2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті (мұнан әрі БЭК) құру туралы келісімге қол қойды. БЭК Достастық кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастықты жүзеге асырудың бір жолы. ТМД құрамына кіретін төрт мемлекет ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады. БЭК қызметіне экономикалық сипат тән. 2004 жылы 20 мамырда БЭК-ті құру туралы заң күшіне енді. 2004 жылы 24 мамырда Ялтада БЭК-тің дамуының басым бағыттарын анықтаған мүше мемлекет басшыларының кездесуі өтті.
Қазақстан және ЕҚЫҰ. ЕҚЫҰ құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. Ол БҰҰ Жарғысына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдың алдын алу және оны болдырмау, көрініс берген жанжалдарды реттеу мәселелерін қарастырады. Сол сияқты қару-жараққа бақылау жасау, алдын алу дипломатиясы, сенім шаралары мен қауіпсіздікті нығайту, адам құқықтары, сайлауға бақылау жасау, сондай-ақ экономикалық және экологиялық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады.
2010 жыл 1-қаңтар айынан Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Төрағасы болды. 2010 жылдың 1-2 желтоқсаны күндері ЕҚЫҰ-ның кезекті Саммитін Астана қаласында өтті. Саммитке ЕҚЫҰ-ға шетелдерден 73 ресми делегациясы, сондай-ақ БҰҰ, ЕО, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдері, 500-ден аса үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Саммит жұмысын 1000-нан аса отандық және шетелдік журналистер, ғаламдық жетекші телеканалдар, газеттер мен ақпарат агенттіктері таратты.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев қаржы-экономикалық қауіпсіздікті және «Жаңа онжылдықтағы төзімділікке» бағдарламалық құжатын бірлесе әзірлеу арқылы конфессияаралық төзімділікті жеке өлшемге бөліп шығарып, ЕҚЫҰ-ның себептері мен институттары санын ұлғайтуды ұсынды. Президент ЕҚЫҰ-ның Маастрихт стратегиясын келісілген валюта-қаржы саясатының, экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияның қағидаттарын бейнелеуге болатын «Маастрихт-плюс» құжатымен толықтыруды ұсынды.
Ол ЕҚЫҰ құрылымында энергетикалық қауіпсіздік және экономикалық өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер, Экологиялық форум, сондай-ақ Қарусыздану және қаруды таратпау саласында арнаулы форум құруды ұсынды. Су проблемаларын құқықтық реттеу мақсатында Президент «Су және құқық» бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Трансшекаралық қылмысқа, есірткі трафигіне және жасырын көші-қонға қарсы күресті үйлестіру үшін ЕҚЫҰ-ға мүше елдер министрлері деңгейінде кеңес қалыптастыруды, қақтығыстардың және әлем экономикасындағы келеңсіз үдерістердің алдын алып отыру үшін орталығы Астанада орналасқан ЕҚЫҰ-ның Қауіпсіздік институтын құруды ұсынды. Қазақстанда өткен ЕҚЫҰ Саммитінде
Достарыңызбен бөлісу: |