Үшінші күні бір шағын алаңға тап болдық. Алаңға шыңпай, ағаш ішімен оны айналып өтпек болып солға қарай бұрылдық.
Командир, аналар кімдер? — деп, Юзик бір ағашқа жасырына сүйеніп тұра қалды. Оның қасына келіп алаңға көз жіберсем, алаңның арғы — шығыс жақ шетінде он шаңты адам тұр екен.
Жандармдар сияқты! — деді Юзик олардан көз алмай қарап гұрып. Дүрбімен қарасам, бәрі де қара киімді, бастарында қара қалпақ.
Жоқ, әскери адамдар емес. Бәрі де жай азамат- тарша киінген. Әдейі киініп шықпаса...— дедім дүрбі- мен бақылап тұрып.
Әлгі адамдар топтанып бір мәселеге таласып тұр- ған сияқты, әрқайсысы қолдарын әр жаққа сермеп сөй- леп тұр. Біз ағаш-ағаштың арасымен оларға жақындай түстік. Жүріс-тұрыстарына қарағанда әскери адамдар- ға ұқсамайды, өздері бейқам-ақ. Біраздан соң алаңға берірек шығынқырап келіп, көк майса шөпке жайға- сып отырысты. Біз әрі ойлап, бері ойлап, партизан от- рядын іздеп жүрген саяси қашқындар болар деген қо- рытындыға келдік те, оларға жолығуға белбайладық. Сол төңіректі түгел шолып шығып, бейтаныс адамдар- дың тұсына келдік. Енді оларды анық көріп тұрмыз. Барлығы он бір адам. Орталарында отырған қара сақалды қарт сөйлеп отыр. Ешқайсысында қару- жарақ жоқ.
Юзик, автоматыңды маған бер де, пистолетіңді әзірлеп қалтаңа салып алып бар. Өте сақ бол. Мен ба- қылап тұрамын. Егер жандармдар болса, сол жаққа қарай қаш, оларға мен автоматтан оқ атам да, сенің қашуыңа мүмкіндік туады. Ал, жандармдар болмай, бізді іздеп шыққан адамдар болса, жолымыздың бол- ғаны, маған кел деген белгі бер. Бірден өзің сөз баста- ма, өздері қай ұлттың тілінде сөйлесе, сол тілде сөй- лес,— дедім көмекшіме бұйыра сөйлеп. Серігім:
Жарайды! — деп маған автоматын берді де, алаңға қарай жүріп кетті. Мен келісім бойынша оңға қарай он-он бес метрдей, бейтаныс адамдарды автомат оғы толық қамтитындай жерге барып тұрдым.
Достарыңызбен бөлісу: |