Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе



бет11/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
Әлем өнер тарихы

Ассирия өнері
Тигр өзенінің орталық ағысында орналасқан Ассирия мемлекеті ХІҮ-ХІІІ ғасырларда ірі соғыс державасына айналды. Алдыңғы Азия елдерімен қоса Мысырға билік жүргізді. Осы кезеңде таяу Шығыс елдерінің өркендеуіне кең жол ашылды. Ассирия патшалары өздерін көне заман ата-бабаларының мұрагері ретінде санап, бар билікті өз қолдарына ұстады, соларға ұқсап бақты. Соның әсері болуы керек, патша Саргон-ІІ ертедегі Аккад патшасы Саргон-І дің атын иеленді.
Ассирия билеушілері көне өнерді жандандырып қана қоймай, оны бұрынғыдан да асырып, бұрын-соңды болмаған биікке көтерді, соған жағдай жасады. Патша Ашшурбанипал өзін құдай ғып жариялап, таудай храм тұрғызуға әмір етті.
Ассирия өнері көбінесе патша сарайларында өрбіді. Өнерде патша-бекзадаларды мадақтау етек алды, бүткіл шығармаларының мазмұны соған сайды. Храмдардың кіре беріс алдында адам басты, арыстан денелі, қанатты «шедулер» тұрғызылды. Мұндай «шедулер» храмдар мен сарайларды қорғаушы құдайлар кейпін беретін нышан мүсіндері болып табылады. Сонымен бірге, осы кезеңде қала айналасына ірі-ірі қорғандар тұрғызу қызу жүрді. Сол кездегі Ассирия астанасы Ашшураның (б.э.д. ҮІІІ ғасыр) қорғандарының биіктігі 15-18 метрге, ал қалыңдығы(ені)-6 метрге дейін жетті.
Ассирия бедерлеме өнері патшалар Ашшурнасирапал-ІІ (б.э.д. 883-859 ж.), Саргон-ІІ (б.э.д. 722-705 ж.) және Ашшурбанапал(668-626 ж.) тұсында ерекше өркен жайды. Әдетте, бедерлемелік шығармалар алебастрдан жасалған плиталардан бедерленіп ойылды. Оны ассириялықтар ортостатах деп атады. Бедерлеме өнері Ашшурнасирапал сарайында көптеп кездеседі. Бедерлеу өнерінде адам бейнесін, оның күшті дене бітімін, түр-тұрпатын аса бір сүйіспеншілікпен жеріне жеткізе кескіндеген. Бедерлеме бейнелерде адам анатомиясы жақсы сараланған, бұл сол кездегі шеберлердің терең білімділігін көрсетеді. Сондықтан Ассирия бедерлеу өнерін осы өңірдің сан ғасырлық жинақталған тәжірибесінің қордаланған жиынтық түйіні, шарықтау шегі деуге негіз бар.
Қосөзен бедерлеме өнерін (әсіресе Ассирия өнерін) саралап, Мысырдың көне бедерлеу бейнелеуімен салыстыратын болсақ, онда қимыл-қозғалыстағы кейбір сәйкестіктер бар болғанымен, Ассирия бедерлемесі өзінің орындалуымен ерекшеленеді. Айтар болсақ, мысырлық өнерде суретші көбінесе жалпылама бейнелеуді жөн көрсе, ал ассириялықтар адамның сыртқы кейпін, мінез-құлқын бейнелей отырып, жоғарыда айтып өткеніміздей, ішкі анатомиялық құрылысын саралап, сол арқылы дене сұлулығын беруге құштарланады. Әсіресе қимыл-қозғалысқа байланысты кейбір дене мүшелерінің бұлшық еттерінің табиғатын анықтай көрсету осы Ассирия өнеріне тән нәрсе, адам анатомиялық құрылымына талдау жасап бейнелеу мысырлықтарда онша дамымаған.
Б.з.д. ҮІІ ғасырда Ассирия империясы ыдырап, бұрынғы күшінен айырылды. Вавилон мен Мидия одақтасып Ассирияны жеңіп, оның жерлеріне өз үстемдіктерін орнатты. Кейіннен Вавилон барлық Қосөзен аңғарын, оған қоса Сирия, Финикия, Палестинаны өзіне қаратты. Бұл Вавилон патшасы Набопаласар билік құрған кез еді. Вавилонның ең күшейген, ұлы державаға айналғаны Навуходонасар патша тұсында болды. Осы кезеңде Вавилонда өнер, сәулет барынша дамыды. Әсіресе қорғандар өзіндік әдіс-тәсілмен тұрғызылып, айшықты өрнектелуімен ерекшеленіп, аңызға айналды. Сондай аты әлемге мәшһүр болған құрылыстың бірі- Иштар қорғаны. Ол ірі төрт мұнарадан тұрады. Қорған керегелері глазура кірпіштермен көмкерілген. Онда аса асқақ та маңғаз кейіптегі аңдардың түр-тұрпаттары бейнеленген.
Иштар қорғаны өзінің осындай қайталанбас айшықты өрнек-суреттерімен ерекшеленетін сәулет өнерінің бірегей туындысы болып табылады. Бұлардан басқа Вавилонда ғибадатханалар зиккурат сияқты сәулет құрылыстары көптеп тұрғызылған. Сондай құрылыстың бірі-Этеменанки зиккураты. Оны сәулетші Арадаххешу жобалаған.


Бақылау сұрақтары:

  1. Шумер мемлекетіндегі алғашқы сәулет құрылысы?

  2. Қосөзен өнері деп қандай тарихи өнерді айтады

  3. Қосөзен сәулет кешендерінің тұрғызылу әдістері қандай?

  4. Шумер жазуы жайлы айтыңыз

  5. Шумер мемлекетіндегі алғашқы сәулет құрылысы

  6. Шумер мемлекетіндегі Нинхурсаг храмы қалй тұрғызылған?

  7. Хет өнеріндегі сәулет және мүсін өнері қалай дамыды?

  8. Вавилон өнері қай мың жылдықта пайда болды?

  9. Вавилон өнері қай патшалық тұсында гүлденіп, дамыды?

  10. Вавилонның аспалы бағы жайлы айтыңыз

  11. Қосөзен бедерлеме өнерінің (әсіресе Ассирия өнері) Мысырдың көне бедерлеу бейнелеуімен салыстырғанда қандай ерекшеліктері бар?

  12. Ассирия өнерінің дамуы жайлы айтыңыз



6. Лекция сабағының тақырыбы: Ежелгі Грекия өнері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет