Лекция тезистерінің жинағын дайындаған: аға оқытушы Қ. А. Тұрлыбеков



бет6/21
Дата15.11.2022
өлшемі221.57 Kb.
#464855
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
4.лекция тезистері

Бақылау сұрақтары:
1. Халықаралық нармалардың ұғымы және мәні.
2. Коллизиялық норманы қолдану: негізгі кұқықтық сұрақтар.
3. Көп құқықтық жүйесі бар құқықты қолдану.
4.Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтығы жоқ адамдардың
құқықтық жағдайы.
5.Қазақстан азаматтарының шетелдегі азаматтық құқык қабілеттілігі.
6.Қазақстан Республикасы азаматтарының келген жерінің заңына, Қазақстан
заңына, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шетелдегі жағдайы.


5-лекция. Тақырыбы: Халықаралық жеке құқықтың субъектілері.

Жоспары:
1. Халықаралық жеке құқық субъектілері мен оларға қолданылатын құқықтық режим.


2. Халықаралық жеке құқықтаға жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.
3. Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.


Лекция мақсаты: Халықаралық жеке құқық субъектілерін мен оларға қолданылатын құқықтық режимдерді оқыту, түсіндіру. Халықаралық жеке құқықтаға жеке тұлғалардың құқықтық жағдайын және Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы оқытып, түсіндіру.


Лекция мәтіні.
1. Халықаралық жеке қүқықтың субъектісі дегеніміз - халықаралық жеке құқыктар мен міндеттерге ие және осы құқықтар мен міндеттер бойынша халықаралық жеке құқықтық жауапкершілігі бар халықаралық қатынастарға қатысушылар. Бұл тақырып қазіргі кездің өзекті мәселесі болып отыр. Өйткені Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, егеменді мемлекет болғалы бері сыртқы саясатын нығайтып, көптеген мемлекеттердің тануы мен қолдауын алып, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болды. Мемлекеттердің қолдауы және көпжақты немесе екіжақты келісім-шарттарға отыру - Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде дамуының маңызды, қажетті факторы болып табылады.
Қазақстан Республикасын қазір 117 мемлекет танып отыр және олардың 105-імен димломатиялық қарым-қатынас орнатылған. Қазақстан БҰҰ мен Халықаралық қайта құру жөне Даму банкі, сондай-ақ Халықаралық валюталық қор, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, ИКАО-ны қоса алғанда, 51 халықаралық үйымға мүше болды. Сондықтан да Казақстан Республикасын халықаралық жеке құқықтың толық субьектісі қатарына жатқызуға болады.
Жалпы, қүқықтық субъектілік - бұл құқықтар мен міндеттерге ие болу қасиеті. Ал халықаралық құқықта субъектінің үғымы өзгешелеу. Өйткені халықаралық жеке құқықта құқық субъектілерін құқық қабілеттілігі (заңмен құқықтарға ие болу) және әрекет қабілеттілігі (өз әрекеттеріне жауап беріп, белгілі бір міндеттер атқару) деп бөлмейді. Себебі, біріншіден, халықаралық құқықта бұлай бөлу оның субъектілерінің арасында кұқықтық теңсіздік тудырар еді. Екіншіден, халықаралық жеке құқықта әрекет қабілетсіздік болуы мүмкін емес. Себебі, әрбір субъектілердің кұқық нормаларын шығару мүмкіндіктері бар. Мұнда ең негізгісі - халықаралық жеке құқық субъектісі тек міндеттерге ие болып, атқару емес, субъектілердің басқа субъектілермен келісіп, өзіне міндет жүктей алу жағдайы.

Халықаралық жеке қүқықтың субъектілері негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.



  • негізгі субъектілерге мемлекеттер, тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан халықтар мен үлттар, азаматтар (бірақ бұл даулы мәселе) жатады. Халықаралық жеке құқық субъектілері мемлекеттерден түрады. Мемлекет бүл — саяси биліктік сипаттағы күрделі үйым.

  • туынды субъектілерге мемлекетке үқсас құрылымдар, халықаралық үйымдар жатады.

Жалпы, мемлекеттің өмір сүруі үшін келесі төрт жағдайлардың болуы қажет:
Біріншіден, мемлекеттің халқы, яғни нәсіліне, тіліне жене діни козқарасы мен басқа да жағдайларға қарамастан, қоғамда бірге өмір сүретін екі жынысты адамдар тобының болу қажеттігін айтамыз.
Екіншіден, осы халықтың өмір сүруі үшін жері, аумақтың болуы.
Үшіншіден, мемлекетте үкімет, яғни елді басқаратын бір немесе бірнеше түлғалардан тұратын халықтың өкілдері болуы қажет.
Тертіншіден, сол үкіметтің егемендігі. Егемендік — бүл жер бетіндегі қандай да бір билікке төуелсіз, ең жоғарғы билік. Үкіметтің егемендігі өз мемлекеті шегінде немесе одан да тыс қандай да билікке тәуелсіз болуы. Егемендік — мемлекеттің өз аумақ шегіндегі жоғарғы билігі. Сондықтан да мемлекет қазіргі қауымның саяси үйымы болып табьлады. Мемлекет үстінен оған бұйрық беретін жоғарғы билік жоқ. Мемлекеттер бір-біріне бағынбайды. Осы жерден біз мемлекеттің егемендігін көре аламыз. Егемендік — мемлекеттің халықаралық құқық субъектісі ретінде міндетті, керекті белгісі.
Жалпы, мемлекет негізінде толық егеменді болуы қажет. Әдетте, кейбір мемлекеттерде толық егемендіктің болмауына байланысты оларды жартылай тәуелді мемлекеттер деп атайды. Мұндай мемлекеттерге басқа мемлекеттің суверинитетіндегі (франц. сөзі — билік астындағы деген мағынада) немесе федеративті мемлекеттерге мүше болып табылатын мемлекеттер жатады. Мүнда әрбір мүше — мемлекеттердің өз жоғарғы билігі мен құқықтары болғанымен, әдетте, бүл билік пен құқық басқа мемлекеттің билігі мен құқығына төуелді болады. Сондықтан да жартылай төуелді мемлекеттердің халықаралық құқық субъектісі болу-болмауы даулы мәселе болып табылады. Жартылай тәуелді мемлекеттердің халықаралық құқық субъектісіне толық мүше бола алмауына дау жоқ. Әдетте, оларды халықаралық қатынасқа мүлдем араласа алмайды деу қате болар еді. Өйткені олар кейбір халықаралық қүқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. Мысалы, көбіне олар дипломаттық өкілдер немесе консулдарды жіберіп, қабылдайды, сауда немесе халықаралық басқа да келісім шарттарға отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет