56
солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер
бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екi немесе одан да көп іс-
әрекеттi жасау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы деп танылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың
жиынтығы кезінде адам, егер осы іс-
әрекеттердiң белгiлерi Қылмыстық кодекстiң бiр бабының немесе бабының бiр
бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жазаны көздейтiн
нормасында қамтылмаған болса,
әрбiр жасалған іс-әрекет үшiн Қылмыстық кодекстiң тиiстi бабы немесе
бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауаптылықта болады.
Қылмыстық кодекстiң екi немесе одан да
көп бабында көзделген
қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгiлерi бар бiр әрекет (әрекетсiздiк) те
қылмыстық
құқық
бұзушылықтардың
жиынтығы
деп
танылады.
Қылмыстардың мұндай жиынтығы кезінде адам, егер бiр іс-әрекеттiң белгiлерi
Қылмыстық кодекстiң бабының басқа іс-әрекет үшiн неғұрлым қатаң жазаны
көздейтiн нормасында қамтылмаған болса, әрбiр жасалған іс-әрекет үшiн
Қылмыстық кодекстiң тиiстi баптары бойынша
қылмыстық жауаптылықта
болады.
Егер дәл сол бір іс-әрекет Қылмыстық кодекстiң тиiстi баптарының
жалпы және арнайы нормаларының белгiлерiне сәйкес келсе, қылмыстық құқық
бұзушылықтардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық
Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң арнайы
норманы қамтитын бабы
бойынша туындайды (13-бап).
Қылмыстар жиынтығының екі түрі болады: идеалды және нақты.
Кінәлі тұлға өзінің бір ғана әрекеті арқылы қылмыстық заңның әртүрлі
баптары бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыс жасаған
жағдайда
идеалды жиынтық орын алады.
.
Тұлғаның өзінің әртүрлі әрекеттері арқылы қылмыстық заңның түрлі
баптарына (бір баптың бөліктері мен тармақтарына) сай келетін бірнеше
қылмыс жасауы нақты жиынтық деп қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: