Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет9/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
stud.kz-72859

Білімді тексеру, есепке алу және бақылау сабағы
Бақылау сабағы тақырып немесе бөлім бойынша кезеңдік бақылау жүргізіп және оқушылар біліміндегі ақаулықтарды анықтау үшін өткізіледі. Бұл жұмыс тарихи диктант немесе тестілеу, синхронды салыстырмалы кесте құрастыру, кескін карта толтыру сияқты тәсілдерді құрайды. Бақылау мақсатында мұғалім түсндірген немесе сабақ үстінде оқып үйренген материал бойынша жазбаша сұрау жүргізген тиімді. Оқушыларға жазба жұмысты оқулық мәтінімен салыстырып, өз қатесін анықтау қызықты болмақ. Мысалы: “1920-1930 жылдардағы біздің ел” тақырыбына екі сағат бөлінген. Бірінші сабақта оқушылардың жартысы тапсырманы жазбаша, ал екінші бөлігі ауызша орындайды. Екінші сабақта әрекет сипаты өзгереді. Жазбаша тапсырма бірнеше нұсқада беріліп, құжатпен жұмыс, тестілеу, кескін картамен жұмыс, ұғымды түсіндіру сияқты тапсырмаларды құрайды.
Білімді тексеру және есепке алу сабағы өз міндеттері бойынша бақылау сабағына жақын. Бұл жерде білімді жинақтау емес, оны анықтау және бағалау міндеті қойылады. Бұл сабақ тақырып бойынша мұғалімнің кіріспе сөзімен басталады. Жан-жақты әңгімелеу барысында оқушылардың жауабын жолдастары толықтырып немесе түзетіп отырады. Жазбаша жұмысты тексе-руде мұғалім тесті талдайды немесе тапсырма нұсқаларын белгілеп, үлгілер-дің жауабын ойластырады. Жазбаша жұмысты мұғалім кейінгі сабақтарда тексеріп бағалайды немесе оқушылар бір-бірінің жұмысына пікір айтады.
Егер мұғалім оқушылардың тақырыпты қалай меңгергенін тексергісі келсе, негізгі сұрақтардан бірнеше тақырыпты жазбаша жауап беру үшін оқушылардың өздеріне таңдатады. Парталастар бір-бірінен көшірмес үшін оларға әртүрлі нұсқадағы тапсырма беріледі. Жұмыс барысында оқушылардың қандай мәселелерді ескермегендігі анықталады. Мұғалім ол қылықтарды келесі сабақтарда жоюға тырысады.
Әңгіме және өзара сұрақ. Жан-жақты әңгімелеуді ұйымдастыру кезінде сұрақтардың мазмұны мен әңгімені жүргізудің техникасына назар аудару керек. Бүкіл сыныптағы оқушылардың жұмысқа белсенділігін арттыру үшін мұғалім оларға сұрақ қойып, ойлануға аз ғана уақыт береді. Содан соң оқушыны жауап беруге шақырады. Оқушылардың ес, ойлау және зейін үдерістерін іске қосу үшін мұғалім “Қане, еске түсірейік”, “Сендер қалай ойлайсындар?”, “осылай деген дұрыс па?” деген сұрақтар қояды.
Жауаптағы қателерді әңгімелесу барысында мұғалім немесе оқушылар-дың өздері түзетіп отырады. Қажет болған жағдайда мұғалім қосымша сұрақтар қояды. Жоспардың әрбір пункті бойынша мұғалім қорытынды жасайды. Әңгімелесу сұрақтары мазмұны жағынан қысқа, ғылыми көзқарас тұрғысынан дәл, дидактикалық тұрғыдан оңай және көрнекті болуы тиіс.
Әңгімелесу тарихи деректерді салыстыруға, олардың өзара байланысын анықтауға, басты мазмұнды анықтап, оқушылардың белгілі бір тұжырым жа-сауына көмектесуі тиіс. Әңгімелесу оқушылардың ойлауын ынталандырып, оларды алға қойған міндеттерді шешуге ұмтылдырады. Дайындығы жоғары сыныптарда оқушылар жинақтауды өз беттерінше жүргізе алады. Ал, дайын-дығы төмен сыныптарда мұғалімнің өзі қысқаша қорытынды жасап, баға қояды.
Сабақ барысында оқушылардың өзара сұрақ қою тәсілі де қолданылуы мүмкін. Ол үшін мұғалім тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар түзуге үй тапсырмасын береді. Сабақ қарсаңында ол сұрақтар мен тапсырмалар тексеріліп, түзетіледі. Сұрақ беруші оқушы оның жауабын өзі білуі тиіс, өйтпесе жауапты түзетіп, бағалай алмайды. Сабақта жақсы дайындалған бір немесе бірнеше оқушы тақтаға шақырылады (оларға ойлануға біршама уақыт беріледі). Мұғалім атаған оқушылар кезегімен сұрақ қояды. Сол кезегімен жауап беріледі. Тақтадағы бір оқушы жауап берсе, екінші оқушы жаңа сұраққа дайындалып тұрады. Мұндай өзара сұрақ беру жарысын екі оқушының арсында немесе бүкіл сынып оқушыларын қатыстырып өткізуге болады.
Жинақтап қайталау сабағы
Мақсаты, түрлері, мазмұны. Оқылған материалды қорытып және жинақтауға мәселелер, тақырыптар, курстың бөлімдері және тұтас курсты қорытып қайталау үшін жинақтап қайталау сабақтары қызмет етеді. Оның мақсаты-білімді жүйелеп, оқиғаның тұтас картинасын жасау: оқып танысқан деректер мен үдерістердің қатынастары мен жаңа байланыстарын ашу: оқушыларға жеке деректен жинақтауға, маңызын анықтаудан себеп-салдары байланыстың мәнін ашуға өтуіне көмектесу.
Сабақ мақсатының дұрыс қойылуы қайталаудың базалық мазмұнын анықтап, негізгі материалды таңдау және сұрақтар мен тапсырмаларды құрастыруға мүмкіндік береді. Сабаққа бірнеше күн қалғанда мұғалім оқушыларға оның тақырыбын хабарлап, өткізудің жоспары, сұрақтар мен тапсырмаларды береді. Атқарылатын жұмыстың мазмұны оқушылармен бірге талқыланады, ал сұрақтар мен тапсырмалар сыныпқа ілінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет