Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған



Pdf көрінісі
бет37/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
 
2. Қылмысқа дайындалу. Қылмыстық кодекстің 24-бабының бірінші 
бөлігінде "Тікелей пиғылмен жасалған, қылмыс құралдарын немесе қаруларын 
iздестiру, әзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа сыбайлас қатысушыларды 
iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана 
жағдайлар жасау, егер бұл ретте қылмыс адамның еркiне байланысты емес мән-
жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа дайындалу деп 
танылады" — делінген. 
Қылмыстық кодекс бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмысқа 
дайындалғаны үшiн, сондай-ақ террористік қылмысқа дайындалғаны үшін ғана 
қылмыстық жауаптылық туындайды. 
Дайындау - бұл заттардан қылмыс жасау үшін қарулар мен құралдарды
жасау. 
Бейімдеу - заттарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды 
болады (мысалы, кілттің түрін өзгерту). 
Бірге қылмыс жасаушыларды іздеу басқа адамдармен танысу немесе 
таныстықтарын жалғастыру, оларды нақты қылмыс жасауға итермелеу, 
әрқайсысының рөлін талқылау және т.б. тұрады. Іздеу тәсілдері ретінде 
уәделесу, қорқыту, бірге баюға уәде беру, бопсалау қолданылуы мүмкін. 
Қылмыс жасауға сөз байласу, қылмыстық жауапкершілік жасына толған екі 
немесе одан да көп адамдардың бірге қылмыс жасауға сөз байласуларын 
көздейді. Қылмыс жасау үшін басқа да шарт-жағдайлар жасау әр түрлі 


49 
әрекеттерден көрінуі мүмкін. Мұндай әрекеттер ойға алған қылмыстың 
жоспарын жасаудан, пәтер иелерінін кету, келу уақытын аныктаудан, белгі беру 
жүйесінің бар жоқтығын білуден және т.б. сипатталады.
Субъективтік жағынан қылмысқа дайындалу тек тікелей қасақаналықпен 
жасалады. Қылмысқа қылмыс нәтижесін тілемей дайындалуға болмайды. 
 
3. Қылмысқа оқталу. Қылмыстық Кодекстің 24-бабыны үшінші бөлігі 
бойынша қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған 
әрекеттер (әрекетсiздiк), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-
жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа оқталу деп 
танылады және ауырлығы орташа қылмысқа, ауыр немесе аса ауыр қылмысқа 
оқталғаны үшiн, сондай-ақ террористік қылмысқа оқталғаны үшін қылмыстық 
жауаптылық туындайды. 
Қылмысқа дайындалғаны және қылмысқа оқталғаны үшiн қылмыстық 
жауаптылық Қылмыстық кодекстегі аяқталған қылмысқа арналған бабы 
бойынша, 24-баптың тиiстi бөлiгiне сiлтеме жасала отырып туындайды. 
Қастандық қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекеттерден тұрады, ол 
адамның қылмыстық нақты құрамының объективтік жағын орындай 
бастағанын немесе орындап болғанын білдіреді. Адам өлтіруге қастандық 
жасағанда, мысалы, адам жәбірленушіге оқ атуға оқталады немесе атқанымен 
мүлт кетеді, ұрлық жасағанда құлыпты бұза бастайды. Көпшілік жағдайда 
қастандық әрекет жолымен жасалады (соққы беру, у беру, оқ ату және т.б.) 
Жеке жағдайларда қастандық әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін (мысалы, 
анасы жаңа туған баласын өлтіру үшін, оған емшек сүтін бермей қояды). 
Қолданыстағы қылмыстық заңда оқталуды түрлерге бөлу көрсетілмеген, 
бірақта қылмыстық ғылымда оқталуды түрлерге бөлуді кінәліні қылмыстық 
жауаптылыққа тартуға және жазаның мөлшерін айқындаумен байланыстырады. 
Қылмыскер қылмыс жасап оқталуына байланысты қаншалықты 
қылмысты аяқтауға жақын қалды, соншалықты қоғамдық қауіптілігі жоғары 
болады. Сондықтан қаншалықты қылмысты аяқтауға қылмыскер іс-әрекетіне 
қарай жақын болуына байланысты оқталу екі түрге бөлінеді: аяқталған және 
аяқталмаған. 
Аяқталған оқталу-бұл аяқталған қылмысқа жақын оқталу іс-әрекетінің 
түрі. Аяқталған оқталудың өзіндік белгілері: обьективті жағы бойынша-тұлға 
қылмысты аяқтау үшін барлық әрекеттерді істегені. 
Субьективтік жағы бойынша-тұлға қылмыс аяқталу үшін барлық 
әрекеттерді істегенін түсінеді және тiкелей қылмыс жасауға тура бағытталған 
ниетпен жасалған iс-әрекетінің арқасында басқа қосымша әрекетсіз ойының 
іске асатындығын, бірақта, бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-
жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмейді. 
Қылмыстың адамға байланысты емес мән-жайлары бойынша ақырына 
дейiн жеткiзiлмеуі-аяқталған оқталудың міндетті белгісі.


50 
Сонымен бітпеген аяқталу деп кінәлінің қылмысын аяқтауға қажетті деп 
санаған қылмыстың обьективтік жағының барлық іс-әрекетті толық емес, 
жарым-жартылай орындау болып табылады. 
Сонымен оқталу түрлерге бөлінеді: аяқталған және аяқталмаған, 
жарайтын және жарамайтын болып. Соңғы бөлінеді жарамайтын қылмыстың 
обьектісіне оқталу немесе жарамайтын құралдармен оқталу деп.
Жарамайтын обьектіге (нақтырақ қылмыс жасауға жарамайтын зат немесе 
жәбірленуші) оқталу болып саналады, егерде нақты қателесудің арқасында 
қоғамдық қауiптi зардаптар туындамайды (мәйітті тірі адам деп қасақаналық 
жасау, ұнды есірткі деп тасымалдау және т.б.) 
Жарамайтын құралдармен оқталу дегеніміз, қылмыскер өзінің қылмыстық 
мақсатына жету үшін, обьективтік сипатына қарай қылмысты аяқтауға 
мүмкіншілік бермейтін жарамсыз құралдарды өздері білмей қолдануды 
айтамыз (оқ атылмайтын қаруды қолдану, у деп витаминді қолдану және т.б.). 
Оқталудың қылмысқа дайындалудан айырмашылығы: дайындалу үзіледі 
қылмыс құрамының обьективтік жағын орындаудың алдында, ал оқталуда 
қылмыс құрамының обьективтік жағын орындау барысында қоғамға қауіпті 
зардап туындамай үзіледі. 
Оқталудың түрлері қылмысты саралағанда әсерін тигізбейді, бірақ 
Қылмыстық кодекс бойынша жазаның мөлшері төмендетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет