл рәміз көсемнің билігі туралы және оған бағынышты қоғам құрылымы туралы түсінікті бейнелейді. Сақтарда жоғары билікті осылайша негіздеу тұжырымдамасы қалыптасты.
Бас киімдегі ағаш басындағы құстардың бейнеленуі, сондай-ақ құс тәрізді бейнелер өз мәніне ие болды. Құс — аспан мен Күннің жалпы адамзаттық рәмізі. Құс күллі әлемді барлап, Құдайларға ғарыш шекарасын қорғауға көмектеседі. Құстар бейнесі жоғары әлем рухына, аспанға ұшумен байланыстырылады. Бас киімдегі қанаттар "Алтын адамның" абыздық қызметін көрсетеді. Әскери жасауларда жыртқыштардың яки барыстың, арыстанның, жолбарыстың, қасқырдың бейнеленуі осы аңдардың жауынгер мен оның қару-жарағына дем беруші күш деп есептелді. Сондай-ақ жолбарыстың бейнесі отқа табынушылықпен байланысты болды. Нақ солардың бейнелері мен табыну бұйымдары алтарь және темекі тартатын бөлмеге хош иісті түтін шығаратын аспапты қорғайды.
Белгілі бір түс және олардың туғызған әсері дүниені мифологиялық түрде пайымдаудың маңызды элементі деп табылады. Киімнің қызыл түсі және оның алтын жасауы - Күннің түстері, күміс түс - Айдікі, көгілдір түс - аспан түсі деп есептелді. Түс ерекше ақпараттық құндылыққа ие болды. Қызыл және алтын түспен байланысты эмоциялық сипаттамалар Құдайға және күйдіретін Күннің буырқанған қуаты мен құдіреттілігін бейнеледі. Осылайша сақтарда Күн Құдайымен байланыстырылған әскери және діни жолбасшыға табынатын әлеумет пен кеңістіктің антропоцентрлік үлгісі өмір сүрді.
"Аң стилі" белгілі бір діни наным-сенімге байланысты ұғымды білдірді. Жыртқыш жануарлар мен құстардың бейнелері қару-жарақтарға немесе атқа ерекше күш беретін тұмар ретінде қолданылды. Жануарлардың жекелеген бейнелерінен басқа олардың топтасқан (синкретикалық) бейнелері де кездеседі. Бұл бейнелер киелі, рәміздік мағына береді. Есік қорғанынан табылған "Алтын адамның" бас киімі жылқы, құс, таутеке, барыс т.б. топтасқан бейнесінде алтын қапсырмалармен әшекейленген. Осындай топтасқан бейнелерді зерттеу темір дәуірі көшпелілерінің идеологиясы мен діни түсініктері туралы мағлұмат береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет