Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары



бет3/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
лекция 1-15

Саясаттану обьектiсi – қоғамдағы саяси қатынас болып табылады. Қоғамның саяси қатынасы өзiне билiктiң әрекет ету процесi мен дамуын, бұқараның билiкке қатысуын, сонымен бiрге саяси ықпал ету обьектiсi- экономикалық, әлеуметтiк және рухани мүдделердi қамтиды. Басқа сөзбен айтқанда, саяси қатынастар саласы саяси қызмет обьектiсiнiң барлық саласы. Сондықтан саяси қатынастар басқада ғылымдардың философия, әлеуметтану, құқық және тарихтың зерттеу обьектiсi болады, бұл ғылымдардың әрқайсысы өзiндiк зерттеу пәнiне ие. Саясаттанудың зерттеу пәнi – саяси билiктiң қалыптасуы мен даму заңдылықтары, оның әрекет ету формасы мен әдiстерi болып табылады.
Өздiгiнше саясаттану барлық әлеуметтiк құбылыстар мен қағидаларды саяси билiк негiзiнде түсiндiредi. Американ саясаттанушысы Г. Лассуэлл (1902-1978ж.ж.) «бiз саясат саласындағы ғылым туралы айтқанда, бiз билiк туралы ғылымды айтамыз» – деп жазды.



  1. Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері.

Саясаттанудың негiзгi парадигмалары. Парадигма (гректiң paradeigma - теория, үлгi деген сөзiнен шыққан) – зерттеу барысында үлгi ретiнде алынатын теория. Саясаттануда парадигма деп саяси өмiрдi зерттеу қисынын бiлдiретiн, қоғамдағы саяси құбылыстарды теориялық пайымдауда негiзгi өлшемi мен қалпын қалыптастыратын басты тұжырымдар жиынтығын айтамыз. Саясаттанудың негiзгi парадигмалары қатарына мыналар жатады: теологиялық, натуралистiк, әлеуметтiк, тиiмдi-сыни.

  1. Теологиялық парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезiнде пайда болды. Ол саясатты, билiктi, мемлекеттiң пайда болуын құдайдың құдiретiмен түсiндiредi.

  2. Натуралистiк парадигма саясатты әлеуметтiк сипаты жоқ табиғи себептермен, мәселен географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшелiктермен байланыстыра түсiндiредi.

  3. Әлеуметтiк парадигма, ол саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтiк факторлар арқылы түсiндiредi. Мәселен, марксизм саясаттың мәнiн экономикалық қатынастардан iздестiрдi, яғни қоғамның әрбiр экономикалық базисi қажеттi қондырманы тудырады деп тұжырымдады.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет