Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе



бет8/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Әлем өнер тарихы

Шумер өнері
Б.э.д. 4-мың жылдықтың екінші жартысында Оңтүстік Қосөзен өңірінде ең алғашқы қала-мемлекеттер пайда болды. Соның бірі-Шумер мемлекеті. Осында ең көне монументальды сәулет, бейнелеу өнерлері (мүсін, рельеф, мозайка) және де әр түрлі әсемдік бұйымдар өмірге келді. Сонымен қоса жер бетіндегі ең ескі жазулардың бірі-Шумер жазуы осында пайда болды. Олар тарихи маңызы бар жазуларды сақтаудың тамаша жолын ойлап тапты. Әдейілеп құйылған дымқыл қыш тақтайшаларға үшкір таяқшалармен қырнап жазып, одан оны отқа күйдіріп кептіретін. Сонда жаңағы «кітап» тақтайшалар тастай қатты күйге түсіп, көпке сақталатын қасиетке ие болатын.
Шумер мемлекетіндегі алғашқы сәулет құрылысының бірі-б.з.д. төртінші мың жылдықтың аяғында салынған «Ақ храм» мен «Қызыл үй». «Қызыл үй» құрылысы өзіндік текше тәрізді жобасымен әрі жартылай тіреуіш-бағаналарымен көзге түседі. Кешеннің сыртқы керегелері мен бағаналарының қызғылт түсті геометриялық фигуралы кірпіштермен көркемделуі оның «қызыл үй» аталуына себепші болған. Ескерткіштер тұрғызу Шумер патшалығында да барынша жанданып етек алды. Әдетте алқапта су тасқынының жиі болуынан, әрі сазды жер боландықтан қасиетті ғибадатханаларды биік жотатөбелерге тұрғызатын.
Тағы бір осы өңірге тән нәрсе-ауаның ылғалдылығы, сол себептен кереге роспистері, фрескалары нашар сақталатын. Осындай табиғат әсерін ескере отырып, бұл өңірде көбінесе керегелерді түрлі мозайкалармен немесе құбылмалы асыл тастардан тұратын нақышты өнермен безендіру кең өріс алды. Сонымен қатар бағаналармен керегелерді безендіруге қаңылтыр, мыс, «парақтар» пайдаланылды. Осындай айшықты өнерлермен безендірілген құрылыстың бірі- «құдайлардың анасы, әрі орманды тау құдайы» храмы- Нинхурсаг. Храмның өн бойында көлденең ұзыннан-ұзақ мозайкалы фриздер жүргізілген. Ол фризде күнделікті ауылшаруашылық тұрмыс-тіршілік бейнеленген. Осы ғибадатханадағы тағы бір өнер ескерткіші-маңдайшаға орнатылған тікбұрышты мыс пластинка. Пластинкада бүткіл орманды тауда тіршілік ететін хайуанаттардың әміршісі, арыстан басты бүркіт бейнелі-Имдугуда ойылып бейнеленген. Адамдар осындай бейнелер арқылы айнала қоршаған табиғаттың сұлулығы мен дүлей күшін тамашалап тағзым етті, оларды бәрінің иесі- жаратушысы бар екеніне кәміл сенді. Соған қарамай олар құбылмалы ғаламат күші бар табиғат құбылысымен жарысқа түсіп, оның жаратылысын қолмен өзгертуге күш салды. Осындай сезіммен де адамдар ірі, алып құбылыстар тұрғызды. Соның бірі- Ур қаласында салынған Зиккурат. Құрылыс кезінде текше тәрізді тағанға отырғызылған, барған сайын көлемі кішірейе беретін үш қабатты пирамидалардан тұрған. Қазіргі кезде осы алып құрылыстың тек төменгі бөлігі ғана сақталған, соның өзінің биіктігі 20 метрге жетеді. Кезінде пирамиданың биіктігі 60 метрге жеткен, ал оның ұшар басында күн құдайының кішкене бағаналы көгілдір ғибадатханасы орналасқан.
Қосөзен аңғарында осындай әйгілі сәулет пирамидаларымен қоса мүсіндеу және бедердлеме өнер өзінше бір өзгешелікпен дамыды. Әсіресе бедерлеме кескіндеу барынша кең тарады. Мұндай шығармаларда көбінесе патшалардың жаугершілік жорықтары, даңқты жеңістері дәріптелінді. Сондай жұмыстың бірі-Эанантума стелласы (стелла-тас тақтайша). Мұнда Мысырдағы Нармер тақтасы сияқты патшаның кезекті бір жорықтағы жеңісі сипатталған. Лагаш қаласының әміршісі-Эанантуманың көрші қаланы Умманы бағындыруы бейнеленген.
Үшінші мың жылдықтың бірінші жартысында Шумер мемлекетінде мүсін өнері біршама дамыды. Бірақ та қатты материалдардың (тас, мәрмәр т.б.) тапшылығынан бұл өңірде Мысырдағыдай ірі, үлкен мүсіндер сомдалмады. Әдетте, мүсіндер шағын мөлшерде, әр түрлі материалдардан (алебастр, әк тас, базальттан) жасалынды. Сонымен бірге Шумер мүсіндері қарапайым да, ерекше ғажайып тұғырда жасалуымен көзге түседі. Мүсіндерді сомдауда; көздері әдеттен тыс үлкен етіп жасалынды. Ол бір жағынан сол кезеңдегі діни түсінік бойынша бүкіл әлемді бағын-бағдарлап тұрған құдайдың көзқарасын білдірсе, екінші жағынан ғарыштық түсініктің туындауына себепші болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет