Бақылау сұрақтары:
1. Коллизиялық норманың құрылымы.
2. Коллизиялық нормалардың түрлері.
3. Коллизиялық нормалардың мәні.
4. Коллизиялық норманы қолдану.
5. Көп құқықтық жүйесі бар құқықты қолдану.
4-лекция. Тақырыбы: Халықаралық нормаларды қолдану: негізгі құқықтық мәселелер.
Жоспары:
1. Халықаралық нармаларды қолданудың сатылары.
2. Коллизиялық норманы қолдану.
3. Көп құқықтық жүйесі бар құқықты қолдану.
Лекция мақсаты: Студентеттерге Халықаралық нармалардың ұғымын және мәнін түсіндіру, оқыту, Коллизиялық нормалардың құрылымын, қолданылу сатыларын оқыту, Көп құқықтық жүйесі бар құқықты қолдану әдістерін түсіндіру, оқыту болып табылады.
Лекция мәтіні.
1. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономикада елеулі өзгерісте орын алды. КСРО-ның кұлдырауына дейін жоспарлы экономика өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жаңа өндірістер нысаны мен жана капиталдық катынастар дамыды. Халыкаралык жеке қүкыктағы элементімен күрделенген еңбек катынастарын күқықтык реттеу Казақстан
үшін өте маңызды, себебі, Казақстан Республикасынын кәсіпорындарына шетел азаматтарын жүмысқа тарту кеңінен таралды және Казақстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен инвестицияланған Казақстан кәсіпорындарындағы жаңа қатынаска түсті. Кеңес Одағының еңбек күкығында шетел азаматтарының еңбегін реттеу қарастырылмады, сондықтан Қазакстанның еңбек заңнамасы әлі күнге дейін бүл мәселені толығымен қамтымайды. Шетел элементімен күрделенген катынастарда, бір еңбек катынасын реттеуде екі немесе одан да көп мемлекеттердің зандары бәсекелестікке түседі. Сол кезде, кай мемлекеттің заңын колдануы керек екендігін таңдаймыз. Бүгінгі тандағы доктрина мен тәжірибе бүл жағдайларды коллизиялық нормаларды колдану арқылы шешеді. Коллизиялык норманы колданғанда даулы мәселе толық мәнінде шешілмейді, коллизиялык норма тек қолайлы мемлекеттің үлттык заңнамаларындағы материалдық нормаларға сілтеме жасайды.
Еңбек қүкығындағы коллизиялык мәселені шешу үшін дүниежүзілік тәжірибеде келесі байланымдар қолданылады: Құқықты тандау еркіндігі
Жүмыс орнының заңы;
Жүмыс берушінің орналасқан жерінің заңы;
Ту елінің заңы;
Жұмыс берушінің азаматтығы.
Жалдау мәмілесін жасап отырған елдің заңы тараптардың болжаулы еркі немесе ниеті.
Сонымен, жоғарыда аталып кеткен коллизиялық нормаларды анықтайық. Халыкаралық жеке құқықта қағиданың мәні ретінде, мемлекеттердің ішкі заңнамаларына немесе халықаралық келісімдердің қатысушыларына өз келісімдері бойынша қатынастарды реттеу үшін бір мемлекеттің заңы колданылады. Кейбір мемлекеттердің заңнамалары мен сот тәжірибесі қолдануға жасырын түрде шектеулер қояды. Алайда, көптеген мемлекеттердің еңбек катынастарында бүл қағиданы қолдануға ешбір шектеулер жасалмайды. Мысалға:Үлыбритания, Германия, Канада, Австрия, Италия, Чехословакия мемлекеттерін келтіруге болады. Испания, Албания, Австрия мемлекеттері таңдалған кұкыктың нақты көрініс табуын талап етеді. Австрия, Бельгия, Бразилия, Германия мемлекеттерінде тандау еріктілігі жоқ болған жағдайда қолданылатын заңның императивтік нормаларында көрсетілген корғаудан жұмысшыны айырса, тандалған заң қолданылмайды. Бүгінгі уақытқа дейін әлемдік тәжірибеде тараптарға жат құкықтық жүйені тандау жағдайы орын алмады. Көбінесе, жұмыс орны елінің заңы, кәсіпорының орналасқан елінің заңы немесе жұмысшының зандары колданылады. Герман заңының 27-бабында «тараптарға мәміленің толығымен немесе оның бір бөлігіне қатысты занды тандау еріктілігіне рұксат берілген». Біздің пікірімізше, бұл шешімді әр тарап өзінің мүддесін көздеп, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолдануы мүмкін. Бүл тек жария болған халықаралык қүкықта қолданылуы керек, себебі, тараптар экономикалык жағынан теңдей жағдайға ие. Жүмысшы бірнеше мемлекеттерде өзінің жүмысын жүзеге асырса және оның әдеттегі жүмыс орнын аныктау мүмкін болмаса, онда жүмысшының әдеттегі түрғылықты жері немесе өз кызметін кебінесе жүзеге асыратын жердің заңы қолданылады (Австрияның заңы). Жұмысшы жүмыс берушіге карағанда экономикалык жағынан әлсіз, оған тетеп бере алмайды, жүмыс берушінің жағдайы едәуір аукымды қорғалған; жүмыс беруші өз басқарушылық саясатын түрақты жүргізеді; жұмыс беруші бүл байланымды көбінесе асыра пайдаланады. Қорыта келгенде, жүмыс орны мемлекетінің заңын колданғанда, жұмысшының жағдайын корғау мәселесі көзделуі тиіс.
2. Еңбек келісіміне сәйкес, су немесе әуе көлігінде өз кызметін орындаған жүмысшының еңбек катынастары көлік күралы тіркелген мемлекеттің заңымен реттеледі. Румын заңының 140-бабында егер өзгеше тараптар өзге заң тандамаса, теңіз немесе өзен кемесінің ту заңы немесе әуе кемесі тіркелген елінің заңы кеме экипажының жалдау шартын реттейді. Келесі коллизиялык байланымдар: ту заңы — теңізшілігінде (Италия, Франция, Венгрия), кеменің тіркелген елдің заңы — әуе және су көліктерінде (Албания), тасымалдаушының заңы — темір жол мен автомобиль көліктеріне (Венгрия) қатысты колданылады. Кейбір мемлекеттерде өзге баламалық байланыс - бірлескен тұрғылықты орнын қолдану тенденция байқалуда. Бөлек жағдайларда теңізшімен, шетел компаниямен жасаскан мәмілені шетелге барған іс сапар аналогы деп, қарастырады. Жүмыс берушінің жеке заңы - жеке немесе занды түлға. Егер Венгрлік жүмыс берушінің жұмысшылары ұзак немесе кыска мерзімді іс сапармен шетелде жүмыс істесе, онда құқықтық қатынасқа венгр заңы қолданылады. Жоғарыдағы қағида, егер жүмыс орнын нақты анықтау мүмкін болмағанда немесе жүмыс екі немесе одан да көп мемлекеттерде жүзеге асырылса ғана қолданылады Белгілі бір мемлекеттің ұйымы өз жұмыскерін шетелге уақытша жүмысқа жіберсе, онда ұйым орналасқан жердін заңын колданады.
Жалдау шартын жасаскан мемлекеттің заңы Мысалы, АКШ пен Англия заңнамаларына сәйкес, енбек қатынастарын реттейтін картасы мемлекеттерде жасалса, жергілікті кұкық қолданылады делінген. Ресей ғалымдарының пікірінше, еңбек құкығында эксаумақты қолдану 2 жағдайда рұксат етіледі: а) арнайы келісімді жасау аркылы б) егер коллизиялык нормалар тікелей шетел заңдарына сілтеме жасаса, онда барлық жағдайларда шетел заңнамасы колданылады.
Егер олар мемлекеттің жария тәртібіне қайшы келсе, кез келген мемлекет өз аумағында шетел зандарын қолдануға тыйым салуға құқылы. Кейбір мемлекеттер өздерінің еңбек заңнамаларының эксаумактық әрекет етуін кеңейтуге ұмтылады. Мысалы, АҚШ-тың енбек жағдайларының әділеттілігі, мүгедектер туралы зандары. Бұл зандар тек АКШ аумағында ғана әрекет етпейді, сонымен катар шетелде түратын американдыктар мен америка компанияларына таралады. Чехияның халыкаралық жеке құкығында қосымша коллизиялық байланымды жүмыс берушінің кәсіпкерлік қызмет жерінің заңы қолданылады. Контрактімен неғүрлым жақын елдің заңы көптеген даулы жағдайларда тараптар өз құқыктық қатынастарын реттейтін құқықты тандау келісімге келмеуі нәтижесінде пайда болады. Бүл байланым факторлардың жиынтығы немесе бір басымдылыққа ие факторларды карастырады. Мысалы, кәсіпорынның орналасқан жері, компанияның басшылығы, шартарт таптарының жалпы азаматтығы, жүмысшының өндірістік нұсқаулықтарды алатын кайнар көзі, жалақы төлеу қайнар көзі мен валюта еңбек шартының типі т.б. «тығыз байланысы осы мемлекеттің еңбек шартын жасасқан жері немесе еңбек қызметін орындап жаткан жері екенін дәлелдейді.
3. Шартта күкықты тандау жөнінде тараптардын еріктілігі болмаса, онда судья белгілі бір байланыстырушы факторды негізге ала отырып өз тандауын жасайды. Бүл коллизиялык байланымды англо-американдық құкықтың тәжірибесі мен доктринасы қалыптастырды. Кейбір ғалымдар осы байланым аркылы құкықты колдану мәселесі шешіледі деген пікірді үстанса, ал басқалары оны өз мүддесіне қорғау үшін қолданады деген пікірде. А. Лунцтың пікірінше, англо-американдык соттар бүл байланымға сүйен-генде өз елінің құқығын колданудағы субъективизмді көрсетеді. Еуропалық конвенцияның 6-бабы 2-тарауында қолданылатын күкықтаңдалмаса, а) контракт жүмысшының шартқа сәйкес әдеттегі кызметті орындайтын жерінің заңы; б) егер жүмысшы бірде-бір мемлекетте қызметті орындамаса, онда жалдаушы мемлекеттің кәсіпорынның орналаскан елінің заңы қолданылады. Егер контракт мазмүнынан контракт өзге мемлекетпен неғүрлым тығыз байланыста екені анықталса, бүл жағдайда ол өзге мемлекеттің заңымен реттеледі.
Мысалы, осы ескертпе Германияның Еңбек даулары женіндегі Федералды сотпен колданылды. Американдық авиакомпания Германияда түрақты түратын бірак шығу тегі американдық үшқыштарды Германияға жұмысқа алады, кейін дау қай елдің заңы қолдануға келетіндігі жөнінде туындайды. Әрбір коллизиялық ереже басқа жай құқық ережелеріне қарағанда екі бөлімнен түрады. Коллизиялық ереженің екі элементтен күрылуы екі бөліктен құрылатын гипотеза және диспозиция немесе гипотеза және санкция жалпы ереженің қүрылымына сәйкес келеді. Құқық теориясында әдеттегі үш элементтік күрылым (гипотеза, диспозиция, санкция) тек әрекет ететін құқықты логикалық тұрғыдан таңдау арқылы құрылатын логикалық ережені сипаттайды. Ал нормативтік актінің мәтінінде көрініс тапқан, шын мәнінде, нақты құқықтық ереженің екі элементтік құрылымы болады (гипотеза, санкция). Сонымен, коллизиялық ереженің құрылымын карастырайық. Оның бірінші бөлігі коллизиялық ереженің көлемі болып табылады, ол коллизиялық ереженің қандай кұкық қатынасында қолданылатыны туралы анықтайды. Мысалы: меншік құқығы, отбасы қүкығы.
Коллизиялық ереженің, екінші бөлігі коллизиялық байлам (қағидат, бекіту формуласы) деп аталады. Байлам — бүл тиісті қарым - қатынаста қолданылатын заңға не құқықтық жүйеге нұскау, яғни кай елдің заңын колдану қажеттілігін көрсетеді. Коллизиялық ережелерде кездесетін байламдардың келесі түрлері бар: Бүл коллизиялық байлам шарт қай елде бекітілгенін анықтау керек кезде пайда болады. Бүл байлам бойынша, шартқа қай мемлекетте қол қойылса, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сырткы экономикалық мәміле бойынша шартқа қол қойған жақтардың қүқықтары мен міндеттеріне қол қойылады.
Коллизиялық ережеде байлам өз бетінше болуы мүмкін емес және ол көп жағдайда көлемге байланысты болады. Бүл элементтер арасында белгілі бір байланыстар болады, ол қай елмен қатынас тығыз байланысты, сол елдің құқығына сілтеме жасайтын коллизиялық формулаға сілтеме жасаудың мақсаттылығын танудың кең өріс алуынан байқаймыз. Коллизиялық байламдар катарына кейбір жағдайда қатынас тараптарымен тандалған елдің құқығына бағынатын ерік автономиясын жаткызады. Бірак мұндай бір жағынан ұқсас, екінші жағынан әр түрлі құқық институттарын теңестіру дұрыс емес болып табылады. «Ерік автономиясы» кейбір ғалымдардың айтуы бойынша (мысалы Л. П. Ануфриева) коллизиялық байламдардың түрі болып саналмайды, ол қолданудың өзіне тән ерекшеліктері бар, кең мағынаға ие қолдану шарттары басқаша болатын, халықаралық жеке құқықтағы дербес
кұкықтық институт болып табылады. «Ерік автономиясы» - бүл коллизиялық байламдарды анықтау және оны тіркеу тәсілінің кұқықтық алғышарты болып табылады.
Қазіргі халыкаралык жеке құкықта коллизиялық нормалар көп түрлі және көп санды болып табылады. Оларды түрлерге бөлудің критерийлері көп. Бүл ерекшеліктер, халықаралық байланыстар кезінде пайда болатын катынастар топтардың ерекшеліктерін айқындайды және осы нормалардың тәжірибеде қолдану кезінде зор маңызға ие. Біріншіден, халықаралык-құқықтық унификацияға бағытталған, үлттық зандармен бекітілген және халыкаралык шарттрмен көзделген коллизиялык нормаларды айыра білу кажет.
Шотландия және осы ел домицилиясына ие Канадалық түлға, ағылшын әскери-әуе күштерінде қызмет етумен катар, осы елде 40 жыл өмір сүруіне қарамастан өз елі Жаңа Шотландияға бір кезеңде оралу ниетіне байланысты Англия домицилиясын кабылдаудың мүмкін еместігі туралы шешім кабылданған.
«Адамның кұкык қабілеттілігін, әрекет кабілеттілігін және жеке мүліктік емес кұкықтарын, сондай-ақ жалпы жеке мәртебесін оның жеке заңына сәйкес қарастыру қажет». Осы заңнамада жеке заңнын келесі түсінігі берілген: біріншіден, жеке заң — осы тұлға азаматы болып табылатын мемлекеттің заңы, екіншіден, бүл заң тұлғаның тұрақты тұратын мекен жайы орналасқан мемлекеттің заңы. Дәл осылай, отбасы және неке қатынастары, мүрагерлік қатынастар каралады.
Казақстанның коллизиялық құқығы да осы жолмен дамып келеді. Әдетте, Қазақстандық құқықта кеңестік кезеңде жеке заңның тұрғылықты жер заңы нысаны қолданылған. Алғаш рет 1991 жылғы Негізгі заңнамада жеке заң азаматтық заң негізінде қарастырылған, шетелдік азаматтың әрекет қабілеттілігі ол азаматы болып табылатын мемлекеттің заңымен аныкталады. Аталған үрдіс Казақстан Республикасының жаңа Азаматтык кодексінің «Халықаралык жеке құқық» бөлімінде дами түсті. ҚР АК-нде «Жеке түлғаның жеке заңы» атты арнайы 1094-бап бар. Бүл бапта жеке занды анықтаудың әр түрлі жағдайлары қарастырылған. Осы кодекстің 1094-бабы 1-тармағына сәйкес жеке тұлғаның азаматтық әрекет қабілеттігі ол азаматы нақты отаны болып табылатын мемлекеттің заңымен анықталады. Қазақстан Республикасы мен Фрнция мемлекеті арасындағы келісім шарт объектісі – достық, ынтымақтастық, татулықтағы қарымқатынасы жатады. бұл келісім-шартқа 1992 жылы 23 қыркүйекте Парижде қол қойылды.
3. Халықаралық келісім-шарттың мақсаты субъектілердің өз елінің дамуын және танылуын алға тартады. Қазақстан азаматтарының Қытайдағы құқығын қорғау Қытай азаматтарының Қазақстандағы құқығын қорғау екі мемлекеттің консультациялық жәрдемімен 1992 жылы 10 тамызда Қытай мен Қазақстанның консультациялық келісім-шарты арқылы түзілген. Келісім-шарттар екі түрге бөлінеді:
1. мерзімді;
2. мерзімсіз.
Әрбір келісім-шарт субъектілердің қатысуымен міндетті, әрі әділ орындалуға міндетті. Әдет-ғұрып нормалар бұл бұрыннан қолданылып келе жатқан нормалар, шарттар жиынтығы. Әдет-ғұрып нормалары халықаралық тәжірибиеде қалыптасқан мінез-құлықтар ережесі болып табылады. Әдет-ғұрыптық норма әдетте ұзақ мерзімді тәжірибе нәтижесінде, құқық субъектілері осы норманың заңдық міндетті сипатын мойындаған кезде пайда болады. Әдет-ғұрып нормалары тиісті ереженің анық айқындалған тұжырымы бар заңды құжат болып есептелмейді. Әдет-ғұрып бір немесе бірнеше мемлекеттердің осындай халықаралық іс-қимылдарының арқасында пайда болады. Ол үшін қолдану ұзақтығы және заңды түрде міндеттілікке сенімді болуы тән қасиет. Жоғарыда ескертіп айтып өткеніміздей, казіргі таңдағы халықаралық тәжірибеде (практикада) халықаралық жеке құқық субъектілерінің арнайы қатынастарын келісімді жолмен қалыпқа келтіру үрдісі байқалып отыр. Халықаралық әдет-ғүрып халықаралық шартпен қатар, халықаралық жеке құқықтың ең маңызды кайнар көзі болып табылады. Халықаралық өдет-ғүрып, халықаралық құқық субъектілерінің ұзақ уақыт бойы қолдану нәтижесінде қалыптасқан тәртіп ережесі болып саналады, біріншіден, бұл субъектілер мемлекеттер, сонымен қатар осы субъектілермен занды түрде міндетті екендігі мойындалады. Жоғарыда келтірілген мәселелерді айта отырып, негізгі екі өлшемді шығаруға болады, (жалпыға танылған сипатына ие) — объективті жөне субъективті, бұл белгілердің жиынтығы халықаралық әдет-ғұрыптың бар екендігі туралы айта алады. Осы екі элементті қалай дәлелдеу қажет? Әрине мүны дөлелдеу өте қиын, дегенмен әрбір нақты мәселеде оның жағдайын есепке алу кажет, халықаралық тәжірибені зерттеу қажет. Қойылған сүрақтарға халықаралық жеке құқық жауаптарының дәл белгілері жоқ. Олардың шешімі біздің пікірімізше, акиқат тұрғыдағы нақты жағдайларға байланысты болуы қажет. Халыкаралық әдет-ғүрып нормаларын дәлелдеу мәселесіне орай, олар халықаралық шарттьң негізінде не болмаса халықаралық ұйымдардың қарарының немесе ішкі мемлекеттік заңдарының іргесінде қалыптаса ала ма деген сұрақ туады. Яғни, егер норманың, бұрында кәдімгі құқықтық әрекеті болған кезде, келісімді құқықтық куәландыру алған уақытында, ол әдет-ғұрып ретінде көрінбей, шарттың нормасы ретінде қолданыла бастайды. Алайда мүнда, бүл мәселеге өзге курста қарау қажет. Нормаларының бірі не конструкциясының әбден қалыптасқаны соншалықты, осы шарттың қатысушылары болып табылмайтын арнайы мемлекеттер ішінде ғана өздерінің белгілі қатынастарын реттеу кезіндегі міндетті ережесі ретінде, ұзақ уақыт бойы қолданылып келеді.
4. Әдет-ғұрып нормалар бұл бұрыннан қолданылып келе жатқан нормалар, шарттар жиынтығы. Әдет-ғұрып нормалары халықаралық тәжірибиеде қалыптасқан мінез-құлықтар ережесі болып табылады. Әдет-ғұрыптық норма әдетте ұзақ мерзімді тәжірибие нәтижесінде, құқық субъектілері осы норманың заңдық міндетті сипатын мойындаған кезде пайда болады. Мұндай жағдайда, соңғы мемлекеттерге қатысты халықаралық жеке құқықтық әдет-ғұрыптың қалыптасу фактісін айту қажет. Екі жақты халықаралық шарттар, сол секілді сипатта шыға ала ма? Бұған "иә" деп жауап бере аламыз, дегенмен ең басты шығушы тезисі болып, сол фактісі аталады. Мұндағы норма, сонымен бірге, белгілі мемлекеттер санымен қолданылады жөне мойындалады. Осылайша, соларға қатысты ол әдет-ғұрып сипатына ие болады. Ал шарт бойынша шығушы екі жаққа келер болсақ, мұндайда бұл норма оларға қатысты кәдімгі құқықтық емес келісім ретінде жүреді. Ішкі мемлекеттік заңдарды айтатын болсақ, осында жоғарыдағы жағдайды келтіру, өлде-қайда күрделі бола түседі. Міндетті заңды күші жоқ халықаралық үйымдардың құжаттарына қатысты, ең аддымен БҰҰ қарарлары, осында қалыптасатын ережелер негізінде ортақ қолданбалы төжірибе көмегімен және де мемлекеттер тарапынан заңды міндеттілікті мойыңдауы арқылы халықаралық құқықтық әдет-ғұрыптар қалыптаса алады.
Достарыңызбен бөлісу: |