Логикалық тәсілдер – оқушының ойлау қызметін қалыптастыру тәсілдері (ойлау тәсілдері). Оған жататындар: негізгісін, маңыздысын бөлу; себеп-салдарлық байланыстарды бөліп алу; салыстыру; талдау; жинақтау; талдап қорыту және т. б.
Техникалық тәсілдер мұғалім мен оқушы іс-әрекетіндегі құралдарды, яғни әр түрлі жабдықтарды, материалдарды, бейімдеу құралдарын, техникалық оқу құралдарын және т. б. тиімді пайдалануды қарастырады.
Е.А.Климов еңбектік іс-әрекетті құраушы қозғалыс әрекеттерді: алу, қою, сығымдау, орын ауыстыру, күшті азайту немесе көбейту және т.б. деп, ал танымдық (гностикалық) әрекеттерді:
а) қабылдау әрекеттері (байқау, ажырату, тану, есту, сипап сезу, көру, дәмін тату, иіс сезу бойынша белгілер көрінісінің дәрежесін анықтау және т.б.);
б) елестету әрекеттері (объектіні ойша түзу, осының негізінде болашақ өнертапқыштар, тиімді ұсыныс жасаушылар дүниеге келеді);
в) логикалық әрекеттер (талқылау, қорытынды шығару) деп бөліп көрсетеді.
Ал, оқу материалдарын баяндамас бұрын мұғалім проблемалық сұрақтар қойғаны дұрыс. Себебі, сұрақтар оқушылардың ой түрткісіне негіз қалаумен қатар, баяндалатын оқу материалдарын қабылдауға, зейінін топтастыруға себепші болады.
Еңбекке баулу барысындағы қолданылатын технологиялық картаны да жетілдіру қажет. Оның мазмұнында қозғалыс түрлерінің әрқилы болатынын ескерген жөн.
Өндірістік оқыту әдістерінің мәнін түсіндіру үшін мазмұндық білім алушының іс-әрекеті сипаты мен байланысын қарастыру да қажет.
Айта кететін жәйт, білімгердің, оқушының теориялық оқу кезіндегі іс-әрекеті танымдық сипатқа ие болады. Оның нәтижесі ұғымдарды қалыптастыру және техникалық шығармашылықты дамыту (техникалық шығармашылық – ол техникалық объектіні ойлап табу, әдіс-тәсіл ретінде технологиялық үдерістерді табу және т.б.). Әрбір ұғымға белгілі бір таңба (символ) сәйкес келеді. Сондықтан да білімгердің (оқушы, студент) оқу-танымдық іс-әрекеті сыртқы жағы таңбалы іс-әрекет болып табылады.
Өндірістік оқыту әдістері мәселелерін қарастырып, жаттығу түріндегі оқытудың үш проблемалық әдістеріне тоқталмауға болмайды:
|