Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары



бет4/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
лекция 1-15

Тиiмдi-сыни парадигма саясаттың табиғатын, оның өз iшiндегi себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсiндiредi.

Саясаттанудың негізгі мектептері.
Қазіргі шетелдік саясаттану ғылымында американдық саясаттану мектебі жетекші болып табылады (Г.Алмонд, З.Бжезинский, С.Верба, Р.Даль, Д.Истон, С.Липсет, С.Хантингтон және т.б.). Олардың зерттеуінің негізгі бағыттары: саяси билік, саяси билік механизмі, саяси билік принциптері, саяси мінез-құлық, саяси партия, т.б. Салыстырмалы саясаттану.
Ағылшын саясаттану мектебі американдық мектептің ықпалы негізінде қалыптасты. Зерттеулерді экономикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-саяси бағыттар бойынша жүргізеді. Саяси жүйе, сайлау жүйесін, мүдделі топтардың билікке ықпал ету механизмін, шиеленіс, келісім теориясын, плюралистік демократия, т.б.
Неміс саясаттану мектебі (Т.Адорно, Х.Арендт, Р.Дарендорф, Э.Фромм) зерттеулерді теория-философиялық пен саяси-әлеуметтік мәліметтерді байланысы негізінде жүргізеді. Негізгі ғылыми бағыттары: саясат философиясы, шиеленіс, саяси жүйе теориялары, саяси үстемдіктің тарихи және салыстырмалы түрлері, тоталитаризм, саяси институттар социологиясы, саяси мінез-құлық, қоғамдық пікір, БАҚ-тың саясаттағы рөлі.
Француз саясаттану мектебі (М.Бонгран, П.Бурье, Ф.Буррико, Д.Давид, М.Фуко) ІІ-ші дүниежүзілік соғыстан соң қалыптасты.Бұл мектеп билік мәнін, таптарды, саяси партияларды, әлеуметтендіруді зерттеді және қолданбалы саясаттануды дамытты.
ХХ ғасырдың саясаттану ғылымының қазiргi кезеңдегi әр түрлi бағыттары қалыптасты:

  1. Әлеуметтiк бағыт, ол әсiресе батыстық саясаттану ғылымында ерекше орын алды. Оның өкiлдерi саясат құбылыстарын қоғамның күрделi әлеуметтiк құрылымы мен процестерi арқылы зерттейдi. Саясаттануда бұл бағыттың қалыптасуына М. Вебер, Э. Дюркгейм үлкен үлес қосты. Осы бағыт iшiнде В. Парето мен Г. Моска элита концепциясын, ал Р. Михельс саяси партия теориясын қалыптастырды.

  2. Саясаттанудың екiншi бағыты – институционализм деп аталады. Оның негiзгi өкiлдерi С. Липсет, Ч. Миллс, М. Дюверже т.б. Олардың негiзгi зерттеген мәселелерi – саяси өмiр мен қоғамдық құрылысты ұйымдастыру формалары. Бұл бағыттың негiзгi қолданған ұғымы «саяси институт» болды.

  3. Саясаттың құрылымдық-функционалды концепциясы, оның өкiлдерi – Г. Лассуэлл, Т. Парсонс, Д. Истон, М. Вебер. Олар саясатты, оның инситуттарын қоғамдағы орны мен қызметiне қарай зерттейдi. Д. Истон саяси жүйе теориясын қалыптастырған. Г. Лассуэлл өз еңбектерiнде саяси жүйенiң әрекет етуiндегi бұқаралық коммуникацияның рөлiне көп көңiл бөлдi. Т. Парсонс пiкiрi бойынша жалпы жүйенi тану тек жекелеген жүйешелердi зерттеу арқылы ғана мүмкiн еді.

  4. Саяси плюрализм концепциясының негiзгi өкiлдерi – Э. Дюркгейм, М. Дюверже, Р. Дарендорф болып табылады. Олардың негiзгi идеясы: қоғамда таптардың жойылуына және олардың орнына әлеуметтік қабаттардың өзара әрекет пен келiсiмде өмiр сүруiне негізделді. Мұнда мемлекет бейтарап төреші қызметiн атқаратын болды.



  5. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет