Лекциялардыњ ЌЫСЌа мазм¦НЫ


* Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет11/14
Дата23.11.2023
өлшемі151 Kb.
#484222
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Лекция Кеңестік Казақстан

* Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында нарықтық қатынастар заңдылықтарының жүзеге аспау себептері;
- Ұлттық мәдениеттің даңдарыс деңгейін анықтау;
* Ұсынылатын әдебиеттер:
- Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы,2005
- Хрестоматия по новой и новейшей истории,2007
- Омарбеков Т. XX ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері,2001.
12-Лекция. 70-80 жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі келеңсіз құбылыстардың бел алуы (1966-1985) 2 сағат
*Лекция мақсаты:
60 жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық ьөндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып, реформаның жүргізілуі тоқтатылды. Нәтижесінде тарихымызда «тоқырау» кезеңі басталды. Бұл лекция барысында студенттерге «тоқырау» кезеңінің басталу себептерін, «тоқырау» жылдарындағы мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік және саяси-қоғамдық өмірімен студенттерді жан-жақты таныстырамыз.
* Түйін сөздер:
«экстенсивті жолмен даму», «жұмысшылар жарысы», «ұлттық мәдениеттегі дағдарыс», «экологиялық апаттар»
* Негізгі сұрақтар
1.Әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары
2.Аграрлық сектордағы күйзелістік жағдай және оның себептері
3.Әлеуметтік-саяси жағдай

1. ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформалардың қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқталып, тоқырау кезеңі басталды.


«Тоқырау» кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. Сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 процнеті жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан эергиямен жабдықталды.
1980-ші жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өнеркәсіп пен цехтар іске қосылды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның біріңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қарқыны дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің құрамында болды. Одақтық ведомстволар республикасының шикізат ресурстары өздеріне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфроқұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. Жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом, немесе 1 проценттен аз қархы жұмсады. Міне, осындай және тағы да басқа себептерге байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі кейбір көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады.
2.Тоқырау кезеңін қамтыған үш бесжылдық аралығында ауыл шаруашылығын 1965 жылдан басталған реформалар әрі жалғастырылды. Аграрлық салаға қаржыны көптеп болу, селоның әлеуметтік проблемаларын шешу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді. 1985 жылға дейін негізгі егін шаруашылығы жұмыстары- жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау, мал шаруашылығы саласындағы жұмыстар 75-90 процент техникаландырылды. Алайда, ауыл шаруашылығы проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы шешу жолы тиісті нәтиже бермеді. Аграрлық секторда аса маңызды орын алатын жердің құнарлылығын арттыру, электрлендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар жеткілікті дәрежеде салынбады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық проблемалары шешілмей қалды.
3.20-шы ғасырдың 70-80 жылдары республиканың қоғамдық-саяси өмірінде де күрделі жағдай қалыптасты. КОКП-ның әлеуметтік-экономикалық саясаттағы қателері ұлттық қатынастарға да әсерін тигізбей қойған жоқ.
КСРО құрамындағы ұлттық республикалардың құқықтары шектелді. Ұлттардың өзін-өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды. КСРО-дан еркін шығу құқығы болғанымен, бірде-бір мемлекет оны қолдана алмады.
Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы шешуге болады деп пайымдады. 70-80 жылдары ұлттық санадан гөрі салт-сана көбірек дәріптелді. Қоғамдық-саяси өмірде евроцентризм басым болды. Орыс мәдениетінің рөлі аса бағалана дәріптелді. Қазақ тілінің жағдайы нашар болды. Республикада 95 процент әдебиет орыс тілінде жарияланса, эфирдің70 пайызы орыс тілінде болды.
Ұлт зиялыларын қудалау орын алды. Экологиялық зардаптар өршіді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет