Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


 Қылмысқа қатысудың нысандары



Pdf көрінісі
бет40/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
3. Қылмысқа қатысудың нысандары. ҚК-тің 31-бабы адамдар тобының 
қылмыстық құқық бұзушылыққа бірлесіп қатысуының төмендегідей төрт 
нысанын ажыратады. 
Бірінші нысан қылмысты алдын-ала сөз байласпай бірлесіп 
орындаушылық. Егер қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға екi немесе одан 
да көп орындаушы алдын ала сөз байласпай бiрлесiп қатысса, ол адамдар тобы 
жасаған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады. 
Адамдар тобының алдын-ала сөз байласу арқылы қылмыс жасауы — 
бірлесіп қатысудың екінші нысаны болып табылады. Егер қылмыстық құқық 
бұзушылыққа оны бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан адамдар 
қатысса, ол алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық 
құқық бұзушылық деп танылады. 
Бірлесіп қатысудың бұл түрінің бірінші түрден айырмашылығы — бүған 
бірге орындаушылық та, топтағы орындаушылар мен ұйымдастырушылар да, 
айдап салушылар да және көмектесушілер де кіруі мүмкін.
Егер қылмысты ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық 
қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, 
трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда 
немесе заңсыз әскерилендірілген құралым жасаса, ол қылмыстық топ жасаған 
қылмыс деп танылады. Бұлардың нақты түсінігі ҚР ҚК 3- бабында көрсетілген. 
Бірлесіп қатысудың бұл түрлерінің ерекшелігі — мұндай топқа 
қатысушылардың арасындағы өзара байланыстың тұрақты сипатта болуы
топтың беріктігі, топты құрудың мақсаты — бір немесе бірнеше қылмыстық 
құқық бұзушылық жасау және т.б.. 
Қылмыстық топ құрған не оған басшылық еткен адам Қылмыстық 
кодекстің Ерекше бөлiгiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда 
қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған басшылық еткені үшін, сондай-
ақ егер қылмыстар оның пиғылында болған болса, қылмыстық топ жасаған 
барлық қылмыстар үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатады. 
Ал, қылмыстық топтың басқа қатысушылары Қылмыстық кодекстің 
Ерекше бөлiгiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда, оған қатысқаны 
үшiн, сондай-ақ өздерi дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшiн 
қылмыстық жауаптылықта болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет