Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары


жобалау - технологиялық үдерістерді (бөлшектерді өңдеу, құрастыру, т.б.) құрастыру ойластырылған (болжанған) тапсырмалар; реттеу



бет14/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
stud.kz-72859

жобалау - технологиялық үдерістерді (бөлшектерді өңдеу, құрастыру, т.б.) құрастыру ойластырылған (болжанған) тапсырмалар;

  • реттеу - технологиялық үдерістердегі ауытқуларды тренажерге берілген немесе шартты ойластырылған тапсырмаларды жою және мөлшерлі жұмыс режимін орнату;

  • диагностикалау - құрылғының жарамсыздығы себептерін іздеу ойластырылған тапсырмалар.

    Осы үш жаттығудың әрқайсысын көрсету және орындау үдерісінде педагог (оқыту шебері) пен білімгер іс-әрекеті құрылымын қарастыратын болсақ, онда әртүрлі эвристикалық оқытудың әдістерін аланады.
    Н.Е.Эрганова «өндірістік оқыту әдістемесінде келесідей: еңбек әрекетін көрсету, диагностикалық, жаттығу (тренировочный), алгоритмдік және эвристикалық әдістері қолданылады.» – деп жазады.
    Технология пәнін оқыту әдістемесі тұрғысынан алғанда оқушыларға дер кезінде нұсқаулар қажет. Нұсқау деп іс-әрекет барысында оқушының практикалық іс-әрекетінің дұрыс және қауіпсіз орындалуын қалыптастыру бағытындағы еңбек іс-әрекет тәсілдерін көрсету мен түсіндірулер немесе оны көрсету арқылы жүзеге асырылатын түсіндірулер деп те қарастырады. Педагог-ғалымдардың, әдіскерлердің пікірінше оның мазмұнына келесі элементтер қамтылады:

    1. Сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

    2. Ғылым негіздері бойынша тірек білімдерін, тақырыпқа қатысты техника-технологиялық мағлұматтарды оқушылардың есіне түсіру.

    3. Жаңа техника-технологиялық мағлұматтармен таныстыру.

    4. Бұйымның үлгілерін көрсету.

    5. Алдағы жұмыс жөнінде айту, бұйымның үлгісімен, сызбасымен, оған қойылатын техникалық талаптармен таныстыру.

    6. Жұмысқа дайындық, жұмыс орнын ұйымдастыру, қауіпсіз еңбек ету ережелерін мазмұндау.

    7. Операцияны дұрыс орындаудағы әдістер мен тәсілдерді түсіндіру және көрсету, жіберілетін қателіктердің алдын алу.

    8. Дайындалған бұйымның сапасын, операцияны орындаудың дұрыстығын өзіндік бақылау әдістерін түсіндіру және көрсету.

    9. Материалды игеру сапасын сұрау және әрекетті қайталау жолымен тексеру.

    10. Оқушылардың өзіндік практикалық жұмыстары үшін нұсқау беру.

    Сабақ барысында оқушыларға берілетін нұсқаулардың өзіндік орны бар. Технология пән сабақтарында нұсқаудың келесідегідей түрлері қарастырылады; кіріспе, ағымдық және қорытынды.
    Кіріспе нұсқауда жаңа операцияны үйретуде операцияның сипатын, еңбек тәсілдерінің дұрыс орындалуын демонстрациялау, өзін-өзі бақылау белгілерін көрсету, нақты еңбек міндеттерін қоюды қарастырады.
    Кіріспе нұсқаудан кейін оқушылардың өзіндік жұмыстары ұйымдастырылады.
    Ағымдық нұсқау еңбек тәсілдерін дұрыс орындамаған кезде, оқушының зейінін жұмыстың барысындағы жіберілген қателіктерге аудару, жұмыстың дұрыс орындалмаған себептерін түсіндіру, оқушының қорытынды жасау, дұрыс еңбек тәсілін қайта көрсету үшін және т.б. жағдайды қарастырады.
    Ағымдағы нұсқаудан кейін оқушылардың өзіндік жұмысы жалғасады.
    Қорытынды нұсқау орындалған іс-әрекет барысында дайындалған бұйымдарды демонстрациялау (бастысы сапасы), оқушы жұмысының жалпы қатесіне талдау жасау және оқушы еңбегін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
    Сондай-ақ қолмен және машинамен технологиялық операцияларды орындауда нақты жаттығуларды ұйымдастыру кезіндегі жалпы нұсқаулар төмендегідей болып келеді:
    - еңбек операцияларының мөлшерін оқушылардың нақтылы жағдайына сәйкестендіруде және оларды оқушыларға түсінікті етуде;
    - еңбек операциясын орындау кезінде, бір мезгілде бірнеше қозғалысты орындау керек болса, онда әрбір жұмыс қозғалысын оқушыларға түсіндіруде;
    - еңбек тәсілдерін орындау кезінде оларды сенімді негіздеу қажеттілігіне байланысты, еңбек операциясының орындалу жолдарын түсіндіруде.
    Басқа оқу пәндері сияқты технология пән сабақтарында оқытудың нәтижесі оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарына, логикалық тәсілдерді жүзеге асыруына байланысты төмендегідей түрлерге бөлінеді: жекелеген объектіні бақылау; салыстыру-талдау бақылауын жүзеге асыру; оқу экспериментін орындау; конструкциялау; оқу есептерін шешу; кітаппен жұмыс. Бұлардың барлығына дерлік ортақ нәрсе, ол, мұғалімнің нұсқауы.
    Технологиялық дайындықты жүзеге асыруда оқытудың әдістерінен басқа шығармашылықты қамтамасыз ететін басты әдістер кеңінен қолданылады. Олардың мазмұндық ерекшелігі: білімді тереңінен түсінуге, алған білімді басқа жағдайға тасымалдауға мол мүмкіндік береді.
    Жалпы әдістерді және білімді меңгеру, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және шығармашылық іс-әрекеттерді қалыптастыратын мақсаттарына сәйкес қолдану орынды болады. Ол үш әдістер жөніндегі түсінікпен жоғары оқу орындарында қызмет ететін оқытушы да және болашақ технология пәні мұғалімдері де қаруланады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет