Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет8/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
stud.kz-72859

Жаңа материалды оқып үйрену. Сабақтың негізгі бөлігін мұғалімнің әңгімесі құрайды. Егер мұғалім әңгімесіне басты орын берілсе, басқа жұмыстың бәрі де соған бағындырылады. Әңгіме оқушылардың жастық, психологиялық ерекшеліктерін ескеріп құрылады. Төменгі сынып оқушылары бір нәрсеге зейінін ұзақ бағыттай алмайтындығын, олардың зейінін бағыттап отыру үшін әрекет түрін ауыстырып отыруға тура келеді.
Осы жағдайларды ескере келе жаңаны оқып үйренудің мазмұны тек материалды мұғалімнің баяндауы емес, сонымен бірге оқушылардың белсенді әрекетінен де құралатындығын аңғарамыз. Олар безендіру мен оқу картиналарын талдау, оқытудың техникалық құралдарын қолдану, оқулықты оқу және ондағы оқу картинасы, құжаттарды талдау арқылы білім алады.
Жаңаны ауызша түсіндіргенде немесе оқулықтан оқығанда оқушылар көп аспектілі мазмұннан бұрын бір желілі материалды жақсы игеретіндігі белгілі. Мұғалім оқулықтың мазмұнына түзету жасай отырып, барынша маңызды, күрделі бөлігін басты деректер, жарқын да бейнелі мәселелермен толықтырып түсіндіреді. Оқулық мазмұнын игеруге жеңіл тұстарын мұғалім оқушылардың үйде өз беттерінше оқуына қалдырады. Басты назар күрделі теориялық материалға, базалық білімге аударылады.
Бекіту деп сабақта өтілгенматериалды екінші қайтара жаңғыртып, ой елегінен өткізуді айтамыз. Бекіту мақсаты-сабақта өтілген материалды есте сақтап, жаңа мен бұрыңғы білімді байланыстырып, оқушылардың зейінін ұштап, сонымен бірге жаңа білімдерді игеруін тексеру.
Сабақты бастапқы бекітудің орны оқып-үйренетін материалдың сипатына байланысты. Мысалы, жарқын, көтеріңкі сезімдегі мазмұнды бекіту тәсілін қолдану үшін үзуге болмайды. Бірақ материал дербес, қисындық жағынан тұтас бөліктерге бөлініп, үлкен теориялық жүк арқалап тұрса, кезеңдер бойынша бекіту қажет.
Базалық білімді бекіту мұғалім түсіндіруінен соң бірден басталады. Бұл кезде өзінің дерексіздігімен тез ұмытылатын түйінді оқиғалар: тарихи оқиғалардың сабақтастығы: олардың мазмұны, географиялық атаулар, даталармен есімдер қайталанады. Әңгімелесудің сұрақтары қысқа, нақты жауап беруді талап ететіндей әрі шағын болуы тиіс. Жоғары сыныптарда мұндай сипаттағы бекітуді мұғалім немесе оқушы жасайтын қорытынды тұжырым немесе мұғалімнің түйінді сөзі алмастырады.
Ағымдағы қайталау. Түсіндіру барысында мұғалім ағымдағы қайталау жүргізеді. Ол бұрыңғы өткен материалды жаңғырту, жаңа мен ескі арасында тығыз байланыс орнату, тақырып бойынша немесе курс бойынша алған білімдерді жүйелеп, жинақтау.
Демек, ағымдағы қайталауда өткен материалды жаңғырту жеткіліксіз. Бұл қайталаудың міндеті бұрын оқып үйренген материалды ұмытпай, білімді тиянақтап, өткен материалдарды жүйелеу және терендету. Жақсы игеріліп, бір рет дұрыс жаңғыртылған нәрсенің өзі қайталаусыз есте сақталмайтынды-ғын үнемі назарда ұстау керек.
Стандартталған тесттердің тапсырмалары ағымдағы қайталау тәсіліне негізделеді. Мұндай тапсырмаларда себеп-салдары байланыстар тізбегіндегі негізгі буынды табу сияқты сұрақтар болады.
Үй тапсырмасы-аралас сабақтың маңызды бөлімдерінің бірі. Ол сабақ мақсатына жауап беретін, нақты қолдан келетін, оңай және оқушылардың жаңа дағдыларын ескеретіндей болуы тиіс. Сонымен бірге оқушыларға жаңа және ескі сабақтарда нені қайталау керектігі ескертіліп отырады.
Мұғалім үйге тапсырманы сабақтың басында немесе соңында береді. Параграфты атай отырып, не нәрсеге назар аудару, не нәрсені есте сақтау, қандай безендірулерді жауап беруде қолдануға болады, параграф соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды кім және қалай орындайтындығын түсіндіреді.
Осылайша үй тапсырмасы бүкіл сыныпқа берілген тапсырма ғана емес, ол сонымен бірге әр оқушыға лайықтап қосымша берілген тапсырма болып шығады. Ол тапсырмалардың арасында салыстырмалы кесте құрастыру, сұлба, диаграмма, сөзтізбек, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиет негізінде хабарлама дайындап, аңдатпа жазуды атауға болады. Ұзақ мерзімге созылатын практикалық тапсырмалар да берілуі мүмкін. Мысалы, макет немесе үлгі жасау, ескерткіштің, кеме нобайын жасау, мұрағаттық және статистикалық мәліметтер жинау сияқты. Мұндай тапсырмалар бағаланып, оқушылардың тарихи танымдағы табыстары атап өтілуі керек.
Мұғалім осындай әдістемелік жүйе бойынша үй тапсырмасын береді. Онда сабақ мазмұны тапсырма көлемінің оқушы мүмкіндігіне сай келуі, оқушылардың және тұтас сыныптың танымдық мүмкіндігіне байланысты нақты міндет белгілеп, нұсқау берілуі керек. Келесі сабақта үй тапсырмасы оқушылардың басым бөлігінен сұралуы керек. Үй тапсырмасын үнемі орындамаушылық білім сапасының төмендігін немесе оның мүлдем болмауын танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет