Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе



бет6/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Әлем өнер тарихы

Династиялыққа дейінгі кезең
Бұл кезенде тас өңдеу өте жақсы жолға қойылды. Жалпақ тас бетіне бедерлі суреттер салына бастады. Атақты Нармер тақтасында шеберлері тарихи кезеңдер мен әскери жорықтарды бейнелеп, бедерлеуге тырысты. Олардың ең басты мақсаты - адам образын көрсету болды. Адамның тұлғалық бейнесі канондық тәсілмен берілді. Адамның басы, аяқ-қолын алдынан, иығын қырынан бейнелеуге тырысты. Осы әдіс-тәсіл қаншама ғасырлар бойы өзгермей, Мысырдың өзіндік бейнелеу мектебін қалыптастырды. Б.з.д. III мыңжылдықта жалпақ тастарда бедерленген перғауын бейнелерін Мысырдағы Каир мүражайынан көруге болады.
Ежелгі патшалық кезең
Сәулет. Мысырда біріккен орталық мемлекет б.з.д. IV—II мың-жылдықтарда қалыптаса бастады. Сол кезден бастап Мысыр өнері дамып, сатылы пирамидалар пайда болды.
Ең алғашқы пирамида Жосер перғауынның құрметіне орнатылды. Хеопс салғызған ең үлкен пирамиданың ұзындығы 147 метрге жетті. Пирамиданың ең төменгі жағы төртбұрыш, жоғары жағы үшбұрыш тәрізді үшкірленіп отырады.
Мүсін. Елдің атрибуты ретінде Мысыр храмдарында перғауын статуялары орнатылды. Ол негізгі канондық заңдылыққа сүйеніп жасалды. Адамдар бейнесі ете қарапайым бейнеленді. Тік тұрған, қырынан отырған адамдар мүсінделді. Осы кезеңде б.з.д. III мыңжылдықта, қос портретті мүсін Рахотеп пен оның жары Нофрет мүсіндері пайда болды.
Орта патшалық кезең
Сәулет. Бұл кезеңде пирамида құрылысы тоқталды. Қабір және храмдардың жаңа үлгілері пайда болды. Ескерткіштің жаңа түрі — храмдық қабір бірінші рет I Ментухотепке орнатылды. Онан кейін храм ансамбльдерінің күрделі түрлері дами бастады.
Мүсін. Жеке адамдардың портрет-мүсіндері пайда болды. III Сенсусерт перғауынның портреті жасалды. III Аменхотеп мүсіні пайда болды.
Кескіндеме. Храмға қойылатын табыттар росписьпен әшекейленді. Орта патшалық кезеңінде сахналық қабырғаларда аңшылык кәсібі көркемсурет ретінде бейнеленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет