Лекция тезистерінің жинағын дайындаған: аға оқытушы Қ. А. Тұрлыбеков



бет4/21
Дата15.11.2022
өлшемі221.57 Kb.
#464855
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
4.лекция тезистері

Бақылау сұрақтары:
1. Халықаралық жеке құқық қыйнар көздерінің түсінігі.
2. Халықаралық жеке құқық қыйнар көздерінің түрлері.
3. Конституция халықаралық жеке құқықтың қайнар көзі ретінде.
4.Азаматтық кодекс халықаралық жеке құқықтың қайнар қөзі ретінде.
5. Әдет-ғұрып түсінігі.
6. Әдет-ғұрып мәні.


3-лекция. Тақырыбы: Халықаралық жеке құқықтағы коллизиялық нормалар.

Жоспары:
1. Халықаралық коллизиялық нармалардың ұғымы және мәні.


2. Коллизиялық норманы қолдану.
3. Көп құқықтық жүйесі бар құқықты қолдану.


Лекция мақсаты: Студентеттерге Халықаралық коллизиялық нармалардың ұғымын және мәнін, Коллизиялық нормалардың құрылымын, қолданылу сатыларын оқыту, Көп құқықтық жүйесі бар құқықты қолдану әдістерін түсіндіру, оқыту.


Лекция мәтіні.
1. Коллизиялық ереже халықаралық жеке құқықта қолданылатын күрделі ереже болып табылады. Оның жағдайын түсіну үшін, бірқатар өзіне тән ерекшеліктері бар коллизиялык ереженің құрылымын карастыру қажет. Коллизиялық ереженің ерекше табиғаты олардың құрылымының және оны қолданудың ерекшеліктерін алдын-ала айқындайды. Әрбір коллизиялық ереже басқа жай құқық ережелеріне қарағанда екі бөлімнен тұрады. Коллизиялық ереженің екі элементтен құрылуы екі бөліктен құрылатын гипотеза және диспозиция немесе гипотеза және санкция жалпы ереженің қүрылымына сәйкес келеді. Құқық теориясында әдеттегі үш элементтік құрылым (гипотеза, диспозиция, санкция) тек әрекет ететін құқықты логикалық тұрғыдан таңдау арқылы құрылатын логикалық ережені сипаттайды. Ал нормативтік актінің мәтінінде көрініс тапқан, шын мәнінде, нақты құқықтық ереженің екі элементтік құрылымы болады (гипотеза, санкция). Сонымен, коллизиялық ереженің құрылымын қарастырайық. Оның бірінші бөлігі коллизиялық ереженің көлемі болып табылады, ол коллизиялық ереженің қандай құқық қатынасында қолданылатыны туралы анықтайды. Мысалы: меншік құқығы, отбасы қүкығы.
Коллизиялық ереженің, екінші бөлігі коллизиялық байлам (қағидат, бекіту формуласы) деп аталады. Байлам — бүл тиісті қарым - қатынаста қолданылатын заңға не құқықтық жүйеге нұсқау, яғни кай елдің заңын қолдану қажеттілігін көрсетеді. Коллизиялық ережелерде кездесетін байламдардың келесі түрлері бар: Бұл коллизиялық байлам шарт қай елде бекітілгенін анықтау керек кезде пайда болады. Бұл байлам бойынша, шартқа қай мемлекетте қол қойылса, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сырткы экономикалық мәміле бойынша шартқа қол қойған жақтардың құқықтары мен міндеттеріне қол қойылады.
Коллизиялық ережеде байлам өз бетінше болуы мүмкін емес, және ол көп жағдайда көлемге байланысты болады. Бұл элементтер арасында белгілі бір байланыстар болады, ол қай елмен қатынас тығыз байланысты, сол елдің құқығына сілтеме жасайтын коллизиялық формулаға сілтеме жасаудың мақсаттылығын танудың кең өріс алуынан байқаймыз. Коллизиялық байламдар катарына кейбір жағдайда қатынас тараптарымен таңдалған елдің құқығына бағынатын ерік автономиясын жатқызады. Бірақ мұндай бір жағынан ұқсас, екінші жағынан әр түрлі құқық институттарын теңестіру дұрыс емес болып табылады. «Ерік автономиясы» кейбір ғалымдардың айтуы бойынша (мысалы Л. П. Ануфриева) коллизиялық байламдардың түрі болып саналмайды, ол қолданудың өзіне тән ерекшеліктері бар, кең мағынаға ие қолдану шарттары басқаша болатын, халықаралық жеке құқықтағы дербес
құкықтық институт болып табылады. «Ерік автономиясы» - бүл коллизиялық байламдарды анықтау және оны тіркеу тәсілінің кұқықтық алғышарты болып табылады.
2. Қазіргі халықаралық жеке құқықта коллизиялық нормалар көп түрлі және көп санды болып табылады. Оларды түрлерге бөлудің критерийлері көп. Бұл ерекшеліктер, халықаралық байланыстар кезінде пайда болатын катынастар топтардың ерекшеліктерін айқындайды және осы нормалардың тәжірибеде қолдану кезінде зор маңызға ие. Біріншіден, халықаралык-құқықтық унификацияға бағытталған, ұлттық зандармен бекітілген және халыкаралык шарттрмен көзделген коллизиялык нормаларды айыра білу кажет. Олардың арасындағы айырмашылықтар олардың әрекет ету аясымен және оларды колдану тәртібінен байкалады. Халықаралык шарттармен бекітілген коллизиялык ереженің әрек етету аясы, бүл шарттарға катысушылардың барлығының колдануына алып келеді. Бұл ереженің байламы, жалпы белгісі ретінде: «мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерін көрсетеді». Реттеу тәсілі бойынша коллизиялық ережелер императивті, диспозитивті, альтернативті болып үш топқа бөлінеді.
Императивті ережелер — түпкілікті, азаматтык кұкықтық қатынастардың тараптарымен өзгертіле алмайтын құқықты қолдануға катысты ұйғарымдар.Диспозитивті ережелер — кұкықты тандау бойынша жалпы тәртіпті бекіте тұра, тараптарға оны басқа тәртіппен езгерту мүмкіндігін береді. Диспозитивті ережелер әдетте тараптар құқығы, егер тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе және т.б. нысандарда, көрініс табады.
Мысалы, ҚР АК-нің 1108-бабының 2-тармағына сәйкес: «Егер тараптардың келісімінде өзгеше кезделмесе, мәміленің нысанасы болып табылатын мүлікке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, елдің осы мәміле бағындырылған құқығы бойынша анықталады». Альтернативті ережелер — мазмүнында, ереже көлемінде кезделген, жеке құқықтық қатынасқа қолданылатын құқықты тандауды көздейтін бірнеше ережелері бар нормалар. Кұқық қодданушы орган және тараптар онда кезделгеннің әрқайсысын қолдана алады. Бірақ, көрсетілген тәртіптердің біреуі бойынша қатынас реттелуі жеткілікті болады. Мысалы, мәміленің нысаны ол жасалған жердің қүқығына бағынады. Алайда шетелде жасалған мәмілені, егер Қазақстан Республикасы құқығының талаптары сақталса, нысанының сақталмауы салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды. Яғни, шетелде жасалған мәміле нысанына екі альтернативті байлам қолданылады: оның жасалу жері заңы және Казақстан Республикасы кұкығы. Альтернативті ережелер халықаралық жеке кұқықта салыс-тырмалы түрде жақында пайда болған құбылыс болып табылады. Оның пайда болуы халықаралык байланыстардың дамуы, соңғы кездерде бүл құқықтық саланың дамуымен соның ішінде әр түрлі күрылымдардың күрделенуі, реттелетін қатынастардың ерекшеліктерін ескеруге негізделген, көлемдердің және байламдардың бөлшектелуімен тығыз байланысты.
3. Коллизиялық ереженің мәніне қарай: генералды (басты) және Субсидиарлы (қосымша) болып екі топқа бөлінеді. Генералды ереже — Қолданудағы артыкшылыққа ие, қолданылатын құқықты тандау кезіндегі басты ереже. Мұндағы басты ереже КР-ның заң актілерінде өзгеше көзделмеуі кажет. Субсидиарлы ереже — басты ережемен байланысты бір немесе бірнеше құқықты тандау ережелері, ол басты ереже белгілі бір байланысты колданылмаған жағдайда қолданылады. Сонымен қатар, субсидиарлы ережелер бірінші, екінші, үшінші дәрежелі болып белінеді. Сонымен қатар, коллизиялық ережелер құқықтық қатынас күрделігіне байланысты бөлінеді. Олар: жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы коллизиялык ережелер қатынастың құқықтық жағдайын анықтайды. Ал арнайы ережелерді жүзеге асыру барысында туындаған қосымша ережелерді шешуге арналған құкықтық қатынасты бекітеді. Арнайы коллизиялық ережелер жүйесін қолдану бірнеше мемлекет аумағында орындалатын шарттар негізінде пайда болады мысалы, (тасымалдау шарты). Қазақстан Республикасы үшін ТМД-ға мүше мемлекеттердің құқықтық нормаларын унификаииялау мәселесі ерекше маңызды болып табылады. Осы мәселені шешуге 1995 жылы 13 мамырда ТМД елдері үшін заңнама акті ретінде ұсынылған азаматтық кодекс қабылданған болатын. Осындай актілер құқық келісімін жасауға мүмкіндік берді
Жеке тұлғаның азаматтық заңы соңғы кездері Еуропа мемлекеттерімен қоса алғанда көптеген мемлекеттерде үстемдік түрде қарастырылып келеді. Бүл азаматтык заңның қолданылуына себеп болған 1804 жылғы тарихи Француз Азаматтық кодексі. Онда шетелде жүрген француз азаматтарының әрекет қабілеттілігі мен азаматтық жағдайы ұлттык заңымен анықталады делінген. Кейіннен «үлттық заң» мәселелері 1865 жылы Италияның Азаматтық кодексінде 1896 жылы Герман Азаматтық зандарында бекітілді. Қазіргі кезде Норвегия, Дания, Исландия мемлекеттерінен басқа, латын америкалық (Куба, Коста-Рика, Панамат.б.) және араб мемлекеттерде азаматтық коллизия қағидасын колданады. Ал англо-американдық құқықтағы домицилия концепциясы басқа құқық жүйелеріне карағанда ерекше, себебі ол Рим құқығына негізделген.
Англо-саксондық жалпы кұқық жүйесі бойынша пайда болу (шыққантегі) домицилиясы мен және таңдау домицилиясына бөлінеді. Мысалы, некемен туылған балаға әкесінің домицилиясы, некесіз туылғандарға шешесінің домицилиясы тиісті болады. Тандау домицилиясын қабылдау үшін тұлғаның ол жерде тұрақты өмір сүру, сонымен катар, осыған сәйкес ниеті де болуы қажет.
Дж. Чешир және П. Норт бүл тезисті растау үшін екі сот шешімдерін мысалға келтіреді. Біріншіден, шотландиялық азаматтың Үндістанда 25 жыл өмір сүруі, оның келешекте өз еліне қайту ниетінің барлығына байланысты Үндістанның домицилиясын қабылдауы мүмкін еместігі туралы шешімі. Екінші шешімде шықкан тегі Жаңа Шотландия және осы ел домицилиясына ие Канадалық түлға, ағылшын әскери-әуе күштерінде қызмет етумен катар, осы елде 40 жыл өмір сүруіне қарамастан өз елі Жаңа Шотландияға бір кезеңде оралу ниетіне байланысты Англия домицилиясын кабылдаудың мүмкін еместігі туралы шешім кабылданған.
«Адамның құкык қабілеттілігін, әрекет кабілеттілігін және жеке мүліктік емес кұкықтарын, сондай-ақ жалпы жеке мәртебесін оның жеке заңына сәйкес қарастыру қажет». Осы заңнамада жеке заңнын келесі түсінігі берілген: біріншіден, жеке заң — осы тұлға азаматы болып табылатын мемлекеттің заңы, екіншіден, бүл заң тұлғаның тұрақты тұратын мекен жайы орналасқан мемлекеттің заңы. Дәл осылай, отбасы және неке қатынастары, мүрагерлік қатынастар каралады.
Казақстанның коллизиялық құқығы да осы жолмен дамып келеді. Әдетте, Қазақстандық құқықта кеңестік кезеңде жеке заңның тұрғылықты жер заңы нысаны қолданылған. Алғаш рет 1991 жылғы Негізгі заңнамада жеке заң азаматтық заң негізінде қарастырылған, шетелдік азаматтың әрекет қабілеттілігі ол азаматы болып табылатын мемлекеттің заңымен аныкталады. Аталған үрдіс Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтык кодексінің «Халықаралык жеке құқық» бөлімінде дами түсті. ҚР АК-нде «Жеке түлғаның жеке заңы» атты арнайы 1094-бап бар. Бүл бапта жеке занды анықтаудың әр түрлі жағдайлары қарастырылған. Осы кодекстің 1094-бабы 1-тармағына сәйкес жеке тұлғаның азаматтық әрекет қабілеттігі ол азаматы нақты отаны болып табылатын мемлекеттің заңымен анықталады. Әдетте, тұлғаның бірнеше азаматтығы, яғни ол екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматы болған жағдайда, аталған түлғаның жеке заңын азаматтық заң нысанында анықтау күрделенеді. Қазақстан Республикасы мен Фрнция мемлекеті арасындағы келісім шарт объектісі – достық, ынтымақтастық, татулықтағы қарымқатынасы жатады. бұл келісім-шартқа 1992 жылы 23 қыркүйекте Парижде қол қойылды.
Халықаралық келісім-шарттың мақсаты субъектілердің өз елінің дамуын және танылуын алға тартады. Қазақстан азаматтарының Қытайдағы құқығын қорғау Қытай азаматтарының Қазақстандағы құқығын қорғау екі мемлекеттің консультациялық жәрдемімен 1992 жылы 10 тамызда Қытай мен Қазақстанның консультациялық келісім-шарты арқылы түзілген. Келісім-шарттар екі түрге бөлінеді:
1. мерзімді;
2. мерзімсіз.
Әрбір келісім-шарт субъектілердің қатысуымен міндетті, әрі әділ орындалуға міндетті. Әдет-ғұрып нормалар бұл бұрыннан қолданылып келе жатқан нормалар, шарттар жиынтығы. Әдет-ғұрып нормалары халықаралық тәжірибиеде қалыптасқан мінез-құлықтар ережесі болып табылады. Әдет-ғұрыптық норма әдетте ұзақ мерзімді тәжірибе нәтижесінде, құқық субъектілері осы норманың заңдық міндетті сипатын мойындаған кезде пайда болады. Әдет-ғұрып нормалары тиісті ереженің анық айқындалған тұжырымы бар заңды құжат болып есептелмейді. Әдет-ғұрып бір немесе бірнеше мемлекеттердің осындай халықаралық іс-қимылдарының арқасында пайда болады. Ол үшін қолдану ұзақтығы және заңды түрде міндеттілікке сенімді болуы тән қасиет. Жоғарыда ескертіп айтып өткеніміздей, казіргі таңдағы халықаралық тәжірибеде (практикада) халықаралық жеке құқық субъектілерінің арнайы қатынастарын келісімді жолмен қалыпқа келтіру үрдісі байқалып отыр. Халықаралық әдет-ғүрып халықаралық шартпен қатар, халықаралық жеке құқықтың ең маңызды кайнар көзі болып табылады. Халықаралық өдет-ғүрып, халықаралық құқық субъектілерінің ұзақ уақыт бойы қолдану нәтижесінде қалыптасқан тәртіп ережесі болып саналады, біріншіден, бұл субъектілер мемлекеттер, сонымен қатар осы субъектілермен занды түрде міндетті екендігі мойындалады. Жоғарыда келтірілген мәселелерді айта отырып, негізгі екі өлшемді шығаруға болады, (жалпыға танылған сипатына ие) — объективті жөне субъективті, бұл белгілердің жиынтығы халықаралық әдет-ғұрыптың бар екендігі туралы айта алады. Осы екі элементті қалай дәлелдеу қажет? Әрине мүны дөлелдеу өте қиын, дегенмен әрбір нақты мәселеде оның жағдайын есепке алу кажет, халықаралық тәжірибені зерттеу қажет. Қойылған сүрақтарға халықаралық жеке құқық жауаптарының дәл белгілері жоқ. Олардың шешімі біздің пікірімізше, акиқат тұрғыдағы нақты жағдайларға байланысты болуы қажет. Халыкаралық әдет-ғүрып нормаларын дәлелдеу мәселесіне орай, олар халықаралық шарттьң негізінде не болмаса халықаралық ұйымдардың қарарының немесе ішкі мемлекеттік заңдарының іргесінде қалыптаса ала ма деген сұрақ туады. Яғни, егер норманың, бұрында кәдімгі құқықтық әрекеті болған кезде, келісімді құқықтық куәландыру алған уақытында, ол әдет-ғұрып ретінде көрінбей, шарттың нормасы ретінде қолданыла бастайды. Алайда мүнда, бүл мәселеге өзге курста қарау қажет. Нормаларының бірі не конструкциясының әбден қалыптасқаны соншалықты, осы шарттың қатысушылары болып табылмайтын арнайы мемлекеттер ішінде ғана өздерінің белгілі қатынастарын реттеу кезіндегі міндетті ережесі ретінде, ұзақ уақыт бойы қолданылып келеді.
Әдет-ғұрып нормалар бұл бұрыннан қолданылып келе жатқан нормалар, шарттар жиынтығы. Әдет-ғұрып нормалары халықаралық тәжірибиеде қалыптасқан мінез-құлықтар ережесі болып табылады. Әдет-ғұрыптық норма әдетте ұзақ мерзімді тәжірибие нәтижесінде, құқық субъектілері осы норманың заңдық міндетті сипатын мойындаған кезде пайда болады. Мұндай жағдайда, соңғы мемлекеттерге қатысты халықаралық жеке құқықтық әдет-ғұрыптың қалыптасу фактісін айту қажет. Екі жақты халықаралық шарттар, сол секілді сипатта шыға ала ма? Бұған "иә" деп жауап бере аламыз, дегенмен ең басты шығушы тезисі болып, сол фактісі аталады. Мұндағы норма, сонымен бірге, белгілі мемлекеттер санымен қолданылады жөне мойындалады. Осылайша, соларға қатысты ол әдет-ғұрып сипатына ие болады. Ал шарт бойынша шығушы екі жаққа келер болсақ, мұндайда бұл норма оларға қатысты кәдімгі құқықтық емес келісім ретінде жүреді. Ішкі мемлекеттік заңдарды айтатын болсақ, осында жоғарыдағы жағдайды келтіру, өлде-қайда күрделі бола түседі. Міндетті заңды күші жоқ халықаралық үйымдардың құжаттарына қатысты, ең аддымен БҰҰ қарарлары, осында қалыптасатын ережелер негізінде ортақ қолданбалы төжірибе көмегімен және де мемлекеттер тарапынан заңды міндеттілікті мойыңдауы арқылы халықаралық құқықтық әдет-ғұрыптар қалыптаса алады.
Тәртіп ережесін қолданудың алғашқы процестері өтіп жатқан кезде, сол мемлекеттің кәдімгі міндетті нормасы ретіндегі, сол ереженің қалыптасуына қарсы келгендігін қандай да бір әдіспен көрсету қажет пе еді? Біздің пікірімізше, осы арада теріс жауап бергеніміз жөн. Сол сияқты жоғарыда біз келтірген, бірінші сұрағымыздың жауабы өзгеріссіз калады; сондай мемлекетке қатысты ереженің қолданбай қала беруі тиіс (оның мемлекетке қатысты өз позициясын корсетпеген жағдайында да). Осы жерде мемлекеттер еркілерінің қатаң келісімділік кағидасы жүруі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет