Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе



бет9/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Әлем өнер тарихы

Аккад өнері
Өзіндік бейнелеу әдісі бар Қосөзен мүсіні кейінгі кезеңдерде де (б.э.д. 3 мыңыншы жылдықтың екінші жартысы) өзінің нағыз өркендеуін бастан өткерді. Дәл осы кезеңде кішігірім қала-мемлекеттердің аймақтағы билікке таласы күшейді. Осы талапай-тартысты соғыста Аккад қала билеушісі жеңіске жетіп, айналасына өз үстемдігін орнатты. Оның билеушісі атақты Саргон-І патша болды. Ол біртіндеп бүткіл Қосөзен аңғарын түгел бағындырып, Аккад мемлекетін құрды.
Б.э.д. 24 ғасырда қала-мемлекеттер бірі-бірімен күрес жүргізіп, мемлекеттердің бірігуі және суландыру каналдарының дамуы салдарынан Аккад қаласы жоғарлаған. Аккад қаласының өркендеуі Саргон патшасы кезінде болған. Саргон бірінші болып Қосөзенді бір мемлекетке біріктірген, ол сол уақыт үшін прогрессивті мән болды. Саргонның мұрагері Нарамсин Қосөзенді біріктіру саясатын жалғастырды. Қосөзеннің өнерінде осы кезеңнен бастап Аккад-смит өнері дамып, онда Шумер өнеріне қарағанда реалистік тенденциясына бағынатынын көруімізге болады. Бірінші рет Аккад кезеңінде көркемдік индивидуальдық рөлі дәлелденді. Тіпті шебер-мүсіншінің есімі ескертілген жазба табылған.
Шумер сәулет өнерінен, Аккадтың сәулетінде аркалы свод кеңінен тарады. Тұрғын үйлерде арканы есіктің бағаналарын безендіруінде кездестіруге болады. Тұрғын үйлерде саздан немесе ағаштан жасалған, рамалар бекітілген үлкен емес терезелері болды. Кейбір үйлер екі жақты шатырмен тұрғызған, себебі ол ылғалды климатымен байланысты болған.
Аккад кезеңіндегі жасалған мүсіндік ескерткіштері көп табылған жоқ, бірақ табылған мүсіндерге қарап біз Аккад мүсін өнерінің жаңа деңгейге жеткенін көреміз, онда адам реалистік трактовкада берілген. Бұл ретте мыстан жасалған бас, мүмкін нақ Саргонның портреті-аса тамаша бейне. Бұл нақты жеке-дара адамның, қатал да өктем адамның кейпін бейнелейтін маска. Бұл Нинегиден табылған. Бұл бейне адамның қатал, қатыгез екенін көрсетеді. Аккад өнерінің аса үздік шығармасы- Нарамсиннің жеңіс стелласы. Бұл таста-эпикалық поэмасы бейнеленген. Стелланың биіктігі 2 м, қызыл құмнан жасалған. Стеллада таулы Луллубей тайпаларына қарсы соғысқа шыққан Нарамсиннің сапары бейнеленген. Композиция жағынан жалпы және анық берілген оқиғаның сюжетін бөліктерге бөлмей, біріктіріп бейнеленген.
Ежелгі Шумерлік бейнелерге қарағанда, Аккадтықтардың адам бейнелеуіндегі аяқ-қолы, иығы, дене пропорциялы дұрыс модульденген және монументальды рельефтерде композициясына пейзаж кірген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет