Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған



Pdf көрінісі
бет42/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72
 
 
12 Тақырып: Қылмыстардың көптiгi 
 
Мақсаты: көп қылмыстардың ұғымын, әлеуметті және заңдылық 
сипаттамасын, 
түрлерін 
түсіндіру, 
көп 
қылмыстың 
жекелеген 
қылмыстардан айырмашылығын білу 
 
Жоспары: 
1.Қылмыстардың 
көптiгiнiң 
түсiнiгi 
және 
олардың 
жекелеген 
қылмыстардан айырмашылығы 
2.Қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы 
3.Қылмыстардың жиынтығы 
4.Қылмыстардың қайталануы 
 


55 
1.Қылмыстардың көптiгiнiң түсiнiгi және олардың жекелеген 
қылмыстардан 
айырмашылығы. 
Тұлғаның 
қылмыстық 
жауапқа 
тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып 
тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған 
екі не одан да көп қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауы қылмыстық 
қүқықта қылмыстардың көптігі деп танылады. 
Қылмыстардың көптігінің өзіне тән белгісі — бір тұлғанын кемінде екі 
қылмыстық құқық бұзушылық, яғни қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
дербес құрамдарының белгілері бар әрекеттер (немесе жиынтықталған бір 
әрекет) жасауы. Ал қылмыс және қылмыстық теріс қылық өзара
қылмыстардың көптігін құрамайды. Сонымен қатар әкімшілік құқық 
бұзушылық, тәртіпке карсы қылық, азаматтық-құқықтық тәртіп бұзушылық, 
сол сияқты, ҚК-тің 10-бабының төртінші бөлігінде қарастырылған іс-әрекет 
немесе әрекетсіздік қылмыстың көптігіне жатпайды. 
Қылмыстардың көптігін жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтардан, 
яғни қылмыстық құқық бұзушылықтардың бір ғана құрамының белгілерінен 
тұратын әрекеттен ажырата білу керек. 
 
2. Қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы. ҚК-тін 12-бабының бірінші 
бөлігінде " Осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң дәл сол бiр бабында немесе 
бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп іс-әрекеттi жасау
қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады» деп 
көрсетілген. 
Бірақ еске алу керек, егер адам бұрын жасаған қылмыстық құқық 
бұзушылығы үшін сотталған не заңда белгіленген негіздер бойынша 
қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыстық құқық бұзушылық 
бірнеше рет жасалған деп танылмайды. 
Сонымен қатар, жалғасатын қылмыстық құқық бұзушылық, яғни бiр 
пиғылмен және бiр мақсатпен ұштасып, тұтас алғанда бiр қылмыстық құқық 
бұзушылықты құрайтын, құқыққа қарсы бiрқатар бiрдей іс-әрекеттерден 
тұратын қылмыстық құқық бұзушылық бiрнеше рет жасалған қылмыстық 
құқық бұзушылық деп танылмайды. 
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң 
жазаға әкеп соғатын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда, адамның жасаған 
қылмыстары осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң қылмыстарды бiрнеше рет 
жасағаны үшiн жаза көзделетiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша сараланады. 
Қылмыстық теріс қылықтардың бірнеше рет жасалуы Қылмыстық 
кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғатын мән-жай ретiнде көзделген 
жағдайларда, адамның жасаған қылмыстық теріс қылықтары осы Кодекстiң 
Ерекше бөлiгiнiң қылмыстық теріс қылықтарды бiрнеше рет жасағаны үшiн 
жаза көзделетiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша сараланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет