2 . Қазакстан Республикасы Азаматтык кодексінің 1113-бабының мазмұнынан біз сырткы экономикалық мәміленің түрлерін көре аламыз. Олар: сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, мүлікті жалға беру шарты, мүлікті тегін пайдалану шарты, мердігерлік шарты, тасымалдау шарты, көлік экспедициясы шарты, қарыз немесе өзге де кредит шарты, тапсырма шарты, комиссия шарты, сақтау шарты, сақтандыру шарты, кепілге алу шарты, айрықша қүқықтарды пайдалану туралы лицензиялык шарттар. Бүл шарттар сыртқы экономикалык мәмілені білдіре алады, егер олар мәміле жасасушы тараптар екі мемлекетте орналасса. Сыртқы экономикалық мәміленің жоғарыда көрсетілген түрлері нақты деп айтуға болмайды, олардың қатары өзгеруі мүмкін.
Енді осы шарттардың маңыздыларына тоқталсақ: Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне ша-руашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бүл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін акша сомасын (бағасын) төлеуге міндеттенді.
Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйға алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік күқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттененеді, не оны өзінің немесе үшінші түлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады, не босатуға міндеттенеді. Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк женелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді.
Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекеніне, ал жолаушы тендеме жүкті апаратын мекенге жеткізуді және оны тендеме жүкті алуға күқык берілген адамға беруге міндеттенеді; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде теңдеме жүгін алып баруға ақы төлеуге міндеттенеді.
Е нді сыртқы экономикалық мәмілелерді ішкі мәмілелерден ажырата білу ерекшеліктеріне келсек, олар мыналар:
1. Тараптардың коммерциялык кәсіпорындары міндетті түрде екі мемлекетке орналасуы керек. Бірлескен кызметжәне құрылыс мердігерлігі туралы шартқа мұндай қызмет жүзеге асырылатын немесе шартта көзделген нәтижелер жасалатын елдің күкығы қолданылады.
2. Конкурстық сауда-саттықтың (тендердің, аукционның) қорытындылары бойынша немесе биржа орналаскан елдің, күкығы колданылады.
Егер бүрын тараптар «бірлескен өнеркәсіп» күру туралы бірлескен кызмет шартын жасай отырып, қай елдің кұкығын қолданатынын тандап алатын болса, казіргі жағдайда мүндай еркіндік шектелген.
Егер тараптар жасаскан мәлімдеме олардың қай мемлекеттің қүкығын колданатындығы туралы келісімі болмаған кезде ол шартқа ҚР АК~нің 1113-бабынын ережелері колданылады. Олар:
сатып алу-сату шартында — сатушы;
сыйға тарту шартында — сыйға тартушы;
мүлікті жалға (арендаға) беру шартында жалға беруші;
мүлікті тегін пайдалану шартында несие беруші;
мердігерлік шартында — мердігер;
тасымалдау шартында - тасымалдаушы;
келік экспедициясы шартында — экспедитор;
қарыз немесе өзге де кредит шартында - кредит беруші;
тапсырма шартында — сенім білдірілген адам;
10) комиссияның шартында - комиссионер;
сақтау шартында — сақтаушы;
сақтандыру шартында - сақтандырушы;
тапсырма беру шартында - тапсырма беруші;
кепілге салу шартында — кепілге салушы;
айрыкша күқықтарды пайдалану туралы лицснзиялық шартта лицензиар болып табылатын тараптар қүрылған, түратын жері болады.
Азаматтык кодекстің 1113-бабында көрсетілген шарттың 15 түріне байланысты 15 түрлі байламдармен қатар азаматтық заңнамада өндірістік әріптестік, күрылыс және басқа да күрделі күрылыстарды жүргізуге байланысты ережелер көрсетілген. Оған сәйкес егер тараптардың келісімінде өзгеше көрсетілмесе ондай жағдайда осындай қызметтін жүзеге асырған жер күкығы немесе шарт бойынша нәтиже жасалған жердің құқығы қолда-нылады. Бұндай біріздендіру мына жолдармен жүзеге асуы мүмкін:
ұ лттық зандарға халықаралық зандар шарттар шеңберінде жасалған нормативтік ережелерді енгізу;
біркелкі зандарды қалыптастыру;
әр түрлі топтық шарттарды колдану;
халықаралық ұйымдардың қалыптасқан сауда-саттыкка
байланысты әдет-ғұрыптарын сауда-саттық терминдердері деп аталатын күжатқа біріктіру.
Осыған байланысты 1964 жылы өткен Гаага конвенциясының сессиясында халықаралык сатып алу-сату шартын жасасуға қолданылатын біркелкі зандар туралы Гаага конвенциясы және тауарларды халықаралық сатып алу шарты туралы Гаага конвенциясы кабылданды, бірақ күшіне енбеді. Себебі, бүл батыс елдерінің заңына сүйене отырып, жасалған еді.
БҰҰ-ның халықаралық сауда комиссиясы өз алдына қүқықтық жүйесі әр түрлі көптеген елдерге қолайлы болатын унификацияланған ережелерді жасау туралы мақсат қойды. Осы Комиссияның жүмысының нәтижесінде 1980 жылы Венада қабылданған халыкаралық сатып алу, сату шарты туралы Вена конвенциясының жобасы жасалды. Бүл конвенцияның кіріспе бөлімінде әр түрлі қоғамдык, экономикалық және қүкықтық жүйені қамтитын және халықаралық сатып алу, сату шартын реттейтін біркелкі норманың қабылдануы халыкаралық сауда-саттықтағы кедергілерді жоюға және оның дамуына ықпал етеді делінген.
Бүл конвенцияда талап ету мерзімі және дауды шешу тәртібіне байланысты ештеңе айтылмаған. Бірақ талап ету мерзімі 1974 жылы қабылданған халықаралық сатып алу-сатудағы талап ету мерзімі туралы конвенциямен реттеледі.
Ешқандай коллизиялық нормаларды қамтымайтын 1980 жылғы конвенцияның кабылдануы сол конвенциямен қамтылмаған баска да материалдық нормаларды қолдау кажеттігін туғызды. Содан кейін, 1985 жылы кезектен тыс Гаага конференциясында халықаралық сатып алу-сату шартына қолданылатын қүкық туралы конвенция қабылданды.
Коллизиялық проблемаларды жоюдың тағы бір жолы — типтік контракт болып табылады. Бүл көбінесе ірі экспортерлар мен импортерлар арасында және олардың бірлестіктері мен ассоциация арасында қолданылады. Бүл негізінде XIX ғасырдың соңында колданыла бастаған.
Экономикалық даму, әлемдік сауда, индустрияландыру, табиғи ресурстарды игеру және осы сияқты басқа да мәселелер бойынша БҰҰ-ның арнайы мекемелері мен орган-дарының экономикалық және әлеуметтік қызметін бағыттау Экономикалық және әлеуметтік кеңес арқылы жүргізіледі.
1947 ж. мемлекеттер арасындағы сауда қатынастарын реттеу мақсатында тарифтер мен сауда туралы көпжақты Бас келісімге қол қойылды. Оның қатысушыларының саны 1997 ж. 130 мемлекетті қүрады. Алаламау және ең көп жеңілдік жасау қағидаты бүның негізіне айналып, ең негізгі жеңілдіктер дамушы елдерге жасалды.
Ең көп жасалатын жеңілдік қағидатының күшімен, келісім бойынша бір қатысушы елдің екінші қатысушы елге жасайтын кедендік-тарифтік жеңілдігі бірден ГАТТ-тың барлық қатысушы елдеріне таралды. Тарифтік жеңілдіктер туралы келісімдер кезеңімен шақырылып түратын үзақ конференция-раундтарда өткізілді. 1965 ж. бастан ГАТТ-п.ің басшысы бас директор деп аталды.
Соңғы Уругвай раунд-конференциясында (1986— 1993 жж.) қауымдастықты реттеуде түбегейлі өзгерістер болды. Осы өзгерістерден кейін қызметтестік шегіндеө неркәсіп тауарларының саудасымен шектелмей, қызмет саудасына, ауылшаруашылық және тоқыма тауарлар саудасына, интеллектуалдық меншікті қорғаудың саудалық аспектілеріне (ТРИПС) және инвестициялық шаралардың сауда аспектілеріне (ТРИМС) кеңейді.
ГАТТ-тың мүше елдері Уругвай рауңдының шегіндегі көпжақты сауда келіссөздерінен кейін 1993 ж. 15 желтоқсанында өз жүмысын аяқтап, 1994 ж. көкекте Марракештегі мәжілісте Қорытынды Актіге қол қойылды. Сонда Халықаралық Сауда Үйымын қүру туралы шешім қабылданып, 1995 ж. 1 қаңтарынан бастап Бүкіләлемдік Сауда Үйымын (БСҰ) күру туралы мөмілеге қол қойды. Қүрылу кезінде БСҰ-ға 70-тен астам мемлекет мүше болып кірген. БСҰ Женевада орналасқан.
ГАТТ-қа мүше болып кіру үшін ілтипат білдірген мемлекет оның Секретариатына үйымға кіру туралы арыз береді. ГАТТ өз кезегінде жаңа мүшені қабылдауға мүдделі мемлекеттер өкілдерінен жүмыс тобын күрады. Мүшелікке талапкер мемлекет жүмысшы топқа өз мемлекетінің сыртқы сауда режимі туралы Меморандум тапсырады. Бүл қүжат ГАТТ-қа мүше елдердің зерттеуіне жіберіледі. Әр мемлекеттің осы қүжатқа байланысты жазбаша сүраулар жіберуіне қүқығы бар. Жүмысшы топтың Меморандумға байланысты қызметінің нәтижесінде қосылу туралы Хаттама толтырылады. Осыдан кейін арыз беруші мемлекет келісуші тараптармен тарифтік және басқа жеңілдіктер туралы екіжақты келіссөздер жүргізеді. Жеңілдіктердің тізімі Хаттамаға қосымша ретінде тіркеледі. Осы процестің нөтижесінде келісуші жақтар ГАТТ-тың жаңа мүшесінен қандай жеңілдіктер алатындығы туралы біледі.
Жүмыс тобы Өкілдер Кеңесіне баяндама үсынады, ал ол соның нәтижесіне қарап дауыс беру арқылы өз шешімін шығарады. Егер баяндама 2/3 дауыспен қабылданса, қосылушы жақ Хаттамаға қол қоя алады. Ол хаттама 30 күннен кейін күшіне енеді.
Қазір Қазақстан Республикасын да БСҰ-ға мүше болуға үмтылуда. Оның негізгі себептерінің бірі — БСҰ қызметінің иегізгі бағыты — оған мүше мемлекеттердщ рыногында олардың тауарлары мен қызметіне еркін және тең дәрежеде қол жеткізілуі қамтамасыз етіледі. Бүл үйымға мүше болу үшін мынадай талаптарды үстану қажет: тауарлар мен қызмет саудасы бойынша өзара жеңілдіктер жасау, шаруашылық заңдарын БСҰ-ның талаптарымен үйлестіру, шет мемлекеттермен сауда-экономикалық қызметтестік аясында екіжақты және көпжақты халықаралық шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қажетті соттық және окімшілік шаралар қолдану.
Қазақстанның БСҰ-ға мүше болуына кедергі келтіріп түрған жағдай оның Кедендік Одаққа мүше болуы деген пікірлер айтылуда, себебі БСҰ-ның талаптарын орындауды Қазақстан өзі ғана шешпейді, осы қауымдастыққа мүше елдермен келісе отырып шешеді. Сондықтан бүл мәселе Қазақстанның БСҰ-ға мүше болып енуіне өзінің кері ықпалын тигізіп тұр. Бүгінгі танда Орта Азия мемлекеттерінің ішінде Қырғыз Республикасы ғана БСҰ-ның мүшесі болып табылады. Сыртқы сауда кызметінің Қазақстандық катысушыларына Казакстан Республикасының зандары негізінде күрылған және сол жерде тұракты кызмет аткаратын жеке түлғалар да жатады. Шетелдік қатысушылар ретінде шетел мемлекетінде тіркеліп күрылған күкық кабілеттілігі және әрекет кабілеттілігі олар азамат болып табылатын шетел мемлекетінің қүқығымен анықталатын шетел азаматтары және күқык қабілеттілігі мен әрекеттілігі түрғылықты жері бойынша анықталатын азаматтығы жоқ жеке түлғалар танылады. Жоғарғы экономикалык мәмілеге қатысты коллизиялык негізінен сыртқы саудаға катысты зерттелді. Сыртқы сауда ретінде ғылыми доктриналарда кем дегенде шетел азаматы немесе шетел занды түлғасы болып табылатын және тауарларды шекарадан алып өтуге немесе әкелінуіне байланысты мәмілелер танылады. Аталған аныктамадан сыртқы саудаға тән белгілерді көруімізге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |