Лекция тезисі №1 лекция тақырыбы. Математика тарихы және методология пәні. Математика мұғалімін дайындау жүйесіндегі математика тарихының және методологиясының ролі


Ислам елдеріндегі математиканың мәні



бет12/13
Дата02.03.2022
өлшемі154.37 Kb.
#455892
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Математика тарихы ж не методол

Ислам елдеріндегі математиканың мәні. Ислам елдерінің математикасы Шығыс математикасының дамуына әсері сияқты Батыс математикасынынң дамуына да ерекше әсер етті. XVII ғасырда сфералық тригонометриямен зерттеу пайда болды. ХІ ғасыр басынан 100 жыл бойы Шығыстан алынған мәліметтің таралуы Европадағы математика дамуында негізгі мағынаға ие болды. ХІІ ғасырда Испанияда араб аудармашыларының қызметі мен грек шығармаларының аудармалары өркендеді. Әл-Хорезмнің Бану Мұсаның, Ибн Корраның және Шығыстың басқа да математиктерінің біршама шығармалары аударылды және араб математикалық әдебиеттерінің латындық түрі жасалды.
Ислам елдерінің ғылымдарының Европа ғылымына ықпалын келесі терминдерден («араб цифрлары», «алгебра», «алгоритм», «цифр», «түбір», «синус») көруге болады.
Сонымен бірге көптеген астрономиялық терминдер мен көптеген жұлдыздардың аты арабтардан шыққан.


Әдебиеттер: [2,4-6,8-10]; [14,15,20,24,25]; [26-31];[32-34];[35-37].
8 лекция тақырыбы. Орта ғасырдағы және Қайта өрлеу дәуіріндегі Еуропа математикасы

V-VI ғғ. мың жылға жуық созылған Батыс Европадағы феодалдық қатынастардың үстемдік уақыты орта ғасырлармен аталады. Осы тарихи дәуір 3 басты сатыға бөлінеді:


- ертедегі феодализм – шамамен ХІ ғ. дейін.
- дамыған феодализм – ХІ ғ. мен ХV ғ. аралығы.
- феодалдық құрылыстың ыдырауы – ХV- ХVІІ ғ.ғ.
Орта ғасырдағы қолөнердің, товарлы өндірістің және сауданың біртіндеп дамуы мәдениет пен ғылымның негізгі прогрессі болып табылды, сонымен берге ХІ ғ. 2-жартысынан негізінен көтерілу – қалалардың, қала адамдарының материалдық жағдайларының жақсаруы, қоғамдық ролінің көтерілуі болды.
Еуропалықтардың Орта ғасырлар бойындағы рухани әлемі антикалық мұраның мағыналы бөлігін үйрену мен Шығыс елдерінің дәулетімен байыды. Араб мәдениетімен байланыс үлкен мәнге ие болды. Араб шығармаларын латын тіліне аударудың себепті ролін бағалау қиын болды, сол сияқты грек авторларының да аудармалары болды. Кейінгілерді тікелей оқу кейінірек, ХV-ХVІІ ғғ. Қайта өрлеу дәуірінде кең серпу алды.
Феодалды Батыс Еуропада мәдениет пен ғылымның алдыңғы қатарлы алға жылжуы реакциялық күштермен, көбіне діни ағыс арасында күрес формасын қабылдай отырып салыстырмалы түрде баяу жылжыды. Шіркеу діни ортодоксиядан ауытқып отырған философиялық және ғылыми ой өкілдерін қатты қудалады.
Ғылымдағы елеулі жетістіктер неғұрлым дамыған мемлекеттердің халықтарына тиісті болды. Оларға Италия, Франция, Англия, Германия жатты, бірақ кейбір тамаша жаңалықтар басқа да мемлекетерде ашылды.
Византияның күшті әсерімен онымен тығыз байланысты балкан халықтарының: Русь, Армения, Грузия – мәдениеті дамыды.
ХV ғ. ортасында Византия түріктердің тежеуімен құлады. Русьті монғол-татарлар, Грузия мен Арменияны арабтар, монғол-татарлар, түріктер жеңіп алды.
Шетел шапқыншылығы көп уақыт шығыс христиан елдерінің мәдениеті мен ғылыми дамуын бөгеді, тіпті кері шегіндіріп тастады.
Татар шапқыншылығы (ХІІІ-ХV ғғ.) Русьта ғылымның дамуын көп уақытқа бөгеді. Баты қалың қолы, сол сияқты оның немере інілерінің: Хулагу мен Хубилай - әскерлері жаулап алған мемлекеттердің мәдениет орталықтарын түгелдей қиратты. Осы кезде жаулап алушылармен бірлесе отырып татар езгісі жағдайында ғылым орталықтарын ұйымдастыратын оқымыстылар Русьте табылмады. Барлық күш жаулап алушыларға тойтарыс беруге жұмсады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет