Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет5/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
stud.kz-72859

Заттық жүйе – оқушы өзі меңгеретін мамандығының сипатына байланысты, типтік бұйымдар жиынтығын әзірлеуге негізделген. Мұнда бұйымдарды әзірлеу біртіндеп күрделене түседі. Оларды әзірлеу барысы дидактикалық жоспары бойынша жеке операцияларға жіктеледі. Бұл жүйенің өзіндік кемшілігі болды. Олар: оқушының жеке еңбек тәсілдерін орындау ережелерімен арнайы таныстырылмады; олар тек қана шебердің қозғалысы мен басқа да еңбек қимылдарын көшіруге ұмтылды. Мұндай оқытуда жаңа бұйым әзірлеу барысында оқушылар өздерінің іскерлігі мен дағдысын қолдана алмады. Сол себептен де олар қайтадан оқытуды қажет етті.
Операциялық жүйе - өндірісте қолөнершілік тәсілді айқындады. Сондықтан да бұл оқыту жүйесі ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қолданылды.
Мануфактуралардың өркендеуіне байланысты еңбектің бөлінуі техноло-гиялық үдерістердің бөлшектенуіне әкелді. Бұл еңбек дайындығының мазмұнын қайта қарауға байланысты жүйе болды.
Операциялық жүйе бойынша оқушылар өздері меңгеретін мамандық мазмұнын, еңбек операцияларын орындайды. Осыған байланысты оқушылар әртүрлі бұйымдарды әзірлеуді үйренеді. Тек қана жүйелілік тәсіл негізінде жұмыс жасау, мамандық аясында шектеледі.
Операциялық-заттық жүйе алғашқыларға қарағанда нәтижелі болды. Бұл жүйеде оқытудың екі кезеңі қарастырылады. Бірінші кезеңде еңбектік операциялардың бірлескен түрлері зерделенеді. Бұл операциялар бұйым әзірлеу барысында жүзеге асады. Екінші кезеңде оқушылар алдын ала өтілген технологиялық операциялардың негізінде бұйым әзірлеуде кешенді жұмыстарды орындайды.
Операциялық-заттық жүйе бұйымның жеке бөлшектерін өңдеу бары-сында емес, керісінше нақты бір бұйымды өңдеу үдерісінде қолданылады. Бұл жүйеге сәйкес еңбек объектісі, мектеп бағдарламасына сай қарастыры-латын еңбек операцияларымен толық таныса алатындай дәрежеде қамтыла-тын болуы тиіс болды. Күрделі еңбек операцияларымен танысу, жалпы операциялар мен еңбектік тәсілдерді орындау жаттығуларынан басталады.
Моторлық-жаттығулар жүйесі ХХғ. 20-жылдары еңбекке оқытуда кең тарады. Ол орталық еңбек институтында (центральный институт труда-ЦИТ; ОЕИ) дайындалды. Дегенмен де бұл жүйенің өзіне тән кемшіліктері болды. Мұнда, іскерлік пен дағдыларды оқушылар саналы түрде меңгермеді. Еңбек үдерісінің нақты түріне сәйкес ептілік пен дағдыны қалыптастыру алмастырушы (боямалаушы) арнайы аппараттар мен жаттығуларды қолдану негізінде жүргізілді. Саналы іс-әрекет қатысуынсыз көп ретті қайталау арқылы, тек қана дене қозғалыстарына «оқытумен» шектелді. Оқыту үдерісінде мұндай мүмкіндік жасау қолдау таппағандықтан, жуық арада өз құнын жойды.
ОЕИ жүйесінің өзіне тән жетістіктері де болды. Осы жүйеде бірінші рет, оқушы жеке тұлғаның психофиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келетін дидактикалық негізде еңбектік ептілік пен дағдыны қалыптастырудағы: тәсіл – еңбек операциясы - еңбек үдерісі реттілігі әзірленді және қолданылды. Осы жүйе бойынша ОЕИ еңбек қозғалысы мен еңбек тәсілдерінің дұрыс құрастырылуы үшін қайтадан тереңірек талдау жұмыстары жүргізілді. Сондықтан да бұл жүйе қазіргі күнге дейін өз құнын жоймай келеді.
Операциялық-кешенді жүйе-қазіргі уақытта кәсіби техникалық оқу орын-дарында қолданылатын негізгі жүйе болып саналады. Бұл жүйемен оқытуда, оқушылар алдымен, 2-3 еңбек операцияларының орындалу тәсілдерін меңге-реді, содан кейін осы операциялар арқылы кешенді жұмыстарды орындауға көшеді. Одан әрі кешенді жұмыстарға сәйкес келетін жаңа операцияларды меңгереді. Операцияларды оқып-үйрену, жеке жұмыстық қозғалыстар мен тәсілдерді қайта өңдеу барысында жаттықтыру жаттығуларынан басталады.
Еңбек операцияларын меңгеру және оларды кешенді жұмыстарды орындауда пайдалану - оқытудың бірінші кезеңінің негізгі міндеті болып саналады. Ал, екінші кезеңде оқушылар өнімді еңбекті міндетті түрде өндірісте өткізеді.
Бұл жүйенің өзіне тән кемшіліктері болды. Кешенді жұмыстарды оқушылардың өндіріс орындарында жалғастыруы қиындық туғызды. Олардың қызметі жұмысшы іс-әрекетін атқаруға бағытталды.
ОЕИ жүйесі техниканың дамуы мен технология жабдықтарының жетілуіне байланысты маңызды орын алатын уақыт өлшемін жеке есептеу қызметін айқындады. ОЕИ жүйесіне, өз міндеттерін шығармашылық түрде орындай алатын жұмысшылар дайындау міндеті қойылды.
Автоматтандыру және механизациялау үдерістерінің жетілуіне байланысты жаңа жүйелерді басқаратын мамандар даярлау қажет болды.
Конструкторлық-технологиялық жүйе ХХ ғасырдың 80-жылдары КСРО ПҒА еңбекке баулу және кәсіптік бағдар беру ҒЗИ негізінен V-VІІ сынып оқушыларын еңбекке баулу бағдарламасын әзірлеуде қолданыс тапты. Бұл жүйенің негізгі идеясы-оқушылардың орындаушылық және шығармашылық іс-әрекеттерін үйлестіру. Осы жүйеге сәйкес еңбек объектісін дайындауда ал-дымен оның конструкциясын және технологиясын әзірлеу қажет болды. Со-нымен бұл жүйеде оқушылар алдымен бірқатар техникалық сұрақтарды ше-шеді, содан кейін, бөлшекті өңдеуді, оларды құрастыруды, т.б. орындайды.
Конструкторлық-технологиялық жүйе тек оқушылардың интеллектуал-дық іс-әрекетінің мазмұнын алдын ала анықтайды, ал практикалық еңбектік іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру әртүрлі деңгейде жүреді. Дегенмен көп жағдайда шеберханаларда оқу заттық-операциялық жүйеде өтеді. Бұл жүйе мектеп оқушыларын өндіріс жағдайында кәсіптік еңбекке дайындығын жеделдету ұмтылысынан туындады.
Білім беру жүйесін қайта құру талаптары және бәрінен бұрын шығармашыл жеке тұлғаны дайындауға, үйлесімді дамытуға шығармармашылық заттық-операциялық жүйе жауап береді. Оның негізіне жеке тұлғаның шығармашылық және заттық-пайдалы іс-әрекеті алынды. Бұл іс-әрекет үдерісінде материалдық құндылықтарға ысырапшыл қатынас төмендейді. Сонымен қатар шығармашылық элементтері (шығармашылық іс-әрекет объектілерін іріктеу, оны конструкциясын сызу және дайындау технологиясын әзірлеу), белсенділік және іскерлік (пайдалы бұйымдарды дайындау), еңбектік мақтаныш, абырой (тұтынушылар қолданатын, сапасы жоғары бұйым дайындау) артады. Мектеп оқушыларын еңбекке дайындау практикасына шығармашылық заттық-операциялық жүйенің енуі шығармашыл ойлайтын және әрекет ететін мұғалімді талап етеді.
Дегенмен кәсіптік оқытудың (еңбекке баулудың) жүйелерінің нәтижелі қолданыс табуы оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге байланысты болды.
1986 жылғы еңбекке баулу бағдарламасы конструкторлық-технологиялық жүйеге негізделгенімен де орта мектепте 5-6-сыныптарда «Технология» пәні мазмұнындағы конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясын оқыту практикада операциялық-заттық жүйеге негізделеді. 7-сыныптан бастап оқушылардың сызба жұмыстарды орындауына сәйкес бұйымның конструкторлық әрекеттерді орындауы жүзеге асырылады. Көбіне бұл жүйе жұмысшы кадрларын кәсіптік оқытуда қолданылады.
Операциялық-заттық жүйе ойластырылып, таңдалып алынған бұйымды дайындау барысында жұмыс түрлерін оқушылардың зерделеуі қарастырыла-ды. Бұл жүйе бойынша оңай меңгерілетін 3-4 жұмыс түрін қамтитын бұйым таңдалады, содан кейінгі бұйымдарды дайындау күрделендіріле түседі.
Бұл жүйенің артықшылығы оқушылардың пайдалы бұйым дайындауы олардың қызығушылығын және одан да жоғары өнімді жұмысқа ұмтылысын тудырады. Дегенмен бұл жүйенің едәуір кемшілігі ретінде мыналарды атауға болады: оқушылар, студенттер жекелеген жұмыс түрлерін нашар меңгереді, оған, оларды орындауда арнайы жаттығуларды орындамауы және сәйкес дағдыларды меңгермеуі себеп болады; меңгерілген дағдылар аз икемді жүйені сипаттайды, себебі, бұйымды дайындау белгілі үлгі бойынша жүреді және жұмысты орындауда технологиядағы аздаған өзгерістердің болуы оқушыларға қиындықтар туғызады.
«Технология» пәні бағдарламасы мазмұнындағы конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы бойынша операциялық-заттық жүйе қолданылғанымен де, оқушылар дайындаған бұйымдарының конструкциясы мен технологиясы бойынша білімдерін жүйелеу мақсатында технологиялық немесе нұсқау карталарды әзірлеу жоғары сыныптарда орындалады.
Оқытудың операциялық-заттық жүйеге сәйкес теориялық материалдар: материалдарды өңдеуге қатысты берілетін оқу материалдары, ұғымдар (түсініктер). Олар практикалық жұмыс үшін қажетті және міндетті түрде беріледі. Оның мазмұны: техника, технология, ұйымдастыру, экономикалық, т.б. білім элементтерін қамтиды. Теориялық мағлұматтар пәннің мазмұнына сәйкес «нені білуі тиіс» деген педагогикалық талаптың аясында болады және бұл пән тақырыптары бойынша нақтыланып отырады.
Осы теориялық мағлұматтарға сәйкес практикалық жұмыстар орындалады. Практикалық жұмыстар пәннің мазмұнына сәйкес оқушылардың практикалық (еңбектік) іскерліктері мен дағдыларын қамтиды. Бұл да оқушылардан жоғары білім стандартына сәйкес “нені орындауы тиіс” деген талапты қанағаттандыруы керек және ол пән тақырыптарына сәйкес нақтыланып, міндетті түрде күрделенеді.
Конструкторлық-технологиялық жүйеде теориялық материалдар – бұл негізінен практикалық іс-әрекеттерге қатысты орындалған жұмысты теориялық тұрғыдан пішін түзуді конструкторлық және технологиялық үдерістерді нақтылау мақсатында орындалады. Бұл жүйенің мақсаты дайындықты негізінен кәсіптік дайындыққа жақындату. Сол себепті де жоғары сыныптарда оқушылар технологиялық құжаттарды және технологиялық үдерістерді операция, тәсіл тұрғысынан орындауды жүзеге асырады. Сондай-ақ практикалық жұмыстар барысында технологиялық үдерістерді қарапайым қозғалыс деңгейіне дейін бөлшектеп көрсетуді талап ету маман дайындау нәтижесін көтеруге мүмкіндік беретінін көрсетті.
Жоғары сыныптарда оқушыларды оқыту проблемалық-талдау жүйесі негізінде жүзеге асырылады. Мұнда теориялық материалдар негізінен технологиялық үдерістердің мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну мақсатында жүргізілу керектігін көрсетті. Технологиялық үдерістердің ғылыми негіздері пәнаралық, пәнішілік, цикларалық және циклішілік пәндер байланысы негізде жүзеге асырылады. Ол үшін педагогикалық тапсырмаларды пайдалану қажет. Технологиялық үдерістердің ғылыми негізін ашу, жоғары сынып оқушыларының белсенді танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін педагогикалық тапсырмаларды құрастыру және оларды орындау басты мәнге ие болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет