Лекция тезистерінің жинағын дайындаған: аға оқытушы Қ. А. Тұрлыбеков



бет10/21
Дата15.11.2022
өлшемі221.57 Kb.
#464855
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
4.лекция тезистері

Бақылау сұрақтары:
1. Халықаралық жеке құқық субъектілері мен оларға қолданылатын құқықтық режим.
2. Халықаралық жеке құқықтаға жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.
3. Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.
4. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы құқақтақ жағдайы.
5.Халықаралық нармаларды қолданудың сатылары.
6.Коллизиялық норманы қолдану.
6-лекция. Тақырыбы: Сыртқы экономикалық мәмілелер.

Жоспары:
1. Сыртқы экономикалық мәміле түсінігі.


2. Сыртқы экономикалық мәміленің коллизиялық мәселелері.
3. Мәмілелерді құқықтық реттеу.


Лекция мақсаты: Студенттерге сыртқы экономикалық мәміле түсінігін оқыту. Сыртқы экономикалық мәміленің коллизиялық мәселелерін, мәмілелердің құқықтық реттелуін түсіндіру, оқыту болып табылады.


Лекция мәтіні.
1. Сыртқы экономикалық мәміле дегеніміз - Халықаралық жеке қүқық субъектілері арасыңдағы экономикалық қатынастарды реттейтін, қағидалар мен нормалар жиынтығымен сипатталатын саласы деп анықтауға болады.
Сыртқы экономикалық мәміле бүл халыкаралык, қүқыктағы ең күрделі, аукымды және маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Себебі, бүл кәсіпкерлік кұкық аясында жүргізіледі және мемлекеттін, экономикалык дамуына үлкен үлес косады. Тағы бір айта кететін жайт ҚР-ның АК-нде көрсетілген, көзделген шарттардың барлығын камтиды. Осы себептен де сыртқы экономикалық мәмілердің тиімділігі және маңыздылығы арта түседі. Бүл коллизиялык мәселенің өзі де карастыруға түрарлык мәселе деп түсінеміз. Сонымен катар, коллизиялык мәселелер, яғни ережелер және оларды жою шаралары, сондай-ақ тараптардың еркіндік қағидасы және сол еркіндіктін Казакстан Республикасының заңдарымен шектелуі, сонымен қатар өзге елдердің кұкығындағы сырткы экономикалык мәміленің коллизиялық ережелері қарастырылады. Сыржы экономикалық кызметтің ішіне мемлекеттердің сырткы сауда кызметі, халықаралык инвестициялык, валюталык және қаржы, несие операциялары, өндірістік кооператив және де өзге де кызмет түрлері кіреді.
Қазақстан Республикасы бүгінгі танда халықаралық экономикаға терең ену үшін басқа мемлекеттермен өр түрлі сауда-саттық қатынастарын орнату үстінде. Әрине, мүндай қатынастардың оңтайлы жүзеге асуы үшін мемлекеттер өзара саяси-экономикалық қатынастарға түседі. Ол халықаралық экономикалық қүқық институтымен реттеледі.
Мемлекеттер арасындағы экономикалық, оның ішінде, өзара сауда қарым-қатынастарын халықаралық реттеу тарихы ғасырлармен есептеледі. Сауда қатынастарының рухани және қүқықтық қағидаты болып әрқашан бостандық танылғандықтан, ол ежелден халықаралық шарттардың түбірлі мөселесі болып саналды.
XVII ғасырда алғашқы арнайы халықаралық сауда шарттары пайда болды. XX гасырға таман мемлекеттердің өзара экономикалық қатынастарын реттеуге қатысты арнайы қа-ғидаттар, институттар және халықаралық ілімдер қалыптасты. Оларда еркін сауда мен сыртқы рынокты монополиялауға тырысу мүдделерінің қайшылығы көрініс тапты.
XIX—XX ғғ. халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық қауымдастықтың жаңа нысандарының пайда болуы өмірге шарттардың жаңа түрлерін (тауар айналымы мен төлем туралы, клирингтік, көлік байланысы бойынша кслісімдер т.б.), сонымен қоса көптеген халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық үйымдардың қүрылуын әкелді. Бүл үрдіс, әсіресе екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды дамыды. БҰҰ жарғысында оның мақсаттарының бірі ретінде халыкдралық экономикалық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық кауымдасуды жүзеге асыру көрсетілген
XX ғасырдың екінші жартысында Еуропада ерекше экономикалық интеграциялық, халықаралық Еуропалық Бірлсстік және Экономикалық өзара көмек Кеңесі тәрізді үйымдар пайда болды. Халықаралық қауымдастықтың маңыздылығы бүкіл халықаралық қүқықпен реттеліп жатқан шарттардың жарымының мемлекетаралық экономикалық қатынастарға арналуынан көрінеді.
Сырткы сауда кызметі Казакстан Республикасының заңнамасы бойынша кәсіпкерлік қызмет ретінде танылады және ол халықаралық тауар, қызмет, жүмыс, интеллектуалдық кызмет желерін және оларға деген меншік күқыктары алмасуды жүзеге асырады. Сыртқы сауда кызметінің Қазақстандық катысушыларына Казакстан Республикасының зандары негізінде күрылған және сол жерде тұракты кызмет аткаратын жеке түлғалар да жатады. Шетелдік қатысушылар ретінде шетел мемлекетінде тіркеліп күрылған күкық кабілеттілігі және әрекет кабілеттілігі олар азамат болып табылатын шетел мемлекетінің қүқығымен анықталатын шетел азаматтары және күқык қабілеттілігі мен әрекеттілігі түрғылықты жері бойынша анықталатын азаматтығы жоқ жеке түлғалар танылады. Жоғарғы экономикалык мәмілеге қатысты коллизиялык негізінен сыртқы саудаға катысты зерттелді. Сыртқы сауда ретінде ғылыми доктриналарда кем дегенде шетел азаматы немесе шетел занды түлғасы болып табылатын және тауарларды шекарадан алып өтуге немесе әкелінуіне байланысты мәмілелер танылады. Аталған аныктамадан сыртқы саудаға тән белгілерді көруімізге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет