Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Жаумен бұдан әрі ұрыс жүргізу қауіпті болды, таң атып қалған. Дереу жиналып арт жағымыздағы шие бағы арқылы шегініп, Панитов орманына өттік



бет108/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   395
Jau tilinda 2

Жаумен бұдан әрі ұрыс жүргізу қауіпті болды, таң атып қалған. Дереу жиналып арт жағымыздағы шие бағы арқылы шегініп, Панитов орманына өттік.


«КӨК» ОРМАНДА
Ржищев ауданының территориясында, Пи селосы- ның гүстік-шығыс жағында бір шағын ғана орман бар. Ағаштарының көпшілігі қысы-жазы жап-жасыл болып тұратын қарағай өскендіктен бе, әлде маңайындағы Пи, Македон, Дудари, Ромашка, Черныши, Грушево селоларының үйлері ертемен от жаққанда көтерілген түтін алыстан қарағанда көкпеңбек болып бұлыңғыр- ланып тұратындығынан ба, әйтеуір осы орманды жер- гілікті халық «Көк» орман деп атап кеткен.
Осы шағын орманның да адам айтқысыз тарихы, сыры бар. Бұл орман бір кезде азамат соғысы парти- зандарының бас қосып, ту көтерген жері болған. Мұ- ның әр ағашының түбінен ақгвардияшыларға, интер- венттерге қарсы оқ атылған. Сонан соң бейбітшілік орнап, іші құсқа, маңайы малға толып, ағашына ағаш қосылып, көркейе түскен.
Енді, міне, оган жерден фашистердің оғы атылып, көктен ышқынып бомбасы түсіп жатыр. Соғыс өрті шарпып өткен соң бүгінде оның ішінде тамылжыта сайраған құс та, маңайында мамырлап жайылған мал да қалмаған.
Бірақ сонда да болса бұл орман иен қалған жоқ. Бұған бұрынғы азамат соғысы партизандарының ұрна- ғы — Отан соғысының партизандары Ңызыл ту тігіп, жаумен айқасуға осы орманнан аттанатын болды. Сөй- тіп орманның әр ағашы жауға қайтадан қаһарын тікті. Жаудың: «Россияның әр бұтасы бізді бората оқ жау-






дырып ңарсы алды» — дегендегі «бір бұтасы» осы «Көк» орман болатын.
Бұл орманнан отрядтың Панитов-Хоцкий орманда- рына бет алғанына бірер ай болған кез еді: Иван Га- ман екеуміз бір ұзақ барлау сапарынан ңайтып келе жатып, таң ата осы орманға кірдік. Орманды терістігі- нен түстікке қарай қақ жарып, ит мұрыны өткісіз қа- лың жас қайыңның арасына кіріп, дем алуға орналас- тық. Осы арада күні бойы дем алып, түн жамыла Панитов орманына өтпекпіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет