52
Қатысушыларды бұлайша жіктеудің негізінде қылмыстың жасалу барысындағы
қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының қатысу дәрежесі мен сипатына
қарай айыру шарттары жатыр.
Қылмыстық құқық бұзушылықты тiкелей жасаған не оны жасауға басқа
адамдармен (бірге орындаушылармен) бiрлесіп тiкелей қатысқан адам, сондай-
ақ жасына, есiнiң дұрыс еместiгiне немесе осы Кодексте көзделген басқа да
мән-жайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын басқа
адамдарды
пайдалану арқылы, сол сияқты іс-әрекеттi абайсызда жасаған
адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам
орындаушы деп танылады.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның
орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты
қылмыстық топты құрған не
оған басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады.
Басқа адамды азғыру, параға сатып алу, қорқыту жолымен немесе басқа
да тәсілмен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға көндiрген адам айдап
салушы деп танылады.
Кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат, осы
іс-әрекетті жасайтын қару
немесе құралдар беруімен не оны жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстық
құқық
бұзушылықтың
жасалуына
жәрдемдескен
адам,
сондай-ақ
орындаушыны, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруын немесе өзге де
құралдарын, осы іс-әрекеттің iзiн не құқыққа қарсы жолмен қол жеткізілген
заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды
иемденуге немесе өткiзуге күні бұрын уәде берген адам көмектесушi деп
танылады.
Қылмыстық
құқық
бұзушылыққа
сыбайлас
қатысушылардың
жауаптылығы қылмыстық заңның (29-бап).
Сыбайлас
қатысушылардың
қылмыстық
жауаптылығы
олардың
әрқайсысының қылмыстық құқық бұзушылықты
жасауға қатысу сипатымен
және дәрежесiмен айқындалады.
Бірге орындаушылар өздерiнiң бiрлесiп жасаған қылмыстық құқық
бұзушылығы үшiн осы қылмыстық заңның 28-бабына сiлтеме жасамай,
қылмыстық заңның белгілі бiр бабы бойынша жауап бередi.
Ұйымдастырушының,
айдап
салушының
және
көмектесушiнiң
жауаптылығы, олар бiр мезгiлде бірге орындаушылар болып табылған
жағдайларды қоспағанда, жасалған іс-әрекет үшiн
жаза көзделетiн бап
бойынша, қылмыстық заңның 28-бабына сiлтеме жасала отырып туындайды.
Орындаушы өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша қылмысты
ақырына дейiн жеткiзбеген жағдайда, қалған сыбайлас қатысушылар қылмысқа
дайындалуға немесе қылмысқа оқталуға сыбайласып қатысқаны үшiн
жауаптылықта болады. Өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша басқа
адамдарды қылмыс жасауға көндiре алмаған адам да осы іс-әрекетті жасауға
дайындалғаны үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.
Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында арнайы
көрсетілген, қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектiсi болып табылмайтын,
53
осы бапта көзделген іс-әрекетті жасауға қатысқан адам осы қылмыстық құқық
бұзушылық үшiн
оны ұйымдастырушы, оған айдап салушы не көмектесуші
ретiнде қылмыстық жауаптылықта болады.
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушының шектен
шығуына байланысты
, оның шектен шыққаны үшiн басқа сыбайлас
қатысушылар қылмыстық жауаптылыққа жатпайды.
Сыбайлас қатысушының
шектен шығуы деп адамның басқа да сыбайлас қатысушылардың пиғылында
болмаған қылмыстық құқық бұзушылық жасауы танылады.
Достарыңызбен бөлісу: