Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет12/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
stud.kz-72859

Бақылау сұрақтары:
1. Сабақ түрлері жөнінде өз түсінігңізді айтыңыздар.
2. Сабақ мазмұны дегеніміз не?
3. Сабақ жоспарының құрылымын көрсетіңіздер.
4. Дәстүрлі емес сабақтар туралы сипаттаңыздар.

7-лекция. Тақырыбы: Кәсіптік оқыту әдістері


Жоспары:
1. Оқыту әдістері түсінігі.
2. Әдістерді таптастыру: ауызша, практикалық, көрнекі.
3. Дәстүрлі оқыту әдістері:
4. Кәсіптік оқытудағы оқу және оқыту әдістері.
5. Нұсқау – оқытудың кешенді әдісі
Лекция мақсаты: Оқыту әдістері жөнінде түсінік беру және олардың тиімді деп табылған түрлерін педагогикалық үдерісте қолдануға бағдарлау.
Лекция мәтіні: Оқыту үдерісі: оқытудың мақсаты мен міндеттері → оқыту мазмұны → оқыту әдістері → оқытуды ұйымдастыру формалары → оқыту нәтижесі сияқты компоненттерден тұрады деп қарастырсақ, онда бұл компоненттерді бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды. Осыдан оқытуды ұйымдастыру формалары мен әдістері - оқу үдерісінің негізгі элементтері екендігін көруге болады.
Оқытудың мақсаты мен міндеттерін оқытудың тиімді формалары мен әдістерін пайдаланбай жүзеге асыру мүмкін емес. Мектепте «Технология» пән сабақтарының міндеттері мен мазмұны бойынша: жаңа білімдерді зерделеу; ептіліктер мен дағдыны қалыптастыру; практикада білімдерді қолдану; білімдерді жүйелеу және талдап қорыту; білімді, еңбектік ептіліктіліктер мен дағдыларды тексеру; аралас сабақ түрлері болуы мүмкін.
Педагогикалық әдебиеттерде әдіске қатысты оқыту, оқу, білімді меңгеру, қалыптастыру әдістері сөз тіркестері қолданылады. Сол себепті де негізгі ұғымдардың мазмұны мен мәнін анықтау қажеттілігі туындайды.
Технологиялық білім беру категориясының бірі - әдістер. Жалпы “әдіс” термині тар және кең мағынада қолданылады. Әдіс - қандай да бір нәрсені, теориялық зерттеудің немесе практика тұрғысында жүзеге асырудың тәсілдері. Н.Д.Андреевтің түсінігі бойынша “кең мағынада әдіс-қандай да бір міндетті шешудегі белгілі жол, тәсіл, амалдар”. Ю.К.Бабанский оқыту әдістері жөніндегі түсініктерді талдап қорыту және жүйелеу мақсаты үшін әдіс ұғымының негізгі түбірін анықтауда “Үлкен Совет энциклопедиясында әдістің өзінің генетикалық түбірі (негізі) практикалық іс-әрекетке келіп тіреледі” – деп біледі.
Белгілі практикалық міндетті орындау алдында, адам алдын-ала өзінің іс-әрекетінің жоспарын ойластырады, қойған мақсатын жүзеге асырудағы әдіс-тәсілдерді немесе әдіс-тәсілдер жүйесін түзеді. Сондықтан Генрих Пос әдіс ойланудың нәтижесінде затты, құбылысты танып білуге жетерлік ойлау іс-әрекеті екендігін көрсетеді.
Педагогика және психологиялық сөздікте “Әдіс (метод; грек. methodos – теория, ілім, зерттеу жолы) – көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты.” – ретінде сипатталады. С.И.Ожеговтың сөздігінде әдіс: 1. Нендей бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе практикалық жүзеге асыру тәсілі; 2. Қалай да әрекет ету тәсілі, жолы ретінде берілген. С.Б.Бабаев психология ғылымында ““Әдіс” сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын білдіреді, сонымен бірге болмысты тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады.” – деп біледі. Сонымен әдіс грек сөзінен аударған “жол”, “жүріс-тұрыс тәсілі” ретінде қарастырылады. Ю.К.Бабанский: “іс-әрекет әдісі - бұл қойылған мақсатқа жетуге апаратын, оның жүзеге асуының тәсілдері.“ - деп біледі.
Сөз тіркестеріне байланысты әдіс әртүрлі мазмұндық ойды білдіруі мүмкін. “Оқу әдістері”, “оқыту әдістері” ұғымынан іс-әрекеттік тұрғыдан ерекшеленеді. Жалпы оқыту әдістері жөнінде педагогикада кеңінен қарастырылған (И.Т.Огородников, Н.А.Сорокин, Ю.К.Бабанский, Р.Г.Лемберг, И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин, Г.Қ.Нұрғалиева, т.б.)
Педагогика және әдістеме бойынша еңбектерде оқытудың проблемалық-танымдық әдістерінің 50-ден астам түрінің бары анықталған. Кейбір педагог-ғалымдар оқыту әдістерін түрліше жіктеуді жүзеге асырған.
Г.И.Кругликов “оқыту әдістері деп оқушылардың өзінің ақыл-ойын қабілетін және қызығушылығын дамытуға, білім мен іскерлікті меңгеруге, сондай-ақ оларды практикада пайдалануға мүмкіндік беретін мұғалім мен оқушының жүйелі қолданатын жұмыс тәсілін түсінеміз.”- деп біледі.
Сонымен оқыту әдістері деп, мұғалім мен олар жетекшілік ететін оқушылардың жұмыс тәсілдері түсініледі, үдерісте білімгердің (оқушы, студент) білім, ептілік және дағдыны игеруі, дүниетанымының қалыптасуы, танымдық қабілеттерінің және шығармашылық белсенділігінің, болашақ қоғам мүшесінде моральдық сапасының дамуы жүреді.
И.П.Подласый педагогикалық әдебиеттердегі әдіс ұғымының кейде педагогтың, кейде оқушылардың іс-әрекетіне қатыстылығын анықтай келе, бірінші жағдайда оқыту (мұғалім тарапынан) әдістері, екінші жағдайда оқу әдістері жөнінде айтуға болатынын мазмұндайды.
Технология (еңбекке баулу) пәнін оқытудың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оқушының іс-әрекеті (оқу әдістері) мен оқытушының оқыту әдістері мен тәсілдері бойынша В.А.Поляковтың жіктеуі едәуір тиімді деп есептеледі. Ол оқып үйрену әдістеріне төмендегілерді жатқызады:

  1. Жаттығу (ақыл-ой, қозғалыс, аралас).

  2. Оқу эксперименті (лабораториялық-практикалық жұмыстар).

  3. Оқу-өндірістік жұмыстар.

  4. Есептерді шешу (техникалық, технологиялық, экономикалық есептерді).

  5. Техникалық құжаттармен жұмыс жасау (оқу, құрастыру, схема және сызбаларды, техникалық және нұсқау карталарды және т.б. қолдану).

  6. Ғылыми-техникалық әдебиеттермен жұмыс жасау (анықтамалықтар-мен, оқу құралдарымен, техника бойынша көпшілікке түсінікті кітаптармен және т.б.).

Ол мұғалімнің оқыту үдерісіндегі қолданылатын оқыту әдістеріне төмендегілерді жатқызады:

  1. Оқу материалдарын ауызша мазмұндау (еңбек құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу принципін, технологиялық үдерістердің ғылыми мәнін түсіндіру, өндіріс, кәсіп туралы және т. б. баяндау).

  2. Әңгіме (білімді тексеру үшін және оқушыға жаңа мағлұматтарды хабарлау үшін).

  3. Оқу демонстрациясы (оқып үйренетін механизмдер мен машиналарды, үлгілерді және т.б., кинофильмдерді, диафильмдерді және диапозативтерді көрсету, техникалық құжаттармен таныстыру, еңбек тәсілдері мен операцияларын көрсету және т. б.).

  4. Оқушылардың білім, ептілік және дағдыларын бағалау және тексеру әдістері (ауызша сұрақтар, практикалық бақылау жұмыстары, біліктілік емтихандар және т. б.).

Бұл әдістердің жиынтығы тыңдаушыға білімді жеткізу үшін ғана емес, сондай-ақ олардың диалектикалық-материалистік дүниетанымды қалыптастыру үшін, жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіру мен оларда өнегелілікті, адамгершілікті тәрбиелеуі мүмкін.
Еңбекке баулуда (оның ішінде технология пәнін оқытуда) әдістерді Г.И.Кругликов ақпаратты беру мен меңгеру тәсіліне сәйкес сөздік, көрнекілік және практикалық деп үш топқа топтастырады. Оқыту әдістерінің түрлеріне сәйкес мазмұндық топтастыруды жүзеге асырады. Олар:

  • сөздік (ауызша баяндау (айтып беру, түсіндіру, лекция), әңгіме, оқушының әдебиетпен өзбетінше жұмысы, жазба нұсқау беру, теледидар, дыбыс жазу);

  • көрнекілік (көрнекі құралдарды демонстрациялау, еңбек тәсілдерін көрсету, оқушылардың өзбетінше бақылауы, өндірістік топсеруен);

  • практикалық (кешенді жұмыстардың операцияларын, тәсілдерін орындау бойынша жаттығу, өзбетінше жұмыс, тренажерлар, лаборатория-лық-практикалық жұмыстар, технологиялық үдерістерді басқару).

Педагог-ғалым бұл әдістерді «Методика преподавания технологии с практикумом» еңбегінде одан әрі ашып мазмұндайды. Оның ішінде дұрыс көрсету әдістемесіне демонстрацияның тиімділігінің байланыстылығын көрсете келіп, басшылыққа алынатын төмендегідей ережелерді ұсынады:

  • мектеп оқушыларының нені және қандай мақсатпен бақылайтынын хабардар ету;

  • демонстрация жасалатын затты жақсы көру үшін барлық оқушылардың бақылауын теңдей ұйымдастыру;

  • оқушыларға мүмкіндіктер бойынша затты тек қана көрумен ғана емес, әртүрлі сезім органдарымен қабылдауына жағдай жасау;

  • заттардың басты ерекшеліктері оқушыларға едәуір пікір қалдыруға талпыну;

  • заттар мен үдерістерді қозғалыстар мен құбылыстарды оқушылардың көруіне мүмкіндік беру.

Оқу материалының мазмұнына, студенттердің, оқушылардың дайындық деңгейіне және оқу мүмкіндіктеріне байланысты мұғалім (оқыту шебері) біріне-бірі үйлестірілген әр түрлі оқыту әдістерін пайдаланады.
Оқу материалын ауызша баяндау және түсіндіру әдістерін қолданудың тиімділігі едәуір дәрежеде әдістемелік тәсілдерді дұрыс пайдалануға байланысты. Әдістемелік тәсілдер – оқу-тәрбие мақсатына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушының жекелеген әрекеті немесе әдістің құраушы элементтері. Мұғалімнің жұмыс істеу әдістерінде әр түрлі үйлестірілген әдістемелік тәсілдер орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет