Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


Аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық



Pdf көрінісі
бет38/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
 
4.Аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық. Қылмыстық кодекстің 
25-бабында " Егер адам жасаған іс-әрекетте осы Кодекстің Ерекше бөлігінде 
көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгiлерi болса, қылмыстық 
құқық бұзушылық аяқталған деп танылады" делінген. 
Кейбір қылмыстар белгілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғында ғана 
аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы 
(мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер 
өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады). Ал басқа 
қылмыстар әрекетті жасаған сәттен бастап (әрекет немесе әрекетсіздік) қоғамға 
қауіпті салдардың туындағанынан немесе туындамағанынан тыс аяқталған 
болып есептеледі (мысалы, қарақшылықта шабуыл жасау фактісінің өзі, адам 
мүлікті алған, алмағандығына қарамастан, аяқталған қылмыс құрамын 
құрайды). 
Кейбір қылмыстар әрекетті жасау сәтінен бастап емес, дайындау немесе 
қастандық сатысында-ақ аяқталған болып есептеледі (мысалы, бандитизм 
банды шабуыл жасаған кезде емес, оны ұйымдастырған сәтте аяқталған болып 
есептеледі).
Ал кейбір аяқталған қылмыстар бойынша, қылмыс жасау әрекеттері 
жасырын түрде басталып аяғы ашық түрде қылмыс жасаумен ұласуы мүмкін. 
 
5. Қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркiмен бас тарту. Адамның 
дайындалу әрекеттерiн тоқтатуы не осы іс-әрекетті жасауға тiкелей бағытталған 
әрекеттердi (әрекетсiздiктi) тоқтатуы, егер адам оны ақырына дейiн жеткiзу 


51 
мүмкiндiгiн ұғынған болса, қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркiмен бас 
тарту деп танылады. Егер адам осы іс-әрекетті ақырына дейiн жеткiзуден өз 
еркiмен және біржолата бас тартса, ол осы қылмыстық құқық бұзушылық үшiн 
қылмыстық жауаптылыққа жатпайды.
Қылмыстық құқық бұзушылықты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен 
бас тартқан адам, егер оның іс жүзінде жасаған іс-әрекетiнде өзге қылмыстық 
құқық бұзушылық құрамы болған жағдайда ғана, қылмыстық жауаптылыққа 
жатады. Егер қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы және оған 
айдап салушы мемлекеттiк органдарға хабарлауымен немесе өзге де 
қолданылған шараларымен орындаушының осы құқық бұзушылықты ақырына 
дейiн жеткiзуiне жол бермесе, бұл адамдар қылмыстық жауаптылыққа 
жатпайды.
Егер орындаушы қылмыстық құқық бұзушылықты аяқтағанға дейiн оған 
күні бұрын уәде берген жәрдемінен бас тартса немесе көрсетiлген көмектiң 
салдарын жойса, көмектесушi қылмыстық жауаптылыққа жатпайды.Егер 
ұйымдастырушының немесе айдап салушының осы баптың үшiншi бөлiгiнде 
көрсетілген әрекеттері қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмауға әкеп 
соқпаса, онда олардың қолданған шараларын сот жаза тағайындау кезiнде 
жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет